Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата22.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#71
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі (пунктуация) 

 

 

(Оқу-əдістемелік құралы) 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы 2011 

 


 

 



Алғы сөз 

 

Қазақ тілі - өте бай, мағыналы, оралымды тіл, өз ішінде бірнеше саларға 

бөлінетін өзіндік қыры мен сыры көп күрделі тіл. Сондықтан да оның əрбір 

саласын өзіндік ерекшеліне сай оқыту – тіл мамандарының негізгі міндеті. 

Аталған  оқу  құралы  дайындық  факультеттерінде  оқитын  қазақ 

диаспорасы  өкілдеріне  арналған.  Дайындық  факультеттерінде  қазақ  тілін 

оқытудағы  елеулі  қиындықтардың  бірі  –тыңдаушылардың  өздері  келген 

мемлекеттің  білім  беру  жүйесіндегі  қабылданған  графикаға  байланысты 

əртүрлі  жазуды  меңгеріп  келуі.  Мəселен,  Қытайдағы  қазақ  диаспорасы 

А.Байтұрсынұлы  негізін  қалаған  араб  əліпбиіне  негізделген  төте  жазуды 

пайдаланса,  Ресей  мен  Моңғолияда  тұратын  қазақтар  кириллицаны, 

еуропалық қазақтар латын жазуына негізделген əліпбиді қолданады. Осыған 

сəйкес  қазақ  тілінің  грамматикасы  да  əртүрлі  оқытылады.  Сондықтан 

дайындық 

факультетінің 

оқытушыларының 

мақсаты 

оқу 


бағдарламаларындағы  сəйкессіздіктерді  анықтап,  тыңдаушылардың  ЖОО-ға 

түсудегі  кедергілерді  жою  болып  табылады.  Бұл  тұрғыда  Қазақстан 

Республикасы  Тіл  туралы  заңында:  «Қазақстан  Республикасындағы  барша 

азаматтардың мемлекеттік тілді еркін жəне тегін меңгеруіне қажетті барлық 

ұйымдастырушылық  материалдық-техникалық  жағдайларды  жасауға,  қазақ 

диаспорасына  ана  тілін  сақтауы  жəне  дамытуы  үшін  көмек  көрсетуге 

міндетті,»- деп жазылған. 

Оқу  құралының  негізгі  мақсаты  –  тыңдаушылардың  өз  ойларын  дұрыс 

жеткізте білуге үйрету. Ол үшін қажет нəрсе - тыныс  белгісі. Тыныс белгісі 

дұрыс  қойылмаған  мəтінді  түсіну  мүмкін  емесі  ақиқат.  Тыңдаушылардың 

толық  сауатты  болуы  дұрыс  оқуға,  орфографиялық  жəне  пунктуациялық 

дағдыға, өздерінің де басқаларының да ойларын жазбаша жəне ауызекі түрде 

дұрыс  баяндап  беруіне  байланысты.  Орфографиялық  жəне  пунктуациялық 

сауаттылық тыңдаушылардың тіл мəдениетінің, ой-өрісінің, сөз байлығының 

қандай  дəрежеде  екенін  көрсетеді.  Сауаттылық  –  грамматиканың, 

орфография  мен  пунктуацияның  ережелері  мен  заңдарын  жете  білудің 

нəтижесі. Сондықтан да басты міндет – ана тілінен берілетін  грамматикалық 

білім  ережелерін  орфография,  пунктуациялық  заңдылықтарын  жете 

меңгерту, алған теориялық білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдана білу іскерлігі 

мен дағдыларын дамыту. 

Оқу құралында əрбір тақырыптан кейін түрлі жаттығулар, тыңдаушылардың 

ой-өрісін  арттыратын  мəтіндер  мен  тапсырмалар,  пікірталастық  тақырыптар 

берілген. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

ПУНКТУАЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 

 

Пунктуация термині латынның «punctum»- нүкте деген сөзінен алынған. 

Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы, 

жазу емлелерімен бірге белгілі мəтінді өз ішінде бір-бірімен айырып түсінуге 

мүмкіндік  беретін  жəне  оны  графикалық  жағынан  ұйымдастыратын  жазу 

тілінің  негізгі  құралы  болып  саналады;  екіншіден,  тыныс  белгілерін  дұрыс 

қою  жөніндегі  ережелерді;  үшіншіден,  тыныс  белгілері  деген  мағынаны 

білдіреді. Пунктуация – жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба. 

Сөйлемнің,  жалпы  мəтінің  тыныс  белгілерін  қою  үшін  үш  белгіге  сүйену 

керек. Олар: 

 

Грамматикалық 



принцип 

 

Мағыналық принцип



 

Интонациялық 

принцип

 

Тыныс  белгілерін  сөй-



лемнің 

құрылымдық  

ерекшеліктеріне сүйеніп 

қою  принципін  грам-



матикалық 

принцип 


дейміз.  

Мысалы: 


Мұндайлар-

дың  алды  осы  Жиде-

байға,  Абайдың  шеше-

сінің  үйіне  де,  келіп 

жеткен (М.Əуезов). 

Егер  осы  сөйлемдегі 

үтірлер  қойылмаса,  бір 

ғана  мекен  екі  түрлі  зат 

сияқты  болып  көрінер 

еді. 


 

Сөйлемнің  жəне  сөйлем 

құрамындағы 

сөздердің 

мағынасын  ашып,  ерек-

шелеп 


тұру 

тыныс 


белгілерінің  мағына  ай-

қындаушы  қызметі  болып 

табылады. 



Содан 

соң 

қырмандағыларды  тегіс 

жинап  (балаларды  да 

қосып)жиналыс өткізеді 

( С.Мұратбеков). 

Осы  сөйлемдегі  жақша 

ішіндегі 

сөздердің 

сөйлемнің  грамматикалық 

құрылысына  қатысы  жоқ, 

сөйлемдегі ойға, автордың 

мақсатына  қажеті  бар, 

қыстырмалық мəндегі сөз-

дер.  Ол  мақсат  жақша  ар-

қылы  көрініп  тұр.  Егер 

жақша емес, үтір қойылса, 

мағыналық  рең  басқа  бо-

лумен  бірге,  жақша  ішін-

дегі  қыстырманың  құры-

лымын да өзгертуді қажет 

етер еді. 

 

Белгілі 



сөйлемдерді, 

сөзді,  тұтас  мəтінді 

оқығанда  дауыс  ыр-

ғағының құбылуы, ты-

ныс  белгілерінің  қо-

сымша,  көмекші  қыз-

меті 

интонациялық 

принцип деп аталады. 

Енді 

Жігітектің 

бурыл  шалы  Келден 

үнсіз 

дағдарыста 

қалған  топқа  бір-ақ 

қана байлау айтты:  

-  Жə,  жігіттер,  сөз 



бен істі таныдық қой. 

Мағаш  шырақ,  барды 

көрді ғой көзің? Көрді! 

Тек 

осыны 

түгел 

Абайға жеткіз..... 

Осы      шағын  ғана  мə-

тінде  дауыс  ырғағы-

ның  неше  түрлі  құ-

былысы байқалады. 

 

 



 

 

 



Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері 

 

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: нүкте (.), сұрау белгісі (?), 

леп белгісі (!), көп нүкте (...). Бұлар – даралаушы қызмет атқарады.  Сонымен 

қатар  сөйлем  соңында  тыныс  белгілерінің  қабаттасып  келетіні  де  болады. 

Олар: сұрау жəне леп белгісі, сұрау белгісі мен көп нүкте, леп белгісі мен көп 

нүкте. 


 

Нүкте 

 

1.  Нүкте  тиянақталған  ойды 



білдіретін  хабарлы  сөйлемдерден 

кейін  жəне  лепсіз  айтылған  бұйрық, 

тілек  мəнді  сөйлемдерден  кейін 

қойылады. 

Хабарлы 

сөйлемдер 

құрылысына  қарай  толымды,  то-

лымсыз,  атаулы,  жай,  құрмалас 

болып келе береді.  

 

Көкек айы. Мал төлдеп, құс ұялаған 



кез. Əмірқан, Дəулетжан үшеуміз 

Керуенкөлге құс атуға бардық 

(Ж.Аймауытов). 

2.  Əрі  қарай  кең  түрде  баян-

дауды ескертетін сөйлемдерден кейін 

қос  нүкте  қойылмай,  нүкте  қойы-

лады.  Бұл  баяндаудың  өзі  бірнеше 

сөйлемдерден  құралады,  көбінесе, 

жаңа жолдан басталып жазылады. 

 

Мен іркіліп қалдым. Оның себебі 



төмендегі  еді.  Адамқұлды  мен 

бірінші  рет  ...  көтерілістің  алғашқы 

күндерінде  көрдім.  О  кезде  таныса 

қоюға уақыт болған жоқ... 

(«Адамқұл дегеніміз осы» дегенге 

дейін 

бір 

бетке 

созыла-

ды)(С.Мұқанов).  

 

3.  Цифр  немесе  əріптер  арқылы 



санамаланып  айтылған  сөйлемдерден 

кейін  нүкте,  нүктелі  үтір,  кейде  үтір 

қойылады.  Санамаланып  айтылған 

бірыңғай  сөйлемдердің  əрқайсысы-

нан  кейін нүкте қойылса, əрқайсысы 

бас əріптен басталып жазылады. 

 

Барлық 

сілтілердің 

төмен-

дегідей  ортақ  химиялық  қасиеті 

болады: 

1)  Олардың  концентрациялы 



ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер 

тканін бұзады.  

2)  Сілтілер  майларды  сабынға 



айналдырады. 

3)Сілтілер 

ерітінділерінде 

лакмустың  жəне  фенолфталеиннің 

түсі өзгереді («Химия» оқулығынан). 

Санамаланып  айтылған  бірыңғай 

құрылымдардың 

(конструкциялар-

дың)  арасына  нүктелі  үтір  (немесе 

үтір)  қойылса,  олардың  əрқайсысы 

кіші əріптен басталып жазылады. 

 

4.  Қыстырма  сөйлемді  алу  үшін 



Ендеше,  егер  рұқсат  етсе, 

 

 



ашылған 

жақшаның 

алдындағы 

сөйлем  аяқталып,  оған  тиісті  тыныс 

белгісінің  бірі  қойылған  болса, 

қыстырма  сөйлемнен  кейін  жақша-

ның ішінен нүкте қойылады. 

 

сонда  түсейік.  Бүгін  ас  ішетін 



жеріміз  де  жоқ.  Жататын  қуыс 

болса 

болады.(Итбайдың 

бұлай 

деуіне себеп - қызын көрейін дегендік 

еді.) 

 

5.  Драмалық  шығармаларда  əр 



сөйлеуші  кейіпкердің  атынан  кейін 

нүкте қойылады. Кейіпкердің атынан 

кейін  ремарка  келсе,  ол  кіші  əріппен 

жақша  ішіне  алынады  да,  нүкте 

жабылған жақшадан кейін қойылады. 

 

Амангелді 



(атып 

тұрып). 

Кешігіп 

қалыпсыз, 

мыр-

за!(Ғ.Мүсірепов)  

 

6. 



Дəйексөздің, 

келтірілген 

мысалдың  қайдан  екенін,  иесін 

көрсететін  сөздер  жақшаға  алынады. 

Егер  ашылған  жақшаның  алдында 

ешқандай  тыныс  белгісі  болмаса, 

жақша 

жабылған 



жерге 

нүкте 


қойылады. 

Егер  ашылған  жақшаның  нүкте, 

сұрау белгісі, леп белгісі не көп нүкте 

тұрса,  нүкте  жақшаның  ішіне  қо-

йылуы мүмкін. 

 

Қансонарда  бүркітші  шығады 



аңға (Абай). 

 

 



 

 

 



 

Егер жау берілмесе, оны құртар 

болар! (М.Горький.) 

Бұлақты  таудан  арна  ақса,  Теңіз 

болар аяғы. (Жамбыл).  

 

7.  Бас  əріптен  немесе  басқы 



буыннан  шартты  түрде  қысқартылып 

алынған  адам,  кітап,  газет,  журнал, 

шығарма,  т.б.  аттарының  сол  қыс-

қартылған  əрпінен  не  буынынан  соң 

нүкте қойылады:  

 

С.Мұқанов, А.Құнанбаев, Шығ.  

 

8 .  Драмалық  шығармалардағы 



жақшаға  алынатын  ремаркалардың 

тыныс  белгілерінің  орналасу  тəртібі 

мынадай: 

а)  ремарка  кейіпкердің  атынан 

кейін  қатар  келгенде,  нүкте  жақ-

шаның сыртына қойылады. 

ə)  ремарка  кейіпкердің  сөзінің 

ішінде  екі  сөйлемнің  арасында 

немесе  кейіпкер  сөзінің  аяғында 

келсе, 


нүкте 

жақшаның 

ішіне 

қойылады; 



жақшаның 

алдынан 


сөйлемге 

тиісті 


тыныс 

белгісі 


 

 

 

 

Баян  (аз  ойланып).  Үш  түрлі 

шарт қойсам, орындармысың? 

 

 



Амангелді.  Миша!  (Жайнаққа.) 

Əкет  мыналарыңды!  (Жайнақ  Жа-

парларды айдап əкетеді.) 

 


 

 



қойылады. 

 

9.  Тағысын    тағы,  тағы  сон-



дайлар, тағы басқа деген сөздер қыс-

қартылып  қолданылғанда,  олардан 

кейін нүкте қойылады. 

Бұлардан  басқа  қысқартылып 

нүкте қойылатын сөздер: 

 

т.б.,т.с.,т.т. 

 

 

 



 

ж.  -  жыл;  ғ.  –  ғасыр;      сек.    – 

секунд, мин. -  минут; сағ. – сағат 

 

Ескерту:    Мынадай  қысқарту-

ларға нүкте қойылмайды: 

1)  Бас  əріптерден  жəне  буындардан 

қысқарған  сөздердің  əріптерінің 

немесе буындарының арасына 

2)  Ұзындық,  көлем  өлшемдерінің 

жəне  басқаларының  қысқартылып 

қолданылатын 

шартты 


белгілерінен кейін 

3)  Цифрдан  немесе  оның  орнына 

алынған  əріптен  кейін  жарты  жақша 

(айшық)  қойылса,  одан  кейін  нүкте 

қойылмайды. 

 

 



 

 

ҚазҰУ, мемтерминком 

 

 

 



км,  м,  см,  га,  а(ампер),  С( 

Цельсий) 

 

 



1 –жаттығу. Нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер

 

Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде қызғылт, күңгірт сəулесі бар тас шам 

жанып  тұр.  Оқтын-оқтын  іргеден  соққан  жел  лебімен  əлсіз  шам  кейде 

ұйтқып,  шалқи  түсіп,  кейде  лапылдап,  жалпылдай  жанады.  Қырын  отырған 

əкесінің үлкен, кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді.  

Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз 

өзі  ұзақ  сөйлеп  отыр.  Зор  даусында  ыза  мен  зіл  бар.  Кейде  Абайға  қызық 

көрінетін бір мақалдар, мəтелдер айтылып кетеді (М.Ə.). 



 

2 -жаттығу. Жай сөйлемдерді түріне қарай ажыратып, нүкте қойыңыздар. 

 

Түн  аспан  бұлт  жұлдыздар  көрінбейді  поезд  жақындады  станцияның 

басы  олай-былай  жүгірген  адамдарға  толған  поезд  келіп  тоқтады  поездан 

адамдар  түсе  бастады  айқайлар,  дауыстар  естіле  бастады  электр  жарығында 

поездан бір қыз түсті басында бір жақ құлағына қисайта киген қызыл берет 

жүктерін жерге қойып тұрды қайтадан жүріп электр шамының астына келді 

енді бетін анық көруге болады. 

 

3-жаттығу. Нүкте қойылмаған жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің аражігін 



тауып, нүкте қойыңыздар. Келесі сөйлемдерді бас əріптен жазыңыздар. 

 

 

 



Күз  аспаны  бұлтсыз,  ашық,  тіпті  көктемдегідей  көгілдір,  таза  күн  қала 

сыртында  көкжиекке  еңкейіп,  алыс  тау  сілемдерінен  əрі  асып  бара  жатқан-

ды,  көшелерді  көлеңке  жайлап,  қызуы  аз  қызғылт  шұғыла  биік  теректердің 

ұшар басында ғана қалған  

Ол менің оң қанатымда екі-үш адым алда келеді кеуделі, иықты, толық 

кісі мол денесін ауыр қозғап, сəл теңселе басады бетін маған бұрғанда аздап 

ырғалғандай  болады  үстінде  кең  пішілген  көнетоз  сұр  костюм,  ақ  жағада 

көкжолақ  галстук,  əнтек  қысқалау  мойыны  қырынан  қараған  адамға  анық 

байқала  бермейді  жалаңбас  жарқыраған  кең  маңдайы  жалтыр  төбесімен 

тұтасып  кеткен  шала  түткен  түбіттей  көк  мамық  шаш  селдірлеу,  бірақ  екі 

самайда екі уыс боп бұйралана қопсып, ұйлыға үрпиіп, көбейіп көрінеді. 

                                                                             (З.Қ.)  



4-жаттығу.  Драмалық  шығармалардағы  нүктенің  қолданысына  назар  аударып, 

мəтінді рөлге бөліп оқыңыздар. 

 

Мұрат.  Жақсарғанда  қандай.  Өмір  деген  өзің  жақсы  десең  –жақсы, 

жаман десең – жаман. Бəрі де сенімге байланысты. 

Дариға(сəл ойланып). Қандай бақытты адамсың?! 

Мұрат (таңырқап). Неге? 

Дариға.  Бəрін  де  көріп,  біліп  жүріп,  жақсылыққа  деген  сеніміңді 

жоғалтпау – бақыт емей не? 

Мұрат (күліп). Жоғалтпау үшін, алдымен ол болу керек. Қазір жұрттың 

көбі  əуелде  жоқ  затын  жоғалттым  деп,  ақталуға  құмар.  Сосын  ...  бəріне  де 

«қатыгез өмір» кінəлі болып шыға келеді. Сенімін де жоғалтқан – сол, жақсы 

қасиеттерін де тонаған – сол. Ал өзі түкке де кінəлі емес (Тағы да күледі). 

 

5-жаттығу.  Драмалық  шығармалардағы  нүктенің  қолданысын  негізге  ала  отырып, 

тиісті тыныс белгісін қойып, мəтінді көшіріп жазыңыздар.

 

 

Мінсіз (Банудың ісіне үңіліп) ботам-ау, қып-қызыл ала қып құрттың ғой 



бұл бишараны?.. 

Асан кімді, мама? 

Мінсіз  Қайдан  білейін,  мына  бір  дəптердің  беті  қып-қызыл  ала  Банужан 

қызыл бояқпен сызып-сызып, «екі» деп қойды 

Бану (басын көтеріп) екі деген жаман ба, əже? Санның алды бір мен екі емес 

пе? бір ең алдыңғы, екі онан кейінгі деген сөз (Асан жымиып отыр) 

Мінсіз  ботам-ай,  мені  түк  түсінбес  түлей  дейсіңдер-ау...  менің  де  өз  əлімше 

сауатым бар тіпті сауатты былай қойғанда, аздың аты аз, көптің аты көп емес 

пе?! аз қайдан жақсы болушы еді... 

Бану (күліп) жеңілдім, əже, жеңілдім (əжесін құшақтап тұрып)   (М.М.)   



 

Тапсырма: 

1. Қыстырма сөйлемге байланысты нүктенің қолданылуына мысалдар жазыңыздар.   

2.  Санамаланған  сөйлемдерді  пайдалана  отырып  мəжіліс  хаттамасын 

жазыңыздар. 

 

 

 

 

 



 

 

Мəтінмен жұмыс 

 

Ұлы  ақын  А.Құнанбаевтың  қарасөзін  оқып,  мазмұнын  өз  сөздеріңізбен 

баяндаңыздар. 

 

 

 

Он жетінші   сөз 

 

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға 

жүгініпті. 

Қайрат  айтыпты:  Ей,  ғылым,  өзің  білесің  ғой,  дүниеде  еш  нəрсе  менсіз 

кəмелетке  жетпейтұғынын;  əуел  өзіңді  білуге,  ерінбей,  жалықпай  үйрену 

керек,  ол  менің  ісім,  құдайға  лайықты  ғибадат  қылып,  ерінбей,  жалықпай 

орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абиыр, 

мансапты  еңбексіз  табуға  болмайды.  Орынсыз,  болымсыз  нəрсеге  үйір 

қылмай,  бойды  таза  сақтайтұғын,  күнəкəрліктен,  көрсеқызар  жеңілдіктен, 

нəпсі  шайтанның  азғыруынан  құтқаратұғын,  адасқан  жолға  бара  жатқан 

бойды  қайта  жиғызып  алатұғын  мен  емес  пе?  Осы  екеуі  маған  қалай 

таласады? – депті. 

Ақыл  айтыпты:  Не  дүниеге,  не  ахиретке  не  пайдалы  болса,  не  залалды 

болса,  білетұғын  –  мен,  сенің  сөзіңді  ұғатұғын  –мен,  менсіз  пайданы  іздей 

алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды 

екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?– депті. 

Онан соң жүрек айтыпты: 

Мен  –  адамның  денесінің  патшасымын,  қан  менен  тарайды,  жан  менде 

мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ 

жатқан  кісіге  төсексіз  кедейдің,  тоңып  жүрген  киімсіздің  аштың  күй-жайы 

қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, 

төсегінде  дөңбекшітетұғын  –мен.  Үлкеннен  ұят  сақтап,  кішіге  рақым 

қылдыратын  –мен,  бірақ  мені  таза  сақтай  алмайды,  ақырында  қор  болады. 

Мен  таза  болсам,  адам  баласын  алаламаймын:  жақсылыққа  елжіреп, 

еритұғын  –мен,  жаманшылықтан  жиреніп,  тулап  кететұғын–мен,  əділет, 

нысап,  ұят,  рақым,  мейірбаншылық  дейтұғын  нəрселердің  бəрі  менен 

шығады,  менсіз  осылардың  көрген  күні  не?  Осы  екеуі  маған  қалай 

таласады?– депті. 

Сонда ғылым бұ үшеуінің сөзін тыңдап болып айтыпты: 

-  Ей,  қайрат,  сенің  айтқаныңның  бəрі  де  рас.  Ол  айтқандарыңнан  басқа 

да  көп  өнерлеріңнің  бары  рас,    сенсіз  болмайтұғыны  да  рас,  бірақ  қаруыңа 

қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты 

берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман,– депті. 

-  Ей,  ақыл!  Сенің  айтқандарың  бəрі  де  рас.  Сенсіз  ешнəрсе 

табылмайтұғыны  да  рас.  Жаратқан  тəңіріне  де  сен  танытасың,  жаралған  екі 

дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да айла да – 



 

10 


 

бəрі  сенен  шығады.  Жақсының,  жаманның  –  екеуінің  де  сүйенгені  сен; 

екеуінің де іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, – депті. 

-  Сен  үшеуіңнің  басыңды  қоспақ  –  менің  ісім,–депті.  Бірақ  сонда 

билеуші, əмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің 

ол  көп  қырыңа  жүрмейді;  Жақсылық  айтқаныңа  жаны-діні  құмар  болады. 

Көнбек  түгіл  қуанады.  Жаманшылық  айтқаныңа  ермейді.  Ермек  түгіл 

жиреніп, үйден қуып шығады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де 

еркіңе  жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды 

босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бəрін жүрекке билет, – деп ұқтырып 

айтушының аты ғылым екен.  

Осы  үшеуің  бір  кісіде  менің  айтқанымдай  табылсаңдар,  табаның 

топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол.  

Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. 

Құдайшылық  сонда,  қалпыңды  таза  сақта,  құдай  тағала  қалпыңа  əрдайым 

қарайды деп кітаптың айтқаны осы, – депті. 

 

 

Сұрау белгісі 



 

Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады. 

 

1.  Кім?  Не  ?  Қандай?  Қашан?  т.б.  сұрау  есімдіктері  арқылы  жасалған 



сұраулы сөйлемдерден кейін. 

 

2. Ма, ме, ба, бе, па, пе, ша, ше сұраулық демеуліктері арқылы жасалған 



сөйлемдерден кейін. 

 

3.  Шығар,  болар,  қайтеді  сөздерінің  баяндауыш  құрамында  келуі 



арқылы жасалған сұраулы сөйлемдерден кейін. 

 

4.  Баяндауыш  құрамында  ғой,  -ау  демеулік  шылаулары  мен  ə  одағайы 



келген жағдайда сұрау белгісі қойылады. 

 

5.  Мағынасына  қарай  сұрау  интонациясы  арқылы  жасалған  сұраулы 



сөйлемдерден кейін. 

 

6.  Автор  мəселенің  талас  я 



күдікті  екендігін  көрсетіп,  оқушы 

назарын 


аударғысы 

келгенде, 

немесе 

бір 


пікірге 

келісе 


алмайтындығын  білдіргенде,  дəйек-

сөздің  ішінде  белгілі  бір  сөзден  не 

сөйлемнен  кейін  жақша  ішіне  алып 

не сұрау белгісін, не леп белгісін, не 

екеуін  қатар  қояды,  кейде  бір 

белгінің  өзін  екі-үш  қайталап 



Поэмадағы  кейбір  олақ  құрылған 

сөз  тізбектері  мен  əсерсіз  шумақ-

тарды да айтпай кетуге болмайды: 

Еңбек – кеме, матрос  - мен кемеде 

Оны сүймек сыбаға пешенеме(?!) 

(Қ.Шаңғытбаев  «Ақын  жəне  өмір 

шындығы») 

 


 

11 


 

қояды. 


Бұл, 

көбінесе, 

сын-

библиографиялық 



шығармаларда 

кездеседі. 

 

 

 



 

 

Сұрақ белгісі қойылмайтын жағдайлар: 



 

1.  Құрмаласқан  жай  сөйлемдер-

дің  алғашқылары  сұраулы  сөйлем 

болса, олардан кейін де, сөйлемнің ең 

соңына да сұрау белгісі қойылмайды, 

тұтас  сөйлемнің  типіне  қарай  не 

нүкте, не леп белгісі қойылады 

 

Бүгін  қойды  кеш  сауып  болған 



ба, немене, ымырт жабылып қапты 

(М.Əуезов).  

 

2.  Сөйлем ішінде ма (ме,ба,бе, 



па,пе)  жəне  соған  жалғас  деп  (деген) 

сөздерімен  келген  сұрау  мағыналы 

тіркестерден  (күрделі  пысықтауыш-

тан) кейін сұрау белгісі қойылмайды, 

сөйлемнің соңына тұтас сол сөйлемге 

тиісті тыныс белгісі қойылады. 

 

Абай Оспанды мерт бола ма деп 

қорықты.  

 

3.  Ішінде 



сұраулы 

сөйлем 


жасайтын 

элементтері 

бар 

сə-


лемдескенде 

айтылатын 

сөйлем-

дерден кейін сұрау белгісі қойылмай, 



леп  белгісі  қойылады.  Олар  тікелей 

жауап  қайтаруды  тілемейді,  сол 

сияқты  сөздермен  қайыра  сəлем-

десуді ғана қажет етеді 

 

-  Есенсіз  бе!    -  деді  Асқар 



Айбалаға  кеп,  кім  екенін  танымай. 

(С.Мұқанов) 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет