Ide деген не? Программа құрудың кіріктірілген ортасы ағылш. Integrated development environment, ide



Дата27.08.2022
өлшемі20,37 Kb.
#38280
түріПрограмма

Алгоритм деген не?

Алгоритм – алға қойған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нұсқаулар тізбегі.




IDE деген не?

Программа құрудың кіріктірілген ортасы (ағылш. Integrated development environment, IDE) – программалаушыға программалық жасақтаманы дамытуға жағдай жасайтын қосымша.


IDLE деген не?

Программа құрудың кіріктірілген ортасы жəне Python тілінде оқыту


(ағылш. Integrated Development and Learning Environment, IDLE) – программалаушыға программалық жасақтама құруға көмек беретін программалық қосымша.


print функциясы қандай қызмет атқарады?

Экранда нәтижені көрсету үшін программалық жасақтама кіріктірілген print функциясын қолданады, яғни


print – экранға нәтиже шығару үшін қолданылатын функция.


Транслятор деген не?

Транслятор – (ағылш. translator – аудармашы) берілген программалау тіліндегі программалау кодын машиналық кодқа түрлендіретін арнайы программа.


Программалау тілінің синтаксисі деген не?


Программалау тілінің синтаксисі – программа жазу барысында сақталуға тиісті тіл ережелерінің жиынтығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет