Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері



Дата06.01.2022
өлшемі147 Kb.
#14291

Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері

  • Тақырыбы:

Білім алу барлығына қолжетімді болу керектігі туралы түсінік беру.

  • Мақсаты:

1.Ұйымдастыру Жағымды психологиялық атмосфера орнату 2.Топқа бөлу

  • 3.Бейнебаян «Жарық құмыра»

4. Бейнебаян бойынша ой қозғау. 1/ Бұл көрініс сізге қалай әсер етті? 2/ Қандай сезімде болдыңыз? 3/ Кандай ой түйдіңіздер?

5. Мағынаны ашу: Бейне көрініс “Мүмкіндігі шектеулі балалар» 1.Инклюзия деген не? 2.Инклюзивті оқыту дегеніміз не? 3.Инклюзивті тәсіл қолданатын мектеп пен сынып қандай болу керек?

Инклюзивті білім жүйесін дамыту

  • 2015 жылға қарай:
  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
  • бағдарламалары;
  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі əзірленеді,
  • түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
  • мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары
  • əзірленеді.
  • 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен жəне басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.
  • Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 4. Барлық адам бір - біріне қажет. 5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. мемлекетті
  • Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат

  • Құрметті әріптестер!
  • Қазақстан Республикасында
  • білім беруді дамытудың
  • 2011 – 2020 жылдарға арналған
  • МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ
  • Инклюзивті білім жүйесін дамытуды
  • жүзеге асырудағы біздің үлесіміз қандай болмақ?

Проблемадан \ мәселе\ шығу: «Сенің әрекетің.....» Топтарға әр түрлі жағдаят бойынша постер қорғату: а\ Сыныпқа келген мүмкіндігі шектеулі баланы қалай таныстырар едіңіз? ә\ Сыныпқа осындай балаларды қабылдауда мұғалімде қандай адами қасиеттер басым болу керек? б\ Сыныптағы оқушылар мүмкіндігі шектеулі баланы шеттеткенін байқасаңыз қандай әрекет жасайсыз? в\ Мүмкіндігі шектеулі баланың бойындағы қабілетін қандай әдістер арқылы ашасыз?

  • Рефлексия
  • Жүректен шыққан жылы сөз


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет