Ылым министрлігі



Дата31.12.2021
өлшемі25,26 Kb.
#23358
түріОқулық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Сандық білім беру қызметі

4 шағын жоба

Тақырыбы  Электронды оқулықпен жұмыста пернетақтаның, Paint бағдарламасының  қолдану ерекшеліктері

Мамандығы 6M070300Aқпараттық жүйелер________________________________________

Орындаған Каргаев А.Т

(Т.Ә.Ж.)


Тобы МНИС 20 – 1_______________________________________________

Қабылдаған: доцент Сулейменова Б.Б.______________________________________________________

(ғылыми дәрежесі, атағы, Т.Ә.Ж.)

Ақтау 2021



Шағын жоба 1

Жобаның тақырыбы: ЖОО-ның онлайн күнтізбесін жасау.



Қазіргі таңда білімді ақпараттандыру жүйесін дамыту процесіне үлкен, зор үлес қосатын негізінен – жоғарғы дәрежелі ақпараттық жүйелер. Оларға жататындар: бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық оқулықтар және мультимедиялық программалар. Сондықтан бұл жүйелер – ең жоғарғы дәрежелі оқыту технологияларының құрылғылары болып табылады. Программалау біліктілігінің жүйелі қалыптасуы соңғы уақытта пайда бола бастаған электронды оқулықтармен тиімділене түседі. Ал электрондық оқулықтарды білім беру процесін ақпараттандыру құралының бірі деуге болады. Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық оқу орындарында қолданылады. Электрондық окулық көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды мұғалімнің өздері құрады және пайдаланады. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі-электронды оқулықтар дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процесінде қолдану – сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады. Себебі тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Электрондық оқулықтар ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық–ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальды негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындау жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни электрондық оқулықтар оқыту процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. Электрондық оқулық–дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жекеше меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе. Осы жүйеге орай электрондық оқулықтар, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілдері мен логикасын өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. 5 Электронды оқулықтар қағаздық баспалардың қасиеттерін иеленіп, кейбір артықшылықтарға және оң нәтижеге ие. Соның ішінде: компьютерде немесе дискетте сақталу орнының аз болуы; тез тираждалуы, әр білімгерге жеке оқу әдістемесімен қамтамасыз етілуі; электрондық желілер арқылы сілтеме жасау ыңғайлылығы; ақпараттардың жүйелендірілгендігі; Электронды немесе компьютерленген оқулық қағазға басылған кітапқа қосымша болып есептеледі. Баспа өнімдерімен салыстырғанда ЭО-ға жаңа мәліметтерді енгізуге де, оны жаңғыртып отыруға да қолайлы. ЭО – білім беруде пайдаланатын әдебиеттердің жаңа буыны, жаңа өкілі. Ол дәстүрлі оқулықтардың барлық жетістіктері мен компьютерлік технологияны бір-бірімен байланыстыру арқылы жасалған білім берудің қажетті құралы. Сондықтан ЭО-ны жасауда оқытушының шығармашылық ізденісімен қатар белгілі бір дәрежеде компьютерді қолдана алу мәдениеті де жетілуі тиіс. Сапалы, жан-жақты жетілген, көрнекті ЭО-ны дайындау үшін, оқытушы ойының толық жүзеге асуы үшін соңғы технологиялық құралдар да қажет болады. Мұндай техникалық құрал-жабдықтар білім беру ұйымдарына кейінгі кездері қажетінше алынуда. ЭО білімді беруді, бағалауда, емтихан кезінде білімді тексеруде, өз бетімен білім алуда тиімді, оқулықтың бір бөлігінен екінші бөлігіне тез арада ауысуға өте қолайлы. ЭО-да оқу материалы мен тестілер, түрлі тапсырмалар, бейне және аудио материалдар, слайдтар қамтылады. ЭО-ға енгізілген суреттер, графикалық, аудио, бейне материалдар оқушыға беріліп отырған білім мазмұнын жан-жақты әр қырынан тануына мүмкіндік береді. Графикалық құралдар білімнің көрнекілік арқылы жоғары деңгейде берілуін қамтамасыз етсе, мультимедиа лабораториалық практикумды ұйымдастырады. ЭО оқырманның есту, көру мүшелеріне және эмоциясына ерекше әсер етіп, оқырманның материалды оқып, түсінуін жеңілдете түседі. Сондықтан ЭО арқылы бала танымына, оның қабылдауына, зейініне ерекше ықпал етіп, пән мазмұнының толық түрде меңгерілуіне қол жеткіземіз. Ал оқытушы ЭО-ны пайдалану арқылы сабағын жоғары кәсіби деңгейде өткізе алады. Сонымен қатар ЭО қашықтан оқытуды ұйымдастыруда өте тиімді құралдардың біріне жатады. 6 Лекция №1 Электронды оқулық – автоматтандырылған оқу жүйесі Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің барлық жақтарынан дер кезінде және толық мәлімет алып отыруға, шаруашылықты өркендетуге ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, білім беру мазмұнын ізгілендіруге мүмкіндік беретін ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленеді. Ақпараттандыру үрдісінің әсерімен жаңа қоғамдық құрылым қалыптасуда. Қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағытының бірі – білім беру ісін ақпараттандыру. Бұл жаңа ақпарат құралдары мен әдістерін, дамыта оқытудың идеяларын жүзеге асыруға оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір-бірімен тығыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғамдық жағдайда өмір сүруге дайындауға пайдалану деген сөз. Нарықтық экономика, ғылыми-техникалық прогресс, соның ішінде спутниктік байланыс пен интернет жүйесі жоспардан жоғары деңгейдегі біліктілікті талап етеді. Ал бұл талап өз кезегінде оқу бағдарламасын, оқытудың формалары мен әдістерін қайта қарауды және жаңартуды, оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны кеңінен енгізуді қажет етеді. Бұл білім беру жүйесін компьютерлендіруді тездетудің қажеттілігі мына жағдайларға байланысты: - ең алдымен компьютер тілін меңгерген білікті мамандарға деген қоғамның сұранысы күшейіп отыр; - мұғалімдер мен оқушылардың компьютерді меңгеруі, олардың алдынан жаңа білім көздерін ашады, әлемдік білім мен ғылымға жақындатады; - мектептегі басқару ісін жеңілдетеді, педагогикалықпсихологиялық зерттеулерді жетілдіреді. Қазіргі кезде педагогикалық мамандарды кәсіптік дайындаудың мәніне көп көңіл бөлінуде. Жаңа қоғам құру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену үрдісі ұлттық білім беру жүйесін қайта құру міндетін алға қойып отыр. «Білім беру» жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау бағытында білім беру үшін жағдайлар жасау. Ол үшін педагог мамандарды даярлау сапалы, жүйелі, жоспарлы болуы керек. Оларды 7 ойлаудың жаңа типімен қаруландыру, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің жаңа технологияларын меңгерген мамандар қажет. Педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибеде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлау мәселесі барлық уақытта негізгі орын алады. Осы бағытта оқыту үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі оқулықтардың дамуының жаңа кезеңі электронды оқулықтардың пайда болуына алып келді. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары мен жобалау әдістемесі жасалуда. Оқыту процесін компьютерлендіру үрдісін мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, электронды оқулықтарды жасау технологияларын және оларды іс-тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудыруда. Электронды оқулықтың ерекшелігі модулдікке сәйкестігі, жоғарғы мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Бұл оқулық – ғылыми-педагогикалық құрал. Электронды оқулық – автоматтандырылған оқу жүйесі, оның құрамында дидактикалық, тәсілдік және оқу пәндері бойынша ақпараттық – анықтама матералдары, сонымен қоса бағдарламамен қамтамасыз ету, бұлар өз бетінше сабақты оқу, қадағалау барысын кешенді пайдалануға мүмкіндік береді. Электронды оқулық алғашында қашық жерде отырып білім беруді ұйымдастыру мақсатында жасалынса, уақыт өте мүмкіндіктердің кеңейуіне байланысты оқу-ағарту саласына енді. Электронды оқулықтың қолданыс аясын кеңейту үшін ол әмбебап болуы керек. Яғни ол өз бетінше оқып үйренушілер үшін де және тұрақты оқу орындарында отырып оқушылар үшін де тиімді, мағнасы терең, ақпараты мол, тартымды жазылған және көркем безендірілген болуы қажет. Бүгінгі таңда студенттерге, оқушыларға және ұстаздарға интернеттен электронды оқулық түрінде берілген кез келген ақпаратты табуға болады. Электронды окулықтардың қатарына мультимедианың, гипермәтіннің жаңа түрлерін енгізуге болады. Мультимедиа - әртүрлі қалыпта берілген (мәтін, сурет, дыбыс, видео, анимация) ақпаратты біріктіретін компьютердің ақпараттық кешені мен бағдарламалық заттары және ол интерактивті режимде жұмыс істейді. Қарапайым оқулықтарда барлық ақпарат, мәтін және графика түрінде беріледі. Ал электронды оқулықта мультимедиалық технологияның сан алуан түрлерін тиімді пайдалануға мүмкүндік туады.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. http://htmlbook.ru/html

  2. https://beonmax.com/courses/php-and-mysql/?utm_source=gadw&utm_medium=gaww03s_php&utm_campaign=gaww03s_php_10&gclid=Cj0KCQjwiNSLBhCPARIsAKNS4_da1YnfDt5ygitOWNUzdxg4lyKUylMPcd7dL5sEEja_yMvXRhSPJAMaAhGiEALw_wcB

  3. https://metanit.com/sql/mysql/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет