І. Жалпы ережелер



бет3/5
Дата12.09.2022
өлшемі31,02 Kb.
#38910
1   2   3   4   5
ІІ кезең
Қатысушылардың іріктеу кезеңінен өткендері сайысты ары қарай жалғастырады. Сайыскерлер алдыңғы кезеңдегідей бірнеше топқа бөлінеді. Бұл сында оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап береді. Жасырылған тірек сөздерді таңдап, сол сөздер кездесетін барлық хикмет шумақтарын айтып шығулары және оның мағынасын айтып беруі тиіс. Мүмкіндігінше, түгел айтып берген оқушыларға жоғары ұпай қойылады. Бұл кезеңнің мақсаты Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, шығармашылығы, хикметтегі ұғымдар, кесененің және ондағы жәдігерлердің тағылымдық мәні жайлы қатысушылардың білімдерін сарапқа салу, оқушылардың ойлау деңгейін, хикметтердегі рухани ұғымдарды қаншалықты түйсінгендігін айқындау. Сұрақтар билет түрінде болады (техникалық мүмкіндікке байланысты компьютердегі ұяшықтарда жасырылуы мүмкін). Әр билетте үш сұрақтан болады. Қажеттілігіне қарай қатысушыларға қазылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін. Үш сұраққа да дұрыс толыққанды жауап берген сайыскерлерге жоғарғы балл қойылады. Ұпай саны 10 балдық жүйемен бағаланады.
Екінші кезеңнен кейін сайыскерлердің барлық кезеңдегі жинаған ұпайлары қосылып, қорытындысында жоғарғы нәтиже көрсеткен сайыскер жеңімпаз атанады. Осы жүйемен қалған қатысушылар да жүлделі орындарға ие болады.

4. БАЙҚАУДЫҢ БИЛЕТ СҰРАҚТАРЫ ТӨМЕНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАМТИДЫ


4.1Қожа Ахмет Ясауи туралы
4.2Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихы
а) кесененің салыну тарихы
ә) құрылыс ерекшеліктері
б) кесенедегі жазулар және олардың мағынасы
в) кесенені жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарының тарихы
г) Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы сыйға тартылған көне жәдігерлердің символдық мәні (Лауха /ту/, Шырағдан, Есік, Тайқазан т.б.)
4.3. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген тарихи тұлғалардың өмірі, қызметі, тарихтағы орны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет