Ибраһим: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет, Жаңа жыл!» атты кешімізге қош келдіңіздер. Ажар



Дата10.01.2023
өлшемі18,61 Kb.
#60851

Ибраһим:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет, Жаңа жыл!» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Ажар:
Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым!
Ибраһим:
Құрметті оқушылар жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысына береміз.
Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып жақсы бір ән шырқайық!
Музыка
Ажар:
Құтты болсын жаңа жыл,барша халық,
Қуанышқа,шаттыққа тамсаналық.
Бәрімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Ибраһим:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Алдарыңызда өнер көрсететін 7А сыныбы. Қарсы алыңыздар.
Ажар:
Рақмет! 7А сыныбына қошемет көрсетіп қойыңыздар. Ал енді ескі жыл (Барыс) сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік. Ескі жылымыздың құрметіне 7Б сыныбының орындауында биін қарсы алыңыздар!
(музыка қосылады Сиқыршы Аделя шыр айналып кіреді)
Аделя:
Қараңдаршы, айнала неееткен керемет! Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен,шыршаны жағайық!(шырша таяқпен жерді 3 рет ұрған соң жағылады) міне енді дұрыс болды, ал енді кешімізді бастайық!
(ән айтатын балалар ортаға шығып ән айтадын біткен сон Барыс ортаға шығады)


Барыс (Ернар):
Әй әтеген -ай менің де жылым соңына келіпті ғой осы жылы қаншама қиын да қызықты оқиғалар, жаңалықтарға толы болды. Айталық «Балалар жылы», ЮНЕСКО көлемінде Ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтті, Еліміздің жаңа президенті сайланды. Сіздерге келер Жыл жақсылығымен келіп, берекелкі, мерекелі жыл болсын! Жаңа Қазақстанымызды дамытуда білім мен тың идеялармен, жағымды жаңалықтармен көркейте беріңіздер. (қоян келеді)
Қоян(Аруай):
Амансыздар ма, достар? Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын деп Барыс жылына аман-есен саулық тілеп, қош айтасайық.
Аделя:
-Балалар шырша жанып тұрғанымен біреу жетіспей тұрған сияқты?,-дегенде мыстан кемпір кіріп
Мыстан кемпір(Медина):
-ХА-ХА-ХА жаңа жыл болмайды-дейді
Аделя:
-Мәссаған, қалай? Неге болмайды?,-деп "қураған гүл" өлеңі қосылып барлық сынып балалары қайғыра бастайды сол кезде "happy new year marmok edition" өлеңі қосылып Аяз ата кіріп артында екі аққала ақша шашып келе жатады.
Аяз ата:
-Амансыңдар ма балалар? сендерді көрмегелі қай заман, өсіп кетіпсіңдер ғой. Ал енді мен сендердін көңілді әндерін мен жақсы көңіл күйлеріңді естіп осы жаққа келдім . (деп кіргенде артында аққала(Елжас) ақша шашып келе жатады)
Ажар:
- Ортаға 7В сыныбын шақырайық.
Аяз-ата:
- Сендер жақсы дайындалыпсындар ғой,жарайсыңдар! Балалар сендерден сұрауға да ұмытып кетіппін ғой, менің ақшақар қызымды көрмедіндер ме? Орман арасында жоғалтып алғанымды байқамай да қалыппын ғой...,-деп айтып біткен сон ортаға Ақшақармен барыс шығады да "ЛП" өлеңі қосылады.
Ақшақар:
-отпусти
Барыс (Ернар):
-не пущю
Ақшақар:
-ну кому я говорю?,-деп барыстын қолынаң жұлынып шығады дп
Ақшақар:
-Көзді ашып жұмғанша жаңа жыл мейрамы да келіп қалыпты ғой, қалдарың қалай балалар? Барыс жылы мені тіпті жібергісі келмеді соған қарамастан сендерге кішігірім сыйлығымды әкелдім. (деп әр сынып балаларына кәмпит тарата бастайды.Таратып біткен соң)
Аяз-ата:
-Ал қызым келе ғой қаншама қызықтан құр қалдың ,енді келесі оқушылардынң өнерін тамашалайық.
Ибраһим:
Олай болса ортаға 7Г сыныбын шақырайық. Қарсы алыңыздар.
Ибраһим:
Рақмет , қандай тамаша көрініс болды.
Ажар:
Келісемін, әр сынып жоғары деңгейде дайындалып келіпті. Ал енді қарашы тағы да сыныптар қалып қойған сияқты ,мүмкін бұл жеткіліксіз шығар?
Ибраһим:
Әрине, жеткіліксіз. Олай болса барлық 7 сыныптардың биін қарсы алайық!
ОРТАҒА БАРЛЫҚ ЖЕТІНІН АТЫНАН БИЛЕЙТІН БИШІЛЕРШЫҒАДЫ
Ибраһим:
Келесі өнер көрсететін 7Д сыныбын жылы жүздеріңізбен қарсы алыңыздар!
Ажар:
Қошеметтеріңізбен 7Е сыныбын ортаға шақырамыз.
Аяз-ата:
- Ал қарақтарым, мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көөп рақмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар!
Жүргізушілер: 7А Ажар,7В Ибраһим
Барыс: Ернар 7Д
Қоян: Аруай 7В
Мыстан кемпір: Медина 7Г
Сиқыршы қыз: Аделя 7А
Аққала: Елжас 7Д

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет