Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00



жүктеу 6.23 Mb.
Pdf просмотр
бет5/30
Дата21.03.2017
өлшемі6.23 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

1.Ауызша дөңгелек үстел. Мұнда негізінен әр топтың оқушылары өз кезеңі бойынша мағлұмат береді. Бұл тапсырмада 
бірінің сөзін қайталамайды. Тақырыпты еске түсіру.
       2. «Сандар сөйлейді» ойыны. Жылдар жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім 
үндемейді,қол көтеріп айтады.
       1891 ж. Б.з.б., 2 млн-140 мың жыл, б.з.б. 140-40 мың жыл, 1-2 см, б.з.б. 40-12 мың жыл, 10 мың жыл бұрын, 100-13 мың 
жыл бұрын, б.з.б. 12-5 мың жыл, б.з.б. 5-3 мың жыл, 500-200 мың жыл, 100-35 мың жыл.
       Кестелеріңізге хронологиялық ауқымын жазыңыздар.
       ІІ.Мағынаны ажырату. (сұрақ арқылы өз бетімен ойларын айтуға,тапсырмалар орындауға бағытталады).
        1.Тас дәуірінің кезеңдеріндегі ерекшеліктер.Ассоциация құру
        Ерте палеолит–тас еңбек құралдарын жасай білу,аң аулау,терімшілікпен айналасу, тобыр болып бірігу, хайуаннан 
еңбек құралдарынжасау арқылы бөлініп шығу.
        Орта палеолит–от алуды үрену,аналық рулық қауым п.б. неандерталдық адам п.б.
        Кейінгі палеолит–кроманьонның қалыптасуы, баспана сала білу, жеңіл найза, ілмекті сүңгі, болас жасай білу.
        Мезолит(орта тас ғасыры)– жебе мен садақ,бумеранг,гарпун,балық аулау,қайық шықты,дәнді дақылдарды өндіру, 
жануарларды қолға үйрету.
        Неолит (жаңа тас ғасыры)–жер өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу,қыш құмыра жасау, өнімді еңбек т.б. 
«Неолит төңкерісі» – деп атаған.
       2.Еңбек құралдары мен жасалу тәсілдерін атау.
       Ерте палеолит –жарып түсіру тәсілі.Чоппер,чоплинг.
       Орта палеолит –Нуклеустік тәсіл.Қырғыш.
       Кейінгі палеолит–Ретуштік тәсіл.Жеңіл найза,ілметі сүңгі,болас.
       Мезолит–пышақ тілгіге сап орнату.Садақ,жебе,бумеранг,гарпун.
       Неолит–тасты кесу,жону,жылтырату.Балта,кеппен,дән үккіш.
       3.Сызбаны толтыру.
       Қоғамдық құрылысы
       Ерте,орта палеолит– тобыр болып біріккен.
       Кейінгі палеолит–Рулық қауым.
       Археологиялық ескерткіштері
       Ерте палеолит–Маңғыстау түбегіндегі Шақпақ ата, Арыстанды өзені бойындағы ескерткіштер
       Орта палеолит–Оңтүстік Қазақстан,Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан.
       Кейінгі палеолит– Шығыс Қазақстан Шульбинка, Оңтүстік Қазақстан Арыстанды өзені бойындағы ескерткіштер.
       Кәсібі         Терімшілік,аңшылық.
       Қоғамдық құрылымы
       Мезолит–Рулар мен тайпалар
       Археологиялық ескерткіштері
       Солтүстік Қазақстан: Мичурин, Боголюбово, Явленка,Тельман.
       Орталық Қазақстан: Әкімбек,Қарағанды.
       Кәсібі     Терімшілік, аңшылық, балық аулау,  жануарларды қолға үйрету,т есемен жер өңдеу.
              Қоғамдық құрылымы          Неолит– рулық қауым ыдырап, көршілер қауымы пайда болды.
        Археологиялық ескерткіштері
       Солтүстік Қазақстан:  Пеньки селосында–Еңбек құралдары.
       Орталық Қазақстан: Қарағанды,Зеленая Балка–үй малының қаңқасы
       Жезқазған өңірінен –150-ге жуық тұрақ табылған.
       Шығыс Қазақстан аймағынан – құрал-саймандар.
       Кәсібі         Жер өңдеу, тоқымашылық,  жіп иіру, қыш құмыра.
       ІІІ. Ой толғаныс.
       5. Мақал-мәтел. Міне балалар, біздер бүгін кесте мен сызбаны толтыру арқылы тас дәуіріндегіҚазақстан тарауын 
қайталадық. Соның ішінде алғашқы қауымдық кезеңіндегі адамдардың дамуы сатысын, еңбек құралдарын, арх.ескерткіштер
мен шаруашылығын, қоғамдық құрылымын білдік. Адамдар ненің арқасында дамып жетілді?
        – Еңбек арқылы.Халық– «Еңбек–адамның екінші анасы»дейді. Еңбек арқылы адам өседі, жетіледі.Еңбек адамды 
үйретеді,пысытады,ширатады,бірлікке шақырады. Сондықтан біз «еңбек- әрі мұғалім, әрі тәрбиеші»дейміз.Осы еңбек 
арқылы алғашқы бірлесе отырып дамып,жетіліп, білгенін бір-біріне үйреткен.
        –Олай болса, кім-қандай еңбек туралы мақал-мәтел біледі.
        6.Көп нүктенің орнынатиісті сөздерді қойып жазу
        7.Сұрақ-жауап. Әр топ бір-біріне сұрақ қояды.
        ІХ.Қорытынды.   Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
        Х.Бағалау
        ХІ.Үйге тапсырма. Тарихи шығарма «Адамды адам еткен еңбек»
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы
«Нұрбалапан» бөбекжай – балабақшасы «Ертөстік» тобы    
Адиетова Айнагүл Талгатовна
24

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
                                                 
         Тақырыбы: Үй құстары(балапан).
Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімдері:Мүсіндеу
Мақсаты:Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту,үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру, балаларға осы 
түсініктерді бере отырып,ақыл-ойларын дамыту,үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге,еңбексүйгіштікке 
тәрбиелеу.Тауықтың балапандарын мүсіндей білуге үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Балаларға үй құстарының суретін 
                                                                  көрсетіп,құстармен таныстыру.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,әңгімелеу, т.б.
Қажетті көрнекі құралдар:Тауық, әтеш, жұмыртқа,балапан,
                                                  дидактикалық  материал.      
Қостілділік компонент/билингвальный/: Тауық-курица, балапан-цыплёнок.
Іс-әрекет
Кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Себепті 
қызығу-
шылығын
ояту 
кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Көңіл-күйлерің қалай?
       Ертеңгілік жиын.
       Шаттық шеңбері.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің мәні гой.
Ал, кәнекей, бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
-Балалардан жыл мезгілдерін сұрау.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Кәне, атайықшы балалар?
-Сәлеметсіз ба, 
апай!
-жақсы.
-Балалар шаттық 
шеңберін қимыл-
қозғалыс арқылы 
жасады.
-қыс.
-үш ай бар.
-желтоқсан,қаңтар 
ақпан.
Ұйымдас-
тырушы-
лық
ізденіс
кезеңі
-Балалар өткен оқу іс-әрекетін естерімізге түсірейік.
-Не туралы екенін.
-Жаңа оқу іс-әрекеті.
-Ендеше бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:Көгалдағы балапандар.
-Балалар, біз қандай құстарды білеміз?
-Құстар екіге бөлінеді.Үй құстары және дала құстары болып.
-Үй құстарына қандай құстар жатады?
-Үй құстары пайдалы етін жиміз, мамығынан жастық жасаймыз,жұмыртқаларын 
дәмді тағамдарға пайдаланамыз.
 -Ал балалар дала құстарына аққу,қарлығаш,қараторғай,көгершін т.б жатады.
-Дала құстардың айырмашылығы балалар етін, жұмыртқасын 
пайдаланбаймыз.Бірақ оларға қамқор болуымыз керек.
-Үй құстарымен дала құстарының дене мүшелері бірдей болады.
-Ал дала құстары өз бетінше өмір сүре алады.Өте биік ұшады,аң аулайды.
-Құстардың дене мүшелерін айтайық.
-Денесі,басы,тұмсығы,қанаты,аяғы.
    
            Ғажайып сәт
-Балалардың назарын топтың шетінде тұрған кішкене тауық күркеге аудару.
-Балалар, қараңдаршы, тауық күркенің есігі жабық тұр.Біз тауыққа көмектесейік. 
Ол үшін сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін дұрыс тапсаңдар мына 
тауық күркенің есігі ашылады.
                Жұмбақтар
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.
Табаны бейне алақан,
Мынау қандай балапан.
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу,томпаңдап.
-Ал , балалар, мінекей тауық күркенің есігі ашылды.Енді бірігіп жаттығу жасайық.
             
-Құстарға арналған
жемдер.
-Құстар туралы.
-Тауық,қаз, үйрек, 
балапан.
-Денесі 
тұмсығы,басы,
қанаты,аяғы 
болады.
-(Әтеш).
-(Үйрек).
-(Балапан).
-Балалар сергіту 
сәтін қимылмен 
жасады.
-Сары болады.
-Сары түсті 
25

               Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
-Балалар тауықтың мамықтай балапандарын көріп жүрсіңдер және тауықтар өз 
балапандарын өте жақсы көреді. Олар бағып,қарайды.Біреуі артта қалып қойса, 
мазалана қыт-қыттап оны күтіп тұрады.Жерден бірнәрсе тауып, алса балапандарын
қасына шақырады.
-Балапандардың түсі қандай болады?
-Балалар осы балапанның бейнесін мүсіндейік.Ермексаздан қандай түсті 
аламыз.Денесін үлкендеу дөңгелек жасап,ал басын кішкентай дөңгелек жасап 
балапанның мүсінін келдіреміз тұмсығымен,аяқтарын
орнатамыз.Осылайша балапанның мүсінін мүсіндедік балалар.
Ойын: «Ұшты -ұшты»
-Шарты:Балалар дөңгелек болып тұрады.Ұшатындарды айтсам қолымызды 
шапалақтаймыз.Ал енді ұшпайтын заттарды айтсам шапалақтамаймыз.
-Балалар ойынның шартына түсіндіңдер ме?
-Ойын әрі қарай жалғаса береді.
ермексазды
-Иә түсіндік.
Іс-әрекетті 
бақылау 
кезеңі
-Балалар бүгін біздер немен таныстық?
-Үй құстардың айырмашылығы балалар адамдар үйде суын,жемін беріп күтіп 
бағады.
-Үй құстары да, дала құстары да балапандайды.
Біздер нені мүсіндедік?
-Ненің балапанын?
-Балалар, біз құстарды әрқашан қамқорлыққа 
алуымыз керек.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсене қатыстыңыздар. Мен сендерге жұлдызша 
таратамын.
-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді «Бала,бала балапан» әнімен аяқтаймыз.
-Балалар сау болыңыздар!
-Үй құстары мен 
дала құстары және 
балапанмен 
таныстық.
Балапанды.
-Тауықтың 
балапанын.
-Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:  Балапан жасаудың ерекшелігін.
Қандай түсініктерді игерді: Үй құстары мен дала құстарын ажыратуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ермексаз арқылы балапанның бейнесін жасай білуді.
*****
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала мектеп-гимназиясының 
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Борашева Салтанат Жанғалиқызы
Заманауи сабақтарды дамыту- мұғалімнің басты міндеті
Елбасымыз   Н.Назарбаев   Қазақстан   халқына   арналған   жылдағы   дәстүрлі   Жолдауындағы   «100
нақты қадам» бағдарламасында білім саласының қызметкерлері  алдына үлкен міндеттер қойды.
«Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр...
Мектеп   түлектері   қазақ,   орыс   және   ағылшын   тілдерін   білуге   тиіс»-   деп   атап   көрсетті.   Осы
бағытты Бағдаршамдай ұстанып еңбектену - басты мақсатымыз.
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді. Бұл жайт елдің білім беру жүйесіне де ықпалды
әсер етуде. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін
бастан өткеруде. Бұған әр ұстаз өз бағыты мен тәжірибесін толық ұсынып, жаңалықтарын осы сала барысында қолдануға
шек қойылмаған. 
Қазіргі таңда білімді шәкірт - қоғам және мемлекет дамуындағы басты, сенімді тұлға ретінде қарастырылады. Заманауи
жағдайлардағы оның нақты мақсаты – шығармашылыққа, өзгеріске толы   заман жағдайында өз тағдырын және қажетті
кезеңде халық жағдайын да өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру. Білім беру жүйесіндегі үрдістер
халықтың   жалпы   білім   деңгейінің   өсуімен,   білім   беру   жүйесінің   үзбей   қалыптасуымен,   тілдерді   меңгеруге   деген
құлшыныстың   ұлғаюымен   сипатталады.Сәйкесінше   елімізде   білім   беру   жүйесінде   оқытудың   әдіснамасын   жаңарту
үрдістері, білім беру мазмұның құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы,
білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. жағдаяттар толық байқалу  үстінде. Бүгінгі таңдағы педагогика  ел
қажеттілігіне   жауап   беретін,   қоғамның   қарқынды   дамуына   ілесе   алатын   білім   беру   мақсатына   және   жеке   тұлғаның
жаңартылған әлеуметтік рөліне баса назар аударады. 
Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет –
баланы   құрметтеу.   Оның   адамшылық   ар-ожданын,   намысын,   тұлғасын   жасына   қарамай   сыйлау,   құрмет   тұту.   Бұл
мұғалімнің
 
терең
 
дүниетанымы
 
мен
 
үлкен
 
жүрегінен
 
келіп
 
шығады. 
     Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-
жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет
ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе - күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ
жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да
ұстазды әрі баланың жан-дүниесін танып-білуші, әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы,  ел болашағының мүсіншісі
26

деуге болады. «Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары
беделді адамдарға ықпал етуші  дана адам. Мектептегі  ұстаз – баланың екінші  ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер
ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен
ақыл,   ойының   қуаты   талай   тентекті   жуасытып,   небір   еркені   сабасына   түсіреді,   тәртіпке   баулып,   есейтіп,   ержеткізеді.
Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:      
   «Ақырын жүріп, анық бас, 
   Еңбегің кетпес далаға. 
   Ұстаздық еткен жалықпас, 
   Үйретуден балаға»,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан
шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында
тұрған   басты   проблема   –   жаңа   формацияның   жаңа   ұстазын   қалыптастыру.   Жаһандану   дәуірі   –   әлемдегі   елдердің
бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы
инвестиция   саласы   ретінде   еліміздің   экономикалық,   әлеуметтік   және   саяси   даму   тұрақтылығын   қамтамасыз   етеді.
Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен,
ал   Қазақстан   үшін   ауыл   мектебінен   басталады”,   -   деген   болатын.   XXI   ғасыр   ұлттық   бәсеке,   ақпараттық   сайыс,
инновациялық   технологиялар,   күрделі  экономикалық   реформалар  сияқты  көріністерімен  ерекшеленеді.  Сол  кезеңге  сай
интеллектуалды,   дені   сау,   ой-өрісі   жоғары   дамыған,   халықаралық   деңгейге   сәйкес   білімі   бар  азаматты   тәрбиелеу  -   әр
мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты -
рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.
     Уақыт дөңгелегі тоқтаусыз алға жылжып, өркениет дамыған сайын, қоғам қозғалысының қарқыны күшеюде.Үздіксіз
ақпаратты   қоғамда   өмір   сүру,   мәдени   аралық   қатынас   ауқымының   кеңеюі,   ғаламдық   мәселелердің   туындауы,
бәсекелестіктің тез өсуі  – ел болашағы жастардың бойына білім мен біліктіліктің жаңа сапасын қалыптастыруды қажет
етеді.  Қай қоғамда  да  қандай  кезеңде  де  ұрпақ  тәрбиесінің  алатын  орны  ерекше.  Әрбір атар таң  озгеріске  толы қазігі
жауапты   кезеңде   замана   көшінен   қалып   қоймағаныңыз   жөн-ақ.   Білім-теңізді   нарық   дауылы   шайқап-шайқап   өтетініне
қарамастан,   мектеп-кеме   әзірге   бағытынан   жаңылған   жоқ.   Әзірге   ...   деп   көңілімізді   күдік   ұялата,   сенімімізден
қорқынышымыз басымдау бүгінгі, дәл қазіргі сағатта шешімін табар мәселелердің көбі-ақ педагогика еншісінде.
     Қазіргі білім беру жүйесінің  заманауи кезеңінің негізгі мақсаты – әр адамды өмір бойы оқуға, жаңа білім және дағдылар
алуға, технологияларды меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға, тәуекел етуге және өзіне жауапкершілік пен
міндеттеме ала білуге, нәтижелі еңбектену үшін ынталы  ортаны құру болып табылады. Бұл кезеңнің мәнін мектептегі білім
беруде  әр баланың қабілетін және дарынын анықтау мен дамытудың жан-жақты механизмдерінің жасақталуымен сипаттауға
болады
      Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден,  елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық
дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен
сауаттылықтың сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде
ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір
сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың
жиынтығы   (оқу,   жазу,   санау,   сурет   салу   және   т.б.)   ретіндегі   тілдік  сауаттылық   қазіргі   кездегі   әлеуметтік   сұраным
талаптарымен сәйкес келе бермейді. Сындарлы оқыту жүйесі мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт  талабына  орай
өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай жетілдіру үшін «Нәтижеге бағдарланған білім»
моделін ұсынады. Мектеп түлектерін өмірде болып жатқан өзгерістерге дайындау және білім беруді заман ағымына сай
өзгерту мақсатында оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген игерілген білім, іскерлік, дағды және білім
беру салалары бойынша құзыреттіліктер. 
          Мұғалімнің   міндеттері:   басқарушы,   ұйымдастырушы,   жетекші,   “оқытушы”,   қамқоршы,   көмекші,   тексеруші,
оқушылардың   жаңа   ақпаратты   өз   бетінше   меңгеру   дағдысының   қалыптасуына   жауап   береді.   Оқушының   міндеттері:
басқарушы, ұйымдастырушы, іске асырушы, ақпаратты өз бетінше меңгеруге және оның нәтижесіне жауап береді , т.б.
         Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен қолға алынып жатқан білім берудің   жаңа талаптарына сай- адам капиталын
дамыту  бүгінгі   мектеп   мұғалімдерінің   кәсіби   деңгейіне   тікелей   тәуелді.   «2030   жылға   қарай   Қазақстан   Орталық   Азия
барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады» деген қанатты сөзі шындыққа айналып, экономикалық көшіміз
екпінді елулікке еніп,енді озық отыздықтың ордасына бет бұрдық.Осыған орай оқушылардың білімін, қызығушылығын
ескеріп , әр мұғалім нақты жағдайға сай бағдарламаны өзінше толықтырып, өзгертіп отырғаны жөн. Бұған жол ашық.
         Қазақ халқы – қашан да саналы салтын шыңдап өскен халық. Бүгінгі таңда қайырымдылық, мейірімділік, шешендік,
ақындық, имандылық, өнерпаздық сияқты ғасырлар бойы  қалыптасқан ұлттық қасиеттерімізді жоғары бағалауға ниеттеніп,
құлшынып, өркениетті өмірге өрлей бастадық.
         Халық педагогикасының нәрімен сусындаған, күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан бірден-бір   киелі мұра-ауыз
әдебиеті. ХХІ ғасырдағы компьютерлік ғылымның дамуы және ғаламдану үрдісі ұлттық әдебиетімізді, оның жанрларының
сақталу және даму мәселелеріне ықпал етпей, айналып өтеді деу қиын. Халқымыз ұлды ерекше қастерлеген. Бөлек тәрбие
жүргізген. «13-те отау иесі» деген. Сәл нәрсеге иелік ету адамға жауапкершілік жүктейді, ал отбасына иелік ету… Кешегі
атасына бүгін мүлде ұқсамайтын қазіргі жас ұрпақ, өзімдік «Мен-ін» қорғап шыға алмай, жаһандану аждаһасының аузына
жұтылып кетпесе игі еді?! - деген күдікті һәм қасіретті ой көңілімізге қорқыныш ұялатады. Сондықтан ұстаздар қауымы
ерекше күшпен, толыққанды азамат тәрбиелеуге бар күш жігерімізді жұмсаймыз. Ата-бабаларымыз өмір сүрудің өзіндік
ұстанымдары мен қағидаларын, заңдылықтары мен ережелерін өздері жасап, оны ұрпағының толық меңгеріп бұлжытпай
орындалуына жеке қадағалап отырған. Соның нәтижесінде «Азамат» тұлғасын қалыптастырған. Біз де сол ізбен жүруге
және «жүргізуге» тырысып бағамыз.
        Өмірде   өз   ерекшеліктерімен   еріксіз   көз   тартатын   «киіз   үй»   -   бабалардың   баспанасы,   өзге   өркениетті   елдердегі
тұрғызылатын тұрғын үйлерге түгел анти (қарама-қарсы) бағытта құрастырылған.
1
        Шаңырақтан   басталатын   баспана   уықтың   басын   бекітеді,   уық   кереге   мен   шаңырақ   арасын   қосатын   негізгі   бөлік,
«Ұрпағым саған айтам» атты кітабында Ділда Тасмағамбет келіні: «шаңырақ-әкең, уық-шешең, кереге-балалар, бірінсіз-бірі
кәдеге аспайды, өзара бірін-бірі толықтырып тұрады деген өнегесін тіл сабағында да,әдебиетте де қолданамын.  (37 бет)
27

    Шаңырақ көкке жақын, ал осы үйдің отағасын біздер «көке» дейміз. Салт бойынша да, астрология ілімі бойынша да өзара
байланысы бар.
    Қазақта «Шаңыраққа қара!» деген тиым сөз бар. Мұның мағынасы әр қазаққа етене таныс.
      Осындай бабаларымыздан берілген ұлағатты тәрбиеші әр сабақ сайын өз тәжірибемде пайдалануға тырысып келемін.
Мәселен 5-сыныпта М.Жұмабаевтың  «Қысқы жолда», «Сағындым», «Балалық шақ» деген өлеңдеріне қоса «Мен жастарға
сенемін», «Мен кім?», «От» өлендерін қосымша оқытып, түгелге жуық жаттап алдық.
    «Арыстандай айбатты, 
    Жолбарыстай қайратты,
    Қырандай күшті қанатты,
    Мен жастарға сенемін.» 
       «Атамұра» баспасынан авторлар жинағымен шыққан «Әдебиет» оқулығында «Еліңді, жеріңді сүйсендер Мағжандай
сүйіп, Мағжандай жаза біліңдер» деп берілген таныстыру өмірбаяны да тегін жазылмаса керек.     
     Сондықтан осы 7-сыныпқа «Сүйемін» өлеңіне, 8-сыныпта «Сағындым» деп жалғасатын Мағжан шығармашылығы, 11-
сыныпта   поэмалары   мен   дастан,   өлең   жырларына   түгел   талдау   жасалынады.   Оқыту   барысында   әдебиеттегі   көптеген
шығармаларға азаматтық тәрбиеге баса көңіл бөлінеді, алайда соны талдап жеткізу, мазмұндау өз алдына бір үлкен парасат
пайымдауды қажет етеді.  Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев   Қазақстан халқына  арнаған дәстүрлі Жолдауында
қазіргі білім сапасы жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі қажеттігін және 2020 жылға дейін орта білім беруде  12
жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс жасауы үшін барлық қажетті шаралардың қабылдануы қажеттілігін,     бәсекеге
қабілетті білімді ұрпақ тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы екендігіне баса назар аударған болатын.
     Осы орайда «оқушы, оқытушы, ата-ана үштігі» үлкен роль атқаратынын баса айтқым келеді. Сабақта сіңіре алмағанын
немесе айтылғандарды ұғып қорыта алмаған жағдайда ата-ана көмекке келуі  керек. Бұл жерде тапсырманы ұл-қыз деп
бөлместен бәріне ортақ бірге талданып, өршіл рухтағы өлеңмен намысымызды қайрай түсуіміз керек. Біздің халқымызда
азаматтық тәрбиенің атадан балаға мирас болып келе жатқан сабақтастық екендігі даусыз. Қазақ тілі сабағы бойынша да
тәрбиеге бағытталған материалдармен жұмыс кезінде тұтастай талдау жүргізуге болады. Сәйкесінше жаттығулармен де осы
бағытта жұмыстанамыз. Лексика, Морфология бөлімдерін оқығанда ұлылар өмірінен алынған мәтіндер, даналық, шешендік
сөздер, дәстүрлерге байланысты мәтіндер мен жаттығулар, диктанттар т.б. осы тәрбие негізін ашуға болатын жағдаяттар.
Мысалы: «Көнерген сөздер» тақырыбында бүгінгі таңда мағынасы көптеген өзгеріске ұшыра отырған «Тәбәрік» «Аманат»
сөздері туралы мол түсінік берілсе. «Аманатқа қиянат жүрмейді» қағидасын түсіндіру барысында, әдебиет пен қазақ тілін
байланыстыра     Мұхтар   Мағауиннің   «Аласапыран»-ындағы   Ораз   Мұхаммедтің   Сібір   хандығына   аманатқа   берілгенін,
өнермен   байланыстырсақ,   Абдолла   Қарсақбаевтың   киносындағы   қызды   аманатқа   алмайтындығы   көрсетілетін,
(М.Мақатаевтың «Сәби болғым келеді» әні орындалатын) батыр Ораздың (актер Т.Жаманқұлов.) қасындағы нөкерлеріне
соншама ренжіп, салтты бұзғандары үшін атып тастауға  дейін жеткені жөніндегі фильмді баяндасақ та жеткілікті. Кей
жағдайда сынып оқушыларына түгел «найзағай соққандай» қатты әсер ететін жалынды жырлар болады. Мұндай өлеңдер
Махамбетте   аз   емес,   әсіресе   соғыс   кезеңіне   арналған.     Ондай   сәттерде   бәріміз   рухтанып,   көзімізден   «от   жанып»,
аузымыздан «жалын атқылап»   тура  Махамбет бабамыздың қасында жүргендей саңқылдап өлең оқып, зерделей-ойлана
талдап, кезексіз асыға сөйлеп,   айтқанымызды дабыралай дәлелдеп, бір-бірімізді нақтылай шегелеп, топтасып талқылап
барып   –   бір   шешімге   келіп,   қорытындылаймыз.   Сол   себепті   өзім   де   үнемі   ой   үстінде   жүріп   тапсырманы   сатылай
күрделендіруге   тырысамын   да   (слайд,   ойындардан   басқа)   түрлі   кестелермен   жұмыстануға   бағыт   беремін.   Өздеріне   де
осындай   бағытта   жұмыстануға   кеңес   беремін.     Мақсат-ұлы   ақын   шығармаларын   терең     оқу   арқылы   елжанды,   халық
әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін биік талғаммен өте үлкен құндылық ретінде бағалайтын, білімін, таным-
түсінігін,   ақыл-ойын   өз   халқына   жұмсайтын,   өркениетті   әлемде   дамыған   елдер  қатарында   өмір  сүруге   лайықты,   білім
бәсекесі нарығында өз «МЕН»-ін дәлелді қорғап шыға алатын тұлға қалыптастыру.
       Қ.Жұмаділовтің (8-сынып) «Қаздар қайтып барадысындағы» бас кейіпкер қарттың туған жеріне жету үшін бар күш-
жігерін, соңғы қуатын жинап, отанына жететін тұсын толқымай оқыту мүмкін емес. Нарықтық бәсекеге сай, елінің ертеңі
үшін жұмыстанар жас-осы шығармадағы кейіпкердің шексіз ел жандылығынан үлгі алуға тиіс. Автор жазатын «уыз татыған
Айна   бұлақ   суын   бір-ақ   сімірген»   кейіпкер   бейнесінен   ұлттық   салтымыз   анық   көрінеді.   «Уыз»   сөзі   оқушы   санасына
жылдағы мал төлдейтін уақытты, үйде пайда болатын әрбір төл үшін қуанатын ата-анасын, тәлтіректеген жас төлді сәбидей
мәпелейтін отбасы мүшелерін, жаңа піскен уызды дастарханға қойып, құран оқып, қуана, жабыла ауыз тиетін үй-ішін еске
түсіреді. «Уыз» делінетін қасиетті ас атауы- қай өркениет өресінде жүрсек те бірге жүретін ұлттық дәстүр екендігі даусыз.
Соңғы жылдары оқытудың теориясы мен әдісінде білім беру сапасын бағалау проблемасы өзекті сипат алып отыр. Мәселені
зерттеу бұл бағытта мектеп түлектерін даярлау сапасын бағалау бойынша білім мазмұнының міндетті минимумы, мектеп
түлектерін даярлауға қойылатын талаптар көрсетілген жұмыстар жарияланғанын көрсетті. Білім беру процесі нәтижесінің
сапасын бағалау проблемасы жағдайын талдау қорытындысы біздің қоғамның жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайлары, білім
берудегі бұрынғы құндылықтар мен басымдықтардың дағдарысы, білім беру жүйесінің пәнді оқыту сапасын бағалаудың
озық үлгілері мен технологияларына көшуі оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалаудың заманауи теориялары
мен әдістерін құру қажеттілігін көрсетті.
     Қазіргі өркениет ақпарат құралдарының қарқынды дамуымен, есепсіз түрленуімен ерекшеленеді. Ақпараттар ағымының
тасқыны, олар дайындаған материалдарды сыни тұрғыдан қарап елеп, екшеуге мүмкіндік берместен кеңінен насихатталуда.
Сіз бен біз заманауи технологияларды меңгере отырып, қай өркениет өрісінде жүрсек те өзіміздің қазақи болмысымызды,
ұлттық дәстүрлерімізді жоғалтпауымыз керек. Ұлтымыздың ұлылары өзіміз құлай құрметтейтін әрісі Әз-Жәнібек, Әз-Тәуке,
хан  Абылай,   Кеңесары  хан,   ақын  Абай;   берісі   ғұлама   Ахмет,  ғалым   Қаныш,   жазушы   Мұхтарлар  мұра   етіп қалдырған
азаматтық үрдісті жалғастыру – міндетіміз.                                      «Олардың кіндігі киіз үйде кесілген. Әрқашан жаңа жерге
қоныс аударып, жаңа жерге тігілген үйдің саф ауасы , аспан-жер,тау-сумен астасып жататын қасиетті қара шақырақтың
киесі мүмкін осындай ұлылардың көкірегіне нұрлы сәулесін құйған болар» дейді профессор Сейіт Кенжеахметов өзінің
«Жеті қазынасында».  Азаматтарын жоғары деңгейде тәрбиелеп қана қоймай «Жігітке жеті өнер де аз» деп талап қойып, сол
үрдістен шыға білуге жұмыстанған халқымыз саяткерлік, қол өнері, домбырашылық, әншілік, айтыскерлік т.б. өнерлерді әр
жігітке білуге, меңгеруге тиіс парызы деп есептеген.
    Ұлт мақтанышы А.Байтұрсынов  заманында  «Қазақтың бас ақыны»деп әділ бағасын берген ұлы Абайды
мүшелден
жаңа асқанда, сол Абайға ата ақылын тыңдату үшін, ел сөзін екшеу үшін әкесі Құнанбай қасынан қалдырмай алып жүреді.
28

Нәтижесінде бала Абайдың дана Абайға дейінгі өсу жолын көреміз. Мұның барлығы-бүгінгі ұрпақ ешбір естен шығаруға
болмайтын қағида дер едім. Ұзақ жылдық педагогикалық ізденістер нәтижесінде аздаған ілгерлеушілік те бар. Бұған ауыл
балаларының тәрбиесіндегі ұлттық педагогика негіздерінің қалануын жатқызуға болады.
    Замана бағытына сәйкес оқушымыз, соның ішінде, қазіргі таңда білім- құнды инвестицияға айналған осындай кезеңде, өз
ұлтын сүйетін елжанды, сөздік қоры мол-шешен, әдеби мұраны зерттеуші -ізденімпаз, өзіне сын көзбен қарауды дағдыға
айналдырған әділетті адам болуға тиісті. Шәкіртімізге оқу тәрбиені  осы жолда бергіміз келеді  және өзіміз  де осы межеден
көрінуіміз  үшін талмай еңбектеніп іздену жолдарын қарастырамыз.
Каталог: 2017
2017 -> Объем требований по русскому языку
2017 -> Научно-исследовательская работа Тема работы: "Тайм-менеджмент технология управления временем"
2017 -> Подготовила Абдуллаева Н. А., учитель русского языка и литературы, гбоу сош
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Реферат на тему Однозначные и многозначные слова
2017 -> Переносное значение слова примеры zip
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет