І. Жаңа тақырыпты оқыту



Дата24.05.2022
өлшемі23,03 Kb.
#35461

І. Жаңа тақырыпты оқыту. Жалпы сыныппен жұмыс.
Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:

  1. Қандай тізбектер болуы мүмкін? (сандардан, нүктелерден, фигуралардан және т.б. құралған)

  2. Сендерге қандай сандық тізбектер белгілі (жұп немесе тақ сандар, натурал сандар тізбегі және т.б.)

Оқушыларды тізбектің элементтері қалай құралғандығы берілген болса (немесе оны анықтауға болса) тізбек берілген деп саналатыны туралы қорытындыға келулеріне бағыттау.
Негізгі түсініктер мен ұғымдарды енгізу:
х1, х2, х3, ..., хп, ... немесе қысқаша (хп) – тізбек;
х1 тізбектің бірінші мүшесі, …. хп - тізбектің п-ші мүшесі.
Оқушылардан күнделікті өмірде кездесетін ретімен нөмірлеуге болатын тізбектерді атауларын сұраңыз. (Бұл апта күндері, көшедегі үйлер, мектептегі сыныптар, банктегі шот нөмірі, т.с.с.). Шектеулі және шексіз тізбектер ұғымдарын енгізіңіз.

Сандық тізбектердің берілу тәсілдерін схемалық түрде ұсыныңыз.



Сандық тізбектердің берілу тәсілдері

формуламен графикпен сөзбен рекуррентті


Әр түрін қысқаша түсіндіріп, мысалдар қарастыру.


Оқушыларға Фибоначчи сандары туралы видеоролик көру ұсынылады


https://www.youtube.com/watch?v=O7io6ortSJk..

Оқушыларға 2-қосымшадағы 1-3-тапсырмаларды ауызша орындауларын ұсыныңыз.


2-қосымшадағы 4-6-тапсырмаларды оқушылармен бірігіп орындаңыздар.
Жаттығу жұмыстары. Жұптардағы жұмыс.
Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. 2-қосымшаның қалған есептерін алдымен өзі шешіп, кейін жұбымен тексеруді ұсыныңыз.
Жұмыс уақытын қадағалаңыз. Шешуінде қиындық туындаған есептерді оқушылармен бірге талдаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет