Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

ІІ. Операциялық кезең: Жаңа сабаққа кіріспе. 
«Ой қозғау» әдісі 
1.Сурет бойынша физикалық құбылысты түсіндір (90-сурет)
2.Неліктен шаңғысы жоқ балаға қарағанда шаңғы байлаған бала қар үстімен жеңіл жүреді?
«Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі» туралы слайд 
шоу көрсетіп, қысымның сұйыққа немесе газға түсіретін қысым осы сұйықтың немесе 
газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз берілетінін және  бұл қағида Паскаль заңы деп аталады. 
  Әрі қарай Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік деп әр топқа өз тәжірибелерін корсетті. 
Қатты денелер, сұйықтар және газдар өзіне түсірілген қысымды қалай жеткізеді? 
1. Қатты дене: Қатты денелердің молекулалары белгілі бір ретпен орналасып, өз орнында 
тербеліп тұрады 
 2. Сұйықтар: Сұйық аққыш, молекулалардың ара қашықтығы қатты денелерге қарағанда 
алшақ орналасқан 
3. Газдар: Газ молекулалары сирек орналасқан, еркін қозғала отырып, өзі тұрған көлемді 
түгел қамтиды. 
Алақаныңызды жоғары қаратып, сол қолыңызды үстелге қойыңыз. Кітапты алақаныңызға қырымен қойып, оң қолыңызбен 
төмен қысып басыңыз. 
Сол қолыңыз қысымның артуын сезе ме?
Енді кітапты алақаныңызға емес, үстелге қойыңыз. Бір қолыңызбен кітаптың үстінен ақырын басыңыз, екінші қолыңызды 
кітаптың қырына тигізіп ұстап тұрыңыз. Осы кезде қол қосымша қысымды сезе ме?
2. Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасайық 
Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей 
ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз.  Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның
мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. 
3. Ауаның қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін балалар ойнайтын  резеңке шарды, 
қолқапты және т.б. үрлеген кезде бақылауға болады. 
Тақтаға есептер шығарылады. 
ІІІ. Рефлексиялық кезең 
«Балық қаңқасы»  (Фишбоун)
Үйге тапсырма.
Бағалау. Әр оқушы өздеріңе берілген  "Сенім бағалау" парақшасына берілген критерийлер бойынша өз-өздерін бағалайды. 
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары, оқушылардың оқып үйрену барысын бағалау формативті және суммативті 
бағалау тәсілдерін таңдап алынады. 
  Оқушылардың оқу жетістігінің нәтижесін көру, білім деңгейін анықтай алу, пәнге деген 
ынтасын, күш-жігерін қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру.
170

  Осы сабақта төменгі бағалау әдістері қолданады:
топта, жұпта, сыныпта талқылау;
өзін-өзі және бірін-бірі бағалау;
оқушы портфолиосы (оқушы жинаған бағалар, марапаттар, жетістіктер т.б.)
   Физиканы оқыту, оның пән ретінде ерекшелектеріне сай, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдану жайлы сала 
болып келеді. Сабақ барысында слайд-фильмдерді  пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын, 
көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы 
физика пәніне қызығушылықты арттырады. 
    Оқушы бір уақытта зерттеу жүргізе алады: біріншіден, қысымның барлық заңдылықтарын тексере алады:
қысым түсіретін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуяр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді 
болатынын біледі;
қысым заттың барлық күйлерінде болатынын тәжірибе арқылы дәделдей алады;
    Қандай әдіс-тәсілді қолданып өткізсек те әрбір сабақтың соңында сабақта жасап, жақсы жақтары мен кемшік тұстарын 
анықтап отырудың маңызы зор. Ол мұғалім әр сабақтан кейін мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс: 
Сабақ мақсаты орындалды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Тапсырмалар, жаттығулар сабақтың мақсатына сәйкес болды ма?
Уақытты қалай пайдаландым?
Егер мұғалім осы сұрақтарға жауап берсе, алдағы сабақтарда нені ескеруі керек, қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлуі 
керек т.с.с. екенін біледі, осы жағдайда әр мұғалімнің сабақтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні сөзсіз. 
Физика пәнін   оқытудың жаңа технологиясын пайдаланудың тиімділігі- оқу үрдісінде оқушының танымдық дербестігін 
белсендендіру, бейнелі ойлау мен дамыту.
    Жаңа технология әдістері әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс 
істеуіне, қорытынды жасай алуына сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, яғни білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-
тәсілдерді мән-мағыналарына , ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.
   Айтпақ ойдың қорытындысына бет бұрып, жинақтай түссек, педагог біліктілігін арттыруға бағытталған жобаның нәтижесі
уақыт өте келе еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына байқалатындығына сенімін мол. 
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласы 
№16 колледж Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Дайындаған: Адыр Құттыбай Тұрлыбайұлы 
Жетекшісі:   Барлыбаев Елгон Шермаханбетович
САЛҚЫН АУА РАЙЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ 
ІСКЕ ҚОСУҒА ДАЙЫНДАУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
1 КІРІСПЕ
       Қазіргі кезде заманауи автокөліктерге бірінші кезекте қойылатын талап       экологиялық  қауіпсіздік болып саналады. 
Экологиялық қауіпсіздік-бұл автомобильдің пайдалану барысындағы қоршаған орта мен көлік қозғалысына қатысушыларға 
жағымсыз әсерін азайту  қасиеті. Ол жанған газдардың зияндылығын төмендетуге, шуды азайтуға, автомобиль  қозғалысы 
кезіндегі радио әсерлерді төмендетуге бағытталған.
      Іштен жану қозғалтқыштарын зиянды заттар бөліп шығармайтын басқа қозғалтқыштарға ауыстыру жолында қаншама 
әрекеттер жасалып жатқанымен қазірше балама қозғалтқыш табылды деп айта қою қиын. Егер мүлде жаңа принципті 
қозғалтқыш табылған күннің өзінде оны көп көлемде жасап шығару үшін  өндірісті қайта жабдықтауға өте үлкен көлемдегі 
қаржы қажет болады және ол тез арада іске аса қоймайды. Ал адамзат пен табиғат қазірдің өзінде экологиялық таза 
автокөліктерді пайдаланбаса болмайтын деңгейге жетіп отыр. Алматы қаласын мысалға алып көрейік. Кезінде көк желекке 
оранған ауасы таза қаламыз көк түтінге оранған лас қалаға айналды. Қала тұрғындарының көпшілігі әртүрлі дәрежедегі 
өкпе ауруларына шалдыққан, ал балалар болса ана сүтімен бірге  ауыр металдардың қосындыларымен улануда.Тіптен 
Алатаудың  символына айналған барыстар да Қытай ауып кетуде. Қоғамдық пікір бойынша қала ауасының ластануының 
негізгі себептері – автокөліктер. Алматы қаласы бойынша автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтардың көлемі тәулігіне 
510 тоннаның көлемінде екен. Бұл жағдайдан шығудың жолы қандай? Қазірше бір-ақ жолы бар - іштен жану 
қозғалтқыштары шығаратын зиянды заттарды толығымен залалсыздандырмасақ та барынша азайтуымыз керек.
     Жану камерасындағы отын ауа  құрамындағы оттегімен қосылу арқылы жанатыны белгілі. Бұл процесс әсерінен пайда 
болатын көп мөлшердегі  жылу жұмыс процессіне айналады.   Теория  бойынша 1кг  бензиннің жануы үшін 14,7 кг ауа 
қажет, ал іс жүзінде бұл жеткіліксіз. Себебі, бензин – ауа қоспасының (жанғыш қоспа)  жануы секундтың мыңдаған бір 
бөлігінде жүзеге асады  және мұндай жылдам процесске қоспа жеткілікті  дәрежеде  дайын болмайды. Қоспа құрамында 
алдыңғы циклдан қалған газдар оттегіннің отын бөлшектеріне қосылуына кедергі жасайды, одан бөлек , қоспаның  бүкіл 
цилиндр көлемі бойынша  біркелкі таралуына қол жеткізу мүмкін болмайды, әсіресе қызбаған  қозғалтқышта  және өтпелі  
режимдерде, нәтижесінде қоспа түгелдей соңғы нәтижелі затқа айналып үлгермейді  және жану процессінің қалыпты өтуі 
ұшін қоспаны байыту  қажеттігі туындайды. Егер жанғыш қоспада отын мөлшері  есептік көрсеткіштен  артық болса қоспа 
байытылған қоспа деп аталады.  (Богатый – байытылған, бедный – жұтаң). Қозғалтқыштың орташа жүктелуінде басты назар
жанармайдың  үнемділігіне қаратылады сондықтан жану камерасына жұтаң қоспа беріледі. Қоспа аздап қана байытылғанда 
оның жану жылдамдығы артады, камерадағы жылу мөлшері мен қысым көбейді. Орта жүктелуден немесе төменгі 
жүктелуден үлкен жүктелуге бірден өтілгенде байытылған қоспа қажет болады. Салқын қозғалтқышты  іске қосқанда 
жанғыш қоспаны отынның жеңіл бөлшектері ғана құрайтындықтан цилиндрге көп мөлшердегі отын беріледі. Мұндай 
171

жағдайларда оттегі жетімсіздігінен отын толық жанып үлгермейді. Қозғалтқыш жоғары қуатқа жеткенімен үнемсіз жұмыс 
істейді.  Және атмосфераға шала жанған зиянды заттарды шығарады. 
       Токсикологиялық зияндылық нормалары үлкен қалалардан ауаның газдану мөлшерінің артуына байланысты АҚШ-пен  
Жапонияда бірінші рет дабыл қағыла бастады. Жаңа автокөліктерге зиянды қалдық  газдарды шығаруына байланысты заң 
жүзінде бекітілген  талаптар  қойыла бастады, және бұл талаптар уақыт өткен  сайын  қайта қаралып қаталдандырыла түсті. 
Көп ұзамай балама заңдар Европа елдерінде де қабылданды.
       Заманауи автокөліктерге зиянды заттарды шығару денгейін төмендету үшін үш компонентті катализаторлар 
(каталитикалық бейтараптандырғыштар) орнатылады. Олардың үшкомпонентті деп аталу себебі қалдық газдар 
құрамындағы үш  зиянды затты яғни СО көміртек тотығын, СН көмірсутекті және  NО азот тотығын бейтараптандырады.
Алайда қоректендіру жүйесінің ақаулы болуынан және қозғалтқыштың ұзақ уақыт аса байытылған жанғыш коспамен  
жұмыс істеуінен керемикалық бейтараптандырғыш балқып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда катализатор істен шығады
 
 2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ    
    Қазақстанның көптеген аймақтарында (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан,Орталық 
Қазақстан) қыс мезгілінде ауа температурасының өте төмен болатындығы баршамызға аян. 
Суық ауа райы жағдайында автокөліктер мен тракторларды пайдалану барысында көптеген 
қиындықтар туындап жатады. Аязды күндері жанармайдың (дизель отыны) және 
жағармайдың тоңуы (кристалдануы) әсерінен қозғалтқышты іске қосу қиындайды немесе 
мүлде іске қосылмауы мүмкін . Бензинді қозғалтқыштарды іске қосқанда кристалданған 
жағармай майлау жүйесін толық камти  алмайды, ал бұл өз кезегінде қозғалтқыш 
бөлшектерінің жарамсыз хәлге жетуін жылдамдата түседі. Синтетикалық майларды қолдану 
қозғалтқыштың пайдалану ресурсын асыруға  септігін тигізгенімен, салқын ауа райы 
жағдайында қозғалтқышты іске қосқаннан кейін салқындату сұйықтығының температурасын
қалыпты деңгейге жеткізіп, автокөлікті орнынан қозғауға дейінгі аралықта біршама уақыт 
өтеді. Бұл аралықта қозғалтқыш жанармайдың байытылған қоспасымен жұмыс істегендіктен 
отын шығыны 15 %-ға дейін артады да катализатордың жұмысына кері әсерін тигізеді, 
атмосфераға шығатын  шала жанған зиянды заттардың  көлемі ұлғаяды, салқындату 
қымтамасындағы төмен температуралы  сұйықтықпен қоршалған цилиндрлер сығылған 
күйде болатындықтан, піспек сақиналарының жейілуі немесе серпімділігінің төмендеуі 
жылдамдай түседі де жағармай шығынының артуына әкеліп соқтырады. 
       Адам денсаулығына зиянды өтелген газдарды азайтудың және қозғалтқышты жылдам іске қосу жолдарының бірі 
ретінде салқын ауа райы жағдайында қозғалтқышты сырттан қыздыру арқылы іске қосуды айтуға болады. Үлкен 
автокәсіпорындарда автокөлікті іске қосуға дайындау үшін арнайы құрылғылар қолданылады, ал жекеменшік  автокөліктер 
үшін мұндай құрылғылар қарастырылмаған. Сондықтан да біз автокөлік иелерінің ауырын жеңілдету мақсатында салқын 
ауа райы жағдайында қозғалтқышты іске қосуға дайындауға арналған қолжетімді бұйымдардан құрастырылған қарапайым 
құрылғыларды ұсынып отырмыз. 
1-СУ ҚЫЗДЫРҒЫШЫ
    220 Вольтті электр желісінен қоректенетін 0,3кВт қуатты су қайнатқышты (кипятильник) қолдана отырып,  салқындату 
сұйықтығын қалыпты жұмыс істеу температурасына дейін қыздыру арқылы қозғалтқышты жұмысқа дайындау құрылғысы.
Құрылғының сызбасы
1-Сурет. 1-цилиндр, 2-су қымтамасының тығыны, 3-имеқұбыр, 4-қайнатқыш (кипятильник), 
5-жылытқыш қорабы, 6-оқшаулағыш, 7-штеккер, 8-желібас, 9-жұмсақ түтік, 10-қыспақамыт, 
11-цилиндрлер күбішегі, 12-орталық тығын қақпағы.
Құрылғының түпнұсқа суреті
    
Дайындау технологиясы:
Бекіту құбырын дайындау. Су қымтамасының тығынын (2) босатып алып, оның ішкі 
қабырғасынан d=15-20 мм өлшемді бұрғымен тесік ашылады. Тығын (2) мен имеқұбыр (3) 
өзара пісіріп біріктіріледі. Біріктірілген бекіту құбыры тығын тесігіне желімдеп орнатылады.
Жылытқыш қорабын дайындау.Ұзындығы L=200 мм, диаметрі D=40 мм болат құбыр (5) 
кесіндісін алып,  пісіру аппаратының көмегімен оның бір басын l=30-35мм ұзындықта 
диаметрі d=25мм өлшемде конусталады. Конус басына l= 15-20мм ұзындықтағы диаметрі   
d=25мм  өлшемді сыртқы оймалы құбыр пісіріп орнатылады. Қорапты ішкі оймалы 
имеқұбырмен(3) біріктіріп, қораптың қозғалтқышқа қарама-қарсы қабырғасынан d=10мм 
өлшемді бұрғымен тесік ашып, cол жерге  l=20мм  d=10мм өлшемді құбыршық пісіріп 
орнатылады.
Жылыту камерасын дайындау. Қорапты (5) имеқұбырдан (3) босатып алып, оның ішіне 
құбыр қабырғаларына тимейтіндей етіп, қайнатқыш (4) орналастырылады. Қайнатқышты 
172

ұштарынан 10 мм қалдырып АВ желімімен 15-20 мм қалыңдықтағы қабатпен қорапқа 
бекітіп, оқшауланады (6). Қайнатқыштың ұштарына электр желісіне қосуға арналған 
штеккер (7) дәнекерленіп, оның сырты АВ желімімен толтырылады.
 Жылыту камерасын орталық тығынмен біріктіру. Орталық тығын қақпағын босатып алып,
d=10мм өлшемді бұрғымен тесік жасалады да cол жерге  l=20мм  d=10мм өлшемді 
құбыршық пісіріп орнатылады. Тығын қақпағының астына төсем қойылып, екі бұрандамен 
орнына қайта бекітіледі.
Жылыту құрылғысын құрастыру және іске қосу. Бекіту құбырына герметик жағып,оған 
жылыту камерасы бұрап бекітіледі.Жылытқыштан шығарылған құбыршық пен орталық 
тығын құбыршықтары өзара жұмсақ түтікпен (9) жалғастырылып, қыспақамыттармен (10) 
бекітіледі. Қозғалтқыштың салқындату жүйесі салқындату сұйықтығымен толтырылады. 
Штеккерге (7) желібасты кигізіп, электр желісіне жалғау арқылы құрылғы іске қосылады.
Техникалық сипаттамасы:
Тұтынатын электр тогының кернеуі-220 В
Қайнатқыштағы электр тогының қуаты-300 Вт
Құрылғының жұмыс істеу уақыты: ауа температурасына байланысты-5-10мин.
Құрылғыны дайындауға жұмсалатын шығын мөлшері: 2000 теңге
1. Қайнатқыш-300 теңге
2. Имеқұбыр-200 теңге
3. Штеккер, желібас, аша, сым-400 теңге
4. АВ желімі-400 теңге
5. Жұмсақ түтік, 2 қыспақамыт-300 теңге
6. Құбырлар-200 теңге
7. Пісіру жұмыстарына жұмсалатын шығындар-200 теңге
2-МАЙ ЖЫЛЫТҚЫШЫ
    220 Вольтті электр желісінен қоректенетін 1кВт қуатты қыздырғышты (тен) қолдана отырып,  картер түбіндегі майды 
қыздыру арқылы қозғалтқышты жұмысқа дайындау құрылғысы.
Құрылғының сызбасы
2-Сурет. 1-картер түбі, 2-аралық төсем, 3-қозғалтқыш майы, 4-май қабылдағыш,   5-
электрлі қыздырғыш (тен), 6-құрылғы қорабы, 7-құбыршық, 8-бұранда, 9-бұрама (гайка), 
10-бұранда, 11-желілік қосқыштар  
Құрылғының түпнұсқа суреті
   
   Дайындау технологиясы:
Жылытқыш қорабын дайындау.Қалыңдығы 1,5-2 мм жазық болаттан биіктігі 50мм етіп, 
картер түбінің пішінінде құрылғы қорабы (6) жасалады. Қораптың артқы қабырғасына 
бұрандаға (10) (d=10мм) және қосқыштарға (11) (d=7мм) арналған тесіктер жасалады. 
Қораптың түбіне бұрандаларға (8) (d=10мм)арналған төрт тесік жасалады, қыздырғышты 
бекітуге арналған бұранда дәнекерленеді. Картер түбіне бұрандаларды бекітуге арналған 
ұзындығы 30 мм құбыршалар (7) дәнекерленіп, олардың басына М8 өлшемді бұрамалар 
(гайкалар) пісіріп жапсырылады.
Жылыту құрылғысын құрастыру және іске қосу. Электрлі қыздырғышты (тен)(5) қораптың 
артқы қабырғасына бұрама (9) арқылы, қораптың түбіне қыздырғышты бекітуге арналған 
бұранда арқылы қамытпен бекітіледі. Құрылғы картер түбіне 4 бұрандамен (8) бекітіледі. 
Желілік қосқыштар (11) сымдар арқылы электр желісіне қосылады да құрылғы жұмыс істей 
бастайды.   
Техникалық сипаттамасы:
Тұтынатын электр тогының кернеуі-220 В
Қыздырғыштағы электр тогының қуаты-1 кВт
Құрылғының жұмыс істеу уақыты: ауа температурасына байланысты-5-10мин
     Құрылғыны дайындауға жұмсалатын шығын мөлшері: 3000 теңге
Электрлі қыздырғыш (тен)-1800 теңге
Жазық болат- 400 теңге
Бұрандалар-200 теңге
Электр сымы, аша -300 теңге
Пісіру жұмыстарына жұмсалатын шығындар-300 теңге
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Жоғарыда сипатталған құрылғылардың экономикалық тиімділігін қарапайым есептеулерге сүйене отырып жасап көрейік:
173

300 Ват =0,3кВат қуатты қайнатқышты және 1Ват қуатты қыздырғышты 10 минут=0,17 сағ қолданғанда жұмсалатын шығын
мөлшері (электр энергиясының құны орта есеппен 15 теңге/кВат деп алатын болсақ):
0,3кВат Х 0,17 сағ Х 15теңге =0,77 теңге
1Ват Х 0,17 сағ Х 15теңге =2,55 теңге
Электр энергиясына жұмсалатын жалпы шығын :     0,77 теңге + 2,55 теңге =3,32 теңге 
Төменгі жүктелімде 10 минут=0,17  сағат жұмыс істеген қозғалтқышқа жұмсалатын жанармай шығыны (1 сағатта орта 
есеппен 6 литр жанармай жұмсалады, жанармайдың орташа бағасы 100 теңге ):
 6 л Х 0,17 сағ Х 100 теңге=100 теңге
Үнемделген қаржы: 100 теңге - 3,32 теңге =96,68 теңге
Құрылғыларға жұмсалған шығынды  ақтау мерзімі (жалпы шығын 2000 теңге +3000 теңге =5000 теңге, күніне 1 рет 
қолдаңған жағдайда) :
5000 теңге : 96,68 теңге =52 күн
4 ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда сипатталған құрылғыларды  қолдану арқылы атмосфераға шығарылатын адам денсаулығына зиянды өтелген 
газдарды азайтуға,  жанармай шығынын біршама үнемдеуге, салқын ауа райы жағдайында жұмыс істеген қозғалтқыш 
бөлшектерінің тез істен шығуының алдан алуға  және  қозғалтқышты жылдам іске қосуға мүмкіндік туындайды. 
Құрылғыларды  конструкциялық тұрғыдан жетілдіре отырып, өндіріске енгізуге болады.
5 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы
 Жүнісбеков П.Ж Астана: Фолиант,2007
2 Ғаламтор материалдары
ПІКІР
   Шардара қаласындағы №16 колледждің «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, 
жөндеу және пайдалану»  мамандығы бойынша  А-22 топ студенті Адыр Құттыбайдың «САЛҚЫН АУА РАЙЫ 
ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУҒА ДАЙЫНДАУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ» тақырыбында орындаған ғылыми-
шығармашылық жұмысымен таныса келе төмендегідей қорытынды жасалды:
1. Шығармашылық жұмыстың өзектілігі: 
    Жоғарыда сипатталған құрылғыларды  қолдану арқылы атмосфераға шығарылатын адам денсаулығына зиянды өтелген 
газдарды азайтуға,  жанармай шығынын біршама үнемдеуге, салқын ауа райы жағдайында жұмыс істеген қозғалтқыш 
бөлшектерінің тез істен шығуының алдан алуға  және  қозғалтқышты жылдам іске қосуға мүмкіндік туындайды. 
2. Ұсынылып отырған нұсқаның тиімділігі:
-Аз шығын жұмсалатындығы (жалпы шығын 2000 теңге +3000 теңге =5000 теңге)
- Қолжетімді материалдардан дайындалуы;
-Бөлшектеу-құрастыру жұмыстарының жеңілдігі;
-Тасымалдауға ыңғайлылығы;
-Құрылғыларды  конструкциялық тұрғыдан жетілдіре отырып, өндіріске енгізуге болатындығы.
     Адыр Құттыбайдың «САЛҚЫН АУА РАЙЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУҒА ДАЙЫНДАУ 
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ» тақырыбында орындаған ғылыми-шығармашылық жұмысында өз жұмысының мазмұн-мақсаты жайлы 
түсінік бере отырып, дайындалған нұсқаға жұмсалатын материалдар мен шығын мөлшерін, нұсқа конструкциясының 
өлшемдері мен сызбаларын, дайындау технологиясы мен тиімділігін толықтай көрсетіп берген және  дайын нұсқаның 
суреттерімен толықтырған.
     Бұл жұмысты барлық талаптарды ескере отырып, өте сауатты түрде және жоғары деңгейде орындалған деп есептеймін.
       
Пікір білдіруші: №16 колледждің арнайы пәндер оқытушысы Махашов Қалдарбек 
Ширинтаевич
* * * *
Жандарова Феруза Пулатовна. Ағылшын тілі пәні мұғалімі 
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы 
Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі КММ
Сабақтың тақырыбы : The Enviroment .
Step 1    It’s an interesting  place .
1 .Міндеттері : Қызықты орындар жайлы  мағлұмат беру .
2 .Кембридж  жайлы түсіндіру 
3. Қоршаған  орта  жайлы сұрақтары қолдануды  үйрету .
Күтілетін  нәтиже : 
Қызықты  орындар жайлы мағлумат  беру .
Кембридж  жайлы  түсіндіру .
Қоршаған  орта жайлы  сұрақтарды қолдануды  үйренеді .
Негізгі идеялар  : Жаңа  сөздерді  және құрылымды  пайдалана  отырып  тақырыпқа  сай сөйлеу  қабілетін  дамытады , сыни 
тұрғыда  ойлауға қалыптастыру .
Жеке жұмыс :  миға шабуыл .
Топтық  жұмыс : 
Екі топ бір – біріне сұрақ қойып жауап береді  .
Мұғалім  іс – әрекеті 
І . 1 . Ұйымдастыру  кезеңі .
     2. Топтастыру .
ІІ. Үй тапсырмасын  сұрау . 
174

Миға шабуыл .
 Write  the  times   and  put  the words in  right order
1.half  / it’s/past/ seven-
2.twenty/  to /it’s/twelve-
3.quarter/it’s / past /one-
4.twenty  five /to/ it’s/seven-
5.it’s/past/quarter/nine-
6.eleven/it’s/to/ten-
7.past /eight/it’s/ten
ІІІ . Тұсаукесер 
Warm up 
 Lion  river  factory  mountain 
 Hill  hospital  sea  horse 
Spider  dog  forest  cottage 
Theatre  concert  hall  elephant  wood .   
Жаңа сабақ 
Cambridge  and its  enviroment 
a.Cambridge is in the  south  of England 
b. It’ s famous  for its university 
d . Cambridge  is  an industrial  city . 
e. It’s near  mountains 
f. A lot of people  v3s3t cambridge 
g . The air  in cambridge  is clean 
  Cергіту сәті .
Ex : 6
You  should  go there  in spring 
You  should  stay  in a hotel 
You should see  the zoo 
Yes ,you should ‘t miss sea world 
Yes  you  should  go to the Museum  of Art 
Yes you should go to Old Town  for shopping .
Рефлексия 
Жақсы түсіндім 
Жартылай түсіндім 
Мүлдем түсінбедім 
Үйге тапсырма : Ex : 9,10,12 
 * * * * *
Онгарова Алия Карынтаевна. Музыка пәні мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы 
Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі КММ
Музыка
Сабақтың тақырыбы: Көнеден жеткен аспап
Сабақтың мақсаты
Дамыту
Көнеден жеткен аспап тақырыбын кеңнен танысу.
Көне ішекті шертпелі аспаптар мен танысу
Ән айту қабілетін дамыту
Тілдік мақсат
Оқушыларды пікірталас диалогтерге қатыстыру
Аңыз әнгімелерді оқып пікірін айту
Талқылауға арналған сұрақтар
Бұл дыбыс неге ұқсайды?
Дыбыс ұзақтығын ажырата аласың ба?
Түркі мен Әзербайжан Қырғыздың аспабын ажырата аласың ба
Алдыңғы  сабақта алған білім
Айтыс деген не?
Қайым айтыс ерекшілігі неде?
Түре айтыс дегеніміз не?
Ақтанберді  қай ғасырда өмір сүрді?
Ақтанберді қандай жыр жырауларды және оны кімге арнады?
Жаңа сабақ
Ғасырлар мен сырласқан сазды аспаптар Көнеден жеткен аспап.
Мұғалімнің әрекеті
Балалар. Бүгін жаңа сабақ бастаммас бұрын мен сендерге эпиграф ретінде қадыр мырза – әлі ағаларынның мына бір өлең 
шумағын көтергелі отырмын 
«Екі  ішек бір қатты»
Бірін сәл  - сәл кем бұра
Қазақ нағыз Қазақ емес
Нағыз Қазақ домбыра
Дей отырып, бүгін сабағымыз да музыкалы аспап туралы сөз қозғаймыз
Ынтымастық отмосфера
Мазайка әдісі
Қиылған суреттерді біріктіріп 3 топқа отырады.
1 Домбыра суретті
175

2 Әзербайжаннын домбыра суретті
3 Түркімменің дутары
Сабақтың тақырыбы:
Көнеден жеткен аспап
3 - Топқа тақырыпты бөліп беремін
1 топ Домбыра суретті
      Халықымыздың ежелден жеткен тұрмыс – салт жырлары мен  әдет – 
ғұрыптары, аңыз – ертегілері мен музыкалық өнері түбі бір туыстас  түркі 
халықтарының дәстүр  салттымен бір арнада астасып жатыр. Әсіресе, бұған ерте 
заманнан бізге жеткен көне музыкалық аспаптар айқын айғақ бола алады.
     Қазақ халқының ең сүйіті музыкалық аспабы Домбыра  
болып саналады. Ал қырғыз халқы қомыз аспабын өздерінің 
ежелгі тарихынан сыр шерткен аса қадірлі аспап деп асеп – 
тейді. Түркімендер өздерін дутар аспабынсыз тіпті елестете 
де алмайды. Әзірбайжан халқында кең таралған аспап – саз. 
      Бұл музыкалық аспаптарға қарап отырып, олардың көптеген ортақ тұстарын 
айқын аңғара аламыз. Аспаптардың ұзына бойы жатқан мойны, домаланған 
шанағы, қаз – қатар орналасқан құлақтары, тіпті тағылған ішектерінен олардың 
бір – бірімен ағайын – бауырдай туыстасып жатқандығын көреміз.
      Домбыра мен дутар аспабы екі ішекті. «Дутар» түрік – мендерде «екі ішек» 
деген ұғымды білдіреді. Ал қырғыздың қомызы мен әзірбайжанның  саз  
аспаптарының ішек саны үшеу болып келеді. Қазақ халқында да көне 
замандардан жеткен үш ішекті домбыралар сақталған.
     2. топ Әзербайжаннын домбыра суретті
Муызкалық аспаптардың туыстығын себебін білу үшін көне тарихқа ұңіліп 
көрейі! VI – VIII ғасырларда Орталық Азия аймағында Түрік қағанаты мелекет 
құрады. Бұл  мемлекет алып аймаққа құлашын  жайған. Таулы Алтайдан Каспий 
теңізінің аралығында мемлекет құрған түркі тайпалары ту көтеріп, мәдениетті 
мен сан салалалы өнерін үлкен қарқынмен дамытады. Түркі қағанатынының қол 
астынан біріккен түркі тайпалары көк Тәңірне сыйынады. Ия, тілі мен діні 
ортақтасқан халықтардың муызкалық дәстүрі де туыстасып кетеді.
       3 топ Түркімменің дутары
Домбыра аспабының пайда болуының тарихы тереңде 
жатыр. Ежелгі Хорезм қаласының қазба жұмыстарын 
жүгізген археолог ғалымдар қыштан жасалған 
музыканттардың мүсінін табады. Олар екі ішекті шертпелі 
аспапта ойнап отырған музыканттардың мүсіні болатын. 
Ғалымдар бұл мүсінерді ежелгі сақ заманындағы көшпелі 
тайпалардың арасында сақталған екі ішекті музыкалық аспап
деп тұжырымдайды. Екі мың жыл болған бұл екі ішекті 
аспап  қазақтың қазіргі домбыра аспабының ең көне түрі 
болып саналады.
3 – топты Бағдаршам әдісімен бағалаймын
Күй тыңдайық
Нұрақ Абдрахманұлының орындауында қырғыздың халық күйі «Қарагөз» (Қомыз аспабында) үзінді тыңдау. 
Құрманғазының «Сарыарқа» күйінен үзінді тыңдау.
Сергіту сәтті 
«Күй сандықты ашайық»
М; Күй сандықты ашайық
О; До,до,до
М;Тілдерін біз басайық
О; до,до,до
М; Бас дыбысты басайық
О; До до до
М; Жайлап әнге салайық
О; До до до
Бәрін қосылып :
ДО,ре ми фа соль ля си
Си ля соль фа ми ре до
М: Шалқып шығар сонда күй
О: До до до
М: бәрі до – дан басталар
О: до до до
М: До – ны қоштар басқалар
О: До – ны қоштар басқалар.
176

Ән орындау 
Әгугай домбыра
Әнін жазған:
 А. Қоразбаев
Өлеңін жазған:
Т.Қожыбаев
 3 топ Әр топ бір шумақ әнді орындайды
1 Домбыра суретті
2 Әзербайжаннын домбыра суретті
3 Түркімменің дутары
Хор болып орындаймыз
Сөз жұмбақ шешу
Интерактивтік тақтада сөзжұмбақ шешу
А
Ш
С
А
Ң
А
Қ
Т
О
А
Д
Б
Я
Д
А
С
Ы
Қ
О
Б
Ы
З
М
Ы
Б
Б
Л
Ы
Ы
З
Р
Ғ
А
Ы
Сілкіп ойнайтын аспап түрі
Қазақтың ұлттық аспабы
Аңға шыққанда, діни жаралғыларда,  жауынгерлік жорықтарда пайдаланатың ұрмалы аспап.
Бақташылардың қурайдан жасалатын ең сүйікті аспабы 
Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап.
Дыбыстарды айырып, таблица толтыру (тыңдау)

Аспаптар
Шертпелі 
аспаптар
Үрмелі 
аспаптар
Соқпалы -
сілкімелі
аспаптар
1
Даңғыра
+
2
Қобыз
+
3
Домбыра
+
4
Сыбызғы
+
5
Сазсырнай
+
Сабақтың соңы
Мұғалім
Күй тыңдау: Ақсақ құлан 
Сұрақ: Оқушылар бұл күйді қайдан естіп едіңдер
Оқушылар бұл күйдің шығу тарихы қандай білесіңдер ме?
« Қос ішек халық күйін тыңдау»
Сұрақ: Күйдің көңіл – күйі қандай, желісі қалай орындалып тұр?
Үйге тапсырма: Әгугай домбыра әнді орындап келу 
 Домбыра аспабында орындалған күйді орындап талдау жасау
Мақтау мадақтау 
Сабақта жақсы қатысқан оқушыларды мақтау мадақтау 
Оқушылар
 
Жауап: Ақсақ құлан ертегісінен
Жауап: Ия Бұл куй Шыңғыс ханның 
ұлы – Жошы құлан аулап жүріп 
қапыда қайтыс болады.  Шыңғыс хан: 
«Егер ұлымды өлді деп біреу естіртсе, 
соның аузына қорғасын құямын, - 
дейді.» Сол кезде әлгі күйші 
домбырасын алып, осы күйді 
тартыпты. Күйде барлық оқиға анық 
естіліп тұрады. Сөйтіп домбыраның 
шанағына қорғасын құйылады. Сол 
кезден бастап домбыраның бір шегі 
үзіліп екі шекті болып қалған десенді 
аңыз әңгімелерде. Сол күйші Кетбұға 
177

болатын, кейіннен авторы жоғалып, 
халық күйіне айналды.
Жауабы: Көңілдірек желісі орташа 
екпінмен орындалды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет