Ііі. Тапсырмалар фонетика күлтегін ескерткіші (Кіші жазу)



бет2/13
Дата26.10.2022
өлшемі77.31 Kb.
#45496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Көне ұйғыр ескерткіштері
Манихей мазмұнды ескерткіш. Өкінішті дұға

(113-121) Ікі иігірмінч. Бір йылқа еліг күн арығ дінтарча1 вусанті2 (ораза - соғды) олырсуқ төрү (төре, заң) бар ерті3, арығ4 бачағ бачап, теңріке анчуласық (арыз ету) кергек6 ерті, йеме ев- барқ7 (үй-жай) тутдуқ8 (тұтқан) үчүн, йылқықа5, барымқа9 (мүлік- пен) болып, азу (немесе) муңумуз10 тақымыз (жағымыз, тағымыз < басқамыз) тегіп (көздеп) йеме11 тудунчсуз (тұтынсыз, ұстамсыз), овутсуз12 (ұятсыз) соқ (аш көз, сұқ) йек үчүн, йеме қорқунчсуз13 көңүлүмүз үчүн ерініп, ермекүрүп14 (ермектеніп), ерклікін - еріксізін15 (еріклікпен - еріксізбен) бачағ сыдымыз16 (ораза бұздымыз) ерсер, йеме басағ олуруп (ораза <да> болып), едгүті (жақсылап) номча төрүче бачамадымыз17 ерсер18. Емті19, теңрім20, йазуқда21 босуну өтүнүрбіз.


(А.Әбілқаев, Қ.Өмірәлиев. Қазақ тілі тарихи грамматикасының практикумы. А., 1973, 31-б.).


Тапсырмалар
1, 2. Берілген сөздің кірме сөз екенін қандай фонетикалық ерекшелік дәлелдеп тұр?
3, 5, 8, 9. Қазіргі дыбыстық үндесу заңымен салыстырғанда үндестік заңының сақталмай тұру себебін қалай түсіндірер едіңіз?
3, 7, 16. Этимологиялық жағынан түбірлес сөздерді табыңыз. Дыбыстық сәйкесімдердің шығу төркінін түсіндіріңіз.
6. Берілген сөздің құрамындағы “г” дыбысының түсіп қалу себебін түсіндіріңіз.
15, 18, 20. Дыбыстардың түсіп қалу себебін қандай фонетикалық заңдылықтармен түсіндірер едіңіз?
10, 13, 14, 17. Тіл, ерін үндестігінің сақталу сипатына назар аударып, қазіргі тіл деректерімен салыстырыңыз.
11, 21. Берілген сөздердің жазылуы қандай графикалық ерекшелікті көрсетеді? Сөз басында қандай дыбыс айтылған?
12.Берілген сөздің түбірін анықтап, қазіргі тілдегі жазылуымен салыстырыңыз. Түбірлес сөздерді табыңыз.
19. Берілген сөздің түбірін тауып, қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда қандай дыбыстық алмасу барын анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет