Инклюзивті білім беру пәнінен аралық бақылаудың сұрақтары



Pdf көрінісі
Дата09.05.2022
өлшемі186,75 Kb.
#33432


Инклюзивті білім беру» пәнінен аралық  бақылаудың сұрақтары 

 

 



  

1. Инклюзивті (қосылған) білім беру қандай мүмкіндіктер береді? 

А) барлық балаларға толық мөлшерде қоғамның өміріне қатысуға; 

В) өз мүмкіндіктерін іске асыруға; 

С) эмоциялардың көпқырлығын сезінуге; 

Д) еңбектік іс-әрекетте жетістіктерге жетуге; 

Е) оқу іс-әрекетінде жетістіктерге жетуге. 

  

2. Инклюзивті (қосылған) білім беру қандай мүмкіндіктерге ие? 



А) білім алушылардың тең құқылығын орнатуға және олардың ұжымның 

барлық іс-әрекеттеріне қатысуына бағытталған ресурстарға ие; 

В) барлық оқушылардың қабілетерін дамыту мүмкіндігіне; 

С) балалар мен ата-аналардың қарым-қатынастарына әсер ету 

мүмкіндігіне; 

Д) балалардың физикалық дамуына әсер ететін ресурстарға; 

Е) интеллекттің деңгейін арттыру мүмкіндіктеріне. 

  

3. Инклюзивті (қосылған) білім беру неге бағытталған? 



А) қарым-қатынасқа түсуге қажетті қабілеттерді барлық адамдарда 

дамытуға; 

В) интеллектуалдық қабілеттерді дамытуға; 

С) арнайы қабілеттерді қалыптастыруға; 

Д) патриоттық сезімді тәрбиелеуге; 

Е) өзіндік ой-пікірді қалыптастыруға. 

  

4. Инклюзивті (қосылған) білім беру қанша принципке негізделеді? 



А) 8 

В) 20 


С) 3 

  



Д) 10 

Е) 2 


  

5. «Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктерімен 

анықталмайды» принципі қай бағытқа тиесіл? 

А) инклюзивті білім беруге; 

В) арнайы білім беруге; 

С) философияға; 

Д) әлеуметтануға; 

Е) психологияға. 

  

6. Принциптерде сипатталған инклюзивті білім берудің негізгі 



идеяларының бірін белгілеңіз. 

А) әрбір адам сезуге, ойлауға қабілетті, қарым-қатынасқа түсуге, нақты 

өзара байланыстарда білім алуға құқылы; 

В) тек материалдық қолдау ғана дамуға негіз бола алады; 

С) түрлілік дамуға кедергі болады; 

Д) біріктіріп оқытуды тек кіші топтарда ғана іске асыруға болады; 

Е) барлық оқушылар жасаған іс-әрекеттерінде прогреске жете алады. 

 

 



7. Инклюзивті білім беру – бұл … 

А) жалпыға білім беру мекеме жағдайында іске асырылатын білім беру 

қызметтерінің жүйесі; 

В) арнайы мекемелерде білім беру жүйесі; 

С) ерекше балаларды үйде оқыту; 

Д) оқу бағдарламасын меңгере алатындарға арналған білім беру 

қызметтерінің жүйесі; 

Е) балаларды жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқыту. 

  

8. Принциптерде сипатталған инклюзивті білім берудің негізгі 



идеяларының бірін белгілеңіз. 


А) барлық адамдарға құрбыларының қолдауы мен достық қарым-қатынасы 

керек; 


В) тек материалдық қолдау ғана дамуға негіз бола алады; 

С) физикалық ортаны тиісті ұйымдастыру ғана дамуға негіз болады; 

Д) білім беруде үйде оқыту басты приоритеттердің бірі болып саналады; 

Е) прогресс деп білім алудағы жетістікті болуды санау қажет. 

  

9. Принциптерде сипатталған инклюзивті білім берудің негізгі 



идеяларының бірін белгілеңіз. 

 

 



А) түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді; 

В) барлық оқушылар білім алуда жетістікті болуы тиіс; 

С) білім беруде нақты өзара байланыстар маңызды емес; 

Д) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар өз іс-әрекеттерінде 

жетістіктерге жете алмайды; 

Е) инклюзивті білім беруде басты көрсеткіш болып жетістілік саналады. 

  

10. Инклюзивті болу дегеніміз ... 



А) білім алуда барлық балалардың бірге болуына тиімді жолдар іздеу 

(мүгедектігі бар балаларды да ескергенде); 

В) талап ету сәтінде әр балаға көмек көрсету

С) мүгедектігі бар балаларға материалдық көмек беру; 

Д) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық қолдау 

көрсету; 

Е) мүгедектігі бар балаларға мәліметтік көмек көрсету. 

  

11. Инклюзия дегеніміз – … 



А) қауымдастыққа қатысты болу (достарының тобына, мектепке, тұратын 

мекен жайына); 

В) мекен жайы бойынша білім алуға құқылы болу туралы ереже қабылдау; 

С) «ұқсас» балаларды бірге оқыту; 




Д) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тәрбиелік 

шараларды өткізу; 

Е) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттерін ашу. 

12. Инклюзия дегеніміз – … 

А) баланың қабілеттеріне сай білім беру бағдарламасының көмегімен әр 

оқушыны тану, ашу; 

В) күрделі білім беру бағдарламаның көмегімен балалардың қабілеттерін 

дамыту; 


С) толеранттылықты тәрбиелеу; 

Д) ерекше балаларға қамқорлық көрсету; 

Е) баланың қабілеттерін ескерусіз білім беру бағдарламасының көмегімен 

әр оқушыны тану, ашу. 

  

13. Инклюзия нені ескереді? 



А) оқушы мен мұғалімдерге жетістіктерге жету үшін керек қажеттіліктер, 

арнайы жағдайлар мен қолдауды; 

В) оқушы мен мұғалімдерге қажетті материалдық қажеттіліктерді; 

С) оқушыға білім алу үшін керек қабілеттерді дамыту ерекшеліктерді; 

Д) мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін атқаруға қажетті жағдайларды; 

Е) оқушының қабілеттерін ескерусіз білім беру бағдарламасын қолдану 

жолдарын. 

  

14. Инклюзивті мектепте … 



А) әр баланы қабылдап, ұжымның маңызды мүшесі деп санайды; 

В) балалардың қабілеттерінің даму деңгейін ескереді; 

С) бағдарламаны меңгере алатын балалар ғана оқиды; 

Д) «қалыпты» деңгейден минималды төмен деңгейдегі балалар оқиды; 

Е) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар тек тәрбиелік шараларға 

қатысады. 

  

15. Инклюзивті мектепте ерекше қажеттіліктері бар оқушыны … 



А) оның ерекше қажеттіліктерін қамту үшін құрдастары және 

қауымдастықтың басқа да мүшелері қолдайды; 




В) тәрбиелік шараларды өткізуде ғана біріккен іс-әрекетке қосады; 

С) аптасына бір рет сабақтан тыс шараларға шақырады; 

Д) индивидуалды сабақтарда бөлек оқытады

Е) индивидуалды түрде демалыс кезеңінде оқытады. 

  

16. Инклюзивті білім беруді іске асырудағы кедергілерге жатқызылады: 



А) мектептердің архитектуралық қол жетімсіздігі, «ерекше» балалар жиі 

«оқи алмайтындар» деп саналады; 

В) ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының материалдық 

қиындықтары; 

С) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар білім беру бағдарламасын 

меңгере алмайды; 

Д) мектептің баланың үйінен алыс орналасуы; 

Е) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерінің 

төмен деңгейлігі. 

  

17. Инклюзивті білім беруді іске асырудағы кедергілерге жатқызылады: 



А) жалпы мектептердің мұғалімдерінің көпшілігі мүгедек балаларды 

сыныптың оқу процесіне қосуға дайын емес; 

В) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар құрдастарымен қарым-

қатынасқа түсе алмайды; 

С) біреулерінің төмен деңгейлі оқу жетістіктері басқаларының оқуына 

кедергі болады; 

Д) мүгедек балаларды оқыту барлығына білім беру бағдарламасын қайта 

қарастыруды талап етеді; 

Е) ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының материалдық 

қиындықтары. 

  

18. Инклюзивті білім беруді іске асырудағы кедергілерге жатқызылады: 



А) мүгедек балалардың ата-аналары балаларының білім алуға құқықтарын 

қорғай алмайды; 

В) денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар құрдастарымен қарым-

қатынасқа түсе алмайды; 

С) біреулерінің төмен деңгейлі оқу жетістіктері басқаларының оқуына 

кедергі болады; 




Д) мүгедек балаларды оқыту барлығына білім беру бағдарламасын қайта 

қарастыруды талап етеді; 

Е) ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының материалдық 

қиындықтары. 

  

19. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады: 



А) мектептік қауымдастықтағы барлық оқушылар тең құқылы, оқу 

процесінде олардың барлық қажеттіліктері қамтылады; 

В) әлеуметтік байланыстарды орнатуда оқушылардың мүмкіндіктері 

әртүрлі; 

С) балаларды қарым-қатынасқа итермелудің қажеті жоқ; 

Д) әр бала өз мүмкіндіктерін білуі тиіс; 

Е) әр баланың жетістіктерінің деңгейі жайлы басқаларға мәлім етіп отыру 

керек. 


  

20. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады: 

А) маңызды әлеуметтік байланыстарды орнату мен дамытуда барлық 

оқушылардың мүмкіндіктері бірдей болуы керек; 

В) әлеуметтік байланыстарды орнатуда оқушылардың мүмкіндіктері 

әртүрлі; 

С) балаларды қарым-қатынасқа итермелудің қажеті жоқ; 

Д) әр бала өз жетістіктерін талдай білуі тиіс; 

Е) әр баланың жетістіктерінің деңгейі жайлы басқаларға мәлім етіп отыру 

керек. 


  

21. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады: 

А) білім беру процесіне қосылған қызметкерлер енгізу процесін 

жеңілдететін стратегиялар мен шараларды меңгерген; 

В) білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жетістіктерін 

бақылап отыру қажет емес; 

С) білім алуда балалардың жетістіктері басты көрсеткіш; 

Д) енгізу процесі ата-аналардың араласуын қажет етпейді; 

Е) енгізу процесі мамандардың араласуын қажет етпейді. 

  



22. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады: 

А) бағдарлама мен оқыту процесі әр баланың қажеттіліктерін ескереді; 

В) балаларды оқыту процесіне ата-аналар араласпауы керек; 

С) балалар барлығына арналған білім беру бағдарламасын меңгерулері 

тиіс; 

Д) үлгермейтін балаларды екінші жылға қалдыру керек; 



Е) оқыту бағдарламасында әр баланың қажеттіліктерін ескеру қажет емес. 

  

23. Инклюзивті мектептің ережелеріне жатқызылады: 



А) отбасылар мектептің өміріне белсенді қатысады; 

В) балаларды оқыту процесіне ата-аналар араласпауы керек; 

С) үлгермейтін балаларды екінші жылға қалдыру керек; 

Д) барлық балалардың жетістіктері бірдей бағаланады; 

Е) оқыту бағдарламасында әр баланың қажеттіліктерін ескеру қажет емес. 

  

24. «Инклюзия» (inclusif) терминін француз тілінен аударғанда қандай 



мағына береді? 

А) өзіне қосып алған (енгізілген); 

В) қатарынан алып тасталған; 

С) жеке тұлғаны ашатын; 

Д) қоршаған ортада ерекшеленетін; 

Е) барлығына түсінікті. 

  

25. Жалпыға білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар 



балаларды оқыту процесін сипаттауда қолданылатын термин. 

А) инклюзивті немесе қосылған білім беру; 

В) эксклюзивті білім беру; 

С) альтернативті білім беру; 

Д) индивидуалды білім беру; 

Е) құрдастарының арасында оқыту. 

  



26. «Инклюзия» (include) термині латын тілінен аударғанда қандай мағына 

береді? 


А) біріктіремін, енгіземін, қосамын; 

В) қорытынды жасаймын; 

С) мұқият қарастырамын; 

Д) бөліп аламын; 

Е) ұқсастарды біріктіремін. 

27. Инклюзивті білім беруде жалпыға білім беру процесі қалай іске 

асырылады? 

А) ерекше балаларға да, олардың қажеттіліктерін ескерумен, қолжетімді 

орта жасалады; 

В) жоғары деңгейлі қабілеттері бар балалар оқу процесіне қосылады, 

оларға қолжетімді орта жасалады; 

С) жалпы бағдарламаны меңгере алатындар оқу процесіне қосылады; 

Д) жеңіл деңгейлі бұзылыстары бар балалар оқу процесіне қосылады; 

Е) тиісті сараптаудан өткен балаларға қолжетімді орта жасалады. 

  

28. Ақыл ой дамуында кемістіктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеу 



қажеттілігі туралы ойды айтқан ғалым. 

А) Я.Коменский; 

В) И.Песталоцци; 

С) Дж.Дьюи; 

D) Л.Выготский; 

Е) Ж.Руссо. 

  

29. Қай патша кезінде 1551 жылы «Стоглавый Судебник» кітабына кедей, 



ауру, ақыл ойы кем адамдарға қамқорлық көрсету қажеттілігі жайлы бап 

енгізілді? 

А) Иван Грозный; 

В) Петр І; 

С) Алексей І; 

D) Николай І; 

Е) Александр І. 



  

30. 1677 жылы патша Федор Алексеевич қабылдаған ақыл ойы кемдердің 

құқықтық жағдайы туралы заңы оларға неге тиым салды? 

А) керең, соқыр, ішімдікке салынғандар мен ақымақтарға өз мүлкін 

басқаруға; 

В) шылым тартуға; 

С) қоғамдық мекемелерге бару құқықығына; 

D) шарап ішу құқығына; 

Е) сақалын алу құқығына. 

  

31. Петр I «ақымақтар туралы» жарлығын шығарғанда қандай мақсатты 



көздеді? 

А) монастырлерде ақыл ойы кемдерге қамқорлық көрсету жүйесін өз 

пайдасына қолданудың алдын алу; 

В) ішімдікке салынудың алдын алу; 

С) нашақорлықтың алдын алу; 

D) парақорлықтың алдын алу; 

Е) ұрлықтың алдын алу. 

  

32. Ақылы кем болып алдап, әскерде қызмет етуден қашқан «ақымақтарға» 



Петр I қандай тиым салған? 

А) мүлікті мұра ету мен үйленуге; 

В) шарап ішуге; 

С) қоғамдық мекемелерге баруға; 

D) балалы болуға; 

Е) сақал-мұрт алуға. 

  

33. «Ақыл ойы кем адамдарды оқыту мен тәрбиелеу қажет» - деп санаған 



танымал швейцариялық педагог. 

А) И.Песталоцци; 

В) Я.Коменский; 

С) Дж.Дьюи; 

D) Ж.Руссо; 



Е) К.Дэвидсон. 

  

34. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысын нәтижелі 



атқаратын үлкен мекеме қай ғасырда ашылды? 

А) 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басы

В) 18 ғасырдың соңы – 19 ғасырдың басы; 

С) 20 ғасырдың 20-шы жылдары; 

D) 15 ғасырдың соңы – 16 ғасырдың басы; 

Е) 20 ғасырдың 40-шы жылдары. 

  

35. Биологиядағы материалисттік көзқарастардың дамуын жылдамдатуға 



әсер еткен ғылыми еңбектердің авторлары. 

А) Ч.Дарвин және И.Сеченов; 

В) Платон және Аристотель; 

С) Аристотель және И.Галле; 

D) Т.Гоббс және И.Галле; 

Е) Дж.Дьюи және И.Песталоцци. 

  

36. Психиатр Э.Крепелин кем ақылдықтың барлық түрлерін қандай бір 



топқа біріктірді. 

А) психикалық дамудың тежелуі; 

В) психикалық жетілмеу; 

С) аномалиялар; 

D) психиканың бұзылуы; 

Е) топастық. 

  

37. «Қалыпты да, аутқушылығы бар баланың да даму заңдылықтары 



бірдей» - деп айтқан ғалым. 

А) Г.Трошин; 

В) М.Моруа; 

С) Э.Крепелин; 

D) С.Фукс; 



Е) И.Галле. 

  

38. Қай уақыттан бері ақыл ой кемісітігін анықтауда психометриялық 



бағыт тиімді деп санала бастады. 

А) 20 ғасырдың 20 жылдарынан; 

В) 19 ғасырдың 10 жылдарынан; 

С) 19 ғасырдың 20 жылдарынан; 

D) 18 ғасырдың 20 жылдарынан; 

Е) 20 ғасырдың 10 жылдарынан. 

  

39. 1871 жылы терең бұзылыстары бар адамдарға арналған бірінші мекеме 



қайда ашылды? 

А) Прагада; 

В) Парижде; 

С) Лондонда; 

D) Леонда; 

Е) Стокгольмде. 

  

40. А.Бинэнің бірінші тесті қай жылы жарық көрді? 



А) 1896 жылы; 

В) 1890 жылы; 

С) 1920 жылы; 

D) 1820 жылы; 

Е) 1900 жылы. 

  

41. Тестілеу әдісін қолдану қандай қажеттіліктен туындады? 



А) балаларды көмекші мектепке сараптау; 

В) ақыл ойы кем балаларды оқыту; 

С) балаларды физикалық дамыту; 

D) жазуға үйрету; 

Е) сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін анықтау. 



  

42. Практикада тестілеуді алғаш рет қолдану қандай жағдаймен 

байланысты болды? 

А) оқушыларды көмекші мектепке сараптаудан өткізумен; 

В) көптеген жеке меншік мектептердің ашылуымен; 

С) интернаттардың ашылуымен; 

D) коммунисттік өндірістің қарқынды дамуымен; 

Е) жаратылыстану ғылымдарының дамуымен. 

  

43. А.Бинэ и Т.Симон бірінші болып нені ұсынды? 



А) өздерінің ақыл ой кемістігіне байланысты концепциясын; 

В) тәрбиелеу әдістерін қолдану ережелерін; 

С) өздерінің физикалық жетілмеу мәселесіне байланысты концепциясын; 

D) дамытушылық әдістерін қолдану ережелерін; 

Е) сабақтың құрылымын, жүргізу ережелерін. 

  

44. 1904 жылы А.Бинэ мен Т.Симон қай мәселені зерттей бастады? 



А) ақыл ой кемістігін анықтау әдістері мен тәсілдерін; 

В) жұмысшылардың кәсіби өсу деңгейін; 

С) педагогтарды сараптаудан өткізу әдістері мен тәсілдерін

D) арнайы мектептердің құрылымын; 

Е) арнайы мекемеде тәрбиелеу әдістерін. 

  

45. Ақыл ой дамуы терең бұзылған адамдарға арналған мекеме Прага 



қаласында қай жылы ашылды? 

А) 1871 жылы; 

В) 1971 жылы; 

С) 1787 жылы; 

D) 1900 жылы; 

Е) 1840 жылы. 

  



46. Қай жылы Италияда «Ақыл ойы кем балаларды қорғауға бағытталған 

ұлттық одақ» құрылды? 

А) 1898 жылы; 

В) 1971 жылы; 

С) 1787 жылы; 

D) 1900 жылы; 

Е) 1840 жылы. 

  

47. Жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін «өлшеу» жүйесі қалай аталады? 



А) социометрия; 

В) тестология; 

С) сұрақтама; 

D) сұрақнама; 

Е) интервью. 

  

48. 1954 жылы көмекші мектептерге арналған қандай құжат 



құрастырылды? 

А) оқыту бағдарламасы; 

В) әдістемелік нұсқау; 

С) заңдар жинағы; 

D) ережелер; 

Е) құқықтар мен міндеттер. 

  

49. Көмекші мектептің басты міндеті. 



А) тәрбиелеу; 

В) жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту; 

С) сурет салуға үйрету; 

D) жазуға үйрету; 

Е) оқуға үйрету. 

  

50. Мәскеуде аутқушылығы бар балаларға арналған «Мектеп-санаторий» 



қай жылы ашылды? 


А) 1908 жылы; 

В) 1930 жылы; 

С) 1879 жылы; 

D) 1895 жылы; 

Е) 1940 жылы. 

  

51. В.Кащенконың «Мектеп-санаторийінде» қандай балалар оқыды? 



А) үлгермейтін; 

В) соқыр; 

С) саңырау; 

D) аномальді; 

Е) параличке шалдыққан. 

  

52. Инклюзивті білім беру негізделетін принциптердің бірі. 



А) балалардың білім алу мен мекен жайы бойынша оқуға құқықтарын 

қамту; 


В) мектептік бағдарламаны мегере алатындарды оқыту; 

С) балалардың өзіндік анықтауға мүмкіндіктерін қамту; 

Д) ерекше балаларды мектептен тыс жағдайда минималды дағдыларға 

оқыту; 


Е) ерекше балалардың физикалық қалыптасуын, дамуын ұйымдастыру. 

  

53. ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді қандай процесс деп анықтайды? 



А) барлық білім алушылардың түрлі қажеттіліктерін ескеру; 

В) дамуға мүмкіндігі бар балаларды оқыту; 

С) қабілеттері тең балаларды біріктіріп оқыту; 

Д) ерекше балаларға медициналық көмек көрсету; 

Е) арнайы білім беру мекемесінің іс-әрекетінің нәтижелерін жақсарту. 

  

54. Интеграция дегеніміз – бұл … 



А) балаларды күнделікті білім беру кеңістігіне енгізу; 


В) кіші кеңістіктен үлкен кеңістікке көшіру; 

С) балаларды мүмкіндіктеріне сай оқыту; 

Д) балаларды оқудағы жетістіктеріне сәйкес жалпыға білім беру 

кеңістігіне енгізу; 

Е) қабілеттері тең келетін балаларды біріктіріп оқыту. 

  

55. Инклюзивті білім беру дегеніміз – … 



А) барлық балаларға барлық бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беретін 

процесс пен саясат; 

В) балаларды білім беру кеңістігіне енгізу; 

С) қабілеттері тең келетін балаларды біріктіріп оқыту; 

Д) балаларды мүмкіндіктеріне сай оқыту; 

Е) оқуда ең жоғары жетістіктерге жеткен балаларды жалпыға білім беру 

кеңістігіне енгізу. 

  

56. Интеграциялық білім берудің модельдерін белгілеңіз. 



А) толық; тұрақты, толық емес; уақытша, жартылай; эпизодтық; 

В) айлық; үш айлық; тоғыз айлық; жартыжылдық; жылдық; 

С) жартылай және уақытша; 

Д) толық және толық емес; 

Е) жылдық; уақытша; жартылай; семестрлік; триместрлік. 

  

57. Дамуында аутқушылығы бар балаларды интеграциялық оқытудың 



түрлерін белгілеңіз. 

А) аралас; жартылай; уақытша; толық; 

В) айлық; жартыжылдық; жылдық; 

С) частичная и временная; 

Д) толық және толық емес; 

Е) жылдық; уақытша; жартылай; семестрлік; триместрлік. 

  

58. «Енгізу» моделі қай жылдары пайда болды? 



А) ХХ ғасырдың 70-ші жылдары; 


В) XVIII ғасырдың 20-шы жылдары; 

С) ХІХ ғасырдың 50-ші жылдары; 

Д) ХVIII ғасырдың 40-шы жылдары; 

Е) ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары. 

  

59. М.Монтессори қандай әдісті құрастырды? 



А) интеллект бұзылыстары бар балалардың сезім ағзаларын дамыту әдісін; 

В) даму бұзылыстары бар балаларды мадақтау мен жазалау әдісін; 

С) ерекше балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау әдісін

Д) интеллект бұзылыстары бар балалардың есте сақтауын зерттеу әдісін; 

Е) интеллект бұзылыстары бар балалардың зейінін зерттеу әдісін. 

  

60. Қай жылы Санте де Санктис ата-аналары кедей балаларға арналған 



бірінші жартылай интернат мектебін ашты? 

А) 1899 жылы; 

В) 1990 жылы; 

С) 1780 жылы; 

Д) 1950 жылы; 

Е) 1850 жылы. 

  

61. Кереңмылқау балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесінің теориялық 



негіздерін қалаған ғалым. 

А) Д.Кардано; 

В) Л.Выготский; 

С) Э.Сеген; 

Д) Ж.Итар; 

Е) Я.Коменский. 

  

62. «Адамды оқыту процесінен адам емес нысаналарды ғана шығарып 



тастауға болады» - деген пікірді қай ғалым айтқан? 

А) Я.Коменский; 

В) И.Песталоцци; 



С) Дж.Дьюи; 

Д) М.Монтессори; 

Е) Г.Белинский. 

  

63. Интеллект дамуында бұзылыстары бар «ерекше» балаларды оқытуды 



ұйымдастырудың негізін қалаған итальяндық ғалымдар. 

А) М.Монтессори, Санте де Санктис; 

В) Дж.Кардано, Ж.Итар; 

С) Ж.Итар, Э.Сеген; 

Д) Ш.Лепуа, Ф.Делебо; 

Е) Т.Боне, Ж.Итар. 

  

64. «Идеалды» моделі мінезделенеді … 



А) «ерекше» балалардың толыққанды дамуына барлық жағдай жасаумен; 

В) оқыту үшін арнайы жағдай жасаумен; 

С) білім алушыларға қойылатын жоғары талаптармен; 

Д) «ерекше» бала түсінігін қабылдамаумен; 

Е) оқытуды бастау үшін қажетті даму деңгейін талап етумен. 

  

65. Адам құқықтарының Декларациясы қай жылы қабылданды? 



А) 1948 ж.; 

В) 1980 ж.; 

С) 2001 ж.; 

Д) 1900 ж.; 

Е) 2005 ж.. 

  

66. Білім саласындағы дискриминациялаумен күресу жөніндегі Конвенция 



қай жылы қабылданды? 

А) 1960 ж.; 

В) 2000 ж.; 

С) 1930 ж.; 




Д) 1940 ж.; 

Е) 2005 ж.. 

  

67. Бала құқықтарының Декларациясы қай жылы қабылданды? 



А) 1959 ж.; 

В) 1979 ж.; 

С) 2001 ж.; 

Д) 1945 ж.; 

Е) 2010 ж.. 

  

68. Ақыл ойы кем тұлғалардың құқықтары туралы Декларация қай жылы 



қабылданды? 

А) 1971 ж.; 

В) 1940 ж.; 

С) 1980 ж.; 

Д) 1920 ж.; 

Е) 2002 ж.. 

  

69. Мүгедектердің құқықтары туралы Декларация қай жылы қабылданды? 



А) 1975 ж.; 

В) 1990 ж.; 

С) 1950 ж.; 

Д) 2000 ж.; 

Е) 2003 ж.. 

  

70. Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың Одағы неге 



бағытталған. 

А) мүгедектерді сегрегациялауға қарсы тұруға; 

В) әділетсіздікпен күресуге; 

С) мүгедектердің әлеуметтік қажеттіліктерін қорғауға; 

Д) жекеменшік құқықтарын қорғауға; 



Е) «көпшіліктің» идеяларына қарсы тұруға. 

  

71. Бала құқықтары жайлы Конвенция қай жылы қабылданды? 



А) 1989 ж.; 

В) 1930 ж.; 

С) 1970 ж.; 

Д) 2001 ж.; 

Е) 1950 ж.. 

  

72. Балаларды қорғау мен дамыту, өмір сүруін қамту туралы Бүкіләлемдік 



декларация қай жылы қабылданды? 

А) 1990 ж.; 

В) 1970 ж.; 

С) 1955 ж.; 

Д) 1967 ж.; 

Е) 2003 ж.. 

  

73. Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтитын стандарттық ережелер 



нені қарастырады? 

А) жалпы мектептік білім беру жүйесінде барлығының білім алу 

қажеттіліктерін қанағаттандыруды; 

В) жеңіл жұмыспен қамтылуды; 

С) арнайы мекемеде білім алуды; 

Д) арнайы бағдарламамен білім алуды; 

Е) индивидуалды қабілеттерді дамытуды. 

  

74. Білім алу баршаға атты Бүкіләлемдік декларация қай жылы 



қабылданды? 

А) 1990 ж.; 

В) 1963 ж.; 

С) 1977 ж.; 

Д) 1945 ж.; 



Е) 1954 ж.. 

  

75. 1994 жылы педагогикаға енгізілген термин. 



А) инклюзивті білім беру; 

В) дарындылық; 

С) әлеуметтену; 

Д) идентификация; 

Е) социометрия. 

  

76. Саламанкада қабылданған декларация «инклюзивті білім берудің» 



мағыналылығын қалай белгіледі? 

А) білім берудің дамуының басты бағыты; 

В) физикалық дамытудың басты бағыты; 

С) әлеуметтендірудегі маңызды бағыт; 

Д) даму деңгейі сай келетін балаларды оқыту процесі; 

Е) материалдық қолдау көрсету мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет. 

  

77. 2000 жылы қабылданған Дакар шеңберіндегі әрекеттердің мақсаты 



қандай? 

А) барлығының базалық білім алу қабілеттерін қанағаттандыру

В) білім алушылардың материалдық қиындықтарын қанағаттандыру; 

С) кедей отбасынан шыққан білім алушыларды қажетті заттармен қамту; 

Д) балаларды олардың мүмкіндіктері шеңберінде дамыту; 

Е) балалардың бос уақытын пайдалы етіп ұйымдастыру. 

  

78. Дакарлық әрекеттер құрылымы қандай кепілдік береді? 



А) барлық балалардың тегін бастауыш білім алуына; 

В) барлық балалардың тегін кәсіби орта білім алуына; 

С) барлық балалардың тегін емделуіне; 

Д) білім алушылардың өз тілінде оқуына; 

Е) балалардың жалпыға білім беру бағдарламасын меңгеруіне. 



  

79. Мейнстриминг стратегиясы қандай мүмкіндіктерді арттырады? 

А) әлеуметтік байланыстарға түсу мүмкіндіктерін жоғарылатады; 

В) жоғары деңгейлі білім алу мақсаттарына жетуді қамтиды; 

С) білім алушының физикалық тұрғыдан дамуына әсер етеді; 

Д) оқушының психологиялық тұрақтылығын қалыптастырады; 

Е) білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік 

береді. 


  

80. Түрлі мүмкіндіктері бар балаларды мектептік өмірдің барлық 

бағыттарына қосу қалай аталады? 

А) инклюзивті білім беру; 

В) білім алу барлығы үшін; 

С) мектептік бағдарламаны іске асыру; 

Д) деңгейге сай оқыту; 

Е) эксклюзивті білім беру. 

  

81. Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы. 



А) білім беру жүйесіне қосылуға бала емес, жүйе дайын болуы тиіс; 

В) арнайы мекемеде бала оқуға жағдайдың жасалуы; 

С) білім алушылардың оқуда талаптарды орындауға дайын болуы; 

Д) «ерекше» бала түсінігін қабылдамау; 

Е) баланың оқу процесіне қосылмас бұрын талаптарға сай деңгейде 

болуын тексеру. 

  

82. Идеологиялық бағытта шетелде инклюзивті білім беру неге 



негізделеді? 

А) қалыптандыру концепциясына; 

В) көпшіліктің идеяларына; 

С) өзіндік даму концепциясына; 

Д) философиялық идеяларға; 

Е) тарихи мәліметтерге. 




  

83. Инклюзивті білім беру мәселесінің негізін қалаушы батыстық 

психологиялық теориялар. 

А) әлеуметтік үйрету теориялары; 

В) интеллектуалды даму теориялары; 

С) әрекет теориясы; 

Д) өзін белсендендіру теориясы; 

Е) өзін дамыту теориясы. 

  

84. Отандық ғалымдардың позициясынан инклюзивті білім беру 



мәселесінің негізін қалаушы теория. 

А) іс-әрекеттік бағыттылық теориясы; 

В) интеллектуалды даму теориялары; 

С) әрекет теориясы; 

Д) өзін белсендендіру теориясы; 

Е) өзін дамыту теориясы. 

  

85. Ерекше балалардың интеграциясына әсер ететін сыртқы жағдайлар. 



А) бұзылыстарды ерте анықтау, түзету, ата-аналардың көмек беруі, 

нәтижелі көмек; 

В) дер кезіндегі медициналық көмек, ақылы көмек түрлерінің көлемі; 

С) ата-аналарға, әкімшілікке, қосымша педагогтарға берілетін пайдалы 

кеңес, ағарту жұмыстары; 

Д) маманның бұзылыстардың ерекшеліктерін ажырата алуы; 

Е) түзету жұмысының уақыты, мөлшері. 

  

86. Ерекше балалардың интеграциясына әсер ететін ішкі жағдайлар. 



А) психофизикалық даму деңгейі, оқуға психологиялық дайындығы; 

В) интеллектуалдық дамудың деңгейі; 

С) әлеуметтенудің ерекшеліктері; 

Д) баланың қарым-қатынасқа түсу іскерліктері мен қабілеттілігі; 

Е) ақыл ойының даму ерекшеліктері. 



  

87. Мүгедектікті «күнәлары үшін жаза» деп қарастыратын модель. 

А) моральдық (діни); 

В) медициналық; 

С) дәстүрлі; 

Д) «жаңа»; 

Е) дәстүрдіден соңғы. 

  

88. Медициналық модельге сай психофизикалық және интеллектуалдық 



дамуында бұзылыстары бар адамдар қандай деп саналады? 

А) ауру; 

В) жарамсыз; 

С) іс-әрекетке уақытша жарамсыз; 

Д) жетілмеген; 

Е) ақыл ойы кем. 

  

89. Мүгедектіктің әлеуметтік моделі қашан, қайда пайда болды? 



А) 20 ғасырдың 70-ші жылдары, Скандинавияда; 

В) 20 ғасырдың 40-шы жылдары, Францияда; 

С) 20 ғасырдың 80-ші жылдары, Ресейде; 

Д) 20 ғасырдың 20-шы жылдары, АҚШ; 

Е) 20 ғасырдың 90-шы жылдары, Испанияда. 

  

90. Мүгедектіктің әлеуметтік моделі қандай модельге альтернативті болып 



табылады? 

А) медициналық; 

В) моральдық (діни); 

С) дәстүрлі; 

Д) «жаңа»; 

Е) дәстүрдіден соңғы. 

  



91. Британдық мүгедектіктің материалисттік моделіне сәйкес мүмкіндігі 

шектеулі адамдар … 

А) кемістілген әлеуметтік топ; 

В) қамтылған әлеуметтік топ; 

С) қоғам үшін жабық топ; 

Д) ерекше талаптары бар топ; 

Е) медициналық көмекті талап ететін топ. 

  

92. «Мүгедектік» түсінігінің мағынасы. 



А) жарамсыз; 

В) ауру; 

С) шаршаған; 

Д) дамымаған; 

Е) ешнәрсеге сай емес. 

  

93. «Handicap» түсінігінің мағынасы. 



А) «қалпақтағы қол»; 

В) «қабылданбаған адам»; 

С) «ауыстыруға келетін»; 

Д) «ауру қол»; 

Е) «қолға үйренген». 

  

94. Мүгедектерді, құқықтары мен бостандықтары сыртқы кедергілер 



арқылы шектелетін топ, деп қарастыратын модель. 

А) кіші топтар Концепциясы; 

В) «Handicap» моделі; 

С) медициналық модель; 

Д) материалисттік модель; 

Е) «тәуелсіз өмір» моделі. 

  

95. Бұл модельге сәйкес кез келген адамға «таңба басылған». 




А) психоәлеуметтік модель; 

В) мәдени модель; 

С) адамзат түрлілігі моделі; 

Д) кіші топтар Концепциясы; 

Е) материалисттік модель. 

  

96. Мүгедектіктің мәдени моделінің негізінде не жатыр? 



А) мүгедектердің өздерінің маңыздылығын түсінулері; 

В) өздерінің жарамсыздығын түсінулері; 

С) өздерінің кемістіктерін қабылдаулары мен түсінуі; 

Д) өзіндік даму; 

Е) мүгедектердің өздерінің келешегі жайлы ойлануы. 

  

97. Адамзаттың түрлілігі моделінде басты назар неге аударылады? 



А) теңдік түсінігіне; 

В) мүгедектердің өмірлерінің қиындығына; 

С) қарым-қатынастағы кедергілерге; 

Д) әлеуметтенудегі ерекшеліктерге; 

Е) медициналық көмек көрсету қажеттілігіне. 

  

98. Бұл модельде «мүгедек» түсінігі жаңаша қарастырылған. 



А) мүгедектіктің «жаңаша» парадигмасы; 

В) мәдени модель; 

С) адамзаттың түрлілігі моделі; 

Д) кіші топтар Концепциясы; 

Е) материалисттік модель. 

  

99. Діни модель басты назарды неге аударады? 



А) мүгедектердің моральдық тұрғыдан әлеуметтік бейімделуге 

қабілетсіздігі; 

В) өзіндік дамуға жарамсыздыққа; 



С) өзіндік жетілудегі шектеулерге; 

Д) пайдалы болу мүмкіндігінің болмауына; 

Е) іс-әрекеттегі аморальдыққа. 

  

100. Экономикалық модель басты назарды неге аударады? 



А) экономикалық еңбекке жарамсыздыққа; 

В) өзіндік дамуға жарамсыздыққа; 

С) өзіндік жетілудегі шектеулерге; 

Д) іс-әрекеттегі нәтижесіздікке; 



Е) қандай да болмасын кәсіпті меңгерудегі мүмкіндіктерге. 

 

Document Outline

  • Инклюзивті білім беру» пәнінен аралық  бақылаудың сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет