Иммунопрофилактика-ның принциптері Принциптерді іске асыру



бет1/20
Дата09.03.2022
өлшемі63,56 Kb.
#27273
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ИММУНОПРОФИЛАКТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ


Иммунопрофилактика-ның принциптері

Принциптерді іске асыру

  1. Иммунизацияланатын баланың дені сау болу

  • Иммунизация алдында баланың даму тарихында (ф.112) баланың дені сау және оған тиісті егу өткізу көрсетілген туралы жазбаша мәлімет бар екенін тексеру

  1. Санитарлық-гигиеналық ережелерді бұлжытпай орындау принциптері

  • Егу жұмысын өткізуге терісі мен шырышты қабықтардында іріңді зақымдануы және қолында жеңіл болса да жарақаттары жоқ, дені сау медициналық қызметкерлеріне рұқсат беру

  • Вакцинацияны өткізу алдында:

а) егу кабинетіндегі еденді, қабырғаларды, жиһазды дезерітіндімен сүртіп, үстел мен кушетканың үстіне залалсыздандырылған жайнама төсеу;

б) вакцинациялаушы тырнақтарын қысқа алуы, таза халат, қалпақ киюі, білезіктері мен сақиналарын шешуі, қолды сабындап мұқият жууы, саусақтарының ұшын спиртпен сүртуі тиіс



  • БЦЖ вакцинациясын және туберкулинодиагностиканы өткізуге арналған құрал-жабдықтарды бөлек сақтау

  1. Вакцина препаратарын дұрыс сақтау принципі

  • Вакциналарды тоңазытқышта сақтау

  • Ашылған ампуладағы вакцинаны, аннотацияда рұқсат берілген болса, залалсыздандырылған салфеткамен (және БЦЖ, қызылша, мысқыл, «тримовакс» вакциналары үшін жарықтан сақтайтын конуспен) жабылып, тоңазытқышта сақталса, ашылғаннан кейін 2-4 сағат ішінде пайдалануға болады

  1. Қолдану алдында вакцинаны тексеру принцибі

  • Енгізу алдында вакцинаның қолдану мерзімін, вакцинаның қораптағы және ампуладағы (флакондағы) атын, ампуланың жағдайын (шытынау, жарылу), вакцина препараттың жағдайын (түсі, жіп тәріздес болуы, жапалақтар және т.б.) тексеру

  1. Вакцинаның енгізу техникасын сақтау принцибі

  • БЦЖ – тері ішіне ғана енгізіледі

  • АКДС, АДС, АД-М, АДС-М – бұлшық ет ішіне енгізіледі,

  • Полиомиелит вакцинасы – ауыз арқылы ғана енгізіледі;

  • Мысқыл, қызылша вакциналары – тері астына

  • В гепатитіне қарсы вакцина – бұлшық ет ішіне ғана енгізіледі;

  • А гепатитіне қарсы вакцина – бұлшық ет ішіне ғана енгізіледі

  1. Өткізген вакцинацияны тіркеу принцибі

    • Өткізген вакцинация туралы мәліметті (иммундандыру күні, айы, жылы, вакцинаның аты, сериясы, егу мөлшері) егу кітапшасына, егу сертификатына, баланың даму тарихына (ф. 112), егу картасына (ф. 63) тіркеу

  1. Вакцинациядан кейінгі асқынуларды қатаң түрде тіркеу принцибі

  • Егілгендерді егу өткізгеннен кейін 30минут бойы және тағы 3 күн бойы бақылау (ата-анасын немесе туыстарын өткізілген егу туралы ескерту)

  • Вакцинациядан кейін асқынулар пайда болса, тез арада дәрігерге хабарлау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет