I тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы I тоқсанның жиынтық бағалауына шолу Ұзақтығы – 40 минут



бет3/3
Дата03.08.2022
өлшемі76.51 Kb.
#38043
түріСабақ
1   2   3
Айтылым
Жағдаят: Сіз «Грантқа тапсырған түлектердің 80 пайызы сүйікті мамандығын таңдай алмайды» деген мақаладан үзінді оқыдыңыз.
Тапсырма: Мәтін мазмұны бойынша өз пікіріңізді 8-10 сөйлеммен білдіріңіз (сыныптасыңмен диалогке түсуге болады). Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз, интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.

Грантқа тапсырған түлектердің 80 пайызы сүйікті мамандығын таңдай алмайды
Ата-ана үшін де, түлекке де маңыздысы – тегін грантқа түсу. Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ.
Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар. Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін,
заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады. Көңілі қалаған мамандыққа қолы жетпеген адамның болашақта жұмыс істеуге құлқы төмен болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді. [5]


[5]
Балл қою кестесі


Тыңдалым



Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1




(әр 2 дұрыс жауап үшін

5







1 балл)







1-Д

1







2-Ж










3-А

1







4-Е










5-В

1







6-С







2

Құрылымдық жұмыссыздық

1







Ықтимал жауаптар: бүгінде жастар еліміздің еңбек нарығына техникалық маман иелері қажет екенін түсінген секілді/ құқықтану мен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқаруды қалайтынын



1







Негізгі ақпарат

Қазақстан химия өнеркәсібін дамыту үшін қажетті шикізатқа бай
республика болып табылады.

Қосымша ақпарат

Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы біздің елімізде бар.

Қосымша ақпарат

Өндіріске тартылған.

60-тан

астам

элемент


Оқылым




Сұрақ


Жауап


Балл

Жалпы балл

3

Білім алушының басқа да баламалы жауаптары ескеріледі


3
(әр жауапқа 1 балдан)

10

4

Факті үшін сандық нақты мәліметтері бар сөйлемдер ықтимал жауаптар бола алады. Мысалы: Минерал шикізатының 1225 түрі / 493 кен орны және т.б.
Көзқарас: Әрине, өндіріс қалдықтары мәселелері әлемді толғандырып, әлі де соңына дейін шешілмеген күйі қалып отыр.

2

5


Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытудағы мүмкіндігінің зор екендігін жеткізу

1

6

Б

1

7


Мәтін жанры – ғылыми мақала.
Жанрлық ерекшелігін танытатын аспектілер:

  1. Риторикалық сұраулы сөйлем: Ал елімізде химия өнеркәсібін дамытуға қандай мүмкіндіктер бар?

  2. Автордың қолдауын, пікіріне дәлел келтіру үшін қолданылған қыстырма сөздер: әрине, мәселен;

  3. Тұрақты тіркестер: қанатын кеңге жайып келеді, тамырына балта шабу, көңіл қуантады;

  4. Публицистикалық стиль жанрына сай ауыспалы осы шақтағы етістіктердің қолданылуы;

  5. Автор ойын дәлелдейтін фактілік деректер (сандық, сапалық деректер).

1
2
(мақала
жанрына сай кез келген 2 аспектіні анықтаған
жағдайда)

Жазылым



Балл

Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл)

Тілі (5 балл)

5


Өте жақсы
Жауап толық, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Жазба жұмысының құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.

Өте жақсы
Жазба жұмысында тәуелдік және көптік жалғауларын сөздерде орынды қолданған. Сын есімдерді сөйлем мазмұнына қарай сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.

4

Жақсы
Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы
жақсы, өз пікірін келтіріп, қорытынды жасай алады

Жақсы
Тәуелдік және көптік жалғауларын көбіне сәйкес, орынды қолданады. Сын есімдерді сөйлемдерде қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы
дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді

3


Қанағаттанарлық
Жазбада бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес. Қарапайым идеяларды жазғанымен, олар ашылмайды. Жазба жұмысында белгілі бір толыққанды жүйелі ой логикалық жағынан дамытылмаған

Қанағаттанарлық
Тәуелдік және көптік жалғауларын дұрыс жалғап қолданады, сын есімдерді сөйлемдерге қатыстырады, бірақ стильдік қолданысында қателіктер жібереді. Көбіне нақты, қателері бар, бірақ қандай да бір ақпаратты түсінуге болады.

2


Төмен
Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кетіреді, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы сақталмайды, идеялар дамытылмайды.

Төмен
Сөздік қоры шектеулі, жеке сөздер мен сөз тіркестері, ішінара жай сөйлемдер жазылған. Қайталаулар көп, сөздік қоры мен сын есімдердің қолданысы жеткіліксіз. Тәуелдік және көптік жалғауларын жалғауда қателер жібереді. Орфография
мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.

1

Өте төмен
Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді. Жазба жұмысының құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.

Өте төмен
Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және орфографиялық қателіктер жіберген. Бұл мазмұнды түсінуге қиындық келтіреді.

0

Жауап жоқ

Жауап жоқ



Айтылым

Жауап

Балл

мақаладағы мәселе төңірегінде пікірін білдіреді (жұбына сұрақ қояды);

1

пікір білдіруде (сұраққа жауап беруде) дәлелдер келтіреді, толық
сөйлемдермен жауап береді;

1

диалог мазмұнында сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады;

1

тыңдаушыға әсер ететін лексикалық құрылымдарды қолданады;

1

сөйлеу кезінде қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

1

Барлығы

5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет