I тақырып. Электр тізбектеріндегі өтпелі процесстер 1 Өтпелі процесстер анықтау Өтпелі процесстер



бет1/4
Дата08.03.2023
өлшемі493,53 Kb.
#72576
  1   2   3   4

I тақырып. ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ ӨТПЕЛІ ПРОЦЕССТЕР


1.1 Өтпелі процесстер анықтау


Өтпелі процесстер деп электрлі тізбектің жұмысының бір тәртібінен алдыңғысынан айтарлықтай ерекшеленетін басқасына ауысу үдерісін тұсінеді, айырмашылығы мысалы амплитуданың, фазаның шамасы, формасы немесе жиілігі, әрекет ететін тізбектің ЭҚК-і, сұлба параметрлерінің мәні, сонымен қатар, тізбектің конфигурациясының өзгеруінде. Өтпелі процесстерді тізбектегі коммутациямен байланыстырады. Коммутация деп сөндіргіштерді қосу немесе ажырату (сур. 1.1) процесстерін айтады. Коммутацияны жасайтын идеалды кілт – жабық күйде кедергісі нөлге және ашық күйінде шексіздікке тең болатын, екі полюстік.

Сур. 1.1. Коммутация


Әдетте өтпелі процесс тез жүреді, олардың ұзақтығы секундтың ондық, жүздік және мыңдық бөлігін құрайды. Өтпелі процесстерді зерттеу өте маңызды, себебі олар сигналдардың әртүрлі электртехникалық құрылғылар арқылы өту кезінде формасы және амплитудасы бойынша қалай деформацияланатынын аңықтауға мүмкіндік береді, кернеулердің немесе тоқтардың асып кетуі тізбектің әртүрлі элементтері үшін қауіпті болуы мүмкін себебін ашуға, сонымен қатар, өтпелі процесстердің өту уақытын анықтауға мүмкіндік береді.


Сурет 1.2 сұлбаны қарастырамыз. Бұл сұлбаға коммутациядан кейінгі шарттар үшін Кирхгофтын екінші заңы бойынша мынадай тендеу сәйкестіледі:


L di iR E

dt



    1. – сурет – Тізбектің сұлбасы

(1.1)

Бұл қарастырылып отырған тізбектің дифференциалды теңдеуі. Тоқтың уақыт функциясы сияқты анықталуы тізбектің дифференциалды теңдеуінің шешіміне келтіріледі. Сызықтық дифференциалды теңдеулердің шешімін үш әдіспен жүргіземіз: классикалық, операторлық және Дюамельдің интегралы әдісімен.
Сызықтық дифференциалды теңдеулердің жалпы интегралы біртекті емес теңдеудің жеке шешімі және оған қоса (1.1) біртекті теңдеудің жалпы шешімінің жиынтық қосындысына тең екендігі белгілі. Біртекті емес дифференциалды теңдеудің жеке шешімін iпр тоғының мәжбүрлеуші құраушысы, ал біртекті теңдеудің шешімін – iсв тоғының еркін құраушысы деп атаймыз. Онда толық тоқ келесіге тең болады:
it  iпр t iсв t. (1.2)
Барлық өтпелі процесстер үшін t = 0 моменті коммутация моментіне сәйкес келеді деп есептейміз.
Тоқтың мәжбүрлі құраушысы t = ∞ болғанда коммутациядан кейін орнатылған мәнге физикалық түрде сәйкес келеді. Бұл теориялық түрде, ал тәжірибелік түрде бірнеше секундтан кейін. Тоқтың немесе кернеудің мәжбүрлі мәні тұрақты және айнымалы тоқ тізбектері үшін осыған дейін аталған белгілі әдістермен есептеледі. Тоқтың еркін құраушысы тізбекте орын алатын тоқтың мәніне физикалық түрде сәйкес келеді. Әрине тоқтың бұл құраушысы әр кезде уақыт өткенде өшеді, себебі тізбекте әр кезде энергия жоғалтулар болады. Бұл құраушының өшуі көрсеткіш заңымен жүреді:

св
i Ae рt , (1.3)
мұндағы, А – t=0 болғанда iсв тоғының мәні,
р – (1.1) дифференциалды теңдеуінің рL+R=0 сипаттамалық теңдеудің түбірі.
Сипаттамалық теңдеудің түбірі әр уақытта теріс болады p=-L/R





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет