I модуль. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері



бет1/15
Дата12.04.2023
өлшемі206,5 Kb.
#81722
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

I Модуль. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері.

  1. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері болып табылады:

Оқушыларға сүйіспеншілік, педагогикалық процесті жүйелі жүргізу, педагогикалық құбылыстарға талдау жасай білу, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, қарым-қатынас жасай алуы, ұжымшылдық, шығармашылық.

  1. Қазіргі жаңашыл педагогтардың негізгі идеясы:

Баланы мәжбүр етпей оқыту, өзін-өзі қадірлеу, мақсаттылық, өзін іс жүзінде көрсете білу.

  1. Педагогикалық функция – бұл:Оқыту процесін жүргізу, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру.

  2. Педагогикалық іс-әрекет анықталады:Теориялық зерттеумен.

  3. Педагогтың жоспарлау жолындағы міндеті:Тәрбие процесін жоспарлауда әрекет бағытын анықтау.

  4. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі педагогтың міндеті:Әрбір бағыттағы адам үшін нақты міндеттерді анықтау.

  5. Әлеуметтік орта – бұл:Адамның қоғамдық, материалдық, рухани тіршілік ету жағдайы, іс-әрекеті

  6. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар:

Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, субьектінің белсенді іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, ішкі күштер.

  1. «Индивид» ұғымы білдіреді:Ешқандай қасиеттері ескерілмейтін адамзат тұқымының жеке бір өкілін.

  2. Тұлғаны әлеуметтендіру:Адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне ықпалдастыру.

  3. Тұлғаны әлеуметтендіру факторлары 4 топқа бөлінеді:Мегафакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар, микрофакторлар.

  4. «Даралық» ұғымы сипаттайды:

Адамның басқа адамнан, тұлғаның басқа тұлғадан ажыратылуын, қайталанбастығын, ұқсамастығын, ерекшелігін.

  1. Адамды әлеуметтендіру факторлары:Мегафакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар, микрофакторлар.

  2. Әлеуметтендірудің мезофакторлары (А.В.Мудрик бойынша) :Этномәдени жағдайлар, аймақтық жағдайлар, орналасу типтері.

  3. Тұлғаны әлеуметтендірудің микрофакторлары (А.В.Мудрик бойынша) :Отбасы, достары, микросоциум, тұлғаны әлеуметтендіру институты.

  4. Тұлғаның дамуына тәрбиенің тиімді әсер ету жағдайлары:Қоғамның талабын ескеру, тәрбиенің мазмұндылығы, дамудың ең жақын аймағына бағдарлану, тұлғаның белсенді ұстанымы, дамудың жалпы заңына сүйену, жеке және жас ерекшелігін ескеру.

  5. Жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуін сипаттайтын сапалар: Жауапкершілік, өздігінен дамуға ұмтылу, әлемге позитивті қатынас, толеранттылық.

  6. Даму - бұл:Адамның танымдық-шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, көзқарасы мен сенімінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.

  7. Қалыптасу – бұл:Жеке тұлғаның дамуының нәтижесі.

  8. Мемелекеттік құндылық, қоғамдық құндылық, тұлғалық құндылық – бұл құндылық сипаттамасы:Білімнің.

  9. Көпмәдени тұлға:Түрлі мәдениеттер арасында ынтымақтастықта өмір сүруге бейімделген тұлға.

  10. Білім беру мен мәдениеттің байланысы:Мәдениет адамға білім берудің алғы шарты мен нәтижесі ретінде қатысады.

  11. Этномәдени орта – бұл:Халықтың этникалық санасын көрсететін мәдени құндылықтар.

  12. Мәдениет – бұл:Адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде құрастырған материалдық және моралдық құндылықтарының жиынтығы.

  13. Белсенді өмір позициясын қалыптастыру.Белгілі бір мінез-құлықты іштей өзінің қабылдауы.

  14. Жеке және қоғамның мінез-құлықтық, терең рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтар мен дүниетанымдық негіздері :Менталитет.

  15. Жалпы адамзаттық құндылықтың қалыптасуы:Патриотизм, интернационализм, борыш.

  16. Қоғам мен тұлғаның өзара қатынасы:Адамның құқықтары мен еркіндігін сақтау.

  17. Адамды тұлға ретінде қалыптастыру үшін қоғамға қойылатын талаптар:Рухани дамыған көпмәдени тұлғаны қалыптастыру.

  18. Этномәдени білім беру – бұл:Тұлғаны этномәдени ұқсастыру бағытын сақтауда ана тіліне, дүниежүзілік мәдени құндылықтарды меңгертуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жүйесі.

  19. Этнопедагогикалық білім – бұл:Ұлттың әлеуметтік, мәдени тәжірибелерін танытатын ақпарат жиынтығы.

  20. Педагогикалық мамандықты таңдау байланысты:Адамның қызығушылығы мен қабілеттілігіне.

  21. Мұғалімнің профессиограммасына жатпайды:Балалармен қатынастағы авторитарлық.

  22. А.Климовтың жіктемесі бойынша педагогикалық мамандық жататын жүйе:«Адам-адам».

  23. Педагогикалық білім:Педагогикалық категорияларды, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру заңдылықтарын, әдістерін, қағидаларын білуі.

  24. Мұғалімнің профессиограммасы – бұл:Мұғалім тұлғасына қойылатын кәсіби талаптардың жиынтығы.

  25. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі айрықша ерекшеліктері:Саяси, қоғамдық, әлеуметтік сипаты.

  26. Іс-әрекеттің құрылымы компоненттердің бірізділігі түрінде қарастырылады:Мақсат, мотив, әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау.

  27. Педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің маңызды көрсеткіштері:Білімді, тәрбиелі, дамыған тұлға.

  28. Педагогикалық іс-әрекеттің конструктивті компонентін құрайтын біліктер тобы:Іс-әрекет түрлерін жоспарлау, жобалау, оқу материалын таңдау және жүйелеу.

  29. Педагогикалық іс-әрекеттің коммуникативтік компонентін құрайтын біліктер тобы:Оқу-танымдық біліктілігі.

  30. Педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық компонентін құрайтын біліктер тобы: Оқушыны түрлі іс-әрекетке қатыстыруға, ұжымды қалыптастыруға, біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағыттау біліктілігі.

  31. Педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік бағыттылығының мәні:Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, шығармашылық даралығын дамыту.

  32. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипатының мәні:Оқушылармен, ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен тұрақты ынтымақтастық қарым-қатынаста болу.

  33. Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық мәні:Оқу-тәрбие жұмысының жаңа тиімді формаларын іздестіру және жетістікке жетудегі белсенді процесс.

  34. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын зерттеген:Н.В.Кузьмина, А.И. Щербаков.

  35. Педагогикалық іс-әрекеттің субьектісі:Мұғалім тұлғасы.

  36. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі:Тұлғаның білімділігі, тәрбиелілігі, жан-жақты дамуы.

  37. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті жүзеге асырылады:

Оқушының білімді теориялық меңгеруі және оны қолдану білігі мен дағдысын, шығармашылық іс-әрекет тәсілін қалыптастырумен, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық идеяларды саналы түсінуімен.

  1. Педагогикалық іс-әрекет компонентіне жатпайды:Ізденіс.

  2. «Субьектілік» ұғымы сипаттайды:Тұлғаның іс-әрекетке белсенді, саналы және өз бетімен қатысуын.

  3. Мұғалімнің педагогикалық қабілеті – бұл:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет