«Информатиканың теориялық негіздері»



бет23/80
Дата07.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#20727
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
Ақпараттық жүйелер — әртүрлі күрделі жүйелердегі ақпарат ағынын талдау мәселелерін шешумен, олардың оптимизациясымен, құрылымдануымен, ақпаратты сақтау және іздеу прин.циптерімен байланысты информатиканың бөлімі. Ақпараттық-анықтамалық жүйелер, ақпараттық іздеу жүйелері, ақпаратты сақтау мен іздеудің заманауи ауқымды жүйелері (баршамызға белгілі Internet желісі де) ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында көпшіліктің назарын өзіне аударуда. Принциптік шешімдердің теориялық негіздерінсіз ақпарат мухитында адасып кетуге болады. Мәселені ауқымдық деңгейде шешудің белгілі мысалы – гипертекстік іздеу жүйесі WWW болатын.

Ақпараттық жүйе үғымы және оларды ұйымдастырудың кейбір принциптері ЭЕМ пайда болмай тұрып туындаған. Кітапханалар, архивтер, мекен-жай бюросы, телефон анықтамалығы, сөздщіктер – осылардың барлығы - ақпараттық жүйелер. Дәстүрлі ақпараттық жүйелерді жүзеге асыру үшін әртүрлі картотекалар, бумалар, журналдар, кітапхана каталогтары және т.б. қолданылған.

Қағаз түрінде орындалған ақпараттық жүйелерге қызмет ету көптеген қиындықтар тудырады: ақпараттық жүйе көп болған сайын, соғұрлым қағаз және оны сақтайтын орын көп қажет болады. Қажетті ақпаратты табу да көп уақытты қажет етеді. Мәліметтерді жаңартуда, өңдеуде және талдауда да қиындықтар туындайды.

Қазіргі информатикада ақпаратты сақтауға және өңдеуге компьютерлік техниканы қолданатын ақпараттық жүйелер қарастырылады.

Кез-келген ақпараттық жүйе үш негізгі функция атқаруы керек: мәліметтерді енгізу, мәліметтер бойынша сұраныстарға жауап беру және есеп құру.

Жалпы жағдайда ақпараттық жүйе құрылымын төмендегідей көрсетуге болады.:



Кестеде ақпараттық жүйелер мен есептеуіш жүйелердің сипаттамалары көрсетілген:



 

Ақпараттық жүйелер

Есептеуіш жүйелер

Мәні

Ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу

Асқан дәлдікпен белгілі уақытта есептеу.

ЕТ-ға талабы

Ақпараттың үлкен көлемін сақтау. Сыртқы жадыны тиімді қолдану.

Есептеудің үлкен көлемі;
әрекеттездігіне үлкен талап; сыртқы жады аралық нәтижелерді сақтау үшін қолданылады.

Интерфейсі

ЕТ аймағының маманы емес - көп пайдаланушыға бағдарланған: Міндетті түрде жетілдірілген интерфейсіболуы

Бір пайдаланушы-есептегішке бағдарланған; интерфей міндетті емес.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет