І жалпы мәлімет «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы 2



бет8/15
Дата17.01.2023
өлшемі256.5 Kb.
#61608
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Білім мазмұны


Тыңдалым және айтылым
Мұғалім мен басқа оқушылардың сөйлеуін тыңдауы, естігенінің мәнісін түсінуі, сұраққа дұрыс және нақты жауап беруі, сөз мағынасын түсінуі, сөзді жұмсалу орнына және мағынасына қарай қолдана білуі, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, өзі туралы айта алуы. Тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) ауызша сөйлесуде қолдануы. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыру, ертегілер айту. Өлеңдер жаттау, санамақтар, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар жаттау. Жаңылтпаштар айту арқылы артикуляциялық аппараттарын дамыту. Сөздің дыбыстық құрылымы. Дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңіщке болып бөлінуі. Дауыссыз дыбыстар, олардың қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі. Буын – ең кіші айтылым бірлігі ретінде. Сөздердің буындарға бөлінуі. Дауысты дыбыстардың буынқұраушылық рөлі. Сөздің мағынасы. Сөйлем құрау. Сөйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастыру. Мәтінді тыңдау барысында түсіну. Мұғалімнің ауызша сұрақтарына жауап беру. Сюжетті сурет бойынша немесе көргені, бастан кешкені, естігені туралы әңгімелесу; қысқаша тақпақтар жаттау, мазмұнын айтып беру. Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыру. Шығармадағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру, сипаттама жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін нақтылау. Сөздерді қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу. Коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениеті этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорды кеңейту.


Оқылым
Сөздегі дыбыстардың саны мен бірізділігін анықтау. Дыбыстық талдау жасау. Дыбыстардың мағынаажыратушылық функциясын түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау). Сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнісін түсіну. Дыбыс пен әріпті ажырата тани білуі; әріп – дыбыстың таңбасы ретінде. Жазылған сөздің әріптік құрылымын тану. Түрлі құрылымдағы сөздерді, 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен ұласпалы оқуға үйрету, мәтінді мұғалімнің сұрағы бойынша теріп оқу. Дауыстап оқу. Сөйлеудің интонациялық ұйымдасуына бақылау жасау (аяғындағы интонация, леппен айту, сұраулы интонация).
Дыбыстар мен әріптерді төменде көрсетілген бірізділікпен меңгерту ұсынылады:
1-кезеңде а, н, л, р, о, т, й, у, ш, с, м, ы;
2-кезеңде і, ң, и, д, е, қ, ұ, ғ, к, ү, г, ө, з, ә, ж, п, б;
3-кезеңде х, һ, щ, я, ю, в, э, ё, ц, ф, ч;
4-кезеңде ь, ъ белгілері.
Қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б, к – қ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту және белсендіру.
Сөздердің мағынасына бақылау жасау (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы мағыналы, көп мағыналы). Мәтін туралы жалпы түсінік. Өз бетімен оқу барысында мәтінді түсінуі. Баяндау сипатындағы құрылымында ақаулары бар мәтінді қайта өңдей алуы. Тұтас сөздер арқылы оқуға өту, «іштей оқу». Оқылғанның мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; оқылған мәтін мазмұнының тақырыбымен байланыстылығы, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін айқындау; көркем шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтау; қойылған сұрақтарға дұрыс жауап құрастыра білу; көркем мәтін мен өзге (нұсқаулық, түйін, т.б.) мәтіндерді интонациясын дұрыс қойып оқу (хабарлы, сұраулы, лепті) және олардың мазмұнын айтып беру; теріп оқу, рөлге бөліп оқу, оқылғанға баға беру (ұнайды/ ұнамайды). Оқу тапсырмаларын орындауға керекті ақпаратты іздеу (мұғалімнің жетекшілігімен). Мәтін, сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну.


Жазылым
Сызбалардың көмегімен сөздің дыбыстық құрамын модельдеу. Сөйлемді модельдеу. Жазу жұмысына дайындық жаттығулары (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты/қаламды дұрыс ұстау). Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, көлбеу, тік). Сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу. Әріп элементтерін, бас әріптер мен кіші әріптерді, сөйлемдердің буындарын графикалық нормаларды сақтай отырып, бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу. Айтылуы мен жазылуында алшақтық жоқ сөздерден, пунктуациялық ережелерді ескере отырып, диктант жазу. Сөйлем құрамындағы сөздердің бөлек жазылатыны. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңында нүкте қойылатыны. Сөйлем, шағын мәтіндерді (3-4 сөйлем) дұрыс құрастырып жазу. Есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу. Жазғанын үлгіге қарап тексеру; каллиграфиялық дұрыс жазу.
Ұғымдарды ажырату: зат және сөз заттың атауы ретінде. Қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың сөз-аталымдары. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін ұғындыру, оларды орынды қолдануға үйрету. Бір затты, көп затты білдіретін сөздер. Дыбыс. Әріп. Бас әріп және кіші әріп. Дыбыс түрлері: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Буын. Дыбыстардан буын құрау. Буындардан сөз құрау. Сөзді буынға бөлу. Дыбыстық-буындық талдау. Сөз және сөйлем. Сөздің мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрау. Сөйлемдерден шағын әңгіме (мәтін) құрау. Сөйлемнің тыныс белгілері (нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі).
Дұрыс жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану:
1) бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау, дұрыс жазу;
2) заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді анықтау;
3) көптік жалғауды меңгеру және дұрыс қолдану;
4) жіктеу есімдіктерін ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;
5) тәуелдік жалғауларын ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;
6) іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) дұрыс қолдану;
7) сөйлемнің тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ белгісі және леп белгісі) дұрыс қойып жазу;
8) мұғалім көмегімен сөздерді тасымалдау.

Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әр бөлім өз кезегінде әрі қарай бөлімшелерге бөлінген.


Бөлімшелерде оқу мақсаттары белгіленген, олар білім немесе түсінік, дағды немесе білік бойынша күтілетін нәтижелер түрінде берілген. Әрбір кіші бөлімшенің ішінде бірізділікпен орналастырылған және сол арқылы мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың еңбегін бағалауға оқытудың келесі кезеңі туралы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары бірізділікпен орналастырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет