І нұсқа Синонимі бар сөйлемді табыңыз



бет1/6
Дата02.01.2023
өлшемі22,3 Kb.
#60264
  1   2   3   4   5   6

І нұсқа

1. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.
A) Қазыбек қарттың көзі қарауытып, иесіз қалған, қараң қалған үйге түсті.
B) Қаңғыбас кедейге бақ қонды.
C) Қалың ел қаңтарылып, сусыз қалыпты.
D) Жүсіп ілгері ұмтылып, ұшып келеді.
E) Қора ішінде арба, дөңгелек, түрлі темірлер шашылып жатыр.

2. Басқа тілден енген сөзді анықтаңыз.
A) Шаңырақ.
B) Әуесқой.
C) Мағлұмат.
D) Балық.
E) Көшпелі.
3. Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі қалай аталатындығын табыңыз.
А) Монолог.
В) Пейзаж.
С) Мінездеу.
Д) Арнау.
Е) Диалог.

4. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.
A) Аияиын.
B) Аяйын.
C) Айайын.
D) Айяйын.
E) Аяйн.
5. Сөздің ең алғашқы мағыналық бөлшегін қалай атайтынын көрсетіңіз.
A) Қосарлама сөз.
B) Біріккен сөз.
C) Күрделі сөз.
D) Түбір сөз.
E) Туынды сөз.

6. Ыбырай байдың бала оқытып жатқан үйге мал қамағанын ызалана жазатын оқытушыны белгілеңіз.
А) Ы. Алтынсарин.
В) М. Ж. Көпеев.
С) С. Көбеев.
Д) С. Торайғыров.
Е) С. Сейфуллин.
7. Деректі зат есімдер қатарын табыңыз.
A) Мектеп, ағаш.
B) Көңіл, сезім.
C) Ой, сана.
D) Ауа, жел.
E) Ақыл, ес.
8. Тәуелдік жалғаудың 3-жағында тұрған сөзді табыңыз.
A) Дәптерім.
B) Дәптеріміз.
C) Дәптері.
D) Дәптерің.
E) Дәптеріңіз.
9. Абай оқыған философтарды табыңыз.
А) Демокрит, Гераклит
В) Ницше, Хайдеггер
С) Конфуций, Парминид
Д) Әл-Фараби, Геродот
Е) Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет