I нұсқа Отбасы және



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі25,01 Kb.
#24967
  1   2   3

Сыныбы: ________ Күні: _______ Білім алушының аты-жөні: ________________________
Қазақ тілі, 9- сынып ББЖ №1 (3-тоқсан)

I нұсқа

«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі

Оқу мақсаты: 9.1.4.1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

9.4.4.2. Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану


1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.


Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері, білімі – ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайтыны сондықтан.

«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке – бәйтерек, бала- жапырақ», «Ата – балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды.

Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез-құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тірбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.

Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім- тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.

1.Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады?

А. Үшінші В. Бірінші және екінші С. Бірінші Д. Төртінші Е. Екінші



2.Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты:

А. Қатарынан қалмауы

В. Өскенде ата-анасын асырауға жәрдемдесуі

С. Басқа үйдің ұл-қыздарына үлгі болуы

Д. Қатарының алды, өжет болуы

Е. Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы



3.Бірінші азатжолдағы негізгі ой

А. Отбасында қыз баланы ерекше құрметтеген

В. Отбасында ұл баланың тәрбиесінде әкенің орны

С. Отбасы мүшелері тең қарым-қатынаста болады

Д. Отбасындағы ананың орны жоғары

Е. Отбасында балаға барлық жағдай жасалады



4.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

1.Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді.

2.Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған.

3.Ұлттық тәрбие – отбасылық құндылықтардың бастауы.

А. Бірінші мен үшінші В. Үшеуі де С. Тек біріншісі Д. Екіншісі мен төртіншісі Е. Тек үшіншісі


2-тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса, салаластың түрін жаз.

Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі

Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой.

3-тапсырма. Тілдік бағдар бойынша тест сұрақтары

1. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін табыңыз.

А) Ыңғайлас

В) Шартты

С) Қарсылықты

Д) Себеп - салдар

Е) Кезектес




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет