Инфекциялық аурулар кезінде эпидемия



Дата09.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#25091

«Инфекциялық аурулар кезінде эпидемияға қарсы іс – шараларды жүргізудің жалпы қағидалары»


«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ДҮЙСЕНБІ ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК

Орындаған: Жұмалиева А.С

Тобы: 3 Емдеу ісі «1»

Тексерген: Ахметова Г.С


Эпидемияға қарсы шаралар (ЭҚШ) – эпидемиялық ошақ пайда болған жағдайда, ошақты жою мақсатында жүргізіледі. Алдын алу шаралар жұқпалы аурулар болмаған жағдайда, профилактикалық мақсатта жүргізіледі.

Эпидемияға қарсы шаралар (ЭҚШ) – эпидемиялық ошақ пайда болған жағдайда, ошақты жою мақсатында жүргізіледі. Алдын алу шаралар жұқпалы аурулар болмаған жағдайда, профилактикалық мақсатта жүргізіледі.

Эпидемияға қарсы шараларды топтастыру


Шаралардың бағытталуы

Шаралар тобы

Инфекция көзі

Анықтау, оңашалау, емдеу диагностикалық және режимді шек қою. Санитарлық ветеринарлық. Дератизация

Беріліс механизмі

Санитарлық – гигиеналық, дезинфекция, дезинсекциялық.

Қабылдағыш организм

Иммунопрофилактика, Жедел профилактика

Жалпы шара

Лабораториялық зерттеулер. Санитарлық ағарту жұмыстары.

Инфекциялық ауруларды алдын алуға бағытталған іс-шаралар

  • Жалпы шараларға инфекциялық ауруларды жою мен алдын алуға бығытталған халықтың материалдық әл-ауқаттың көтермелеу, медициналық қамсыздандырудың жақсарту, медицина мен еңбек және демалыс шарттарын жақстартуға бағытталған мемлекеттік шаралар жатады.
  • Арнайы шараларға емдік профилактикалық кәсіпкерлер мен санитарлы-эпидемиологиялық мекемелермен жүргізілетін шаралар жатады. Айрықша қауіпті инфекциялар инфекциялара кезінде профилактикалық шаралар жүйесіне халықаралық шаралар да кіреді.

Эпидемияға қарсы құралдарды талап ететін шаралар

- емдеуге қажетті этиотропты құралдар; - дератизация заттары (ратицидтер); - дезинфекция, дезинсекцияға қолданылатын заттар (инсектицидтер, акарицидтер, ларвицидтер); - иммунопрофилактикаға қолданылатын заттар (иммунды сарысулар, иммуноглобулиндер) вакциналар, анатоксиндер (егу профилактикасы заттары); - жедел профилактика заттары (бактериофагтар, антибиотиктер, химиопрепараттар) т.б.

Эпидемияға қарсы құралдарды (заттарды) талап етпейтін шаралар:

- оңашалау; - режимді - шек қою; - санитарлық – ветеринарлық; - санитарлық – гигиеналық; - санитарлық - ағарту жұмыстары.

Эпидемияға қарсы шаралар


1.Клиникалық диагноз қою.

Инфекциялық аурулардың клиникалық диагноз қою әдісі емдеу әдісінің бір бөлігі бола тұра, эпидемияға қарсы шара ретінде қолданылады. Бұл жерде клиникалық этиологиялық диагноз қоюда зертханалық әдістердің мәнісі зор.

2.Оңашалау және госпитализациялау. Оңашалау шарасының сапасы шектелген жағдайдың толық орындалуымен, науқастың ауруханаға түскен мерзімі бойынша бөліну ерекшелігімен, эпидемияға қарсы шаралардың сақталуымен сипатталады.

3.Емдеу Емдеудің сапасы эпидемияға қарсы шара ретінде ең алдымен науқасты зертханалық тексеру көрсеткіштерін ескереді. Бұл жерде этиотропты емдеу алған аурулардың бөлігі қарастырылады.

4.Тәртіптік-шектеулік шаралар. Карантин жасалған аймаққа кіруге және шығуға тежеу қою немесе рұқсат етпеу. Тыйым салынған аумақта немесе басқа да орындарда ауырған немесе инфекцияны жұқтырғандығы туралы күдік бойынша адамдарды аз топтарға бөліп орналастыру.

5.Вакцинациялау. Жоспарлы вацина жүргізу(эпидемиялық ошақта тұратын тұрғындарға,арнайы кәсіптік маман иелеріне).Егілгендердің иммундық реакциясы.

6.Ветеринарлық-санитарлық шаралар. Ресми құжаттарда қарастырылған және қалыптасқан ветеринарлық-санитарлық жағдайға керекті шаралардың орындалуы.

7.Санитарлық –гигиеналық шаралар. Ресми құжаттарда қарастырылған және қалыптасқан санитарлық- эпидемиологиялық жағдайға керекті шаралардың орындалуы.



8.Дезинфекция және дезинсекция,дератизация. Дезинфекцияға және дезинсекцияға жататын обьектілердегі қамтылған бөлік. Бактериологиялық тексеру нәтижелері. Буынаяқтылардың дезинсекцияға дейінгі және кейінгі саны.

9.Жедел алдын-алу шаралары. Жұғу қаупі туғаннан кейінгі өткізу уақыты. Жедел алдын-алуға қамтылғандардың бөлігі. Оның сапасы ретінде дәрі-дәрмектердің сапалығына,стандарттылығына байланысты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет