«инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылармен жұмыс жасау»



Дата31.12.2021
өлшемі51,58 Kb.
#23342

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРЫ БАР ОТБАСЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ»
Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл күрделі әрі ауыр. Мамандардың айтуынша бұндай балалары бар отбасында дағдарыс өмір бойы болуы мүмкін. Бұндай жағдайдан тез өту және ауру баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ата-ана мықты болып, жігерлік танытуы, өз міндеттерін дұрыс орындап,қамқорлық танытуы керек.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

2002 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне: білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз етуге мән берілген. Аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалғанымен, шешімін таппаған мәселелер көп. Солардың бірі – инклюзивті білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагогтарды дайындау. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Мемлекетіміз алғашқы қадам жасай отырып, Мемлекеттік білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамытуды қосқан болатын. Бірақ біздің елімізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Себебі, қаншама айтсақ та, барлық мүгедек балаларды бірден партаға отырғызып, оқытып алып кету мүмкін емес. Сондықтан бұл жүйені мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру кабинеттерін ашудан бастау керек деп ойлаймын. Себебі бала мектеп жасына жеткенімен психологиялық,физиологиялық ауытқуларының себептерімен өз құрдастарымен бірге оқи алмау мәселесіне кездесіп жатады да, ПМПК-ның қорытындысы бойынша үйден оқуға шығып, әлеуметтен тыс, үйден оқитын оқушы болып қалады.






Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасына психологиялық-педагогикалық көмек түрлері:

ақпараттандыру: маман отбасына не оның мүшелеріне баланың даму ерекшеліктері мен заңдылықтары , мүмкіндіктері мен ресурстары, ондай баланы тәрбиелу мен оқыту туралы ақпарат береді



жеке кеңес беру: денсаулығындағы ауыткушылықтары бар балалардың отбасыларына практикалық көмек көрсету, психологиялық, педагогикалық-тәрбиелік, әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу.



отбасылық кеңес беру(психотерапия): отбасындағы эмоционладық бұзылыстарды жөға көмектеседі. Сабақтар барысында психодрама, гештальттерапия, трансактный анализ сияқты әдістер қолданылады. Бұл әдістер бейімделуге, физикалық және психологиялық денсаулықтың қалыптасуына көмектеседі;

анасының қасында баламен индивидуалды жұмыс жасау: баланың психикалық дамуына тәрбиелік-педагогиалық әсер етудің тиімді жолдарын қарастырады.



топтық жұмыс: ата аналар және балалар мен ата-аналар тобымен жұмыс ұйымдастыру.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жанұясының негізгі проблемалары




МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТҮРЛЕРІ





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет