Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00


Арыс қаласы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Арыс қаласы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің 
математика пәні мұғалімі Заурбекова Лаура
                                                      
  БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ
   Болашақтан бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға  апаратын күш - тек  білімде ғана. Елдің өсіп
өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесі деңгейінің даму бағытына байланысты. Жеке
тұлғаның қажеттілігі мен  қызығушылығын қанағаттандыруға,  баланың  өзіне ғана  тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму
реакциясын   анықтау,   мұғалім   мен   оқушы,   оқушы   мен   оқушы   арасындағы   өзіндік   қарым-қатынасты   қалыптастыру   -
бүгінгі   күннің талабы. Қазіргі әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық
қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Білім
беруде   кәсіби   құзырлы   маман   деп   мамандығы   бойынша   өз   пәнін   жетік   білетін,   оқушының   шығармашылығы   мен
дарындылығының дамуына  жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен
өзінің   іс-қимылын   жүйелілікпен   атқаруға   қабілетті,   оқытудың   жаңа   технологияларын   толық   меңгерген   және   білімдік
мониторинг   негізінде   ақпараттарды   тауып,   оларды   таңдап   сараптай   алатын   отандық   және   шетелдік   тәжірибелерді
шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айта аламыз. Ал, жалпы, оқу үрдісіндегі құзырлылық дегеніміз –
оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу
үшін қолдана алу мүмкіндігі болып табылады.  Құзырлылық  – оқушы  іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Демек, мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін
бағдарлай   алатын,   шығармашылық   процестерді   басқара   алатын,   адам   туралы   ғылымның   жетістіктерін,   оның   даму
заңдылықтарын,   компьютерлік   оқыту   өнерін   толық   меңгерген   жан-жақты   дамыған   шығармашыл   тұлғаны   талап   етеді.
Негізінде,қабілеті   дамыған  оқушы,   математика,   физика,   биология,  әдебиет  сабақтарын  бірдей  жақсы  меңгеріп,    мектеп
шеберханасы, тәжірибе алаңы, зертханалық жұмыстардағы түрлі еңбек тапсырмаларын сәтті орындап отырады. Оқушыны
дамытуда   негізгі   пән   –   математиканың   алар   орны   ерекше.   Математика   барлық   ғылымдырдың   логикалық   негізі,   яғни,
математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, және әлемде болып
жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана
отырып,   оқушылардың   шығармашылық   ізденістерін,   өз   бетінше   жұмыс   істеу   белсенділіктерін   арттыру   барысында
теориялық   білімдерін  кеңейтіп,   логикалық   ойлау  қабілеттерін   дамытудың   бірден-бір  жолы   болып   табылады.   «Мұғалім
әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы   айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-
жақтылығы,құзіреттілігі арқылы айқындалады. 
19

     Бүгінгі күннің талабынан күтілетін нәтижелер - оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін,
өзіндік   дәлел,   уәждерін   нанымды   жеткізе   білетін,   ынталы,   сенімді,   сыни   пікір-көзқарастары   жүйелі   дамыған,   сандық
технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды
1*
. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін
басқару   органдарының   мұғалімдерді   тиісті   ресурстармен   қамтамасыз   ету   қызметінен   гөрі,   оқушыларды   тәрбиелеу,
дамытуға   бағытталған   мұғалімнің   сыныптағы   күнделікті   жұмысы   оқыту   үдерісі   мен   оқушылардың   оқу   нәтижелеріне
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –
мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011)
1*

         Оқытудың сапалылығы - оқушының тақырыпты өз бетімен меңгере   және бағалай алуы болып табылады. Мұндай
жетістікке оқушы мұғалімнің көмегімен және анағұрлым дамыған құрдастарының жетелеуімен жете алады.  Выготскийдің
айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған
өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер
арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық
1*
. Біріккен жұмыс іс-әрекетінде оқушының ойлау және
сөйлеу дағдылары дамиды. Осы іс-әрекеттерді басшылыққа ала отырып, мен өз сабағымда топтық жұмыстың нәтижесінде
оқушының сабақты өз бетінше меңгеруіне, өз пікірін ұсынуына, басқаларды және өзін өзі бағалай білу мүмкіндігіне қол
жеткізіп   отырмын.   Кері   байланыс   арқылы   сабақтағы   жетістіктерім   мен   кедергілерді   барынша   сараптап,   саралауға
дағдыландым. Білім берудегі табысты оқытуға жетудің бірден бір амалы – оқушыны сын тұрғысынан ойлауға жетелеу.
Сыни ойлауға жетелеу үшін, негізінен мен, оқушыларға тапсырма бергенде біржақты жауаптан гөрі, әртүрлі жауаптарды
қабылдай отырып, сол жауаптарды өздеріне сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен
идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау
жасау   және   басқалардың   идеяларына   күмәнмен   қарау   қабілеті   жетілдіруге   мүмкіндік   беремін.   Оқушылардың   білімін
бағалауда қалыптастырушы, яғни, оқу үшін бағалауды қолданамын. Әрбір сабақтың кезеңіне оқушылардың өздерімен бірге
критерий қою арқылы бағалау процесі жүреді. Бағалаудың нәтижесінде, оқушылар өз білімдерін
  саластырады және «Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деп ойлай отырып, оқушы    өзін басқа
біреумен салыстыру арқылы жетістікке жетуді ойлайды. Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыту
үшін әңгіме күшін қолдана отырып, күнделікті сабақта ойталқымен қорытындылаймын. Сұрақ қою маңызды дағдылардың
бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың
оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады
1*
. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін жоғары
және   төмен   дәрежелі   сұрақтарды   қоямын.   Төмен   дәрежелі   сұрақтарға   берілген   жауап   «дұрыс»   немесе   «дұрыс   емес»
болғандықтан,   негізгі   жауапты   алу   үшін   ойлау   үшін   ойлануды   қолданамын.   Жоғары   дәрежелі   сұрақтарды   қойғанда,
оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Яғни,
есептерді әртүрлі жолмен шығаруға тырысады және өз жауабын табу үшін басқалардың жауабымен салыстырады. Топтық
жұмыста   бір   шешімге   келу   үшін   осындай   тартыс   болады.   5   сыныпта   пайызға   берілген   есепті   шығару   барысында
оқулықтағы сұрақтармен шектелдік.  «Ыдыстың 

Ыдыстың неше пайызына су құйылған?

Ыдыстың неше пайызы бос?

100% үшін қандай шама алынған?»
     Бұл сұрақтарға оқушылар есептеу арқылы нақты жауап береді. Яғни, бұл төмен дәрежелі сұрақтарға жатады. Ал, жоғары
дәрежелі   сұрақтардың   дені   -   салыстыру,   басқа   да   есептің   шығару   мүмкіндіктерін   қарастыру,   негізгі   шешімді   табу.
Төмендегі теңдеуді шешуде түрлі шығару жолдары қарастырылады.   
    Есептің   шығарылуы:  Оқушыларға   жеке   жұмыс   ретінде   есепті   шығартамын,   сосын   есептің   шығару   жолын
салыстырамын. 
1) «Қалай ойлайсыңдар, есептің қайсы шығару жолын дұрыс деп аламыз?» 
2) «Неліктен?»
3) «Басқалай мысал келтіре аласыңдар ма?»
     Сұрақтар оқушының жауабын толық алуға, өз ойларын анық білдіруге және өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп
құрылуы   тиіс.   «Көмектесе   алатындар   бар   ма?»   деп   басқаға   бағыттауға   болады.   Оқушылардың   қабілеттерін   дамытуда
сұрақтардың маңызы зор. Өйткені, мұғалім сұрақ қою арқылы:

Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
3

білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі;

оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді; 

оқушыларға   сын   тұрғысынан   ойлауға   көмектеседі;  оқушылардың   бір-бірінен   үйренуіне,   басқа   оқушылардың
идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді; 

  әңгіме   және   ой   елегінен   өткізу   көмегімен   ойын   жинақтауға   көмек   береді,   іс-әрекеттерін   тереңдетеді   және
шоғырландырады; 

 оқытуды қиындатып, кедергі келтіретін қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды
1*

   Оқушының өзіне проблеманы шешуді және әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауына мүмкіндік жасаймын. 
     Сабақ басталарда оқу мақсаттары туралы айту және оларды бағалау критерийлерін оқушылармен таңдап, белгілегенде
оқушылардың   өз  біліміне  қатысты  белсенді  қатысу  қабілетеріне  қатты  әсер етеді.  Бұл  жерде  бағлау кезеңі   тиімді  іске
асырылса, оқушыларда рефлексия жасауға жеткілікті уақыт қалады. Оқушылар жұппен де, жеке де өз білім деңгейлерін
бағалауға   және   оған   қалай   жеткенін   түсінуге   мүмкіндік   алады.   Олар   өзін   және   бір-бірін   бағалайды,   бұл   тақырыпты
тереңірек түсінуге ықпал етеді және  өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алға қойған мақсаттарына қарай жылжиды.
Оқу мақсаттары мен оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдау арқылы тапсырманы орындау барысында оқушыны
бағыттап отырамын, тапсырманың орындалу мерзімі мен жұмыстың ұзақтығын белгілеймін, күтілетін нәтижелерді анықтап,
оқушылардың оқу үдерісін бағыттап, кері байланыс ұсынамын. 5 сынып болғандықтан, тапсырманың орындалу мерзімі мен
20

жұмыстың ұзақтығын өзім шамасын айтамын және оқушыларға  қайсы уақытты таңдауды  өздеріне қалдырамын. Сонда
оқушы өзін тәуелсіз, еркін сезініп, өзіне жауапкершілікті алып, дербес ойлау қабілеті артады. 
    Біріккен жұмыс іс-әрекетінде оқушының ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамытуда тиімді әдістерді қолданамын. Өткен
сабақты қайталау және еске түсіру үшін «Тоғысқан пікірталас» стратегиясын қолданамын. Топтың әрбір мүшесі берілген
тапсырма бойынша өз жауаптарын ортақ қағазға түсіреді. Берілген уақыт ішінде табысқа қол жеткізу үшін өз пікірлерін
бірі-бірімен салыстырады. Бұл жерде келіспеушілік, мақұлдау және өз идеяларын дәлелдеу іс-қимылы жүреді. 5 сыныпта
«Натурал   сандардың   бөлінгіштігі»   тақырыбында   топтарға   бірнеше   сандар   беріледі.   Сол   сандардың   қандай   сандарға
бөлінетіні туралы жазу оқушылардың пікірталасын туғызады. Сондай-ақ:

шешімді өлшей білу, қабылдау дағдысы қалыптасады; 

пікірлестер мен қарсыластарды ести алады және тыңдай біледі; 

қарама- қарсы көзқарастарды талдай біледі және түсіне алады ; 

қарсыластардың ұстанымын түсіну мақсатында сұрақтар қоюды үйренеді және тұжырымдауды үйренеді; 

дәлелдемелер арқылы сөйлеу дағдысы дамиды.
Өткен сабақты қайталау және еске түсіру үшін мынадай бір әдісті де қолданамын.   «Айналмалы сұрақтар шеңберінде»
оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып тұра қалады. Бірінші жағдайда ішкі шеңбердегілер сыртқы шеңбердегілерге
сұрақ   қояды.   Мысалы,   «Шеңбер   дегеніміз   не?»,   «Бұрыш»,   «Бұрыштың   түрлері»   деген   сұрақтар   қояды,   ал   сыртқы
шеңбердегілер   жауап   береді.   Келесіде   сыртқы   шеңбердегілер   сұрақ   қойса,   ішкідегілер   жауап   береді.   Жауап   айтылды
дегенде мұғалімнің ескертуімен бір қадам жылжып отырады. Бүл тәсілдің тиімділігі, дайындалмай келген оқушы сұраққа
жауап алады, ал дайындалып келген оқушы жауапкершілікпен   барын сала түсіндіреді. Сонда, оқушы өзінің құрдастары
арқылы   өткен  сабақты  еске  түсіреді.  Бұл  жағдайда,   оқушының   есте  сақтау қабілеті   артады,   өзінің құрдастары  арқылы
қарапайым түрде түсінік алады. 
     Осындай тиімді тәсілдерді математика сабағына лайықтап аламын. Бұл тәсілдердің оқушыға қалай әсер еткенін кері
байланыста жазылған оқушы пікірінен бақылап отырамын.     Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсаринның  «Мұғалімнің
жұмысы – балалар. Ендеше балалар түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны. Ол өзін-өзі
кінәлауы тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеп, шыдамдылық көрсетуі тиіс, мәнерсіз сөз, орынсыз
терминдер  пайдаланбау  керек»  деуінде   мән-мағына   жатыр   емес   пе?   Бұл,   сөз   жоқ,   қазіргі   мұғалімнің  қасиеті.   Мұғалім
оқушыны жалықтырып алмау керек. Әрбір баланың психологиясын сезе білу қажет. Оқушының қабілетіне қарай тапсырма
беріліп,  «жеңілден  қиынға» ауысқанда  оқушыға  тапсырма  оңайырақ  болады. Әрбір кәсіп иесі өз мамандығының  асқан
шебері болуы үшін онда зерттеушілік ынта , қабілет болуы тиіс. Бұның өзі көп еңбектенумен , тер төгумен келетін іс екені
анық.
       Математикалық біліктілік - әр түрлі дәрежеде - ойлаудың математикалық нысандары мен ұғымдарын пайдалана білу
мүмкіндігі. Адам негізгі математикалық қағидаттар мен процестерді күнделікті жағдайда, үйде, жұмыста қолдана білуі,
дәйектемелер тізбегін анықтап,бағалай алуы тиіс. Сондықтан, менің оқушыларым сабақта алған білімдерін өмірде қолдануы
үшін сыни тұрғыдан ойлай отырып, есте сақтау қабілеті дамиды деп есептеймін. 
     Білім берудегі құзырлылықты ізгілендіруде мұғалімнің рөлінің орны орасан зор болып отыр.  Балаға деген құндылық
қатынас пен баланың дамуы мектептің басты мақсаты екендігі белгілі. Ендеше, білім берудегі шешуші рөл – мұғалімдікі
екені айқын.
        Мен дәстүрлі сабақтан   гөрі,  сын тұрғысынан ойлау және сөйлеу қабілеттері жетілген оқушыларды  қалыптастыру
үшін өзімнің сыни 
ойлауымды қалыптастыруға  көп күш салдым. Менің сыни ойлауға  және сөйлеуге  бағыттау арқылы оқушылардың  есте
сақтау қабілетін жетілдіру жұмыстарымның нәтижесі - жан-жақты ақпараттанған, өз идеялары мен күш-қайраттарын ізгі
істерге арнайтын азаматтарды тәрбиелеуге көмектеседі деген ойдамын.
Қолданылған әдебиеттер:
3.
Мұғалімге арналған нұсқаулық  ( «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013 жыл).
4.
Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру. «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚФ ОҚО ПҚБАИ 
(Шымкент-2014 жыл)
*****
21

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауланы, Сырдария елді мекені
С. Адамбеков жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
 Айдарова Салтанат Оспаналиевна
Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
С.Айдарова мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  
М. Асированың  қысқа мерзімдік жоспары
Сабақтың тақырыбы:Қазақ батырлары . Ер қаруы-бес қару. Заттың санын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаты:Заттың санын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау. Қазақ батырлары 
туралы мағлұмат беру.Жаттығулар орындау арқылы балалардың тіл байлығын дамыту. 
Оқушыларды елін, жерін сүюге елжандылыққа тәрбиелеу.Қазақ тіліндегі сөздерді ағылшын тіліне 
аударып айтып отыруға дағдылану
Сабақтың нәтижесі: Заттың санын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтайды.Қазақ батырлары туралы мағлұмат 
алады. Жаттығулар орындау арқылы балалардың тіл байлығын дамиды. Қазақ тіліндегі сөздерді ағылшын тілінде айтуға 
дағдыланады
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Идеялар себеті», «Таза тақта», «Доп лақтыру», «Өкіл», «Кубизм» бағалау техникасы
Сыныбы: 1 а
Өтілетін күні: 22.04.2016 ж
Уақ
ыты
Сабақтың 
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қолданылатын 
ресурстар
5мин
Топқа бөлу
Топ ережесін 
құру
«Идеялар 
себеті» әдісі
І.Топ басшыларына оқушыларды бір-бірлеп
шақыртып,қазақ және ағылшын тілінде  
анықтама бере отырып топқа біріктіру.Топ 
1,2,3, сандар арқылы  топқа бөліну.
Сыныпта жағымды атмосфера 
қалыптастыру және сабақтың сәтті шығуы 
мақсатында сыныпта топтық ереже 
ұйымдастыру. 
Сабақ барысында не істейтіндерін стикерге 
жазып себетке толтыру.
Топ басшылары 
оқушыларды бір-бірлеп 
шақырып,қазақ және 
ағылшын тілінде  анықтама 
бере отырып топқа 
біріктіреді. 
Сабақ барысында не 
істейтіндерін стикерге 
жазып себетке толтырады.
Белгі 
парақшалары
Стикерлер,себетті
ң суреті

мин
Үй 
тапсырмасын 
сұрау
«Доп 
лақтыру» 
ойыны
Доп лақтыру арқылы «Абылай хан» туралы 
сұрақтарға жауап алу.
Сұрақтарға жауап береді.
Доп

мин
Жаңа сабақ
«Сұрақ-
жауап» әдісі
«Төлін тап»
Төрт түліктің төлін тапқызады.Оның ішінен
қозыны тапқызу.Қазақ,ағылшын тілдерінде 
айтқызу.
Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтары заттың 
санына қойылатынын білдіру
Дәптермен жұмыс.142-жаттығуды 
орындату. Ондағы заттың саны мен түсін 
білдіретін сөздерге сұра5ына жауапалу,
көшіріп жазу.
Ағылшын тіліне аудару
Суреттерді  көріп, 
ойланады.Ойларын ортаға 
салады. Сұрақтарға жауап 
береді.
Төрт түліктің төлін табады, 
оның ішінен қозыны 
табады.Қазақ,ағылшын 
тілдерінде айтады.
Қанша?Неше?Нешінші? 
сұрақтары заттың санына 
қойылатынын біледі.
142-жаттығуды орындайды. 
Ондағы заттың саны мен 
түсін білдіретін сөздерге 
сұрақ қояды,көшіріп 
жазады.
Ағылшын тіліне аударады.
Интербелсенді 
тақта,түрлі-түсті 
суреттер, дәптер

мин
«Миға 
шабуыл» 
әдісі
143- жаттығуды орындау.
Өзіндік  жұмыс жүргізу. Қабырғадағы 
сандар мен суреттерді ретімен әкеліп 
орналастыру.
Сандар мен сөздерді қазақ және ағылшын 
тілінде айтқызу.
Қабырғадағы сандар мен 
суреттерді ретімен әкеліп 
орналастырады.
Сандар мен сөздерді қазақ 
және ағылшын тілінде 
айтады.
Түрлі-түсті 
суреттер

мин
«Таза тақта»
әдісі
144-жаттығу орындату.  Неше? Нешінші? 
сұрақтарына жауап беретін сөздерді өз 
бағанына тауып жазғызу. Оқушыларға 
топта орындатып, тақтаға әр топтан  бір 
оқушы шығып жазу. Дұрыс орындалған 
тақтаны өшіру
Салыстыру арқылы заттың санын табу, 
Неше? Нешінші? 
сұрақтарына жауап беретін 
сөздерді өз бағанына тауып 
жазады. Оқушылар топта 
орындап, тақтаға әр топтан  
бір оқушы шығып жазады. 
Салыстыру арқылы заттың 
Тақта,бор,кітап,дә
птер,ручка
22

өзгешілігі сұрақтарында екенін білу.
санын табу өзгешілігі 
сұрақтарында екенін біледі.

мин
«Өкіл» әдісі
Бейнефильм арқылы тақырыпты ашу.
Сұрақ қою:
-Батыр дегеніміз кім?
-Батыр не істейді?
Мәтінді түсініп іштей оқыту, топта 
талқылау, айту 
тттттттопташшшшшйтубарыптүсінігін 
айтқызады.
Мәтіндегі Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай 
Бейнефильмнен қазақ 
батырларын көреді, 
батырдың кім екенін біледі.
Оқушылар сұрақтарға 
жауап береді.
Мәтінді түсініп іштей 
оқиды, топта талқылайды, 
әр топтан біреуі айтады 
Бейнефильм, 
кітап, суреттер

мин
«Сәйкестенді
ру»  әдісі
«Ер қаруы- бес қару» тақырыбына 
байланысты қаруларды сәйкестендіру  
арқылы орналастыру.
Қорытынды:ауызша    мақал-мәтелдер 
айтқызу.
Сабақ соңында «Туған жер» әнін тыңдату.
«Астана» бейне фильмін көрсету
Батырдың   жауға   шапқанда
астында   ат   ,   қолында   қару
болатынын
біледі,түсінеді.
 
Батыр
қаруларын   атайды.Оларды
өз   аттарына   сәйкестендіріп
қояды.
Тақырыпқа сай мақал- 
мәтелдер айтады.
Оқушылар ән айтады, 
бейнефильм көреді.
Түрлі-түсті 
суреттер, баян, 
бейнефильм
3мин
Кері 
байланыс     
«Кубизм» 
әдісі
Мұғалім сұрақ қою арқылы рефлексия 
алады.
Не қызық болды?
Не қиын болды?
Не үйрендің?
Не ұнады?
Сабақта қалай жауап бердің?
Кімнің жауап бергені ұнады?
Оқушылар «кубизм» әдісі 
бойынша тиісті сұрақтарға  
жауап береді.
кубик

мин
Бағалау
Үй 
тапсырмасын 
беру
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
143-жаттығу: Мақал
Қазақ батырларын жаттау
Балалар тиісті бағаларын 
алады.
Үй тапсырмасын жазады.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы
                            С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі
тарих пәнінің мұғалімі  Акимов Кайрулла Шамшатдинович 
«Тас дәуіріндегіндегі Қазақстан» тарауын қайталау
    Сабақтың мақсаты:
  Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде 
қосымша деректер арқылы тас дәуіріндегі Қазаұстан тарауын қайталау, сыни тұрғыдан ойлауға 
қалыптастыру,өз білімін бағалауға, ұжым болып жұмыс істеуге дағдыландыруға;
  Тәрбиелік:Алғашқы қауымдық кезеңдегі адамдардың тарихын, шаруашылығын, мәдениетін, 
еңбек құралдарын олардың жасалу тәсілін археологиялық ескерткіштерін талдай отырып 
құрметтиеуге тәрбиелеу;
  Дамутышылық:Оқушыларды ойлантуға, өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға өз бетімен
жұмыс жасауға, шығармашылығын дамытуға.
      Сабақтың түрі: Аралас сабақ.     Сабақтың әдісі: ТСО, баяндау.
      Пәнаралық байланыс: Еңбек, география, информатика
      Көрнекі құралдар: Тас шапқылар (макет), кесте, видеопроектор.
           Сабақтың барысы.  
      І.Ұйымдастыру бөлімі.         ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
      Еңбек пәнінен тас шапқылар жасау,олардың жасалу тәсілдерін түсіндіру.
      ІІІ.Кіріспе сөз.  Балалар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда өзгешелеу өтеді.Ерекшелігі сіздер бір-
біріңізді бағалайсыздар, топ болып жұмыс атқарасыздар. Сабағымызды бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша 
сұрақтар қоямын.

Ежелгі Қазақстан тарихы неше кезеңнен тұрады?

Адамзат дамуындағы ең ұзақ уақытты қамтыған тарихи кезең?

Не себепті тас дәуірі деп аталды?

Алғашқы адамдардың қандай тас құралдары болған?

Алғашқы адамдар қалай аталады?

Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?
      –Олай болса балалар сабағымызды жалғастыру үшін,өздеріңіз атап өткендей, тас дәуірінің кезеңдеріне бөлінеміз. 
Үстелдеріңе атау қоямын, кім қай топты таңдайды,соған ауысып отырасыздар.
23

      –Не үшін осы топты таңдадыңыздар?(жауабы тыңдалады)
     Балалар,бағалау парақтарыңызды үлестіре отырып мынандай талап қоямын.

Жауап берген оқушыны тыңдау.   Топтағы оқушыға көмектесу.  Әділ бағалау.

Қатыспай қалған оқушы болмау керек
      Сабағымыздың мақсаты: Өткен тақырыпты қайталай отырып, білімімізді саралау,топпен жұмыс жасау, қосымша 
деректермен танысу.
      Кесте үлестіру.І Қызығушылықты ояту. (бүгінгі сабақ туралы оқушы не біледі, не айта алады, бұрынан білетінін еске 
түсіру, ой қозғап әсер ету кезеңі).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет