Информатиканы оқыту əдістемесінің педагогикамен, психологиямен жəне информатикамен байланысы Дəріс мазмұны



Дата25.01.2022
өлшемі17,7 Kb.
#24330

№2 дәрістің тақырыбы : Информатиканы оқыту əдістемесінің педагогикамен, психологиямен жəне информатикамен байланысы
Дəріс мазмұны:

  1. Информатиканың киберннетикалық педагогикамен байланысы.

  2. Информатиканы оқыту əдістемесінің педагогикамен байланысы

  3. Информатиканы оқыту əдістемесінің психологиямен байланысы

  4. Информатиканы оқыту əдістемесінің информатика ғылымымен байланысы

Қазіргі əлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипатгамасы қоғамдағы жəне табиғаттағы ақпараттық процестер мен факторлардың фуңдаментальды ролін мойыңдау болып табылады.

Өткен ғасырда əлемнің ғылыми бейнесі ертерекге екі негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі: зат жəне эңергия. Сөйтіп, ғылыми көзкарасты қалыптастыруда негізгі рөлді осы ұғымдарды сипаттайтың ғылымдар атқарады; физика, химия, математика. Мысалы, затгар мен энергияның сакталу заңы тек физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми принципке айналды: "жоқтан ешнəрсе пайда болмайды".

Бұл жағдай біздің ғасырдың басында əлемнің бейнесін жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндай негізгі мəселе ұйымдастырушылық немесе қазіргі айтып жүргеніміздей ақпараттық факторларға байланысты. Дəлірек айтсақ, алдыңғы кезекке жеке пəндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара-байланысы мен өзара əсерлесу мəселесі қойылды. Бүл мəселемен айналысатын ғьшым информатика деп аталады.

Сонымен, информатика - ЭЕМ-дың көмегімен ақпаратты іздеу,сак;гау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің əдісі, тəсіддері мен защдалықтарын карастыратын ғылым. Кэзіргі ақпарат ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ ақпаратты автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар- - оның материалдық базасы.

"Информатика",термині біздің еліміздегі əдебиеттерде пайдаланылғанына аз ғана уакыт болды. Оның шығу тарихына көз жугіртсек, ол ЭЕМ-ның пайда болуынан басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кибернетика карқынды даму жолына түсті. Ол жасанды, биологиялық, əлеуметтік жəне т.б. əртурлі жүйелердегі басқару мен байланыс туралы жалпы ғылым ретінде дамыды. Кибернетиканың шығуын 1948 жылы американ математигі Норберт Винердің "Кибернетика: жануарлар əлемінде жəне машинадағы басқару мен байланыс" деген атақты кітабының шығуымен байланыстырады. Бұл жұмыста баскарудың жалпы теориясының жасалу жолдары мен əртүрлі жүйелерге арналған баскару жəне байланыс проблемаларын зерттейтін əдістердің негізі каланды.

Кибернетика ЭЕМ-мен катар дами отырып, уақыт өте жалпы ғылымға ақпаратты өңдеу туралы ғылымга айнала бастады. Кибернетикада ақпараттың төмендегідей анықтамасы кабылданған: ақпарат дегеңіміз қайсыбір жүйенің қоршаған ортадан қабылдайтын (енгізілетін

информация), керісінше қоршаған ортаға" беретін жəне өзінде сақтайтын сигнаддардың, əсерлердің немесе мəліметтің кез келген жиынтығы.

Соңымен, кибернетика термині пайда болғаннан кейін дүние жүзілік ғылымда ағылшын сөзі '"computег science” термині пайда болды. Бұл кейін информатика, компьютерлік ғылым деп аудармаланды.

Бастауыш саты - кіші мектеп жасындағы балалар үшін бастауыш білім беретін оқу-тəрбие ошағы. Ол білім берудің оқушы бойында тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуы қуатты жүретін, жоғары буындармен сабақтаса дамитын жəне кез келген арнайы білім алудың негізі қаланатын құнды сатысы.

Бастауыш мектепте оқыту баланың жан-жақты дамуының негізі болып табылады.

Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады.

Бастауыш сатыда информатика негіздерін оқытудың негізгі мақсаты- бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты дамыту, яғни, психологиялық, биологиялық, физиологиялық, əлеуметтік, педагогикалық жəне ақпараттық тұрғыдан төменгі сатыдан жоғарғы сатыға көшуін жетілдіру.

Информатиканы оқыту педагогикамен тығыз байланысты. Себебі, педагогика оқытудың əдістерін зерттейді. Жаңа оқыту технологиялары кез келген пəнді оқыту əдістемесіне өз əсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан, педагогиканың негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып, информатиканы оқыту əдстемесін жетілдіру мүмкін болады.

Сонымен қатар, информатиканы оқыту əдістемесі психологиямен тығыз байланысты. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін білмейінше, олардың оқуға қызығушылығын ояту, оқу іс-əрекеттерін дамыту, оқу материалдарын меңшеруін жүзеге асыруға болмайды.

Информатиканы оқыту əдістемесі педагогика мен психологияның жаңаруына сəйкес жаңарып отырады, ол сонымен қатар информатиканың дамуына да басты назар аударады.



Əдебиеттер: [1] 15-19 бет, [2] 38-40 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет