І тарау Олимпиаданы ұйымдастыру кезеңі Оқытудың алғашқы кезеңіндегі олимпиада



бет1/22
Дата31.12.2021
өлшемі333 Kb.
#21038
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бастауыш сыныптардағы математикалық олимпиада
І тарау

Олимпиаданы ұйымдастыру кезеңі

Оқытудың алғашқы кезеңіндегі олимпиада
Бастауыш мектептегі негізгі міндеттің бірі балаларды оқытуда оқуға деген саналы көзқарасын қалыптастыру және соған тәрбиелеу. Ол көзқарас оқыту процесін жетілдіру, сонымен қатар сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру арқылы қалыптасады .

Сыныптан тыс жұмыстың нәтижелі түрлерінің бірі – олимпиада болып табылады . Біздің ұғымда бұл бір мектептегі бір рет өткізілетін іс – шара ғана емес, бұл кәдімгі бүтіндей жарыстар жүйесі . Оның негізгі ерекшеліктері мынандай :

1.Олимпиада белгілі бір едәуір аралықты алады . Жағдайға байланысты

толық оқу жылында жүргізілуге тиіс.

2. Олимпиада көпшілікті қамтуы қажет, кез келген оқушы қатыса алатындай болу керек . Барлық балаларға бірдей жағдай жасауға ұмтылған дұрыс, ол қаланың мектебінде оқи ма , ауылдың мектебінде оқи ма, талап біреу болуы шарт.

3. Олимпида көп сатылы қызмет атқарады . Жеке сыныптан бастап бірнеше үлкен аумақты ( бірнеше ауданды ) біріктіреді .

Олимпиданың осындай құрылымы кез келген мектеп оқушысының қатысуға мүмкіндігі барын көрсетеді . Бұл тек қана жеңімпаздар мен жүлдегерлер ғана емес, кез келген қатысқан оқушыға пайдасы зор болмақ. Олимпиаданың қай бөлімі, қай этапы болмасын ең керектісі дайындық жұмысының жүргізілуі . Сонымен қатар ең негізгі жағдай мұғалімдер мен олимпиаданы ұйымдастырушы шын ниеттерімен жұмысты бірігіп атқаруында. Жарыстағы оқушылардың еңбегін бағалаумен қатар, мұғалімдердің де еңбегі ескерілуі тиіс. Олимпиаданы ұйымдастыру іс- шаралары басқа да мұғалімдермен шығармашылық қарым- қатыныста болуы керек . Мұндай іс-шараға шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер өздері де қызығушылықпен ұмтылады . Баланың ойлау қабілетінің дамуында ең негізгі орынды оқытудың алғашқы кезеңіндегі олимпиаданың орны ерекше . Дәл осы уақытта ғана баланың өздігінен, өз бетімен жол табуға ынтасы ашылады .Әрине, кереметтей үлкен болмаса да немесе кереметтей маңызды болмаса да болашақтағы ғылымға, оқуға деген қызығушылығы өсе түседі. Осындай қолданыстағы жағдай баланың дамуына әсер етеді, сонымен қатар баланың тек қана математикаға ғана қызығушылығын арттырып қоймайды. Олимпиада оқушының өзін - өзі тануына жол ашады , өзін қоршаған ортаны өз көзімен көріп соған баға беруге мүмкіндік дәрежесін көбейте береді . Жалпы алғанда баланың творчествалық дамуына қызмет етеді. Мұғалімнің түрінде, іс - әрекетінде оқушылардың күшіне сенетіндігі , олардың жеткен нәтижесіне бірге қуанатындығы оқушыларға сырттай көрініп тұру керек . Керек десең кей жағдайда ең аз деген көрсеткіштің өзі оқушыға өзінің жағдайына деген сенімін туындатады. Мүмкіндігінше оқушының білім құмарлығына байланысты сапалық тапсырмалар ойластыру қажет. Керек жағдайда оқушыға уақытында көмектесіп, жұмысқа жол көрсетіп жіберуге болады, бірақ оның өзінің шегі бар . Бұндай жол өз бетімен ары қарай алып кетуге деген математикалық ойлауды дамытуға септігін тигізеді.

Бастауыш мектептің алғашқы оқыту жылдарында олимпиадаға дайындықты жүргізе беруге болады. Біртіндеп ауызша сұрақтар қою, әр түрлі эпизодтар арқылы дайындай беру керек. Ары қарай 10-15 минуттық тапсырмаларды, одан кейін 30 минуттық тапсырмаларды орындауға жаттықтыра беру тиімді. Бұндай сабақтар жұмасына 2-3 рет болып тұрса, тиімді болар еді . Осындай дайындықты үйірмеде де орындауға болады. Сонымен, олимпиадаға дайындықты сыныптан тыс жұмыстарда дайындайды .

Олимпиаданы көбінесе үлкен қалаларда, облыс орталығында, педагогикалық институты бар жерлерде өткізеді. Ал аудан орталықтарында, ауылдарда қалай өткізеді ? ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры дейміз . Компьютер, интернет желісі . Осы ақпараттарды әлі меңгере алмай жатқанымыз шындық . Қазіргі уақытқа дейінгі қалыптасқан дәстүрлі олимпиадалар жүргізіліп келеді .

Ол олимпиадалар мынадай бірнеше этаптан тұрады :

1.Сырттай ( дайындық ) тур;

2. Мектепішілік тур;

3. Аудандық тур;

4. Ауданаралық ( соңғы ) тур.

Сырттай турды міндетті түрде аудандық газет арқылы баспасөзді пайдаланып, өткізуге болады. Олимпиада үшін негізгі мәселе - ол тапсырма. Ұсынылатын тапсырмаларды әрбір тур үшін өте мұқият, өзінің талабына сай, құрылуы керек. Барлық нәтиже осы тапсырманың құрылуына байланысты. Құрастырылған есептер кітаптағы материалдарды қайталамағаны жөн. Ол көп жағдайда стандартты емес, характерлі есептер болуы тиіс. Ең бастысы оқушылардың өзінің тапқырлығын көрсете білуі .

Әрбір этапта төрт тапсырмадан ұсынылады. Әрине, оқушылардың шамасына байланысты болады. Тапсырмалардың ішіндегі бір есеп барлық оқушыға қиындық тудырмайтындай болса, ал бір есеп өте қиын болуы шарт. Олимпиаданың ішкі, сыртқы есебі былай : олимпиадаға қатысушы әрбір оқушы ең кем дегенде бір есепті шығаруы шарт, ал көпшілік оқушы кем дегенде екі есеп шығаруы керек . Әрине, әр түрлі есептерді құрастыру оңай емес. Соған қарамастан өте қызықты есептер болуы міндет . Кей жағдайда практикалық маңызы бар есептерді беруге болады. Мұндай есептер балалардың қызығушылығын оятатындай, ойлау қабілетін дамытатындай болса, өте жақсы болар еді . Мақсатты түрде қоршаған ортадан және қысқа әңгіме сюжеттерден құрастыруға болады .

Көп сатылы олимпиаданы өткізуге ұйымдастыру комитеті құрылады . Оның құрамына барлық ауданның оқу бөлімінің олимпиадаға жауап беретін қызметкері және осы ұйымдастыру комитетінің төрағасы кіреді. Осы аудандардың облыс орталығындағы педагогикалық институттың олимпиада мәселесімен айналысатын кафедраның бұйрығы бойынша олимпиада басталады. Ауданаралық олимпиада тапсырмаларын осы кафедра дайындайды. Ал аудандағы аудандық және мектептік олимпиаданың тапсырмасын олимпиада мәселесімен айналасатын мұғалімдер дайындайды. Аудандық білім басқармасының олимпиадаға жауапты адамның яғни, олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің төрағасының тапсырмасы бойынша мектепішілік, аудандық олимпиаданың тапсырмаларын олимпиада мәселесімен айналысатын мұғалімдер құрастырады. Әрине қатып қалған нәрсе жоқ, бұданда басқа ұйымдастырудың түрлі формаларымен жолдары бар. Қай жолды таңдау өз еріктеріңізде .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет