ҚұҚыҚ Қолдану тәжірибесін нығайтатын құрал Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы а



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата31.03.2017
өлшемі4,62 Mb.
#10931
  1   2   3   4   5

ҚұҚыҚ Қолдану тәжірибесін 

нығайтатын құрал 

Ақпарат

Бүгінгінің бас тақырыбы



а

Ң

дат

П

а

4-бет

2-бет

(Соңы 3-бетте)

№127 (2905) 15 қараша 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Бала тәрБиесіне салғырт 

қарағандар жауапқа 

тартылады

БейБітшілік пен татулықтың 

Бесігі


Елбасы халықаралық 

сарапшылармЕн Еуразияның 

өзЕкті мәсЕлЕлЕрін талқылауда

Елордада  қазақстан  президенті  н.назар­

баевтың  қатысуымен  астана  клубының  екінші 

отырысы  өтті.  халықаралық  деңгейдегі  шараға 

әлемнің 50­ден астам сарапшысы, саяси және қоғам 

қайраткерлері, 21 елдің ғалымдары, сонымен бірге 

жетекші қазақстандық сарапшылар қатысуда. айта 

кетерлігі, бірінші күні сарапшылар өңірдегі елдердің 

ұстанымы,  экономикалық  даму,  инфрақұрылым, 

ресурстық сектор проблемалары, адам капиталын 

дамыту және өзге де өзекті мәселелерді жан­жақты 

талқылаған­ды. ал кеше халықаралық сарапшылар 

мемлекет басшысымен кездессе, бүгін және одан 

арғы күні клуб отырысына қатысушылар «Еуразия 

тоғысында: өңірлік пробелмаларға негізгі әлемдік 

ойыншылардың көзқарасы», «Еуразия ресурстары: 

«алтын ғасырдың» соңы ма?», «Еуразия адамдары: 

тұрақсыздық көзі ме әлде байлық көзі ме?» сынды 

сессияларда Еуразия өңіріне қатысты өзекті мәселе­

лерді жан­жақты талқыламақ. 



А.ҚҰРМАНҒАЛИ

қазақстанның логистикалық 

тиімділігі жоғарылады

2016 жылы логистика тиімділігі деңгейі бой­

ынша  қазақстан  11  позиция  жоғары  көтеріліп, 

әлемнің 160 елінің арасында 77­орынға тұрақтады, 

деп  хабарлайды  finprom.kz.  логистика  тиімділігі 

индексі бойынша қазақстан бірқатар тмд елдерінен 

озық тұр: ресей 99­орында, украина – 80­орында, 

өзбекстан – 118­орында, беларусь – 120­орында 

және  қырғызстан  –  146­орында.  мамандардың 

айтуынша, 2016 жылы теміржол тасымалдарынан 

түскен  табыс  29  млрд  теңгеге  өскен.  қазір  бұл 

сала кең көлемдегі өзгеріс режимінде. теміржол 

тасымалдары саласындағы бәсекелестік тек ұлғая 

түседі. саладағы кіріс деңгейінің артуына тасымал 

құнының өсуі ықпал етеді, себебі, тасымал көлемі 

азаяды. биылғы 9 айда сала кәсіпорындары өткен 

жылмен салыстырғанда 4% аз жүк тасымалдаған 

(236 миллион тонна). жолаушылар тасымалы 22%­

ға азайған. қаңтар­қыркүйек айларында теміржол 

арқылы 17 миллион адам қатынаған.



К.ЫСҚАҚОВА

жылына қанша адам 

жоғалатыны анықталды

жыл  сайын  полицияға  хабар­ошарсыз  кет­

кен 4­4,5 мың адам туралы мәлімет түседі екен. 

бұл  туралы  кеше  қр  парламенті  мәжілісінде 

«дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 

заң жобасын таныстыру барысында қр ішкі істер 

вице­министрі  рашид  жақыпов  айтты.  «хабар­

ошарсыз кеткендерге тоқталатын болсақ, жыл сай­

ын қазақстан аумағында орташа есеппен 4­4,5 мың 

жоғалған адам туралы өтінімдерді тіркейміз. бұл 

адамдардың 80­85 пайызын біз анықтаймыз, себебі, 

олардың жоғалуы қандай да бір қылмыспен байла­

нысты емес, яғни, аңғалдықпен немесе туыстарымен 

байланысты  жоғалтып  алуына  қатысты  болады. 

адам сапарға шығып өзі туралы хабар беруді үзеді. 

жалпы, осындай жоғалғандардың 30 пайызына дей­

інгісін алғашқы екі­үш тәулікте анықтаймыз», – деді 

жақыпов. 



С.ОРЫНБАСАР

ұлт жоспары аясында және жоғарғы сот әзірлеген азаматтық процестік ко-

декстің  қабылдануы  нәтижесінде  ұлттық  сот  жүйесі  елеулі  түрде  жетілдірілді. 

Кодекстің күшіне енгеніне аз уақыт өткеніне қарамастан, соңғы он айдағы сот 

шешімдері жаңа заңның әрбір азамат үшін тиімді құқық қорғау құралы болға-

нын дәлелдеп отыр. бұл жөнінде кеше жоғарғы сотта судьялардың Vіі съезі қар-

саңында өткен азаматтық процестік кодекстің  комментарийін таныстыру кезінде 

еліміздің бас судьясы Қайрат Мәми мәлімдеді. 

Сот сөйлесін



(Соңы 8-бетте)

Мәселе


«Туу Туралы 

куәлікТі 

баласы 

мекТепке


 барарда 

іздейТіндер 

бар»

Биыл жазда Ақсу кентіндегі 



кеніште күзет қызметі мен рұқсат-

сыз алтын өндірушілер арасын-

дағы жанжал ұзақ жылдардан бері 

жиналған ашу-ызаның сыртқа 

жанартаудай  атқылап  шыққан 

көрінісі болды десек, шындықтан 

алыс кетпеспіз. Атыс қаруы қол-

данылған бұл жанжалдың салда-

рынан төрт адам түрлі деңгейде 

жарақат алып, ауруханаға түскен 

еді. Құқық қорғаушылар мен жер-

гілікті үкімет органдары әлеумет-

тік үлкен текетіреске ұластырар 

қауіптің алдын алып, жүргізген 

келіссөздердің арқасында жағдай 

ушықпай, қалыпқа түсті. Десе 

де, әлеуметтік текетіреске әкеліп, 

еліміздегі ұйыған тыныштық пен 

тұрақтылықты бұзуға жеткізер 

себеп толық жойыла қойған жоқ. 

Облыс прокуроры Мұратбек 

Исадиловтің төрағалығымен өт-

кен алқа мәжілісі осы мәселеге 

арналды.  Аталмыш шараның өзі 

бүгінде белең алып кеткен заң-

сыз алтын кенін өндірушілік пен 

өздеріне тиесілі шикізатты қор-

ғауды қамтамасыз етпек болған 

акционерлік қоғамның әрекеті 

түптің түбінде үлкен дау-жан-

жалға ұластыру қаупін туғыза-

тындығын, осыған орай мұның 

алдын алудың үлкен маңыз алып 

отырғанын көрсетсе керек.

Облыстық прокуратураның 

бірінші басқармасының басшысы 

Еркебұлан Жүнісовтің айтуынша, 

соңғы  бес  жылдың  көлемінде 

заңсыз алтын кенін өндірумен 

айналысқан 20 мыңдай азамат 

ұсталған. Бұл адамдар жасырын 

алтын  өндірумен  немесе  ком-

панияның өндірген құрамында 

алтыны бар кенін ұрлаумен айна-

лысқан. Қынжыларлығы сол, ком-

панияның күзетшілері мен құқық 

қорғау қызметкерлері ұстаған бұл 

азаматтардың бір пайыздайы ғана 

әкімшілік жауапкершілікке тар-

тылыпты. «Қолданыстағы заңның 

олқылықтарынан заңсыз алтын 

өндіріп, кен ұрлаушыларды жауа-

пқа тартуға мүмкін болмай отыр» 

дейді прокуратураның басқарма 

басшысы. 

Биылғы жылдың басынан бері 

облыстық  ішкі  істер  департа-

ментінің қызметкерлері Степно-

гор қаласы маңайындағы алтын 

кендерінде заңсыз алтын өндіру-

мен айналысқан 26 миницехты 

алтын ұрлаушыларға 



тосҚауыл 

қашан қойылады?



«А

лтын көрсе періште жолдан таяды» деп қазақ текке айтпаса керек. Егер 

алтын үшін періште жолдан тайып жатса, ет пен сүйектен жаратылған 

пенделер қайтпек? Осы орайда, бүгінде «Қазақалтын» тау-кен металлургия 

комбинаты» АҚ-ның ғана емес, аймақтың құқық қорғау органдары мен жергілікті 

атқарушы биліктің  үлкен басауруына айналған Степногор қаласы маңындағы 

алтын өндіретін кеніштердегі ұрлықтың жыл өткен сайын белең алып бара 

жатқанының себебін түсіну қиынға соқпайтындай.

Расында аталмыш заңнама осыдан бір жыл 

бұрын ғана күшіне енген болатын. Елбасы Нұрсұл-

тан Назарбаев алғаш рет Азаматтық процессуалдық 

кодекске жариялы түрде қол қойған еді. Президент 

осы сәтте Азаматтық процестік  кодекстің  мемлекет 

үшін маңыздылығын айтып, бұл құжаттың  құқық 

қорғау саласын жаңа сапалық деңгейге көтеретініне 

сенім білдірген. 

баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу басталғанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«қазпошта» ақ бө лім ше лері, 

«қазпресс» жшс дүң гір шек тері 

және алматы қаласын дағы «дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


тауып, олардан 20 мың тоннадан 

астам кен тәркіленген. Акцио-

нерлік қоғамның бас директоры 

Евгений Балашовтың айтуынша, 

жыл  басынан  бері  заңсыз  ал-

тын өндірушілерден күзет қыз-

метімен 14 келіден артық алтын 

алынған.  Бұл  алтынның  құны 

560 мың доллар көлемінде екен. 

Мұның  өзі  анықталып,  қолға 

түскендері  ғана,  ал  астыртын 

өндіріліп, шетел асып арзанға 

сатылып кетіп жатқан қымбат 

металл қанша екенін ешкім біл-

мейді.  Осыған  қарап,  заңсыз 

алтын өндіру көлемінің қандай 

ауқым алып отырғанын бағам-

дауға болады. 

Степногор аумағындағы Ақсу, 

Жолымбет, Бестөбе кеніштерін-

дегі қазіргі жағдай, шынын айт-

қанда, дабыл қағарлық дәрежеде. 

Компанияның күзет қызметі мен 

жергілікті құқық қорғаушылар-

дың жылдан-жылға саны көбейіп 

бара жатқан оңай олжа табушы-

ларды ауыздықтауға шамасы да, 

мүмкіндіктері де жоқ. 



(Соңы 3-бетте)

– Азаматтық іс жүргізу кодексімен 

жұмыс істегендеріңізге бір жылға 

жуықтады, заңдағы қандай тиімділік-

терді атап айтар едіңіз?

– Азаматтық іс жүргізу кодексінің 

талаптары Мемлекет басшысының 

«Сот жүйесі іс жүзінде ашық және  

қолжетімді, қарапайым, барлық дауды 

тез  шеше алатындай болуға тиіс» дей-

тұғын бағытымен үндесуде. Мәселен, 

сотқа ел азаматтарының қолжетімділі-

гін арттыру және ашықтықты одан 

әрі қамтамасыз ету мақсатында жыл 

басынан бері үш сатылы сот жүйесі 

жұмыс істеуде. Бұрынғы кодекске сай, 

сотқа түскен талап арыздар тек сотта 

қаралатын. Ал, жаңа заң бойынша, 

кейбір дау лар соттан тыс жерлерде 

шешілуде. Бұған медиация институ-

тын, бітімгерлік шараларын айтуға 

болады. Азаматтық істерде даулар-

дың жекелеген санаттары бойынша 

прокурорлардың қатысуын қысқарту, 

сондай-ақ, барлық сот процестеріне 

аудио-бейнетіркеу  жүйесінің  енуі 

оң  нәтиже  беруде.  Қысқа  айтқан-

да,  кодекс те  көзделген  мақсаттар 

дау- дамайлардың созылуын біршама 

азайтып, Елбасы ұстанымындағы то-

леранттық, төзімділік идеясын жүзеге 

асыруға мүмкіндік тудырды. 



2

№127 (2905) 

15 қараша 2016

zangazet@mail.ru

құқық

Бас прокуратура



Жиын

қоғамдық трагедия

Жаңа тағайындалғандар 

жұмысқа кірісті

Атырау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы 

А.Шигамбаев облыстың судьялар корпусына жаңадан тағайын-

далған төраға мен судьяны таныстырды. Шараға Атырау облысы 

әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Дүйсенбаев, облыстық мәсли-

хаттың хатшысы С.Лұқпанов, Атырау облысы прокурорының 

орынбасары Б.Саугабаев және басқа да қалалық құқық қорғау 

органдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 

қарашадағы Жарлығына сәйкес, Рүстем Жансықбаев Алматы 

қаласының Түрксіб аудандық сотының төрағасы лаузымынан 

босатыла отырып, Атырау облысының мамандандырылған 

ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметіне тағай-

ындалды.

Сондай-ақ, дәл осы Жарлықпен Атырау қалалық сотының 

судьясы лауазымына Жұмағали Харифоллаұлы Ташимов тағай-

ындалды. Ол бұған дейін Атырау облысы мамандандырылған 

ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы 

лауазымын атқарған болатын. А.Шигамбаев жаңадан тағайын-

далған судьяларға сот төрелігін жүзеге асыру барысында барлық 

күш-жігерін салып, білім мен біліктіліктерін жоғары дәрежеде 

көрсетуді тілей отыра, Елбасының артқан сенімін ақтауды 

тапсырды.



Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

атырау облыстық соты

Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев сот кор-

пусына 2016 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы 

Президентінің Жарлығымен тағайындалған жаңа судьяларды 

таныстырды. 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы 

қызметіне – Талғат Сырлыбаев, Сарыарқа аудандық сотына – 

Салтанат Қашқынбекова,  қылмыстық істер жөніндегі маман-

дандырылған ауданаралық сотына – Бағлан Ыдырысов және  

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – Айдос 

Жақсыбаев, Анар Маманова, Мақсат Сембин тағайындалды.

Қалалық сот төрағасы жас судьяларды құттықтап, жұмыста 

табыс тіледі. 

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

астана қалалық соты

Отырысты ашқан Бас проку-

рор балаларға қатыгездік таныту 

және сексуалдық зорлық-зом-

былық  көрсету  бұрынғыша 

қоғамның басты проблемалары 

мен  қауіптерінің  бірі  болып 

қалып отырғанын ерекше  атап 

өтті. 

«Бұл  ғаламдық  проблема 



және  онымен  бүкіл  адамзат 

күресуде. Мұндай зорлық-зом-

былықты бастан өткерген ба-

лалар өмір бойы зардап шегеді. 

Әрбір оқиға – бұл отбасы үшін 

және бүкіл қоғам үшін трагедия, 

баланың жүрегінде қалатын ай-

ықпас жара», – деді Ж. Асанов.

Бас  прокурор  Ж.Асанов 

«Прокуратура туралы» заңның 

25-2-бабы тәртібінде үндеу тас-

тап, жұртшылықты, ата-аналар-

ды, педагогтарды сақ болуға, ба-

лаларды қараусыз қалдырмауға, 

оларға абай болуды ескертуге, 

қауіпті және белгісіз жағдай-

ларда өзін ұстаудың қарапайым 

қағидаларын үйретуге шақыр-

ды. Өйткені, балалар мұндай 

жағдайлармен кез келген күні 

үйде немесе көшеде бетпе-бет 

кездесуі мүмкін. Балаларға зор-

лық-зомбылық жасау фактісі 

бар болса, дереу құқық қорғау 

органдарына хабарлау қажет. 

Отырыста балалардың жы-

ныстық тиіспеушілігіне қарсы 

қылмыстардың алдын алу және 

олардың  деңгейін  төмен дету 

бойынша  шаралар  қабылда-

уға, сексуалдық зорлық-зом-

былықтан зардап шеккен бала-

ларды анықтауға және оларға 

көмек  көрсетуге,  сондай-ақ, 

тұрғындардың дер кезінде ақпа-

рат  алу  деңгейін  арттыруға 

бағытталған іс-шаралар жоспа-

рының жобасы таныстырылды. 

Бас прокуратураның алқа оты-

рысында заңнамалық шаралар-

дың өзі балаларды қорғай ал-

майтыны айтылды. Сондықтан, 

қадағалаушы  орган  мүдделі 

мемлекеттік органдармен бір-

лесіп, балаларға нәпсіқұмарлық 

зорлық-зомбылық көрсету фак-

тілерін  болдырмау  бойынша 

бірқатар практикалық шаралар 

әзірледі. 

«Бірінші – нормативтік құ-

қықтық базаны жетілдіру. 

Екінші бағыт – кәмелетке 

толмағандардың  жыныстық 

тиіспеушілігіне қарсы қылмыс-

тардың алдын алу және деңгейін 

азайтуға бағытталған шаралар. 

Үшінші  –  нәпсіқұмарлық 

зорлық-зомбылыққа ұшыраған 

балаларды анықтау және оларға 

медико-психологиялық  және 

құқықтық көмек көрсету. 

Төртінші бағыт – халықтың 

ақпараттануын арттыру», – деп 

атап өтті өз сөзінде Бас проку-

рордың орынбасары А.Крав-

ченко. 


Жалпы, әрбір отбасы үйдегі 

проблеманы сыртқа шығармауға 

тырысады.  Бас  прокурордың 

орынбасары Андрей Кравчен-

ко адамдар балаларына қарсы 

жасалған нәпсіқұмарлық зор-

лық-зомбылықтар туралы ашық 

айтуға әзір емес екенін атап өтті. 

«Алайда, мұндай қылмыс жа-

саушылардың көпшілігі таныс 

адамдар (69%), соның ішінде 

әкелері, өгей әкелері, бауырлары 

және басқа да туыстары (27%). 

Мысалы, Батыс Қазақстан об-

лысының прокурорлары 6- сы-

ныпта  оқитын  қыз  баламен 

сенімгерлік әңгімелесу бары-

сында оның әкесі тарапынан 

зорлық-зомбылыққа,  соның 

ішінде, нәпсіқұмарлық сипат-

тағы зорлық-зомбылыққа бірне-

ше рет ұшырағанын анықтады. 

Қыз бала ол туралы отбасынан 

тыс кетіп, интернатта тұрған 

соң ғана шешіліп айта бастаған. 

Алматы облысында 14  жастағы 

қыз бала прокурорларға өзін 

ұзақ уақыт бойы әпкесінің күй-

еуі (жездесі) бірнеше рет зорлап 

келгенін айтқан. Осы және басқа 

да жағдайлар құрбандар мен 

олардың отбасыларының асы-

раушысынан айырылып қалу, 

күнін көре алмау, баспанасыз 

қалу қаупінен қорқып, үйдегі 

проблемаларды сыртқа шығар-

майтынын көрсетті.

Ересектер көбінесе ұяттан 

және жұрттың сөзінен қорықса, 

үрейленген, қорқынышқа ұшы-

раған балалар оған объективті 

баға бере алмайды. Құрбандар 

мен олардың жақын адамдары-

ның осындай мінез-құлқы жы-

ныстық қылмыстардың базалық 

жоғары латенттілігіне айналды. 

Ол  жазаланбауға  және  жаңа 

қылмыстар жасауға әкеп соғады.

Қазірде  осындай  қылмыс 

жасаған адамдарға қатысты ше-

телдерде нақты жолға қойылған 

арнайы  зерттеулер  жүргізіл-

мейді, нақты психопортрет жа-

салмайды.  Бүгінде, еліміздің 

түрмелерінде 1229 зорлық жа-

саған адам отыр. Олар ерте ме, 

кеш пе, әйтеуір бостандыққа 

шығады. Бірақ, олармен қан-

дай да болмасын түсіндіру, ой 

салу  сияқты  алдын  алу  жұ-

мыстары  жүргізіліп  жатқан 

жоқ. Осыған байланысты, осы 

адамдарға  қатысты  нәпсіқұ-

марлық  ауытқушылықтарын 

анықтау бойынша арнайы пси-

хиатриялық зерттеулер жүргізу, 

соның нәтижесі бойынша емдеу 

бағдарламасын жасау және жа-

засын өтеу кезеңінде ұсынымдар 

беру ұсынылып отыр.

Бұған қоса, Бас прокуратура 

балалар мен жасөспірімдерге, 

ата-аналарға,  ұстаздарға  ар-

налған  жадынамалар  дайын-

дады,  онда  үйден  тыс  жерде 

өзін қауіпсіз ұстау, зорлық-зом-

былық белгілерін ерте анықтау 

бойынша  ұсынымдар  беріл-

ген. Кәмелетке толмағандар-

дың жыныстық еркіне қол сұғу 

құқықбұзушылығын жасағаны 

үшін болатын қылмыстық жа-

уаптылық туралы, сондай-ақ, 

басқа да маңызды кеңестер тү-

сіндірілген.

Жиналыстың қорытындысы 

бойынша бұл тақырыпты орта-

лық мемлекеттік органдармен 

және  қоғам  болып  талқылау 

жөнінде шешім шығарылды.



Бас прокуратураның 

баспасөз қызметі

Кездесу


Әскери сот төрағасы С.Аб-

дуллаев Генерал С.Нұрмағамбе-

тов  атындағы  республикалық 

«Жас Ұлан» мектебіне барып, 

басшылығымен  және  кадет-

терімен кездесу өткізді. Әскери 

сот  төрағасымен  өткізілген 

дәріс-әңгімелесу мектеп қызмет-

керлерін немқұрайлы қалдырмай, 

кездесу барысында қазақстандық 

сот жүйесінің жалпы қызметінің 

мәселелері таныстырылды.

Сот төрағасы С.Абдуллаев Елбасы Н.На-

зарбаевтың институционалдық реформа-

ларды жүзеге асыру, сот төрелігіне қол-

жетімділік пен татуласу процедураларының 

қолдану аясын кеңейту, үш сатылы сот 

төрелігіне өтуді іске асыруға арналған Ұлт 

жоспарын және Қазақстан Республикасы 

заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістерді 

қатысушыларға жан-жақты түсіндіріп өтті. 

Сонымен бірге, төраға талап арыздарды, жү-

гінулерді және өзге де арыздарды электрон-

ды түрде – «Сот кабинеті» интернет сервисі 

арқылы жолдау мүмкіндіктерімен, сот оты-

рыстарын дыбыс-бейнетіркеу құрылғысына 

жазу жаңалықтарымен таныстырды.

Қатысушылар өздерін қызықтыратын 

мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. 

Оларды сот жүйесіндегі өзгерістер, яғни, бес 

сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелі-

Төраға ұландармен ЖүздесТі

Дөңгелек үстел аясында 2016 жылдың 9 айында Астана қа-

ласы кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандан-

дырылған ауданаралық сотында тіркелген және қарастырылған 

әкімшілік заңнамалар жүйесі мен құқықбұзушылық баптары 

бойынша істер талқыланды. Семинарда Астана қалалық соты-

ның судьясы Қазима Айтқалиева біршама сот істері бойынша 

мәліметтерді келтірді. Аталған уақыт аралығында сотта қаралған 

істердің статистикалық мәліметтерін алып қарасақ,  ата-ананың 

немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балалар-

ды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауына 

қатысты 259 іс қаралған, оның ішінде 207 іс бойынша тұлғалар 

әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 52 тұлғаға қатысты іс 

өндіріспен тоқтатылған.  Кәмелетке толмағандарға эротикалық 

мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематери-

алдарды, бейнелердi немесе өзге де заттарды не материалдарды 

сату бойынша 2 іс қаралып, 2 тұлға жауапкершілікке тартылған. 

Кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылыққа қатысты 

101 іс қаралып,  92 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің 

еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы бойынша 

істер жиі қаралады. 9 айда 89 іс қаралып, 78 тұлғаға қатысты 

әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылған. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында от-

басы, жанұяның мемлекетпен қорғалуы жөнінде айтылған.  Қа-

тысушылар ата-аналардың бала тәрбиесіне салғырт қарауының 

нәтижесінде белең алған қылмыстық істер мен әкімшілік құқық 

бұзушылықтар санын азайту мақсатында бірқатар  профилакти-

калық жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. 

Шара барысында судья кейбір істерге қатысты мысалдар 

келтіріп, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс нормалары 

талаптарының қатаң сақталып, құқықтық қателіктер жібермеу 

мақсатында әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамаға ен-

гізілген өзгертулер мен толықтыруларды үнемі қадағалап отыру 

жайлы ұсыныс айтты. 

 

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі 

Дөңгелек үстел

Бала тәрБиесіне 

салғырТ қарағандар 

Жауапқа ТарТылады

Астана қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар істері 

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот, 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет