Ііі дәріс Дулат Бабатайұлы поэзиясы және сол кезеңдегі тарихи дәуір болмысы



бет1/4
Дата17.10.2022
өлшемі27,67 Kb.
#43601
  1   2   3   4

ІІІ дәріс


Дулат Бабатайұлы поэзиясы және сол кезеңдегі тарихи дәуір болмысы
(1802-1874 жж.)

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Аягөз ауданында, Балқаш пен Аягөз маңын жайлаған Найман елінде туған. Руы – Найман. Дулаттың қайтыс болған жылын профессор Қ.Жұмалиев 1871 жылы десе, профессор Х.Сүйіншәлиев 1874 жыл дейді.


Дулат Бабатайұлының шығармалары 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиет-нама» деген атпен жарияланған. Жинап бастырушы – Мүлкен Сейілұлы. Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай.
Дулат жырларының біздің заманымызға жетуіне мұрындық болған Ғаббас Байділдаұлы мен Шәкір Әбенұлы. Олар Дулаттың өзін көрмесе де, оны көрген Байділдә ақсақалдың қолжазбасын сақтап, оны Қазақ ССР Ғылым Академиясының Әдебиет пен өнер институтының қолжазба қорына (жолдай) өткізген. Байділдә (1839-1919) Дулатты жақсы білетін замандас, өкшелес адам болған. Ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің сегізінші класына арналған С.Мұқанов пен Қ.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Одан кейін профессор Қ.Жұмалиев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын жазады. Дулат шығармашылығы туралы профессор Х.Сүйіншәлиев 1959 жылдан зерттеулер жүргізді. Ол зерттеулердің кейбіреуі Қазақ ССР ҒА-ның «Хабарлар» журналының 1959 жылығы №3 санында, 1960 жылы басылған «Әдеби мұра және оны зерттеу» деген жинақта жарияланды. Бұрын жарияланбаған «Еспембет» дастанын қалың қауымға табыс етіп, «Жұлдыз» журналының 1959 жылғы №5 санында жарияланды.
Дулаттың өмірі мен шығармашылығы туралы белгілі әдебиеттанушы-ғалым, профессор Ысқақ Дүйсенбаев зерттеулер жүргізді («Эпос және ақындық мұра»). Тілші-ғалымдар Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықовалар ақынның стилі, тілі, көркемдік өрнегі, ақындық дүниетанымы туралы тұщымды ойлар айтып, зерттеу еңбектер жазды.
Кезінде Дулатты кертартпа, реакцияшыл ақын деген пікірлер 50-60 жылдар әдебиеттануда үстем болды. Ақын есімі қазақ әдебиеті тарихынан алынып тасталды. М.Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» эпопеясында ақын есімі Барлас боп өзгертілді. 1960 жылдан бастап ақын тұлғасы қазақ әдебиеті тарихына біршама сыналған сипатта қайта енгізілді. Бұл жолы ақын шығармашылығы қайшылықты ақын деген сипатпен танылды.
Сол кездегі осындай көзқарасты профессор Қ.Жұмалиевтің төмендегідей пікірі айқындай түседі: «Әйтсе де, жер иемдену, сауда-саттық, ел билеу мәселелерінде, бұрынғыға қарағанда, бұл кезде әр алуан жаңалықтар көріне бастады. Осы кезеңде өмір сүрсе де, Дулат жырау толып жатқан жайттарды терең түсіне алмады. Ал заман қайшылықтары оның көзқарасына, творчествосына әсер етті. Жырау әлеуметтік ірі-ірі мәселелерге өзінше жауап беруге тырысты. Кейбіреулеріне тарихи жағынан да келмек болды. Бірақ негізгі идеясы ескілікте жатқандықтан, көп жайттарда ол қайшылыққа кездесіп отырды» (Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1967. – 55 б.).
Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған ғалымдар: Х. Сүйінішәлиев, Қ. Жұмалиев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, М. Мағауиндер болды.
Көрнекті тұлғаның туындылары екі томдық «Бес ғасыр жырлайды», 1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» жинақтарына енгізілген. «Бес ғасыр жырлайды» жинағын болса 1989 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрастырған.
Қ. Раев пен З.Серікқалиевтің дайындауымен 2003 жылы «Дулат Бабатайұлы» жинағы жарық көрген. Жалпы Қ. Раевтың Дулат мұрасын жинап шығару барысында атқарған шаруасы орасан зор. 2001 жылы Дулаттың мұрасын жинақтап ақын «Өсиетнама»атты толық шығармалар жинағын шығарған. Оған қоса 2002 жылы кандидаттық диссертацияны «Дулат Бабатайұлы шығармаларының поэтикасы» атты тақырыпта қорғаған. Осындай игілікті бастама өзінің жалғасын тауып, екі жүз жылдық мерейтойы қарсаңында, «Кеудем ақыл сарайы» жинақ жарық көрді. Ал 2003 жылы «Тұнық тұма» атты бір томдық жинақ академиктер С.Қасқабасов пен З.Ахметовтың басшылығымен жарияланған.
Дулат – қазақтың көп жеріне мәлім ақын. Ертедегі ақындар үлгісінде тәрбиеленіп өскен. Әуелі ақын айтыс, әзіл-оспақ ретіндегі өлеңдер шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси-әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан.
Дулат жырларының негізгі тақырыптары – әлеуметтік және тәрбиелік мәні зор мәселелер: қазақ халқының бір алуан руларының оңтүстіктен Арқаға қоныс аударуы, патша өкіметінің отарлау саясаты, заман ағымы, қазақ даласындағы өз кезіндегі ел басқарудағы, тұрмыс-салттарындағы өзгерістер, жастарға тәлім-тәрбие беру мәселелері т.б. сөз болады.
Дулаттың біздің заманымызға жеткен негізгі шығармалары: «Өсиет-нама», «Көргеннің көзі тойғандай», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жоқ», «Қылығың қылжаң туысқан», «Әуелі қазақ деген ғарып жұрт», «Он бес деген жас қайда», «Тырнақтай меңі болған соң», «О, Барақ жас, Барақ жас», «Тегімді менің сұрасаң», «Кеңесбай мырза, тыңда сөз», «О, Ақжан жас, Ақжан жас», «Жапанға біткен жантақты», «Асқар таудың сәні жоқ», «Ей айтайын арнап Еменге», «Ата қоныс Арқадан», «Атаны бала алдады», «Екінші біреуге», «Май, май десе, май дейсің», «Өзіңе өзің тұсау сап...», «Біреуге», «Екінші біреуге», «Үшінші біреуге», «Төртінші біреуге», «Ал, қарағай сұлу сындардай», «Ұста соққан темірдей»; мысал өлеңдері: «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық»; дастандары: «Еспембет», «Шаштараз».
Көркемдік ерекшелігі: Профессор Қ.Жұмалиев: «Ең алдымен Дулат сөздерінің логикалық жағы мығым. Өлең сөйлемдерінің жолдары тек ұйқастары арқылы емес, логикалық ішкі мазмұнымен де нық байланысып жатады. Жолдың буын санын толтыру үшін жүретін айтаын деген ойға байланыссыз сөздер Дулатта өте сирек кездеседі. Екінші, әр сөздің, жеке образдардың мәнін түптеп келгенде өмір шындықтарымен жымдасып жататындығы және нақтылығы аңғарылады. Сонымен қатар, халықтың тіл қорын жақсы білуі арқасында басқа әдеби нұсқаларда кездеспейтін, көптеген үздік образдарды, ерекше сөз тіркестерін поэзиямызға енгізді".
Дулат – сөз, дыбыс ойнақылығына да шебер ақын.

Аяз қысса мүйізді,
Мүйіз қысып тұқылды.
Қанталаса тұқылың,
Алпыс екі тамырың
Қаңсып қалған сықылды.
Қамшы тиді тұлпарға,
Қылыштары жарқ етті.
Қабағыңды қаққанша,
Жарық етті де сарт етті.
Ұлық қысса, ұлықты,
Ұласып мидай былықты.

Ақын өлеңдерінен заман, адам өзгерістері, басқа ел мақсат ─ мүддесіне бейімделе бастаған халық халі, туған жер, адалдық, адамдық қасиеттерді өрнектеген өзіне ғана тән бояуды табамыз. Дулатқа дейін ақыл айту, нақыл дәрежесінде келсе, ақын бәріне өзін кінәлі санап, ашына айтады. Бұған дейін көрінбеген өзгеше леп. Жаңа жол.
Тілші ғалым Рабиға Сыздықова «Дулат жырау ма, әлде ақын ба?» деген мәселенің бетін ашып алады. Дулаттың болмысындағы жыраулық қасиет пен ақындық қабілеттің тоғысар тұсын дәл көрсетеді. Өлең құрылысы жағынан дәстүрлі жыраулық үрдіске құрылған Дулат өлеңдерінің көркемдік ;мазмұн жағынан өзіне дейінгі жыраулардан мүлде бөлектік, өзгешелік бар екенін тұжырымдайды. Ал, мазмұн тұрғысынан ақын өлеңдерінің дидактикалык сарынға философиялық толғаныстарға қоса нақтылыққа көшу мәселесіне баса назар аударылуын негіздей отырып, оның ақындық қасиетін танытады. Екінші жағынан ғалым - Дулат өлеңдеріндегі жазба әдебиетке тән белгілерді де дәл атап, айқын танытқан зерттеуші. Дулаттың жазба ақындығын шығарманың іштей шоғырларға бөлінуімен дәлелдейді: «Өлеңді шоғырларға /тирадаларға/ бөліп құрастыру тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең жырларында жоқ. Ол - жазба әдебиетке тән өлең құрылымы. Бұл құрылым қазақ поэзиясында Дулаттан бастадады».
Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлендердің барлығы дерлік еркін ұйқасты жеті-сегіз буыннан тұратын жыр үлгісінде болып келді. Ақының кіргізген бір жаңалығы кейбір толғауларының шумақтарында өзара қайталап отыратын заңдылық бар.

Академик Зәки Ахметов Абай ақындығына қатысы зерттеу еңбегінде Дулат өрнегінің өзіндік ерекшеліктеріне үлкен мән береді. Ол Абайдың:
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі - жамау, бірі - қүрау.
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау,
- деген өлең шумағындағы ондаған жылдар бойы түрлі дау тудырып, талай
сындарлы ойларға өзек болған ақын тұжырымына кеңірек тоқталады. Абайдың өзіне дейінгі түпсіз терең қазақ поэзиясының ішінен осы үш тұлғаны бөле жара айтуының сыры олардың талантын басқалардан оқшау санап, жоғары бағалауы деп түсіндіре келіп, «бірі - жамау, бірі - құрау» деген ойға қатысты өз [14:30, 15.05.2022] пайымдауын тартады. «Абайдың сыны оларға поэзиядағы қолданған әдістәсілдерге, нақтылап айтсақ, өлең жырларда бұрыннан қалыптасқан уақыл сөздерді, дайын сөз үлгілерін жиі қолданушылыққа қатысты болса керек. Жамау, құрау деп отырғаны осы мағынада айтылған деп түсіну қисынды» /49/. Зерттеуші ғалым бұл әдісті - дайын сөз үлгілерін, мақал-мәтелдерді еркін, өзінше қолдану, ондағы ойды өз ойымен кіріктіріп кеңейте жырлау Дулаттың ақыңдық ерекшелігін танытатын тағы бір қыры екенін сенімді дәлелдейді.
Яғни,
Дулат Бабатайұлы поэтикасын жаңаша қараудың бір алуан мөселелері
филология ғылымдарының докторы Серік Негимовтың еңбектерінде де қамтылады. Ол ақын шығармаларының көркемдік шеберлігін оның философиялық, эстетикалық көзқарастарымен, мөдениетімен, тақырып шеңберімен төркіндес алыш қарастырады. Сөз бен ойдың бірлігі, ұлттық таным мен көркем шығарма арасындағы байланыстарды ашуға ұмтылған зерттеуші Дулат шеберлігінің қазақ әдебиетіндегі жаңа белестің анықталуына негіз болатынын пайымдайды[13].Жалпы жыраулар поэзиясын зерттеушілердің бірі М.Жармұхамедұлы Дулат шығармаларына қатысты ой-пікірлерін білдірген. Ол дулаттанудың негізгі салалары туралы айта келіп, Дулат өнері жөнінде де өзіндік пікірін білдіреді: «Дулат сол дәуірдегі әлеуметтік өмірді жырлауға ерекше мән береді, сөйтіп, өз дәуірінің талап-талғамдарына сәйкес жыраулық пен ақындық дәстүрді қатар ұстап, екеуін жалғастырушы болды. Соның нәтижесінде ол жыраулық пен ақындықтың төл айырығында тұрып, кейіңірек ұлы Абай негізін қалайтын жаңа сипатты жазба әдебиеттің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Бұған оның ескіше сауатты болып, өз жырларын жазбаша шығаруы да өз септігін тигізді»[30].
М.Жармұхамедұлы Дулаттың жазбаша ақындығын бірнеше фактілермен дәлелдеп көрсетеді. Оның ішінде Дулат өлеңдерінің шумақтарға бөлінудегі тұрақтылығы мен тұтастығы, бір қалыптылығы және ұйқастың тиянақтылығы[30,22] атап көрсетіледі.
Психолог-ғалым Қ.Жарықбаев Дулат өлеңдеріне өзгеше қырынан талдау жасайды. Ол Дулат өз кейіпкерлерін сомдауда адамның ішкі мінез сипаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет