Инклюзивті білім беру моделі



Дата13.03.2022
өлшемі298,13 Kb.
#27791

Инклюзивті білім беру моделі


Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

1. Барлық адамдар құқығының теңдігі;

  • 1. Барлық адамдар құқығының теңдігі;
  • 2. Адамдарды шектеудің болмауы;
  • 3. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемеге және мектепке қабылдау;
  • 4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, мінез-құлықтың коммуникативті моделін игерту,
  • 5. Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру;
  • 6. Арнаулы білім беру жағдайын жасау;
  • 7. Пәнаралық бағытты қалыптастыру (педагогтар, ата-ана, логопед, психолог, дефектолог, т.б. мамандықтардың өзара әрекеттестігі
  • 8. Өзгелермен қарым-қатынасқа және өзіне деген сенімділікке үйрету.

Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындықтары, олар:


а) функционалдық қиындық;

б) науқастанудан туындаған қиындық;

в) дамудағы кемістіктен туындаған қиындық;

г) сыртқы ортаға бейімделе алмаудан туындаған қиындық;

д) қоғамдағы әр түрлі пікірлерден туындаған қиындық.

Кіріктірілген оқытудың формасы мен түрлері:

Толықтай кіріктірілген –

  • Дамуында бұзылуы бар балалардың нормаға сәйкес дамыған балалармен бірге оқуы ( балалардың дамуы жас ерекшелік нормаға жақын және психологиялық жағынан даяр болуы).

  • Толық емес кіріктірілген –

    - Психикалық дамуы жас ерекшелік нормадан төмен болуынан жүйелі коррекциялық көмекті қажет етуі, бірақ кейбір пәндерді бірлесе оқуға қабілеттілігінің жетіспеуі, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға қатысуы



Инклюзивті білім беруде Қазақстан Республикасының төмендегідей заңдарына сүйенеді:

1)ҚР «Білім туралы заңы» ;

2)«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» .

Дәстүрлі білім беру жүйесінде «ерекше» балалар оқитын мекемелер:

- Арнаулы (коррекциялық) оқу орындары; - Үйде оқыту; - Арнаулы мектеп-интернаттар; - Коррекциялық мектептер және мектепке дейінгі мекемелер; - Оңалту орталықтары.



Қазақстан Республикасының мүгедекттерді әлеуметтік қорғау туралы заң.
  • Адам құқығының сақталуы;
  • Мүгедектердің құқығының теңдігі;

  • -Білім алу және қызмет түрін таңдау құқығы;

“Ерекше” балаларды оқытуды сүйемелдеу үдерісі білім беру мекемесінен тыс мынадай орындарда жүргізіледі:
  • Арнайы білім беру мекемелерінің мамандары;
  • ПМПК мамандары;
  • Психологиялық – педагогикалық коррекция кабинетінде;
  • Логопедиялық пунктте;
  • Келісім – шарт негізінде медицина мекемелерінің мамандары.

Мүгедектер үшін ЖОО-ға қабылдануда 1 % , техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына қолдануға 0,5% квота беріледі.

Көру мүгедектігі мен есту мұгедектігі бар балалар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, қамқоршы және қорғаншылықта болған балалар жоғары мемлекеттік шәкіртақы(75% ) алу құқын иеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет