Идеалды және реалды сұйықтықтар



Дата22.09.2022
өлшемі7,82 Kb.
#39820

Идеалды және реалды сұйықтықтар

Орындаған:Сабит Алтынай

Рақымғазы Көркем

Жоспары

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлімі Идеалды және реалды сұйықтықтарға сипаттама
  • Қорытынды

Кіріспе

  • Сұйықтық — сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы — көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы. Сұйықтық үлкен қысымда тұтқыр күйде кездеседі.

Идеал сұйықтық

  • Идеал сұйықтық – тұтқырлығы мен жылу өткізгіштігі болмайды деп есептелетін сұйықтық.
  • Идеал сұйықтықта ішкі үйкеліс болмағандықтан оның көршілес екі қабатының арасында жанама кернеу болмайды. Идеал сұйықтық – үзіліссіз дене және оның өзіне тән құрылымы да жоқ. Идеал сұйықтықты мұндай етіп сипаттау гидроаэромеханикада қарастырылатын ағындардың көпшілігі үшін дұрыс болып есептеледі әрі ол сұйықтықтар мен газдардың нақты ағындарының заңдылықтарын ашу кезінде жақсы нәтиже алынады. Идеал сұйықтық моделін қолдану сұйықтықтар мен газдардың әр түрлі пішінді құбырлардағы қозғалысын, олардың сорғалап ағуы мен денелерді орай ағып өтуі жөніндегі есептерді теориялық тұрғыда шешуге мүмкіндік береді.

Реалды- тұтқырлы сұйық , табиғатта кездесетін сұйық қысымы мен температураның әсерінен көлемі өте аз өзгереді. Сондықтан гидравликада нақтылы сұйықты абсолютті сығылмайтын дене ретінде зерттейді.

Реалды- тұтқырлы сұйық , табиғатта кездесетін сұйық қысымы мен температураның әсерінен көлемі өте аз өзгереді. Сондықтан гидравликада нақтылы сұйықты абсолютті сығылмайтын дене ретінде зерттейді.

Реалды сұйық екіге бөлінеді:

Ньютондық

  • Ньютон сұйығындағы қозғалысты сұйық бір қабатының екінші қабатына қарағандағы жанама кернеу (ішкі үйкеліс ) оның жылжу жылдамдығына пропорционалды болады. Егер сұйық тыныштықта тұрса , бұл кернеу күші нөлге тең болады . Ньютон сұйығына су, май, бензин, керосин, глицрин, ауа газдары ,т.б. жатады.

Бингемдік

  • Бингем сұйығының ағысы өте баяу болады, Ньютон сұйығынан айырмасы – тыныштықта тұрған кезіндегі бұл сұйықта жанама күш (ішкі үйкеліс ) болады, әрі мұның шамасы сұйықтың түріне байланысты. Бингем сұйығына битум , балшықты лай, колоидтар ,т.б. жатады. Ал мұндай өнімдері қатуға жақындағанда температурадағы сұйыққа әсерін тигізетін ішкі және сыртқы күштер деп бөлінеді. Ішк күш және көлем жатады. Сұйық бетіне түсетін күштер (сығу, созу, үйкеліс күші, қысым) сұйықтың белгілі көлеміне бағытталған.

Реалды сұйықтар идеалды сұйықтар заңына яғни,Рауль заңына бағынбайды!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет