Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

Бағалау. 
4. Досыңның кім екенін ата - анаң білуге тиіс пе?
5. Досыңның қандай болғанын қалайсың?
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым! – деп, Сәкен өмір қызығы – 
достықта, достастықта. Туған топырағыңда досың көп 
болсын! – деп тілеген екен. Менің де тілегім - сендерге осы 
достық,- деп сабақты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма
1.
С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен 
үзінді жаттап келу.
2.
 “Досқа айтылар сыр” ішкі толғаныстарын монолог
ретінде жазу. 
Оқушылар берілген тапсырмаларға 
дайындалып келеді.
 
Оңтүстік   Қазақстан  Облысы, Арыс  қаласы
С.Сейфуллин  атындағы  жалпы  орта  мектебінің
                география пәнінің мұғалімі Мұстафаева Кенжекүл  Мұзапбарқызы
Білім беруде озық технологияларды пайдалану
         Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан
сүйгіштікке, ақыл-ойын  жан-жақты дамытуға,  ұмтылуға  тәрбиелеу.  «Қыран-түлегіне  қайыспас
қанат   сыйлайды,   ұстаз-шәкіртіне   талап   сыйлайды»   деген   халқымыздың   қанатты   сөзі   ұстаз
арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
деп   білім   қызметкерлерінің   бірінші   құрылтайында   сөйлеген   сөзінде   Елбасы   айтқандай   ұстаздарды   өз   Отанын   шексіз
сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Қазіргі танда біздің Республикада  білім берудің жаңа жүйесі дайындалып,  әлемдік білім беру кеңістігінде енуге  батыл
қадамдар   жасалынуда.   Білім   берудің   мазмұны   жаңарып,   оларды   технологиялық-педагогикалық   тұрғыдан   жетілдіру
қажеттігі   туындауда.   Білім   беру   деңгейіндегі   озық   технологияларды   пайдаланудың   мақсаты   –   үйрете   жүріп,   үйрену.
Білім   беру   саласында   озық   технологиялардың   енуі   мұғалімнің   ойлану   стилін,   оқтыту     әдістемесін     өзгертеді.
   География   пәнін оқытуда  озық технологияларды  пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға  білім беру процесінде
көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен
тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
География  – оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін,
логикалық   ойлауын   және   шығармашылық   қабілеттерін   дамытуға,   табиғат   заңдылықтарын   толығымен   түсінуге   ықпал
жасайды. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау.
Бұл мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық технологияларды сабақ беру процесіне енгізу қажет.
Сабақта   озық   технологияларды   тиімді   пайдалану   оқушылардың     география   пәніне   деген   қызығушылығын   арттырады,
шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде
асырылады.  Педагогикалық   ізденіс  барысында  оқушыларды  тәрбиелеу  мен  оқытуда  жаңа  әдістемелерді  қолдануды  оқу
үрдісіне   енгізудің   маңызы   ерекше.   Осыған   орай   жаңа   тақырыпты   түсіндіру   барысында   электрондық   оқулықтағы
мысалдарды   көрсете   отырып   түсірінділсе,   интерактивті   тақтаның   көмегі   арқылы   тест   тапсырмаларының   жауаптарын
тексеруге болады. Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын
оқып   үйренуде,   олардың   әртүрлі   ізденушілік   бағыттағы   тапсырмаларды   орындауының   үлкен   маңызы   бар.   Әрине
оқушылардың зерттеу жұмыстарының тақырыбы ғылымда бұрыннан белгілі. Бірақ оқушының зерттеушілік тапсырмаларды
орындауын   ұйымдастырудың   маңызды   мәселе   болып   табылады.   Оқушылардың   зерттеу   жұмыстарын   ұйымдастырудың
негізі мезеттерін айқындау шығармашылық процестің ерекшеліктеріне байланысты. Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар
оқушыларды   пәнге   қызықтырып   материалдың   теренде   тиянақты   меңгеруін   қамтамасыз   етеді.
Оқытудың   осындай   жаңа   әдіс-тәсілдерін   пайдалану   мұғалімі   табысқа   жетелеп,   білімін   шыңдай   түседі.
Жас ұрпақтың жаңаша  ойлануына,  олардың біртұтас  дүниетанымының қалыптасуында  әлемдік сапа деңгейіндегі білім,
білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі
орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр.
Сол   кезеңге   лайық   ұлттық   санасы   жаңғырған   жаңа   ұрпақ   тәрбиелеу  міндеті   мойынымызда.   Барлық   кедергілерді   жеңу
табысқа талпыну өз қолымызда деп білеміз. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін
жойған емес.
*****
35

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Төле би  ауданы 
«Ленгір көмекші мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
педагог психологы Кошенова Гулзира Шерхановна
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР
Психологиялық ойындардың мақсаты –психотеропевтік ойындар мұғалімдік ішкі әлемінің үйлесімділігіне себеп 
болады,оның психикалық күйзелісін төмендетеді, ішкі псикалық күйін дамытады, кәсіби өзіндік санасын көңейтеді. Ойын 
жаттығулары мұғалімдерге өзінің псикалық куйін бағдарлауға, өзін –өзі игеруге , өзінің психикалық денсаулығын сақтауда 
өзін-өзі н-өзі басқаруға  көмектеседі.
Психотехникалық  ойындарға көп уақыт және арнайы  орындар қажет емес .Мұғалім бұл жаттығуларды өзі немесе  
қасындағы жұбымен үзіліс уақытында , сабақта , жұмысқа бара жатқан жолда немесе үйде де жүргізе алады.
Релаксация  ойындары
Психотехникалық жаттығуларға жіберген  3-5 минутта мұғалім өзін жәңіл және бір қалыпты сезінеді.
1 «Көңіл куй» жаттығуы
Мақсаты :жағымсыз кәңіл-күйден арылу,куш қуат жинау.
Бірнеше минут бұрын сіз тәртіпті бұзатын,сабаққа қатыспайтын оқушының анасымен жағымсыз әңгімені аяқтап 
шықтыңыз.Әңгіме сіз баланы тәрбиелеп ,бақылау керектігін айттыңыз. Осы әңгіменің аяғында оқушының анасы оны 
мектепте тәрбиелеу  керектігін оның бала тәрбиелеуге жоқ екенін айтты. Сіз өзіңізді ұстай алмай әңгіме бұзылды.
Осы әңгімеден кейін сіз жағымсыз қылқтан қалай кұтылуға болады?
Түрлі – түсті қарандаш пен таза парақ қағаз алыңыз .Жеңілдетіп , сол қолыңызбен абстракты сюжет –бір сызық , түрлі –
түсті таңдап салыңыз,сіз өзіңіздің көңіл күйіңізге байланысты түсті таңдап алыңыз,сіз өзіңіздің көңілсіз көңіл-күйіңізді 
қағазға түсіріп  жатырмын деп ойлаңыз.
Сурет салу аяқталды.Енді қағазды ауыстырып , оған сіздің көңіл-күйіңізді білдіретін 5-7 сөз жазыңыз,Ойланбай,ойыңызға 
келгенді жазыңыз.
Осыдан кейін суретіңізге қайта карап,сөздерді рақаттана оқып,эмоциялы түрде қағазды жыртып ,лақтырып тастаңыз.
5 минут ішінде сіздің эмоционалды-жағымсыз
көңіл- күйіңіз  қағаз бетіне түсіп,барлығы жоқ болды.
Енді сіз сабаққа дайынсыз!Сіз жақсы дем алдыңыз!
2 «Ырғақ» жаттығуы
Мақсаты: Өзгенің ішкі  сезімін түсіне білуге  уйрету.
Бұл ойынды жұп болып басқа мұғалімммен немесе үйде басқа жақындарыңызбен орындауға болады.
Екі адам бір -біріне  ұарап, өздерінің ролдері туралы келіседі.Бірінші-жүргізуші,екінші  - « айна».Қатысулардың қолдары 
кеудесіне дейін көтеріліп,алақандары бір-біріне қарап тұрады.Жүргізіші қолын қозғалтқанда,айнаның рөліндегі ойыншы  да
сол ырғақты қайталайды.Ролдер бірнеше рет ауысады.
Бұл психологиялық ойынның мәні басқа адамның психологиялық ішкі «ырғағын» сезіне білу.Осы кезде әрбір адам  -жеке 
тұлға деп ойлаңыз,адамды жақсы түсіну ушін оның күш-қуатын ,мінез-құлқвн,динамикасын,ішкі экспрессиясын,бағытын 
сезіне білу қажет.
«Мақал-мәтелдер » жаттығуы.
Мақсаты:Қиындықтан жол  таба білуге,дұрыс шешім қабылдауға үйрену.
Бұл жаттығу сіздегі ішкі куйзелісті,нашар көңіл күйді,қиын проблемаларды,жақсы шешуге көмектеседі.Бұл проблемв сіздің 
мамандығыңызбен,жанұялық өміріңізбен,достарыңызбен қарым-қатынасқа байланысты болуы мүмкін.
Бір кез келген кітапты алыңыз: «Мақал – мәтелдер» немесе «Қанатты сөздер» кітапты қарап,мақал фразаларын оқыңыз 
немесе қанатты сөздерді 25-30 минут ішінде ішкі босаңсуды сезінгенше жасаңыз.
Мүмкін , психологиялық релаксациядан гөрі мақал-мәтелдер сіздің оң шешім қабылдауыңызға мумкіндік берер , осы сізді 
тыныштандыратын шығар.
*****
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы 
№7 Қ. Спатаев атындағы мектеп-лицейінің
 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Салиева Акерке Рустамбековна
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БІР ЖОЛЫ
Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқыту үлкен шығармашылық ізденіс пен біліктілікті талап етеді. Мұғалім педагогикалық 
заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, оқу технологиясының талаптары соғұрлым нақты орындалады. 
Деңгейлеп оқыту технологиясы – білім беруді жетілдірудің бір жолы. 
Оқу – тәрбие саласының барлық сатысында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру басты мақсатым. Оқу 
үрдісінің тиімділігін арттыруда әсіресе әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою,дидактикалық 
білім мен тәлім тәрбие беру, ой өрісін дамыту, білімнің мазмұнын дәл тиянақты анықтау және өз бетімен оқи білуге, білім 
алуға үйретемін.
Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен білім деңгейі ерекшелігіне қарай бейімдеу. 
Ерекшелігі: 1. Озат оқушылар өздерінің қабілетімен икемділігін одан әрі бекіте түседі.
2. Әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
3. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Оқушы бір, екі адаммен немесе топпен қарым-қатынасқа түсу арқылы диологты, монологты, сұраққа-жауапты және т.б 
меңгере келіп, жұптық, топтық, ұжымдық қатынастарға үйренеді. 
Деңгейлік оқыту мәселесі өз алдына жеке бір ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттеу объектіміз деңгейлік тапсырма 
арқылы оқыту мәселесі. Сонымен, деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әртүрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. 
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші. 
36

Ағылшын тілінде оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктерін деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі, әрі 
үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады. 
Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында 
өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыруды көздейді. 
Дыбыстарды қайталау барысында үлгерімі төмен оқушылармен төмендегідей жұмыстар жүргіздім. 
1.Мына сөздерді көшіріп жазда, қай әріптің орны алмасып тұрғанын аңғарып, астын сыз.
cake – take big - bag ball - hall
plate – place nine – fine cup - cap
six - sit cat - rat milk- silk
2. Сөздің бірінші әріпін тауып жаз. 
- ed ( bed ), - ar ( car ), - ench, - ree, - poon, - helf, - itchen, - able, - ace, - ie; 
3. Мына сөздердегі дауысты дыбыстардың астын бір, дауыссыздардың астын екі сыз. 
stone, kite, hat, back, stand, late, hand, my, turn, pupil, green, name, so. 
Орташа оқитын оқушыларға осы тақырыпта төмендегідей тапсырма берілді.
1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз. 
Su.t, ch.ld, pict…, fr.end, ni..t, .rite, ha.f, w.ich, .nife, ans.e.
2.Сөздерді екі топқа бөліп жаз ( айтылу ерекшелігіне қарай ). 
Go, box, text, bus, five, she, desk, stop, make, kitten, pupil, red, sofa, bedroom.
3.Төмендегі сөздерді айтылу ерекшелігіне қарай төрт бағанға бөліп жаз. 
th t ( ch ) sh sk 
chalk, thank, back, shoe, shirt, arm – chair, third, month, short, sock, teeth, brush, blackboard, chair, which, shope, watch, child.
1. Сөйлемдерді көпше түрге айналдыр.
1 – бағана 2 – бағана 
This is on old woman These are old women
This is a young man
This is a white scarf
This is a little child
1.Затқа зейін қойып, оны суреттеп, басқа екінші затпен салыстыр. 
Заттың қандай белгілері, ұқсастығы және айырмашылығы бар? 
Қарбыз доп сияқты домалақ
Water – melon is as round as a ball.
Қарбыз ауыр да, доп жеңіл.
Water – melon is heavy but the ball is light.
2.Суретке қарап қысқа әңгіме құрап жазып, зат есімдердің астын сыз.
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі – 45 минөттің ішінде деңгейі әр түрлі оқушылармен жұмыс істеу жүзеге асады. Бұл әдістің 
қаншалықты тиімді жүргізілуі мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты.
*****
Атырау  облысы, Махамбет  ауданы , Талдыкөл селосы
Талдыкөл мектеп – балабақша кешенінің   дене  тәрбиесі  пәнінің мұғалімі
Ғабитова   Алтын    Ғабитқызы
  7- сынып
      24.10.2017
Уақы
ты
Сабақтың  
тақырыбы
 «Теңге»,  «Асық ату» «Арқан тартыс»  
15 
мин
Сабақтың  
мақсаты
Ойындардың икемдiлiктi, жылдамдықты, шапшандықты, күштiлiк, 
ептiлiк пен тапқырлығын, ой-өрісінің  дамытуын  жетiлдiредi. 
Ұлт ойына деген қызығушылығы арттып, ұлттық сана сезімі оянады.
Оқу  нәтижелері
Оқушылар өздерінің осы бастан, еңбекке араласуына жағдай жасайды.
Оқушылар  үшін
оқу  нәтижелері 
- Ұлттық ойындардың  алуан  түрін үйренеді;
-Қазақтың ұлттық  ойындары жайлы білімдерін тереңдете отырып,  шығу тарихын 
меңгереді. Зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтары оянады.
- Өзара топтасып, жұмыс жасауға үйренеді. Бір –біріне деген көзқарасы қалыптасып, 
достық, бауырмалдық, ұйымшылдық қасиеттері басым болады. Берілген тапсырмаларды 
бірігіп орындайды.  
Жаттығулар
I бөлім
№1.Жаттығулар: дайындық жұмыстары;
Сынып оқушыларын сапқа тұқызып, рапорт тапсыру
1)Сап жаттығулары: “Он-ға”, “сол-ға”,
     “Ай-нал” т.б.
2) Жүружаттығулары. “Алға бас” 
     “Қолымызжоғары, аяқтыңұшыменжүру”,
     “Қолымызжелкеде, өкшеменжүру”,
     “Қолбелде, жартылайотыру”,
     “Қолтiзеде, толықтайотыру”
37

3) Жүгiру жаттығулары. “Оң жақ қапталмен, сол жақ қапталмен”,
 “жартылай отыра жүру, толықтай отыра секiру”, “артқа қарап жүгiру”, 
   “тез жүгiру”
4) Жай жүгiрiспен жүгiру, жүгiре отырып, жай жүгiрiске көшу.
      Жүре отырып тынысты қалыпқа келтiру 
      жаттығулары.
5) Ортадан 4 тiзбекке бөлiнiп келу.  Жалпы дамыту жаттығулары.      
      Бiр, екi, үш, төрт.
      Сынып тоқта.             Сол-ға немесе оң-ға
6) Бір орында жасалынатын жаттығулар: 
ЖДЖ – жалпы дамыту жаттығуларының түрлері.
Б.к. Қол белде, аяқ сәл ашық,иық тұсында
Б.к. 1-4 бастысолға, 5-8 бастыонғаайналдыру.
Б.к. Қолиықта 1-4 алға, 5-8 артқаайналдыру
Б.к. Қолкеудетұстаберiлу, 1-де бүгiпсермеу;
       2-де оңнемесесолжаққажазыпсермеу.
    3-те бүгiп сермеу,4 – оңжәнесолжаққасермеу
Б.к. Солқолжоғары, оңқолтөмен, 1-2 солқолды
жоғарыкөтерiпсермеу, 
     3-4 оңқолдыжоғарыкөтерiпсермеу.
Б.к. Солқолжоғары, оңқолбелде 1-3 онғаиiлу;
     4-Б.к. 5-7 солғаиiлу; 8-Б.к.
Б.к. Қолдыбiрiктiрiп 1 – оңаяққатигiзу;
      2 – ортаға; 3- солаяққатигiзу; 4-қол белде;
Б.к. 1-сол қолдыоңаяқтыңұшынатигiзу
       2 – қолбелде; 3 – оң қолды сол аяқтың ұшына тигiзу;    4 – қолбелде;
Б.к. Қол бел де солаяқпен 15 рет, оң аяқпен 15 рет, қосаяқпен 15 рет
II бөлімСТО
 «Ойлау орталығы»
№2.Топқа бөлу.
Сынып оқушылары ұлттық ойындардың,  спорттық құралдардың фото суреттерін суырады.
Сол арқылы ұлттық нақыштағы сурет бойынша бір топ, спорттық құралдардың суреті 
бойынша бір топ болып  бөлінеді.
Осылай  екі топқа бөлінеді.    
№3. «Ұлттық» деп аталатын сөзжұмбақты шешу.
Викториналық, логикалық сұрақтар және фото суреттер арқылы шешіп, сабақтың 
тақырыбын ашу.
1.Қызықтырған есепшіні ойлыны,
Бабалардың -  бұл ежелгі ойыны.
Екі адамға тең бөлінген «мал-жайы»,
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.
(Тоғызқұмалақ)
2. Слайдтан  фото сурет арқылы ойынды табу. Бұл ойын қалай  аталады?
(Орамал тастау)
3. Шебер жігіт, ұшқыр ат,
Жұлдыз болып ағады.
Ілген жігіт мықты нақ,
Жерден өзі алады. ( Теңге)
4. Жинап алар балалар.
Оны ойнаған –жүректі.
Мерген бала сыналар,
Талай түрі бар оның.
Ойнапбілгенбалалар. (Асық, ханталапай)
5. Балалардың қолында, 
Арқан  мен жіп жүреді.
Кірісіп сан ойынға,
Бұтаққа арқан іледі. (Алтыбақан)
6. Қазақстанда  алғашқы рет 1923 жылы  өткізілген  ұлттық ат спорты ойыны  қалай 
аталады? (Қыз қуу)
«Ғылым» орталығы.  
№3«Теңге» ойыны.
Сөре сызығы бойынша екі топ қатар орналасады. Белгі бойынша екі топтан бір-бір 
оқушыдан жүгіреді, жол бойындағы шытқа түйілген бірнеше теңгелерді жинап қайтады. 
Ойын ептілікті, икемділік, ширақтылықты талап етеді. Орамалдағы түюлі теңгені 
қарсыластарынан неғұрлым көп алып, алға шыққан адам жеңімпаз атанады. Егер теңгені 
ала алмаса, жеңілгені. Жүгіруші оқушы қатты жылдамдықпен жүгіре отырып, мәреге 
бірінші болып жету керек. Жеңімпаз топ, жүгірген оқушылардың жинаған теңгелері 
25ми
н
38

бойынша анықталады.
«Асық ату»
Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі.  Ертеде мұны қазақтың ұлы да, қызы 
да қызыға ойнаған. Өйткені асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Мысалы, асық ойыны 
ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны өзінің түрлеріне 
қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігін және 
қырағылығын жетілдіреді. Асық ойыны түрлерінде асықтың әдемісін сақа қылып алуға 
болады. 
«Арқан тартыс» 
Ойын үшін оқушылардан 5 баладан топ-топқа бөлу;
Оқушылар бірінің артынан бірі тізбектеліп тұрады.
Екі топты қарама-қарсы тұрғызамыз.
Екі топты жер сызығының қақ ортасынан мәресіне келтіріп, дайындыққа келтіреміз.
Белгі берілген соң әр команда өзіне қарай тартып, қарсылас команданы сызықтан алып 
шыққанда, жеңіске жеткен болып саналады.
Сызықтан алып шыққанда жеңіске жеткен болып саналады.
Арқан тартыстың ұзақтығы 30-40 сек
Тартыс аралығында 1-1,5 минут үзіліс жасайды;
Оқушылар бір-бірінің белінен жұлқып тартуға болмайды;
№ 4«Венн диаграма»  «Топтастыру» әдісі
«Сергіту  орталығы»
№ 5. Сергіту сәті,әннің  ырғағымен  қазақтың   ұлттық  биі  «Қаражорға».
III бөлім
№ 6.Қорытынды.
«Ыстық орындық» әдісі  бойынша сабақты қорытындылау
Формативтік бағалау,  өзін-өзі бағалау.
Үйге тапсырма.
5 мин
№7. Кері байланыс.
Стикер парақшасы арқылы  оқушылардан   кері байланыс алу.
*****
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе орта мектебі
I санатты география пәнінің мұғалімі   Абдуллаева Эльмира Есенқызы
Сабақтың тақырыбы:«Сарыарқа»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Сарыарқа аласа таулы өлкесінің географиялық орны,геологиялық құрылысы,жер бедері,пайдалы 
қазбалары. Климаты, өзендері, табиғат зоналары туралы білім беру.
Дамытушылық:Оқушылардың картамен жұмыс істеу,шығармашылық дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Өз елін,жерін сүюге,оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:
1.карта-атлас
2.кеспе қағаздары
3.электрондық оқулық
Сабақтың түрі:ашық сабақ
Сабақтың әдісі:жеке,топтық,тапсырма,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
а)Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын тексеру;
б)Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру;
I.Ұйымдастыру бөлімі
II.Қызығушылықты ояту
1.«Миға шабуыл»
-Солтүстік қазақ жазығының географиялық орны
-Солтүстік қазақ жазығының жер бедері қандай?
-Қандай табиғат зонасында орналасқан?
-Топырағы қандай,шаруашылықтың қай түріне қолайлы?
-Қандай экологиялық проблемалары бар?
2.Сандар сөйлейді...
200 м...     10-15м.....    4...   130-140м...   1934...   30-50 см...   350мм...  1700 м.
Жауабы:
-Солтүстік қазақ жазығының географиялық орны?
-10-15 м.Жалдардың биіктігі
-4-Солтүстік қазақ жазығы 4 ауданға бөлінеді.
-Есілдің жазық орманды даласының биік беті 130-140 м.
-1934 ж.-Наурызым қорығы ұйымдастырылған жыл.
-30-50 см.—қардың қалыңдығы
-350 мм.---жауын-шашын мөлшері
-Есілдің Қазақстан жеріндегі ұзындығы
III.Мағынаны тану.
39

Әбден мүжіліп,үгілген өте көне таулы өлке.Қазіргі кезде таудың тек негізгі ғана сақталып қалған.Мұнда жартасты,басы 
сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үгілген қорым тас сияқты формалар кездеседі.Бұл қандай өлке?
Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін тыңдап отырайық.
Айналмалы бекет
Жаңа тақырып:
3. Жаңа сабақ  Оқушылар біз Қазақстанды 9 ауданға аудандастырылғанын білеміз.Оның 3-уі жазық:Шығыс 
Еуропа,Тұран,Солтүстік қазақ жазығы,сонымен қатар аласа және биік таулар бар екенін білеміз.Қазақстанның аласа 
тауларының бірі-Қазақстан ұсақ шоқысы-Сарыарқа өлкесімен бүгін танысамыз.
Постермен жұмыс:
1.1-топ:-географиялық орны,геологиялық құрылысы,жер бедері
2.2-топ:-пайдалы қазбалары,климаты,өзен көлдері.
3.3-топ:-табиғат зоналары,өсімдіктері мен жануарлары,шаруашылық маңызы мен қорғалатын аймақтары.
4.Дәптермен,атласпен жұмыс.
5.Сарыарқа жайлы оқушыларға видеоролик көрсету.
Сөйлемді толықтыр:
1-топ
Географиялық орны
Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Батыстан-шығысқа дейінгі ұзындығы 1200 км,ені шығыс 
бөлігінде 400 км,батыс бөлігінде 900 км шамасында.
Мұндағы ірі ойыс Теңіз-Қорғалжың қазаншұңқыры.Ол 
Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатыр.Оның 
Солтүстік батысында Көкшетау,Оңтүстік Батысында 
Ұлытау тау жүйелері орналасқан.
2-топ
Пайдалы қазбалары
Климаты
Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі 
ошақтары.Жәйремде сирек металдар 
өндіріледі.Мысалы,темір,марганец кен орындары 
Жезқазған,Қарсақпай,Атасу,Саяқ
Сарыарқаның климаты құрғақ континентті болып 
келеді.Қысы суық,жазы құрғақ.Жылдық ылғал мөлшері 
200-300 мм.
Суық күндері температура -40 дейін төмендейді.Ұсақ 
шоқылы тауларда ылғал мол түседі.
3-топ
Ішкі сулары
Климаты
Тұщы көлдер Көкшетау 
аймағында. Өзендерінің көбі қар 
суымен қоректенеді.Тұрақты су 
ағыны тек Есіл өзенінде.
Шөлейт зона мал жайылымына қолайлы. Шөл 
өсімдіктерітобылғы,қараған,боз,бетеге,ақселеу,бұйырғын,қара жусан.Қазақстанның
ең көрікті жерлері Көкшетау.Қорғалжың қорығы 1968 жылы құрылды.
Сәйкестендіру:
1-топ    Қызыларай---------------Ақсораң 1565 м.    Баянауыл-------960 м.
Қарқаралы----------------1403 м.
                   Шыңғыстау----1300 м.
Кент------------------------1460 м.                   Ұлытау-------1134 м.
Артығын тап:
2-топ Қарағанды, Өскемен, Атырау, Екібастұз, Жезқазған, Балқаш, Павлодар, Жайрем, Теміртау, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, 
Шымкент.
3-топ   Жауап сенен....
1.Шоқ-шоқ қарағай,биші қайыңдар қайда өседі? (дала зонасында)
2.Ұлытау,Қарқаралы,Шыңғыстау қай зонаға кіреді?(шөлейт зона)
3.Ақбөкен,қасқыр,түлкі мекендейтін зона?(дала мен шөлейт)
4.Қазақстанның ең көрікті жерлері?(Баянауыл,Көкшетау,Қарқаралы)
Сарыарқаның мыңдаған жылдар бойы жел,су әсерінен үгілген,мүжілген аласа таулары мен олардың баурайындағы көлдерде
нешге   түрлі   пішіндегі   тас   мүсіндер:Көкшетаудағы   шөккен   бура,Жеке   батыр   бейнелері,Жұмбақтас,
Оқжетпес,Қарқаралыдағы  тас   құрбақа,Баян  тауындағы   мыстан   кемпір  және   т.б.   ұшырайды.Теңіз-Қорғалжың   көлдерінің
табиғаты мен аң-құстары ЮНЕСКО тарапынан қорғауға алынған.Қорғалжың қорығы солтүстікпен оңтүстіктің арасында
ұшып жүретін жыл құстарының өніп-өсетін негізгі аймақтарының бірі.Бұл жерде ең әсем құстардың бірі қызғылт қоқиқаз
тірщілік  етеді.Сарыарқа   өңірінің әсем  табиғатын  қазақтың  талай  ақын жазушылары  әңгімелеріне  арқау еткен.Сарыарқа
ежелден аты шыққан өлке.Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов Көкше маңында дүниеге келген.Қ.Сәтпаев Баянауыл
маңында дүниеге келген.Құрманғазы Сарыарқаға арнап «Сарыарқа» атты күй шығарған.
IV кезең.«Сіз білесіз бе?».Сынып оқушылары қосымша әдебиеттерді, энциклопедияларды пайдалана отырып,Сарыарқаның
табиғаты,керемет жердері туралы аңыз-әңгімелер жайындағы деректерді келтіреді.
Қорытынды: «Ой-тоғаныс»
Сабақты қорыту:Т-кестесін құру
1-топ 
Сарыарқа
Ең биік шыны
Шығысында қандай тау 
жүйесімен шектеседі
Сарыарқада көмір 
өндірілетін жер
Ақсораң 1565 м
Сауыр-Тарбағатай
Қарағанды,Жезқазған
2-топ
Сарыарқа
Басты өзендері
1968 жылы құрылған 
қорық?
Басты экологиялық 
мәселесі қандай?
Есіл,Нұра,Сарысу,Сілеті,Шідерті
Қорғалжың
Ауыз су
40

3-топ
Сарыарқа
Ертіс-Қарағанды каналы қандай 
мақсатпен салынды?
Қорғалжың қорығының 
символы
ЮНЕСКО тарапынан 
қорғауға алынған көл
Орталық Қазақстанды сумен 
қамтамасыз ету мақсатында
Қоқиқаз
Теңіз-Қорғалжың
Бағалау парағы 
Рефлекция:Бағдаршам
1.№43 оқу.
2.Кескін картаға жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру.
*****

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет