I. Кіріспе Фотохимиялық реакциялар. Фотохимияның заңдары. II. Негізгі бөлім



бет1/3
Дата17.12.2022
өлшемі74,05 Kb.
#57806
  1   2   3


БӨЖ

Тақырыбы: ДНҚ-ның фотохимиялық түрленуі.


Пәні: Биофизика

Орындаған:Сламбек Елдар


Группа:104А СТОМ
Тексерген: Уразакынов Д. К.

Жоспары:
I. Кіріспе


1. Фотохимиялық реакциялар. Фотохимияның заңдары.
II.Негізгі бөлім

  1. Фотохимиялық процестер түрлері.

  2. Әр түрлі УК сәулелерінің биологиялық әсері.

  3. Фотобиологиялық әсерлердің спектрлері

III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебеттер


I.Кіріспе. Фотохимиялық реакциялар - жарықтың әрекетімен болатын химиялық процестер. Табиғатта кеңінен тараған , фотосинтездің, озон қабатының түзілуі мен бұзылуының, фотохимиялық у түтін пайда болуының және ластағыш зат тектердің басқа да бірқатар айналуларының негізі осы фотохимиялық реакциялар болып табылады.


Фотоқозу - фотохимиялық реакцияның бірінші кезеңі, бұл кезде тітіркенуші зат жоғары энергиялы күйге жетеді. Фотосенсибилизатор сәулелерді жұтып, энергияны тітіркенуші затқа жеткізеді. Кері үрдісте фотоқозған күй химиялық реагент арқылы деактивтенеді. Фотоқозу фотоизомеризация үрдісінде негізгі рөл атқарады, сонымен қоса, фотохимияда, люминисценцияда, т.б.-ларда қолданылады.
Фотохимиялық реакциялар - химия ғылымының жарық сәулелері әсерінен жүретін реакцияларды зерттейтін саласы. Фотохимиямен оптика және оптикалық сәуле шығару тығыз байланысты. Фотохимиялық реакциялардың жүруі затқа сіңірілген жарық сәулелерінің әсерінен ғана болатынын алғаш орыс ғалымы Х.Гротгус дәлелдеген (1818). Ол "Химиялық қоспада тек жұтылатын сәулелер ғана химиялық активті болады" деп тұжырымдалатын
Фотохимияның бірінші заңын ашты. Фотохимия саласында жинақталған тәжірибелік материалдар мен оларды ғылыми жағынан түсіндіріп, бір жүйеге келтіру 20 ғ-дың 1-жартысында кванттық механика, атомдық немесе молекулалық спектроскопия дамығаннан кейін мүмкін бола бастады.
Фотохимияның екінші заңы -- кванттық эквиваленттілік заңын А.Эйнштейн ашты (1912). Бұл заң бойынша жұтылатын сәуленің әрбір кванты тек бір ғана молекуланы түрлендіруге қатысады. Фотохимиялық реакциялар кезінде химия жүйенің бос энергиясының азаюы немесе көбеюі мүмкін. Энергияның көбеюі сырттан сіңірілген жарық сәулелері энергиясының жүйе энергиясына қосылуынан болады. Фотохимиялық активтену процесінде жарық сәулелерін сіңірген молекула атомдарға немесе атомдар тобына ыдырайды, кейде молекула ыдырамай "қозған" молекула күйіне ауысады. Ыдыраудан пайда болған бөлшектердің немесе заттардың активтілігінің жоғары болуы ондағы бос валенттілікке байланысты. Фотохимиялық реакциялардың тиімділігі квант шығымымен () анықталады; Ол реакция өніміндегі молекулалар санының жұтылған квант санына қатынасына тең. Фотохимиялық реакциялар: фотодимерлену, фотоконденсаттану, фотоиондану, фотототықтыру, фотогидролиз, т.б. болып бөлінеді. Бұл реакциялардың практикалық маңызы зор. Мысалы, ауа қабатының жоғары бөлігінде оттек молекуласы қысқа толқынды ультракүлгін Күн радиациясын сіңіріп, "қозған" күйге айналады: О2+hvО2. Осы молекулалар қалыпты оттек молекулаларымен әрекеттесіп (О2+О2О3+О), төменгі ауа қабатындағы организмдерді қорғайтын озон қабатын түзеді (қ. Озоносфера). Күн сәулесі энергиясын пайдаланатын өсімдіктердегі фотосинтез процесі және фотография процестер Фотохимиялық реакциялардың қатысуымен жүреді. Фотохимиялық реакциялар деп химиялық реакцияға түсетін заттардың бірі сәуле квантын өзіне сіңіріп, нәтижесінде өзі активті бөлшекке айналып онан әрі жүретін реакцияларды айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет