І кезең Жалпы сұрақтар



бет1/5
Дата05.04.2022
өлшемі6,96 Mb.
#29869
  1   2   3   4   5

І кезең – Жалпы сұрақтар
  • Күн жүйесіндегі планеталар (Жер шарынан басқа) белгілі бір жалпы атаулар бойынша аталған? Ол атауларға негіз болған не?

2. Қазақта жүкті әйелдерге қатысты көп ырым бар. Мысалы, түйе етін жесе, кеш босанады, т.с.с.

Сұрақ, қазақ ырымдарына сәйкес, егер жүкті әйел балық жесе не болады?

3. “Кешкі Отырыс”, “Уақытты құрту”, “Мәскеу сүйеді”, “Дөңгелектер” атауларын кім байланыстырады?

4.Бұл ғаламда ең көп тараған элемент. Лақап аты – “Құрушы материал”. Бұл элемент жұлдыздардың құрамында бар, оның ішінде әрине Күнде де бар. Осы заттың қатысуымен болатын термоядролық синтездің арқасында Күн біздің планетаға әлі 6,5 млрд жыл сәулесін шашады. Өнеркәсіпте бұл заттан аммиак, сабын және пластмасс жасайды. Бұл қандай зат?

5. Мына сурет әртүрлі мемлекеттен Нобель сыйлығын алған ғалымдар туралы ақпараттық кескін көрсетілген. Аталған сыйлық 6 түрлі бағытта беріледі. 1901 жылы осы сыйлықты ең бірінші болып алған физик-ғалымның жұмысы қазіргі таңда әрбір адамның өмірінде белгілі бір орны бар. Кез келген адам жұмысқа орналасатын кезде немесе жалпы денсаулық жағдайын білу үшін осы ғалымның атымен аталған құрылғыны пайдаланады. Ғалым аты кім?

6. Бұл организмдер жиынтығы жер бетіндегі барлық оттегінің 50 пайызын өндіреді. Грек тілінен аударғанда (кезбе) деген мағына береді. Организмдер жиынтығының атауы қандай?

7.Бұл ұлы жазушы, “шығармаларының желісі бойынша ең көп фильм түсірілген” деген атаққа ие. Дәлірек айтсақ, 768 фильм және мультфильм. Жазушының атын жазыңыз.

8. Белгілі бір шығармада Бауыржан Момышұлы: “Аяу – ол аямау” деп айтады. Шығарма жазушы мен батырдың сұқбаты ретінде жазылған. Шығарма атауы қандай?

9. Бұл адам ағзасындағы ең қатты “мүше”/зат. Адам бойындағы кальцийдің 99 пайызы осы затта жинақталған. Ұлуда 25000 дана болады. Бұл қандай “мүше”?

10. Екінші дүниежүзілік соғыс болған жылдар?

ЖАУАПТАРЫ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет