Іі. Топқа бөлу От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы Топ мүшелеріне мінездеме



Дата12.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81844
  • Шаттық шеңбері
  • Дөңгеленіп тұрайық
  • Керегені құрайық
  • Уықтар боп иіліп
  • Шаңыраққа киіліп
  • Киіз үйді құрайық.
  • Free Powerpoint Templates
  • ІІ.Топқа бөлу
  • От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы
  • Топ мүшелеріне мінездеме От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар. Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар. Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ. Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
  • ІІІ.«Ротация» әдісі -Топтық жұмыс
  • I топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
  • II топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
  • III топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек
  • ІV топ. Әр бала бақытты болуы үшін не кажет?
  • IV. Ситуациялық сұрақтар:
  • Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
  • Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
  • Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
  • Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
  • Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
  • Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
  • «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
  • Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
  • Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
  • Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.
  • Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
  • Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
  • Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
  • Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
  • Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
  • Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
  • Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда,
  • Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
  • Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
  • Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.
  • Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
  • Кері байланыс:
  • «Ашық айтсам...» жаттығуы
  • Коучингтің жүргізілген күні___________________________________________
  • Менің есімім_____________________________________________
  • Менің коучинг барысында түйгенім____________________________________
  • __________________________________________________________________ Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?_______________________________________________________________________________
  • Бәрінен де маған ұнады_________________________________ Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?
  • ______________________________________________________________________________
  • ұсыныс_________________________________________________ Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?_______________________________
  • _________________________________________________________________ Қолы_______
  • Қорытынды: Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Сондықтан, қымбатты ата-аналар, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асады


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет