Ii. Кіріспе: 1 Ә. Кекілбаевтың «Ханша Дария» романы жайлы мағлұмат



бет1/6
Дата01.11.2022
өлшемі203,34 Kb.
#46709
  1   2   3   4   5   6

II. Кіріспе:
2.1 Ә.Кекілбаевтың «Ханша Дария» романы жайлы мағлұмат;
«Жазған - сызғанымның бас - аяғын түгендеп алдарыңызға ұсынып отырмын. Көңілдеріңізге қонып жатса, шексіз қуаныштымын» - Әбіш Кекілбаев.
Ә.Кекілбаев қазақ халқының тағдырын тереңнен аша, дәстүрлі мәдениет үлгілерін, ұлттық салт - дәстүр, ұлттық өнер тақырыбын жетік меңгерген қаламгер. Өзіндік стиль, тіл өрнегі қалыптасқан, ұлттық тіл - нәр нақышын өз шығармаларында көркемдік суреткерлік тұрғыда суреттей алған жазушы. Сондықтан оның шығармалары уақыт өткен сайын жаңа қырынан танылып, келешеккке өзіндік шынайы, дара болмысымен жарқырай жетпек. Оның шығармаларының тамыры тереңде. Ол өзінің ұлттық тамырынан нәр үзбеген әңгіме, повесть, романдарындағы: Тәуке, Әбілқайыр, Абылай хандар, Есет, Арыстанбай батырлар, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Құрманғазы, Махамбет, Абыл т.б тарихи тұлғалар бейнесі ұрпақтан - ұрпаққа өнеге тағылымымен қала бермек. Себебі олар - қаламгерлік суреткер шешімінде өзінің тарихи шындық болмысынан ауытқымай сомдалған шынайы образдар.
Қазақ әдебиетінде тарих тақырыбына қалам тербеген дарынды суреткерлер баршылық.
Ал тарихтың тұрмыс тіршілігін бейнелейтін, әр ауылдың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сипаттайтын нақты деректермен шығармалар жазған қаламгерлер санаулы болса, Әбіш Кекілбаев сол санаулы жазушылардың көшін бастап тұр десек қате айтқанымыз емес.
«Ханша Дария» романының оқиғасы өткен жерлер: Моңғолия аймағы. Бұл мекендер шығармада суреткерлікпен дәл бейнеленген.
Сонымен қатар жобада көздеген мақсатымызға жету үшін барынша еңбектеніп, интернет ресурсын, кітапханаларды және де үлкендердің білетін «Шыңғыс хан» туралы әңгімесінен материалдарын жинадық.
III. Негізгі бөлім:
3.1. «Ханша Дария» шығармасына қысқаша мазмұны;
Шығыс Азиядағы бір өзенді қытайлар Хуанхэ - Сары өзен, тибеттіктер Мачу - Қызыл өзен, маңғұлдар Хара-Мұрэн - Қара өзен деп атайды. Ал енді оны Хатын-Гол -Ханша-дария десеңіз бəрі де түсіне қояды. Неге олай? I Күз таңының сұйқылт суық нұры шатырдың іш іне енді-енді жайыла бастағанда ол ұйқыдан оянды. Бүгінде таңертең төсектен тұрғанда таңдайынан дəмі кетпей тамсанып отыратын баяғы балқаймақ ұйқы жоғалған. Жан-жағындағы сатыр-сұтыр ат дүсірін де естімей, ердің басына қамшыңды тіреп, маңдайыңды соған қойып, сəл мызғысаң, қыз қойнынан өргендей көңілің бүрлеп сала беретін қунақылық та ұмыт болыпты. Күнде жатарда жеті кісіге қаратып, жеті əйелге қайта салдыратын құс мамық төсекке алғаш жатқанда, əлгі ауыздарының суы құрып, айта беретін пейіштерінің де тап осыдан артықтығы шамалы шығар деп ойлайтын. Қазір суық тиеді. Сол қомағай жібектің мұз боп қарығанынан құдды бір суық жердің қойнына кіріп жатқандай тұла бойы түрш ігіп, біразға дейін көз іліндіре алмайды. Онсыз да ерғашты көңілі бетімен лағып, əр нəрсені бір ойлап, зорға ұйықтайды. Кəрі жүрек көп қуана бермейді. Бірақ əр күн сайын таңертең төсегінен тағы да тірі өргенін көргенде қалай да көңілденеді. Қызметш ілерін шақырмай тұрып, ешкім жоқта тамыр-тамырының бəрі аңдап-аңдап тұрған тарамыс қолын бүгін көріп отырғандай тесіле қарап шығады; асыл жүзік салынған он саусағын түнде ұйықтап жатқанда біреу қырқып əкеткен жоқ па деген кісіше, əрқайсысын жекежеке салалап көреді. Бұл асыл жүзіктің əрбіреуінің өз тарихы бар. Мынау ақ маралдың қарға тамған қанындай қарт лағыл Бұқараны шапқанда түсті. Ол кезде қазіргісінен əлдеқайда жас еді. Сардиған сар даланың төсінде көң қотырдай қоңырайып көрінетін қара құрым шаһарлар көзіне шалынса болды, қалың түмендер суға шапқан киіктей жөңкіліп, лап қоятын. Аппақ шаң аспанды лайлап, жерді ойып жіберетіндей қалың дүсір құлағына шалынғанда, делебесі қозып, тыпыршып, ауыздығымен алысып кететін шағыр атының дікектеген басын еркіне жібере жаздап, зорға шыдап отыратын. Бір жағы - Жейхунның жойқын лайы, бір жағы - білем-білем құм шағылдың ортасында алапес тигендей оқшау көзге ұрып тұрған əлеміш шаһардың қамалын бұзып, іш іне кірген соң, көк күмбез меш іттің табалдырығына қарғып шығып, соңындағы қолына айқай салған-ды. — Шалғынды шауып алдық, енді аттарды еркіне жіберіңдер! Сол-ақ екен манадан бері жау жағаласпен жүрген көк найзалар үй-үйдің сығырайған шайтан көз əйнектерін түртіп, гүрзілер есік бұзды; қайқы қылыштар бала-шағаның, қатын-қалаштың, кəрі-құртаңның желкесіне төнді. Қынаптан суырғанында оқ жыландай ысқырынатын жылмаң қылыштың зəрлі ысылын сыбызғының сазынан бетер құныға тыңдайтын сарқаптал, қанды балақ, құзғын көз, қырғи жүрек сарбазға жаутаңдаған жанарлар мен кемсеңдеген иектерді, дірілдеген қолдар мен дірдектеген сирақтарды көргеннен артық лəззат болушы ма еді? Қан жұқпаған қанжардан не пəтуа, қан жұтпаған еркектен не пəтуа, қаймықтырмаған қаһардан не пəтуа! Əлгі, əншейін, жердің бетін көл-жоса қып көміп кеткен қара қан - жеңістің айғағы емес; жеңістің айғағы - жылты қашқан көздер мен сұрқы қашқан сөздер. Дұшпанның һарам қанына белшеден жүзсең де ол мүсəпір болған жауыңның жаутаңдаған көзінен ытқып шыққан бір тамшы ыстық жасты өз көзіңмен көргеніңдей болмайды. Бұның қай соғыстың соңынан да, қолға түскен тұтқындарды өзі жүріп, тінтіп шығатыны да сондықтан. Қашан жоса-жоса боп аққан көз жасын көргенше, екі қолы артына байланған тұтқындарды əкелдіре береді, əкелдіре береді. Көз жасын көргенде барып, мынау үнсіз тергеуін оқыс тыяды. Алда-жалда ешкімнің көзінен жас көрмесе, шаһардан да сау тамдық жұрнақ қалмайды. Шабылған елге шабынған ер емес, мөлтеңдеген көз жасы ғана араша болмақ. Бұқараны шапқан күні кешке қарай, қол басылар бұның шатырына талауға түскен шаһардың талай қызын саудагердің керуеніндей көзінен тізіп алып келді. Шаһар əкімінің қатыны бұл отырған сары ала шатырдың босағасынан басын имей аттады. Екі босағада тұрған екі жасауыл тəкаппар қатынның аспандай қараған асқақ басына қылыш апара бергенде, бұл ымдады. Екі жасауыл əйелді қақ алдына əкеліп, жер тізерлетті. Зиялы қауымның ортасында жарық жұлдыздай жарқырап қалған асқақ əйел бұны қорашсынды ма, əлде ерінің намысы мен елінің аруағын сыйлағаны ма, - əйтеуір басын имей мелшиіп отырып алды. Екі жасауылдың күштеп жер тізерлеткенін, бұл оның бас игені емес екенін көрсеткісі келген болу керек, көкке қарап, қолын жайып, ернін жыбырлатып дұға оқиды; сонда əлгі тізе бүккені аллаға ақырғы мінажат қылғаны болып шықты. Қайсар əйелдің амалсыз жерде айла тауып кеткеніне бұл іштей сүйсініп отыр, əйел аппақ қолын жүзіне апара бергенде, сүйріктей саусағынан қызыл шоқтай лағыл жүзік жарқ етті; ол біраз уақыт көзін жұмып, ернін күбірлетіп, екі қолын бетінен енді ала бергенде, жасауылдарға ишара қылды.
Көк желкеден төнген қайқы қылыш сүйріктей-сүйріктей он саусақты қу жүзгеннің шырпысындай қыршып түсті. Тəкаппар əйелдің қайқы еріндері оқыс жымқырылып, мəрмəрдай аппақ жүзі ду ете қалды. Тостағандай-тостағандай екі көзінен секіріп шыққан екі тамшы етегіне домалады. Əйел қайтадан қу шүберектей боп өңі қуарып, сазарып алды. Жарты əлемді қау шөптей жапырған бұның алдында да айылын жимаған қайсар қатынның лағыл жүзігі содан бері бұның қолында. Жеңіс бермеген əйел өрлігінің ескерткіш індей ескі көз. Ал енді мына біреу - Отырарды алғанда, ойда жоқ жерде көк желкесінен тап беріп, басын балтамен шауып түсіре жаздаған кəрі ұстаның өңін от алып күңгірт тартқан сіркелі күміс сақинасы. Анау - Самарқанның аспанмен арбасқан сайқал меш ітін шапқанда, михрабта мінажат қылған қалпын бұзбай отыра берген діндар мұсылманның меруерт сақинасы. Сұқ қолындағы Қап тауында бұның көзі түскенін байқап қап, сұр мойнақ арғымақ атының кеңірдегін бір-ақ орған ерегіспе ер жігіттің шынашағынан алынған ұр тас. Бұл өз алдына келгенде қаймықпаған адамның қай-қайсысының да жүзік-сақинасын кесіп алып тағып жүр. Адамдар неткен көзсіз, неткен өжет. Тап бұдан айбынбайтын адам шанда-шанда бір жолығар деп ойлап еді, ондайлардың тек сақина-жүзіктерінің өзі бірнеше керуенге жүк болды. Бұл өрлік пен ерлік түгілі мешкейлікті де, дүние қоңыздықты да жеңе алмады. Термездің базарында бір саудагердің бұны көргенде жалма-жан саусағынан жүзігін шеш іп алып, жұтып жібергені бар. Бұл қасындағы сарбазға тап сол бойда мұнша дүниеқоңыз саудагердің іш ін жарғызып, жүзікті таптыртып алды. Мына біреу күлгін жақұт сол. Бұның əскері өткен жерде неше мың адамның саусағы қырқылды! Сол бір топар қолдардың ұзын-ырғасы қанша болғанын жүзік артқан түйелердің санына қарап санайды. Осынша жаны қас топар қолдардың дəл қазір бұған жеңгізбегені рас. Бірақ бұл артынан əскеріне қолы топар кісі көрсеңдер, əйел болса - қарынын жарып, жатырын алып тастаңдар, еркек болса - ұстап алып, ақта қылып жіберіңдер деп жарлық шашты. Бас имеген топар қолдардың тұқымы өздерімен құриды. Бұл салған ойран-бүліктердің тұсында тек басын баққандардың ғана қол-аяғы сау қалады. Басын баққандар тек басын бағатындарды туады. Сөйтіп, бұдан былай дүниеде тек басын бағатындар ғана өмір сүреді. Басын бағатындардың мойын-омыртқа сүйегі осал болады. Сосын бұл, бұның анау Шағатай, Үгедей, Жошылары, олардың жер бетінің түкпір-түкпірінде өсіп-өрбитін шашыранды тұқымдары өңшең құрттаған шыбыштың құйрығындай шыбындаған бастарды ғана көреді. Шыбындаған бастар маңайында не болып, не қойып жатқанын жөнді көре алмайды. Олар сөйтіп тек бастан ғана емес, көзден де айрылады. Бұның тұқымына бас пен көздің қажеті шамалы, жабырлайтын аяқ пен қимылдайтын қол табылса болғаны. Ол он саусағындағы сақиналардың аман-есен орындарында тұрғанын көрген сайын көңілденіп сала береді. Бүгін бір түс көрді. Түсінде енеден туғандай тыр жалаңаш, қардай аппақ еті бар, ай десе аузы, күн десе көзі бар бір сұлу мойнына оратылып, құшып жүр. Түсінде көңілденгендіктен бе ұйқыдан да жадырап оянды. Мынау шаршы дүниенің төрт бұрышының сұлулары түгел бас қосқан гаремінің есігіне бас сұқпағанына да біраз болып барады. Қартаяйын дегені ме, солардың көбінің аты-жөнін ұмытып та қалыпты. Соңғы кезде алыс жорықтан жүріс өтіп кетіп, сыр алдырып алмайын деп, ешқайсысын қасына шақыртпаған-ды; түсінде жалаңаш сұлу көріп жүргеніне қарағанда, шамасы, əлі де бір түндік қауқары болғаны ғой. Ол Касар мергенді шақыртып түсін жорытып алайын деп бір оңтайланды да, сосын өмір ш іркіннің өзі де көрген түстей емес пе, қай түсіңе нанарсың деп тағы ойлады. Баяғыда қуғын көріп, ел асып, жер асып жүргенде бір қуыста ұйықтап жатып, түсінде айдалада қурап қалған өз қаңқасына құзғын қонып отырғанын көріп, шошып оянғаны бар. Бірақ арада ай өтпей жатып, ақ киізге көтеріп, хан сайланды. Қоңырауын шылдыратып, есік алдындағы жасауылды шақырды. Оның əкелген киімі мұп-мұздай екен. — Бұнысы қалай? - деп сұрады. — Бүгін түнде қар жауды, — деді жасауыл. Ойына жыл сайын қан сонарда қасына Касар мергенді ертіп, аңға шығатын əдеті түсті. II Аңға шыққанда қашан да Касар мергенді бір елі жырақ жібермей, қасында ұстайды. Мергендердің жақын жүргенінен алыс жүргені қауіпті, мерген еместердің алыс жүргенінен жақын жүргені қауіпті. Жатаған болса да, жауырыны қалақтай шағыр атының осы көл дария көшелілігін ұнатады, Көшелі аттың үсті өз үйіңнің төріндей; тұрқы келте ат мінсең, құрдым құздың ернегінде тұрғандайсың. Бүгін күн тіпті тамаша екен. Алыс қырандар ала балақтау, ойға қар тегіс түсіпті. Көзіңді көлегейлегенімен дүниенің бəрін жұмсартып, балбыратып жіберетін іркілдек сүт тұман төңіректі түгел перделеп, кілкіп тұр. Қос ат сол енді ұйып келе жатқан сүт кілегейді кеуделеп жыртып, жымысқы жықпылы көп жермешел таудың қойнауына енді. Қасындағы нөкерін аңды үркітпеске, тынышын бұзбасқа, тек алыстан бас-көз боп жүруге, кейінірекке тастап кеткен. Касар мерген бұның ел-жұрттан безіп, тау мен тасты паналап жүргенде қасына ерткен жолдасы еді. Онда мерген бұдан қаймықпайтын. Елсіз тауда екеуінен басқа жан жоқ болған соң, бір-бірімен емін-еркін сөйлесе беретін. Əккі аңшы ұлы билеуш іге талайталай атып алған киігін тасытып, тезегін қалатып, тамағын пісірткен-ді. Артынан өзі хан болып сайланған соң, ол алыс тауда жападанжалғыз жүретін аңшы досын қасына алдырды. Касар мерген сары ала шатырдың іш іне кіріп келгенде, қақ төрде шалжиып отырған бұны көріп, екі қолын бірдей созып, ентелей ұмтылды; кірген беттен сампылдап сөйлеп, саңқылдап күлді. Шатыр іш індегілер: «Апырау, мына неменің есі дұрыс па?» - дегендей, көздерінің аласымен қарап, айран-асыр болды. Арада екі-үш күн өтпей жатып, аңшы досы шатырға тағы келді.
— Сый-сыяпатыңа тəңірі разы болсын, тауыма қайтам, - деді. — Тауыңда нең қалып еді? - деп сұрады бұл. — Əй, билеуш ім-ай, сен нені білейін деп едің. Жақпар тастың арасынан шалқи соққан желде қу тезектің түтінін иіскеп отырып, терлептепш іп ішетін арқардың күйік дəм сорпасын сағындым, жамбасымды қыз-қыз қайнатып, қыдықтап жататын аю терісі бөстегімді сағындым, екі аяқты отқа қалап, емін-еркін қақырынып-түкірініп отыратын қара лашығымды сағындым, - деді. Сонда бұл қарқылдап күлген-ді. Касар мерген бұртиып, лəм-мим деместен сырт айналып шығып кетті. Бұл сары ала шатырдың есігін жұлқып ашып шығып бара жатқан досының артынан көзінен жас аққанша, іш ін басып күле берді, күле берді. Сонда шатырында отырған өңшең игі жақсылардың бұлардың қайсысының есі ауысқан дегендей, екеуіне алма-кезек жалтаң-жалтаң қарасқаны əлі есінде. Бір күндері сусылдаған сары жібек шатырдың іш інде қараптан-қарап отырып өзі пұшайман болды. Қаншама үлде мен бүлдеге оранса да, омырауына төскейдің қоңыр салқыны тимеген соң, үсті-басы ду-ду қышитынды шығарды. Ондайда жалма-жан саусақтарын көкірегіне көсіп-көсіп жібергелі қолын көтеріп алған бойы, көздері бір өзіне қадалған шонжарлар есіне түсіп, көсе иегіне үрке біткен екі-үш жирен түкті қышыр-қышыр үйкелеп, қолын кері тартып əкететін-ді. Күні бойы бұл шатыр толы шонжарларды аңдиды, олар бəрі жабылып бұны аңдиды. Тақтың тауқыметін сонда аңғарды. Касар мергеннің тауға неге қайтқысы келгенін де сонда түсінді. Қасындағы мызылыпсызылғандар əбден мезі қып бітті. Қажет десе қалжыңдасып ішек-сілесі қатқанша күле де алмайды. Бұл əншейін езу жиырса, олар шетінен күлімдеп қоя береді, ал енді жазатайым қарқылдап күле қалса, көздері тас төбелеріне шығып кетеді. О жазғандар езулері желімделіп қалғандай тек жымиғанды ғана біледі. Ондай ерігіп кеткен сəттерінде бұл атын алдырып, түмендерді аралауға шығады. Əскерін аралап жүргенде, түмен басыларының шатырына түспей, шолғыншылар қосы тұратын қарауыл төбенің басына барып ұйықтайды. Қарауыл төбені шырқ айнала түнгі аспанның жұлдыздарындай əскер қостарының оттары құжынайды; төбеде - жер қайысқан қалың қолдың ығы-жығы қостарының отындай жұлдыздар самсайды; біреулері əлі маздап тұрса, енді біреулері жер ошақта қалған қозадай солғын бозарады. Баурайда аттар пысқырады. Қостардың басындағы сан қилы сөздер, сан түрлі дауыстар араласқан алашабыр жабыржұбыр əңгімені қырдың түнгі самалы біресе қағып əкеліп құлағыңның түбінен самбырлатса, біресе талықсытып, түу-түу алысқа, шалғайға алып қашады. Ара-тұра жел жақта жайылып жүрген жылқылардың мұрын жарар күлімсі иісі мүңк ете қалады. Ащы тер, қажымас қайрат, алыс жорықтардағы сан қилы жолдардың шаңы, сан қилы шөптің нəрі ию-қию араласқан сол бір иіс - мынау маужыраған бейқам түнді серпілтіп кететіндей сергектіктің, сақтықтың, бұл маңай қанша жайлы, қанша рақат болса да, ертең тағы жорық барын, алда талай азапты кешу, арпалыс тұрғанын сездіріп, бір түрлі айбындырып тастайтын қатыгез рухтың қаһарлы сесіндей. Аспан мен жердің ара-шегі жойылып, төңіректегі тұтасқан қалың мұнар мен жымыңдасқан оттарды көргенде ол жер басып тұрғанын ұмытып, сонау көз ұшында еміс-еміс жымыңдасқан жұлдыздардың ортасындағы хақ тəңірдің өзіне айналып кеткендей сезінеді. Сонау төбесіндегі, мынау іргесіндегі жыбыр-жыбыр көп от бұған тауап етіп жатқан көп ғаріптің жалбарыныш шырағындай; оларды осылай моншақтай тізіп маздататын да, бір үпіріп өш іріп тастайтын да құдірет тек өзі сияқты. Осылай аспан мен жердің арасына сыймай, кеудесін кернеп, алып-ұшып бара жатқан желкілдек көңілін су сепкендей баса қоятын да əлгі бір келте самалға ілесіп мүңк ете қалатын күлімсі сілті иіс. Ол иіс бұның танауына мынау көкірегіңді, кеудеңді шайып жатқан саумал ауадан бетер жағады. Ат қосшыларын шақырып, төбенің басына ақ шаңқан киіз жайғызып, төсек салдырады, жел жағына өзінің ертұрманын қойғызады. Төсегін шыр айналдыра жылқының қылынан жаңа есілген қыл арқан тастайды. Жылқының тер иісі мен қылтанақ қылынан қашпайтын мақұлық жоқ көрінеді. Қараңғы түнде үрей тудыратын ібіліс-пəлекеттер де айғыр жылқының ащы тер иісіне алмайды деседі. Бұл осындай қара түнде қапысын тауып кете ме деп қауіптенетін оқыс пəлекеттерінен жылқының күлімсі иісімен қорғанады да, жұмыр бастылар тарапынан келетін қатерден шыр айнала қоршап алып, таң атқанша кірпіктерін бір ілмейтін қырық жасауылы қорғайды, ал алда-жалда олардан келер пəле болса, оны əрі құралайды көзінен ататын мерген, əрі қараңғы түнде құмырсқаның жорғалағанына дейін сезе қоятын саққұлақ аңшы Касар досы бір өзі көріп алады. Бұл қанша қаннен-қаперсіз ұйықтап жатса да, таң сібірлесе болды, біреу түртіп оятқандай төсегінен атып тұрады. Қалың қос тегіс оянып болғанда, ол ат үстінде жүреді. Қапелімде оның қайда түнеп шыққанын да өз нөкерінен басқа ешкім білмей қалады. Əскерді аралай берсе, тіпті де шаршамайтын түрі бар. Бірақ қайта-қайта қостарына соғып, қайта-қайта табақтас бола берсем, қауқылдасқан қалың қолды бойыма үйретіп алам ба деп қорқады. Тіпті түмен басылардың да шатырына отырып жарымайды; қона қасы əзірлеп қалбаңдасып қалған талай қосқа тоқтамады да. Əскер басыларын өз шатырына аз жинайды. Көбіне біріндеп шақырып, жеке мəслихаттасады. Түмен басыларын айда-жылда болмаса, көбіне-көп бір-бірімен кезіктіре бермейді. Өз шатырында болатын ұлықтарға да барынша іш алдыртпауға тырысады. Бұның мінез-құлқына бой үйретіп, сыралғы болып алғанын байқаса, дереу шатырдан аластаудың қамын ойлайды. Шатырдан аласталғандар содан қайтып бұның көзіне түспейді. Сондықтан да шығар, бұның шатырында қызмет атқаруға жұрттың тап онша құлқыны құри қоймайтын тəрізді. Дүниеде билеуш і атаулы бет-ажары келіскенмен, денесінде тыртығы бар сұлу əйелмен бірдей ғой. Əлгіндей əйел сыртынан алдына келген еркектің құлқынын құртып, құмартқызып отырғанмен, іш інен əлем-жəлем боп, қорынумен болады. Сұлулығыма табынған еркек денемдегі мінімді біліп қоймаса екен деп қуыстанады. Өйткені, əлгі міні əйгілі болған күні сұлу аты да құриды. Билеуш ілер де сыртымен ықтырып отырғанмен, іш інен сескенеді, бағыныштысын бойына дарытқысы келмейді. Ал сарай маңының сабылмаларының да нəпсіқор еркектердей қашан барлық гəпті біліп болғанша өліп-өшетін ежелгі əдеті бар. Сондықтан да бұл бағыныштысының қасы мен қабағын алдымен өзі аңдиды; егер ол алда-жалда мұның бір сырына түсініп қалса, дереу көзін құртады. Əйтпесе, өзіне қауіп. Өйткені билеуш інің тағдыры да сұлу əйелдің тағдырындай. Қай күні жұрт оның ісі мен қылығына таңданудан қалса, сол күні оның да дəуренінің өткені. Ол талайларды тамсантумен келеді. Əуелі өзімен қырғи қабақ болған ағайындарын алдап таңырқатты; олардың ауыздарын алып алған соң, дереу бастарын жалмап таңырқатты. Сосын біреуді орынсыз мадақтап, біреуді жазықсыз жазалап таңырқатты. Ол үш ін істегенін жұрттың мақұлдаған-мақұлдамағаны бəрібір, əйтеуір таңырқаса, таңданса болды. Қайта оған сол жұрттың құптағанынан гөрі
ұқпағаны керегірек. Ол шатырына ойындағысын айтпай танып отыратын сұңғылаларды жуытпайды, не істесе де таң-тамаша қалып отыратын жұмыр түйсік, маубастау адамдарға көбірек үйір. Қасынан Касар мергенді тастамайтынының да бір себебі сол. Касар мерген құм үстінде құмырсқа жорғалап келе жатқанын сыбысынан біле қоятын аңшыл, бірақ жұрттың не ойлап, не қоятынында атымен жұмысы жоқ. Оның үстіне хан отырған сары ала шатырдан гөрі қасқыр мен сілеусін қаптаған құз-қия шатқалдарға құмар. Ол өзгелерді сəл нəрсе үш ін жер қаптырып жататын қатыгез ханның өзіне елден ала бөтен неге қаны қата қалғанына қашан да қайран. Касар мергеннің осы күнге дейін жыланды тірілей жұтып, шоқ шайнайтын тибет көз баушысы Эрен мен өз əмірш ісінің осы мінезіне түсіне алмай таңырқаумен өмірі өтіп барады. Əлгі бір ұлы əмірш інің басқан ізін жырға қосып, дастан қылып отыратын ақындардың өлеңдері оған əуелі əншейін жел буаз сөз сияқты көрінетін еді, қазір оларға да ынт-шынтымен ұйитын болды. Мінекей, Касар мерген қасында, төңірегіне құлақ түріп, тың тыңдап келеді. Түнде қар жауған соң, бұйығып қалған аңдар əзір бой сергіте қоймаған. Андау-андау араны көп қара шатқалға енді жетті. Жақпар тасқа өрмелей өскен қарағай мен самырсынды қар кеміп алыпты. Сəл лып еткен лептен сүмелек қар сусып төгіледі. Қан сонардың мамық мұнары да сейілмепті. Күн жылы. Екі ат шатқалдың шатқаяқ жолынан аяқтарын санап басады. Барған сайын бұлтарыс көбейіп, жол қиындай түсті. Қапталдан тау өзені жолықты. Сайдың сонау тұңғиық табанында ұлпа қарды жидіте тіліп ағып жатқан қап-қара судан бу бұрқырайды. Сай бойындағы əлдебір тасқын желкелеп айдап əкеліп тастаған шомбал-шомбал қой тастар келте тонынан бөксесі көрінген алыптардай үсті ағарып, асты қарауытып, дөңкиіп-дөңкиіп жатыр. Анандай лепіре, лекілдеп аққан тентек ағынның қасында, жол бойында мертіккен аттай теңкиіп жатқан неткен ерсі. Өмір де осы бір ескі арнаның алдамшы ағынындай. Сонау қырық үйіріліп, бұрқырап-сарқырап жатқан ақ түтек су осыдан қай жерлерге дейін барады. Жауды жапырып, жөңкіген қолдай өңмеңдеп аға береді. Қай құздан бас алып, қанша жартасқа айбат шегіп, қанша қой тастың басынан қарғып өткенімен жұмысы жоқ. Осы бетімен лағып барып, шалқып жатқан шалқар айдынның құшағына еніп, із-түзсіз жоғала ма, жоқ жол-жөнекей құмға сіңіп құри ма - оны да ойламайды. Сыңайы, осы бəр-бəрімізді өңмендетіп қойған өмір ш іркіннің өзі де, түптеп келгенде, тап осы ағын судай баянсыздық, сылдыр-сұйық патуасыздық шығар. Ағын суға, əйтеуір, аққан мұрат болса, өмір ш іркінге де, əйтеуір, өткен мұрат. Адам пақыр да ағын суда жан жағынан ықтырмалап, тықсыра қуған толқынның жойқын пəрменінен жаны кіріп, делебесі қозып, делбеңдей беретін қу жаңқа тəрізді ғой: о да басын тасқа ұрып, суға ұрып жөңки беретін көп нөпірдің іш іне бір түскен соң, алды-артына қарап жарымайды. Ол пақыр да мынау желкелеп қуған нөпір тірліктің баянсыздығын, өз қарекетінің пəтуасыздығын анау жағаға шығып қалған қой тастай сазға отырған күні бір-ақ біледі. Бірақ енді кері ағатын су, қайта бастайтын дəурен жоқ. Сол жеткен жерінде зорыққан нардай мəңгі-бақи шөккенің; сол арада су шаяды, жел қағады, тозасың, тозаңға айналасың. Бағзыда асқар таудың бір шыңынан үзіліп түскен жұмыр тас күйіңе қайта орала алмайсын: жолағанды кесіп кетер өткір пышақтай қырың болса, су шайып, жел жалап тегістейді, зіл батпан салмағың болса, бір күні күзді күнгі қаңбақтай қаңғалақтап қалғаныңды өзің де байқамайсың. Пенде біткеннің бəрі де əлгіндей пенде екенін қашан бетінен əр, бойынан əл кеткенше біле бермейді. Баяғыда өзін ақ киізге көтеріп хан сайлаған пенделер талай əмірш іден ауыздары күйсе де, мұның ертең не істейтінімен шаруасы болды ма? Жоқ. Тек бір-екі ру басы, олар да əншейін пенделікке басып, бұдан сырт айналып безіп кетті. Бұл сонда: «Пенде екенің рас болса, еміңнің не екенін мен де білемін», - деп қалған. Артынан басқа пенделерді аузына қаратқан күні, оларды соңынан қуып барып, ауылдарын шауып талапайға салып, қара қан жұтқызып қайтты. Содан бері мынау аспан астының біраз жерін көзімен көрді. Талай əмірш інің ақ ордасына атын сарытты. Соның бəрі бұның қаһарын асыра түсті. Бүгінде оның атын естігенде əзірейілдің атын естігендей шошынбайтын пенде кем де кем. Сұлу өзінің ажарын, батыр өзінің қайратын, шешен өзінің тілі мен жағын қандай қызықтаса, бұл да айбарын, қолындағы өктем билікті сондай қызықтайды. Сұлу өзінің ұнағанынан, батыр өзінің жеңгенінен, шешен өзінің сөзінен қандай лəззат алса, бұл да ел біткенді бағындырып, жұрт біткенді қалтырататын қаһарынан сондай лəззат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет