И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі1,44 Mb.
#6353

Қазақ тілін оқытудағы мәтіннің рөлі мен оған 

қойылатын талаптар 

Орындаған: ҚАЕУ «Қазақ тілі мен 

әдебиеті» мамандығының 2 

к.студенті Ниязбек Г. 

Жетекшісі: ҚАЕУ «Педагогика және 

психология» кафедрасының 

оқытушысы Тургумбаева Н.К. 

Қазақстан-Американдық еркін университеті 


Мәтін туралы түсінік 

      Мәтін  (лат-байланысу,  бірігу)  -  тілдік  таңбалардың 

мағыналық  және  тұлғалық  байланыстығы  негізінде 

түзілген  із-ізділігі.  Сөйлеу  процесінің  жемісі. 



Мәтін

  –


жазудың  шығуымен  байланысты  қалыптасып  жетілген 

және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым [1,270]. 

 

Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  “



Мәтін

-белгілі  бір 

жазылған  шығарма  немесе  соның  үзіндісі,  әңгіме”  деп 

аңықтама береді [2-56].  

 

Ал  тіл  білімі  сөздігінде  “



Мәтін

  дегеніміз  –  бұл  жалпы 

(бір)  тақырып  төңірегіндегі  біріккен,  сабақтастық  пен 

тұтастық  тән,  ақпаратты  жеткізетін  мазмұнды  (мәнді) 

сөйлемдердің тізбегі”. 

 


И.Р.Гальперин: “Мәтін - әр түрлі лексикалық, 

грамматикалық және логикалық жақтан 

байланысқан бірқатар пікірлерден, белгілі бір 

рухани сипаты, прагматикалық тәртібі бар және 

әдеби өңделген жазбаша хабарлама”[3]. 

 

А.Байтұрсынұлы:"Сөз өнерінен жасалып 



шығатын нәрсенің жалпы аты-шығарма сөз, ол 

аты қысқартылып, көбінесе шығарма деп 

аталады” -деген анықтама береді [3]. 

 


Мәтін – тілді оқытудағы басты 

негізгі құрал болып табылады. 

Ол оқу, жазу, тыңдау,сөйлеу 

арқылы жүзеге асады.

 

       Ф.Ш.Оразбаева: “Мәтін - 



қатысымдық тұлғалардың ішіндегі 

мазмұндық тұтастығымен 

ерекшеленетін бүтін жүйе”

 

С.И.Львова:“Мәтінмен 



жұмыс –тілдің барлық 

пәндермен 

байланысуын 

қамтамасыз етудің 

кепілі”

 

А.Аркин: ”Мәтін - 



білімді дара тұлғаға 

бағдарлап оқытудың 

ұтымды құралы”

 


Мәтінмен жұмыс істеу 

төмендегідей дағдыларды 

қалыптастырады: 

Мәтінмен жұмыс тіл 

үйренушінің сөздік қорын 

байытады және қазақша 

сөйлеуге үйретеді

Тіл үйренушінің өз 



бетімен жұмыс істеу 

қабілеттігін 

қалыптастырады. 

 

Сөздерді анық 



айтуға, сөз екпінін 

дұрыс қоюға,сөйлем 

мәнерін қазақша 

айтуға 


қалыптастырады. 

Мәтінді аудару-тіл үйренудегі 

маңызы жоғары.Мәтінді аудару арқылы 

тіл үйренуші оның мазмұнын 

түсінеді,таныс емес сөздерді сөздіктен 

қарау арқылы есте сақтайды. 

 

Мәтінді әңгімелеу-мәтіннің 



мазмұнын өз сөзімен әңгімелеуге 

үйретеді.Мәтінді мазмұндамас бұрын 

оған жоспар құрып алу мәтінді жақсы 

түсінуге ,ойын қазақ тілінде жүйелі 

жеткізуге жәрдемдеседі. 

 

Тілдің 



танымдық 

қызметін 

басшылыққа  ала  отырып,іріктелген 

елтанымдық  мазмұндағы  мәтін  тіл 

үйренушілерге 

әлдеқайда 

тартымды,түсінікті 

,пайдалы 

әрі 

қажеттті 



болады,ондай 

деректер 

арқылы  тіл  үйренушінің  бойындағы 

сол  тілді  қолданушы  халықтың  жанын 

түсіну, халыққа, тілге деген сый-құрмет 

сезімдерін оятады



Киім дүкенінде  

   Айгүл киімді “Сәнгүл”сауда үйінен сатып алады. 

“Сәнгүл ” сауда үйі С.Сейфуллин көшесінде орналасқан. 

“Сәнгүл” сауда үйіндегі сатылымдағы киімдердің бағасы 

қымбат емес.Айгүл өзіне ұнаған киімдердің сапасына мән 

береді.Сауда үйі сағат тоғызда(9.00) ашылады.Сауда үйі 

сағат алтыда (18.00) жабылады. 


Аудармасы 

Екі американдық Джейкоб Дэбис пен Леви Страус 

бірінші джинсыны 1923 жылы ойлап тапты. Дэвис 

матаны Лэвидің дүкенінен сатып алды.Ол 

қызметкерлеріне мықты киім жасайтынын Лэвиге 

айтты. Бірінші джинсы көк түсті болды.Vogue 

журналынан көрген соң,1965 жылы джинсы әйелдер 

үшін сәнді болды. 1990 жылдары Келвин Клейн 

джинсы үшін аптасына 12,5 млн тапқан. 


Астананың ауа райы 

Астанада жылдың ең ұзақ-қыс.Онда қыс қарашадан сәуірге 

дейін 5-6 айға созылады.Қарашадан ауа райы бұлтты, ал кейде 

күн шығып тұрады.Қарашаның ауа райы бұлтты,ал кейде күн 

шығып тұрады.Қарашаның соңында алғашқы қар 

жауады.Қарашада ауа температурасы +5 C  -5C дейін 

төмендейді .Желтоқсан мен қаңтар және ақпан –ең суық 

айлар.Ол кезде ауа температурасы -25С -40С дейін 

төмендейді.Сол кезде қатты аяз болады. Ал сәуір айында ауа 

райы желді болады.Бірақ қар ерімейді.Наурыз айында ауа 

температурасы ақырындап көтеріле бастайды,сондықтан осы 

кезде жаңбыр жауып ,қар ериді.Солтүстіктен күшті жел 

соғып,ауа райы жылына бастайды.Мамырда көктем келіп,жиі 

жаңбыр жауады.Айнала көкжиекке орана бастайды. 

Жазда  кейде ыстық болады.Осы уақытта ауа температурасы 

+30 С-+35С дейін көтеріледі.Осындай ыстық шілде ,тамыз 

айларында да болады. 

Қыркүйекте күз келеді.1 қыркүйекте барлық мектептер мен 

жоғарғы оқу орындарында жаңа оқу жылы басталады. Ауа 

райы қоныр салқын болып,жаңбыр жиі жауады.Астананың ауа 

райы болжамы жылда осы шамалас. 


Аудармасы 

 

Демалуға жақсы мезгіл көктем мен күз.Жазда өте ыстық 

болады. 

 

Сиднейде ең танымал Боди-Бич.Адамдар суға жүзуге 



,серфингке.виндсерфинг ке және парусты спортка 

барады.Түнгі өмір үшін Оксфорд-стритте көптеген 

клубтар бар. 

 

Кинг-Кросста арзан қонақүйлер бар.Бір түнегені 50 



долларды құрайды.Халықаралық қонақүйлер бар 

орталықта ол 150 долларды құрайды. 

 

Әр халықтың мейрамханасы бар итальяндық, қытыйлық, 



түрік, жапондық.Австралиялықтар көбіне теніз өнімдерін 

жейді. 


 

Сиднейде театрлар мен кинотеатрлар бар, әрине 

Опералық театрда бар .Ең жақсы дүкендер Пит-стрит 

көшесінде орналасқан. 

 

Гавани туралы айтар болсақ,онда жағалаулар,саябақтар. 



Дәмхана және керемет көпір бар. 

 

Жылдам поезд және баяу автобустар бар.Сиднейді көруге 



ең жақсы жол пароммен жүру. 

 


Шәкен Айманов 

Шәкен Айманов – көрнекті актер,режисер .КСРО 

Мемлекеттік сыйлығының иегері(1952), КСРО халық әртісі 

(1959), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 

(1968). 

Ол 1933 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ драма 

театрын 100-ден астам рөлді сомдады.Ол қазақ кино 

өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. 

1953 жылдан бастап бері қазақ кино өнері саласында 

еңбек етті.Ол ұлттық кинематографияның Алтын қорына 

енген оннан астам көркем фильмді түсірді.Олар: “Махаббат 

туралы аңыз”(1953), “Біздің сүйікті дәрігер”(1958), “Алдар 

көсе”(1965), “Тақиялы періште”(1969), “Атаманның 

ақыры”(1970)және тағы басқа. 



Аудармасы 

Гренриетта Грин өте ерке жалғыз бала болатын.Ол 1835 

жылы Массачусетс штатында дүниеге келді.Онығ әкесі 

кәсіпкер,миллионер болған.Анасы мауқас болғандықтан,ол 

көп уақытын әкесінің қасында өткізеді.Екі жасынан бастап 

жұмысына үйрете бастастады.Ол қаржылықгазеттерді 

күнделікті оқып, өз атына шот ашты.Әкесі Хетти 21 жасқа 

толғанда қаза болды.Оған мұраға 7,5 млн қалдырып 

кетті.Ол Нью-Йоркке барып, Уолл стритке инвестиция 

салды. Әр тиынның үнемдеп  ұстады, ең арзан 

демханаларда тамақтанды. 

Ол әлемдегі ең бай , сараң әйел атанды. Оны “Уолт-

стриттің мыстаны” деп атаған.Отыз үш жасында ол  

мульти-миллионер Эдварда Гринға  тұрмысқа шықты.Екі 

баласы болды. 

Ол әркез дүкендер саудаласатын . Ұнтақталған печенье 

алғанды жөн көреді,өйткені ол арзан.Иттері үшін тегін 

сүйек алуға тырысатын .Бір күні 2 центін жоғалтқан ол 

ақшасын бір күн іздеген.Ол ешқашан киім сатып 

алмайтын,ылғида жыртылған қара ұзын белдемше киіп 

жүреді. 

Баласы Нед аяғын жарақаттап алған кезде дәрігерге ақша 

төлейден бас тартқан.Оның орнына тегін көмек күткен.Ең 

соңында  Недтің аяғын кесуге тура келді.Хетти 1916 жылы 

дүниеден өтеді.Балаларына 100 млн ақша тастап 

кетеді.Оның қызы осы ақшаға аурухана салдырады. 



Мәтінге қойлатын талаптар: 

     Өзге тілді аудиторияға қазақ тілін үйретуде берілген 

мәтін аудиториядағы тіл үйренушілерге арнайы 

дайындалуы қажет. 

 

  Мәтіндерге тіл үйренушілерге бұрыннан таныс 



мәліметтерді енгізу олардың мәтінді игеруіне ,оның 

мазмұнын тез есте сақтауына ықпал етеді

. Мәтін танымдық 

бағасы бар, тіл үйренушілердің тілді игеруіне көмектесетін, 

бұрыннан таныс мәліметтердің енгізілуін

, тілді игеру 

деңгейіне сәйкес тіл үйренудегі қиындықтарын ескере 

отырып таңдалынып алынуы немесе құрастылуы қажет. 

 

 

 



Мәтінге қойлатын талаптар 

   


Тіл үйренуге арналған мәтіндердің мазмұны жағынан 

қызықсыз қарапайым, мәліметтері жоқ болып келгеннен 

гөрі мәтін күрделілеу болса да 

мазмұны терең, қызықты 

ақпараттардың болуы ары қарай оқу уәждемесін 

қалыптастырады. 

 

   


Тіл үйретуде қолданатын мәтін тіл үйренушінің жас 

ерекшелігіне психикалық,физиологиялық ерекшелігіне, 

тіптен кей жағдайда ұлттың ерекшелігіне де бейімделіп 

алуы қажет. 

 

    Сондықтан, тіл үйренушілерге берілетін мәтін 



қызығушылық туғызатын,мағыналы мәліметтері мол 

болып, елтанымдық мазмұндағы, мәдениеттану түріндегі 

мәтіндер болуы керек.  

 


Бастапқы деңгейге арналған мәтін: 

Шолпы 

   Шолпы- қыздардың бұрымға 

тағатын әшекейі. Шолпыны екі 

үзбелі етіп, күмістен соғады. 

Шолпыны о баста қыздар қара 

ниетті тылсым күштерден қорғану 

үшін тағып жүрген. Халық 

адамның жарты жаны шашта 

болады деп,оны қорғау мақсатында 

шолпы таққан. Кейде олардың 

салмағы үш килограммға жеткен. 

Шолпы жас қыздардың жүрісі мен 

бойын тік ұстау мәнерін 

қалыптастырған. 

 


Жалғастырушы деңгей:                                           

Астана көркі- Бәйтерек. 

  

        Бас  қаладағы  ең  ғажап,  әсем  мұнара-  Бәйтерек.  Бәйтеректің 



негізгі  идеясы  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  ой-қиялынан  туды. 

Президент осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын бір түннің ішінде 

өзі ойлап шығарды. Есіл өзенінің сол жағалауыннан көкке қарай бой 

созған  зәулім  «Бәйтеректің»  ұзындығы  -97  метр.  Ол  Астана 

қаласының  елорда  мәртебесіне  ие  болған  1997  жылды  білдіреді. 

Металл,  әйнек  және  бетоннан  тұрғызылған  «бәйтерек  ағашының» 

жалпы  биіктігі  105  метр,  салмағы  1000  тоннадан  асады.  Кешеннің 

үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр, салмағы - 

300  тонна.  Алып  шар  «хамелеон»  әйнектерінен  жасалған.  Күн 

сәулесінің  түсуіне  байланысты  шар  түсі  ауысып  тұрады.  Жоба 

сәулетшісі  -  Норман  Фостер.  2002  жылы  ашылған  кешен  Астана 

қаласының  ғана  емес,  күллі  Қазақстанның  нышанына  айналды. 

Мұнара  негізгі  үш  әлемнен  құрылған:  жер  асты,  жер  және  аспан 

әлемі.  Төрт  жарым  метр  тереңдікте  орналасқан  астыңғы  қабатта 

кафе, аквариум және «Бәйтерек» мини-галереясы орналасқан. Алып 

шарға  лифт  арқылы  көтеріліп,  үлкен  залға  еніп,  қаланың  толық 

көрінісін  көруге  болады.  Зал  ортасында  әлемдік  діндердің  өкілдері 

қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус және қазақ елінің бейбітшілік 

нышанына  айналған  «Аялы  алақан»  -  Қазақстан  Республикасының 

тұңғыш президентінің алақанының таңбасы орналасқан. Астананың 

орталығында  көкке  бой  созып  тұрған  «Бәйтерек»  –  қазіргі 

Қазақстанның

  нышан-символы,  қазақ  халқының  қайта  өрлеуі  мен 

түлеуінің,  мемлекеттілігінің,  биіктік  пен  тереңдіктің,  кеңдіктің 

белгісі,  дархандықтың  көрінісі  іспетті.  Ол  халық  тұрғындарының 

және қала қонақтарының ең көп баратын жерінің бірі. 

 


Жоғарғы деңгей: 

Шәкен Айманов 

Шәкен Айманов –қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі. Шын есімі 

Шаһкерім. Барлығы оны Шәкен атап кеткен екен. Бүкіл күш-жігерін ,дарынын қазақ 

киносына жұмсады,қазақ киносының  алғашқы кірпішін қалады.Ұлттық киноның 

тарихы Шәкен Аймановтан басталады. Ол қазақтың тұңғыш кинорежиссері. 

           «Алдар көсе» туралы ең алғаш фильм түсіріп, оның образын көрермен 

қауымға алғаш жеткізгендердің бірі - Шәкен Айманов. Осылайша Алдардың бейнесі 

біздің санамызға алғаш Шәкен Аймановтың «Алдар Көсе» (1965 жыл) фильмі арқылы 

бекіді. Содан кейін тағы да жаңаша сипатта фильмдер мен мультфильмдер түсірілді. 

Бірақ, Шәкен Айманов түсірген Алдардың жөні бөлек. Онда қарақан басының қамын 

ойлаған, әлсіздер мен байлардың арасындағы таптық бөлінушілікті, дәстүрдің 

еленбеуі сияқты кемшіліктерді аша білген. Адамдардың бір-біріне деген мейірімі мен 

бауырмалдығы жоғалғандығын дәл басқан. 

          «Алдар-Көсе» фильмі - Шәкен Аймановтың кино өнеріндегі Алдар-Көсе 

рөлін сомдаған ірі шығармасы. Экранда халықтың сүйікті кейіпкері өзінің 

ақылдылығымен, тапқырлығымен, кең пейілділігімен, ұшқыр ойымен, даналығымен 

танылады және осының бәрі әзіл-қалжыңымен жеткізіледі. Алдар-Көсе рөліндегі 

Шәкен Аймановтың шеберлігі халық ертегісін қазіргі кезбен байланыстырып, әрі 

Алдардың көзқарасын, тәлім-тәрбиесін бүгінгі күннің түсінігімен жеткізе білуі. 

Актердің өте шынайы ойыны экраннан Алдардың өзін көргендей әсер қалдырады. 

Алдар-Көсе фильміне режиссер халқымыздың атақты актерлерін тарта білген. 

Мысалға, кішкене ғана эпизодтық Бақсы рөлін ойнаған ұлы актер Елубай Өмірзақов 

ұмтылмастай керемет әсер қалдырады.Кинорежиссер Шәкен Айманов бұл кішкентай 

ғана эпизодтық рөлді әдейі Елубай Өмірзақ үшін енгізген. 

Бұл кинокомедиялар арқылы өмірде кездесетін маңызды проблемаларды шешуде 

комедия жанрының мүмкіндіктерін кинорежиссердің барынша пайдалана білуі үлкен 

шеберлікті көрсетеді. 


Әдебиеттер тізімі: 

1. Қазақ тілі энциклопедиясы. -Алматы,1998.-

508 бет. 

2. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі 9 том.-

Алматы,1986-560бет. 

3. Ф.Байбатанова, Б.Жаксылыкова. Сабақта 

ақпарат беруде мәтіннің алатын орны // 

Вестник Касу.2012, №2, 21- бет. 

4. А.Сатыбаева,Г.Сатыбаева. Қазақ тілін оқыту 

әдістемесі.-Астана, 2008-198 бет. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет