Инклюзивті үрдістің тиімділігіне талдау жасау құралы ретіндегі мониторинг технологиясы



Дата16.10.2022
өлшемі26,51 Kb.
#43479
түріСабақ

«Ш.Есенов атындағы Каспи технологиялар және инжиниринг университеті»
Тәжірибелік сабақ №15
Тақырып: Инклюзивті үрдістің тиімділігіне талдау жасау құралы ретіндегі мониторинг технологиясы
Орындаған: Оразбекқызы Нұрсая
Тобы: Мат 20/1


Инклюзивті үрдістің тиімділігіне талдау жасау құралы ретіндегі мониторинг технологиясы.
Қазіргі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кәсіби көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесіне қызығушылық арта түсті. Бұл міндетті сәтті шешуге ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымы (ДДҰ), ақыл-ойдың артта қалуын ғылыми тұрғыда зерттейтін халықаралық ассоциациясы, ақыл-ойының дамуы артта қалғандарға қызмет көрсететін қоғамдардың халықаралық лигасы сияқты және т.б. халықаралық ұйымдардың қызметі ықпалын тигізуде.
Мәселенің көлемі және оны тиімді шешу қажеттілігін әлемдік, сонымен қатар республикалық статистика дәлелдеп отыр. БҰҰ эксперттерінің бағасы бойынша мүгедектер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулілер орта есеппен жердің тұрғындарының 10%, және 25% созылмалы ауруларға шалдыққан.
Зерттеушілердің бағасы бойынша таяудағы 10 жыл ішінде дамуында қиындықтары бар балалар санының көбеюін күту керек және бұл мәселенің Қазақстанға да қатысы бар. Әсіресе бұл мәселе экологиялық болып табылатын Шығыс Қазақстанда өте айқын көрінеді. Семей ядролық полигонындағы көп жылғы зерттеулер, Өскемен металлургиялық зауытындағы 1990 жылы болған соңғы апат аймақтағы экологиялық жағдайды күрделендіре түсті.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары батыс елдер дамуында бұзылулары бар адамдарды қоғамға интеграциялауға толық бағыт алынғанын хабарлап, дәстүрлі терминологиялардан бас тартты («есі ауысқан», «даун – баласы», «ақыл есі дұрыс емес» және т.б.). Кейбір елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Скандинавия елдері және кейіннен Ресейде) баланың дүниеге келген сәтінен бастап балаға және оның ата-анасына көмек көрсетуге бағытталған «ерте араласу» мемлекеттік бағдарламалары өңделген.
Қазіргі таңда демографиялық мәселе көптеген дамыған елдердің, соның ішінде Қазақстанның да әлеуметтік саясатында бірінші қатарда тұр. Бұл мәселе көптеген мамандар және шенеуніктер тарапынан басты болып есептеледі. Көп жағдайда бұл адамдардың дамуындағы өзгерістерімен, жаңа моральдық және әлеуметтік императивтердің пайда болуымен және күшеюімен шарттас. Сонымен қатар, өркениеттің жедел дамуы жағдайында адамға, оның ақыл-ой, адамгершілік, физиологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылайды, бұл өз тарапынан балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі кездегі Қазақстандық қоғамдағы жеке тұлғаға деген қызығушылықтың жоғарлауы бала құқығы туралы мәселелерді қарастыруға, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік психикалық және медициналық-педагогикалық көмек көрсетумен және оны зерттеу мәселесіне байланысты жаңа мәселелерді белсенді қарауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің белгілі тәжірбиесі жинақталған. Оқыту бағыттары және жекелей дамыту бағдарламалары өңделуде, әртүрлі патологиялары бар - неврологиялық симптоматика, ерте жастағы аутизм, церебральды паралич, ақыл-ойдың артта қалуы, тіл мүкістіктері және басқа психофизиологиялық бұзылулары бар балаларға арналған реабилитациялық бағдарламалары жасалуда.
Біздің еліміз 1994 жылы БҰҰ бала құқығы туралы конвенцияны ратификациялады, мұнымен мемлекет барлық қажеттіліктері бар балаларға деген қатынасын саналы түрде сезінетінін декларациялады, баланың өмірге келген кезінен бастап және ата-анаға оқыту формасын таңдау құқығын беру жағдайында.
2002 жылдың 11-ші шілдеде №343 – ІІ «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық көмек көрсету» туралы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануымен байланысты әкімдік, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаменттерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталықтары ашылды. Қалаларда және аудан орталықтарында, ауылдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет, әлеуметтік психологиялық көмек көрсетудің бірқатар жүйесі қалыптасуда.
Өзгерістер кезеңінде Қазақстанда дамуында қиындықтары бар балаларға нәтижелі көмек көрсету формалары өзекті болып отыр. Мұндай балалармен жұмыс бірнеше бағытта жүзеге асырылады; медициналық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық. Олардың арасындағы байланыс ынтымақтастыққа негізделген, тығыз болуы керек, сол кезде ғана ол дамуында қиындықтары бар балаларға және олардың отбасына кепілді көмек көрсете алады.
Қазақстан Республикасында баланың физикалық және психикалық дамуын бақылаудың белгілі тәртібі бар.
Жанұялық дәрігерлік амбулаториялар (ЖДА) адамның, жанұяның денсаулық сақтау жүйесімен байланыс жасаудың бірінші деңгейі, ол адамдардың тұрғылықты жерлеріне және жұмыс орнына медициналық қызметті жақындата түседі. Алғашқы көмек барлық адамдарға арналған, және оның қызметкерлері әлемдік қорғанысы жоқ, бірқатар бағдарламалар бойынша әлемдік және медициналық қызмет көрсетілетін тұрғындармен жұмыс жүргізіледі.
Ерте көмек көрсетудің отандық жүйесін құруда Батыстық тәжірибені зерттеу өте маңызды, бірақ Қазақстан жағдайына сүйенетін отандық жұмыстарды назардан тыс қалдырмауы керек. Біздің елімізде мемлекеттік деңгейде сәбилердің жаңа туған кезінен бастап дамуында ауытқушылықты анықтауға мүмкіндік беретін және әрбір баланы оған қажетті медициналық-психологиялық-педагогикалық коррекциялық жұмыспен қамтамасыз ететін жүйені құру өте маңызды.
Балалар дамуындағы ерте коррекция бүкіл әлемде арнайы педагогика және психологиялық басты бағыттардың бірі болып табылады.
Л. Выготскийдің дамудағы оқытудың рөлі туралы ілімі қалыпты және аномальді балаларды оқытудың педагогикалық тәжірбиесі үшін үлкен маңызы бар. Аномальды балалардың дамуында оқытудың маңызы өте зор, себебі балалардың психикасының дамуы оқыту және үйретудің белгілі жүйесінде ғана жүзеге асады. Аномальды балаға қарағанда, қалыпты бала қоршағандармен әлеуметтік қарым-қатынас барысында көп тәжірибе жинайды. Сондықтан психикалық іс-әрекеттің күрделі түрлері аномальды балада педагогикалық ықпал етудің нәтижесінде қалыптасуы мүмкін, ол дамудағы ауытқушылықтарды жеңуге бағытталған.
Дамудағы дефектіні ерте анықтау және ауытқудың ерте коррекциясының маңыздылығы дәлелденді. Аномальды даму кезінде қозғалыс саласында әртүрлі деңгейдегі бұзылулардың болуы байқалады, бұл баланың тәжірибелік іс-әрекетін тарылтып, баланың өмірлік тәжірибесін таяздатады. Бала тілінің, қабылдауы, есте сақтауы, эмоционалды-еріктік саласының дамуына, тұлғалық дамуына нұқсан келеді. Сөздік қордың дамымауы тек қарым-қатынасты ғана емес, сонымен қатар белгілі бір деңгейде қабылдаудың және мақсатты бағытталған бақылаудың дамуын кешеуілдетіп, сөздік-логикалық есте сақтаумен ойлаудың дамуына кедергі келтіреді. Ойын іс-әрекеті және онда тәрбиеленетін баланы мектепте оқуға даярлап, оның тұлғасын қалыптастыратын ұжымдағы қарым -қатынас дағдылары дамымайды. Әрине, мұның барлығы әртүрлі дефектіде түрліше көрініс береді, бірақ барлық жағдайда белгілі бір дәрежеде осы кемшіліктерді әлсірететін, дамудағы екінші қайтара және одан кейінгі де ауытқулардың алдын – алуға мүмкіндік беретін ерте коррекциялық оқыту және тәрбиелеу қажет.
Бірқатар жағдайларда арнайы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу дамудағы бұзылулардың көрініс беруін алып және балалардың көпшілік мектепте оқытудағы қиындықтардың алдын - алуға мүмкіндік береді, мысалы бұл фонематикалық қабылдауы дұрыс дамымаған балаларға қатысты екендігі дәлелденді. Айқын көрініс беретін бұзылулар кезіндегі балалармен жүргізілетін ерте коррекциялық-тәрбиелік жұмыс олардың жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Осыдан ерте сәбилік және мектеп жасына дейінгі жастағы аномальды балаларды оқытумен тәрбиелеудің қажеттілігі туындап тұр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік интеграцияға құқығы халықаралық заңдармен расталған. Дегенмен, табиғат бойынша инертті қоғам мұндай балалардың әлеуметтік интеграциясына кедергі келтіруі мүмкін. Балаларды толық құнды дамыған және толық құнды дамымаған деп бөлу тек обьективті факторларға ғана емес, қоғамда ежелден қалыптасқан жағымсыз стереотиптерге негізделеді. Балалардың ұстанатын белгілі позициясына баланың қол жететін даму деңгейі тәуелді. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың мазмұнды және әржақты өмір сүру мүмкіндігі болуы қажет.
2. Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың өсіп, қалыптасуы барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңе отырып, оларды өздерінің кемістіктерінен қорсынбайтын, қоршаған ортаға қиналмай ене алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, танымдық қабілеттерін толықтыру, ерік-жігер саласындағы ақауларды жою, білім қорын толықтыру, ортаға, мектеп жағдайына бейімдеу-қазіргі таңдағы оңалту, түзету мекемелері мамандарының, яғни дефектологтардың негізгі міндеті.
Қазір бала туудың азаюымен және дені сау балалардың туылуының жиілеуімен күрделене түскен жайсыз демография қалыптасып келеді. Дамуында ауытқушылықтары бар балалар саны көбеюде. Психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтар жас балалар мен жасөспірімдер арасында көбейген. Мамандандырылған психологиялық – педагогикалық көмекті қажетсінетіндер тек мамандандырылған мекемелерде оқитын балалар ғана емес, сонымен қатар бұқаралық мектептер мен балабақша тәрбиеленушілері де қажетсінеді. Осындай балаларда ауытқушылықтардың өрескел емес, шамалы ғана, шекаралас түрі бар, ол назардың тапшылығы, эмоциялық аядағы бұзушылықтар, мінез-құлықтық девиация арқылы көрініс береді, осының салдарынан түрлі іс әрекеттің қалыптасып, ең алдымен баланың оқуына және әлеуметтік бейімделуіне және әлеуметтенуіне қиындық келтіріледі. Осылайша, жас баланың дамуындағы түрлі ауытқуды бір жасқа дейін ерте анықтау мен түзету бар ауытқушылықтарды түзетумен қатар, одан кейінгілердің пайда болуының алдын алуға, бала дамуында жоғары деңгейге жетуге және мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ҚР-да даму мүскіндігі шектеулі ерекше білім беруді қажетсінетін балалар саны өсуде. Өтпелі кезеңнің экономикалық қиындықтарын ескеріп, дамуында ауытқушылығы бар балалардың санын азайтудың және олардың әлеуметтік бейімделуін көтерудің ең тиімді және ең жарамды жолы – ерте түзету мен дамытудың әлеуметтік жүйесін ұйымдастыру.
Неғұрлым ерте түзету ықпалының маңыздылығы баланың анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ерте балалық кезде мектепке дейінгі балалардың, оқушылардың, жасөспірімдердің, ақыр аяғында ересектердің денсаулық дәрежесі қалыптасады. Бұл жаста ағзаның барлық қызметтері қалыптасады, ең алғашқы әлеуметтік байланыстар жүреді. Осы кезеңде жас балалар қолайсыз және әлеуметтік ықпалдарға халықтың ең сезімтал контингенті болып табылады.
Л.С.Выготскийдің идеяларына сәйкес, дамуында ауытқушылығы бар балалардың қабілеттерін бағалаған кезде ең алдымен назарды оның сақтау қызметтеріне аудару керек, оларды белгілі бір өтемақы және әлеуметтік бейімделу жағдайына жету үшін пайдалануға болады. Ерте жастағы балалардың және бөбектердің педиатриясы, психологиясы, физиологиясы және патофизиологиясы салаларындағы заманауи көзқарастар дамудың ерте стимуляциясы методологиясының іргетасы болып табылды.
Дені сау балада толыққанды даму үшін бар жағдай жасалынған. Алайда оларға да, әсіресе қатер тобындағы балаларға да, яғни дамуда артта қалу күдігі бар балаларға да ерте түзете оқыту өте маңызды. Жас баланың дамып келе жатқан миы ересектермен салыстырғанда өте тиімді және тез дамиды, сонымен қатар дамуындағы ауытқушылықты түзетуге қабілетті екені бәріне аян, бірақ бұл ауытқушылықты түзете-дамыта оқыту көмегі арқылы ғана жеңуге болады.. Интеллект дегеніміз – білім, оны меңгеру үшін қабілетін дамыту және мәселені шешуге пайдалана білу. Баланың білім алуға көмегін тигізетін үш тәсіл бар, олар:
– анасымен қарым-қатынас;
– қадағалау;
– зерттеу.
Осы тәсілдерді жүзеге асыру үшін мыналар қажет:
– кіммен және қандай тақырыпта қарым –қатынас жасау;
– нені қадағалау;
– нені зерттеу.
Осы мақсаттарға жету үшін қажеттілердің ең бастысы – ана мен баланың берік қатынасы, олардың өзара түсіністігі, үнемі араласуы. Ғалымдар ананың қарым қатынасы – назары, қолдауы, еркелетуі – ана махаббаты дегеннің бәрі баланың дұрыс психикалық дамуына қажетті ең маңызды шарт болып табылады. Барлық қажеттіліктері өтелген, бәрінің сүйіктісі және еркесі болған, бәрі ойнататын, сөйлесетін бөбек айналасындағылармен өзін сенімді сезінеді, ол кейіннен басқаларға да ауысады. Егер бала тиісті қамқорлық көрмесе, махаббатқа толы қарым-қатынасы болмаса, онда ол балада сенімсіздік-үрейлілік және бүкіл әлемге, оның ішінде жекелеген адамдарға деген күдіктілік пайда болады, осы сенімсіздікті ол өз дамуының келесі кезеңдеріне алып өтеді.
Туғаннан 3-ке дейінгі жас – барлық ақыл-ой, эмоциялық және физикалық даму үшін ерекше маңызды болып табылады және одан кейінгі кезеңдерге ықпалын тигізеді. Дамудың әрбір кезеңінде жетекші қызмет болады, ол осы кезеңнің қалыптасуы мен бастапқы оқыту үдерісін белгілейді. Сәби кезде (0-12 ай арасы) –бұл эмоциялық қарым-қатынас және манипуляциялық қызмет, жас кезеңде (1-3 жас) –заттық қызмет. Баланың даму үдерісінде қызметтік жүйелер бір-біріне әсер етеді. Әсіресе осы әсер ерте жаста білінеді. Атап айтқанда өмірінің бірінші жылында бөбектің психикалық дамуы оның сенсорлық және моторлық қызметтерінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан сенсомоторлық қызметтердің дамуы баланың анасымен эмоциялық-жағымды өзара әрекеттесуі үдерісінде барлық психикалық қызметтерінің: назардың, естің, мақсатты қызметтің, эмоциялық аяның, ойлаудың және сананың қалыптасуының негізін қалайды. Сенсомоторлы тәрбие баланың бір мезетте сезім органдары мен моторикасының дамуына бағытталған.
Көру шоғырлануының және бақылауының дамуы бөбекте жағымды эмоциялардың – алғашқы жымиыстың, алғашқы дыбыстық реакцияларының пайда болуына әкеледі.Бұл ретте бөбекті қуанту, әр түрлі түстегі ойыншықтарды кереуетінің жоғарғы жағына іліп, оларды көрсете отырып, жарық әсерлерімен байыту керек. Баланың назарын ойыншыққа аудару үшін ересек адам оны сілкілеп, кеңістікте орнын ауыстырып, қозғалысқа келтіреді.
Дамуында ауытқушылықтары бар кейбір балаларда әсіресе көзінің қылилығы бар болса, көру ауқымы тарылған болуы мүмкін. Мұндай бала тар көру ауқымын пайдалануға үйреніп кетеді. Бұндай жағдайларда ойыншықтардың көмегімен ойыншықтарды және ашық түсті заттарды ақаулы қозғалыстың бағытына қарай орналастырып және осы қозғалыстың дамуын жандандыра отырып балада көз бұлшық еттерінің жеткіліксіз қозғалыстарын ынталандыру қажет
Ойыншық- бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды түзетудің және ақауын өтейтін анағұрлым ұтымды құрал. Ойыншық баланың жеке басының жалпы қалыптасуына белсенді ықпал етіп қана қоймай, онда белгілі бір психикалық үдерістердің қалыптасуына да, олардың қайта құрылуына және дамудың бұзушылықтарын түзетуге де ықпал етеді.
3. Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын,психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады.
Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады.
Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық,мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім
беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада
бейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.
Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз – кедергілерді жоюмен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасында 2000 жылдардан бастап білім беру саясатында ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты жаңа бағыттар қалыптасуда, бааларды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, білім беру, әлеуметтік қолдау және бейімдеудің тиімді жолдарын белсенді іздеу жүргізілуде. Жалпы білім беру жүйесіне ерекше қажеттілігі бар балаларды дені сау құрдастарымен білім беру ортасына кіріктіру бойынша процестер енгізіле бастады.
2002 жылы алғаш рет посткеңестік кеңістікте Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетулік қолдау туралы» Заңы күшіне енді, онда тек арнайы білімге ғана емес, олардың қоғамдағы орнына да басқа
көзқарасты көрсететін, осы санаттағы балалардың құқығын қорғауға қағида
түрінде жаңа – инклюзивті – тәсіл бекітілген. Заң әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетулік қолдаудың формалары мен әдістерін
анықтайды, мүмкіндігі шектеулі балаларға тиімді көмек жүйесін құруға, олардың тәрбиесіне, оқуына, еңбектік және кәсіптік дайындығына, бала мүгедектігінің алдын-алуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ететін міндеттердің бірі
ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау, ал орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясындағы міндеттердің бірі білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшуді жүзеге асыру деп көрсетілген. Бұл, өз кезегінде, инклюзивті білім берудің дамуын теориялық және әдістемелік жағынан жетілдіруді қажет етеді.
Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды көздейді:
- жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балалард
кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқу-әдістемелік әзірлеу;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын бейімдеу;
- инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу,
- үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына жоғары және кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік
оқу жоспарларын бейімдеу.
Инклюзивті білім беруді әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде жоғарыда көрсетілген мәселелердің ішіндегі инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып табылады. Әрине, оқушылардың дайындық деңгейі туралы ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары құрамының біртексіздігін ескеретін критерилерді қолданумен іске асырылады.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың білімділік жетістіктерін анықтауда бағалау жүйесі олардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті
көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бұл инклюзивті білім беру
жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеудің қажеттілігін негіздейді. Әдістемелік құралдың мақсаты – оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс атқаратын педагогтарға көмектесу.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің
мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:
- инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
- ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу-әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;
- мектеке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;
- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға, әлеуметтендіруге қажетті жағдай туғызу;
- инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері:
- инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;
- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);
- «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәіпті игеруіне жағдай туғызу;
- инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттарының негіздері:
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;
- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;
- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;
- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар
және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;
- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;
- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «проблема тасымалдаушы» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктерінеәлеуметтік ықпал;
- денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзету-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы болып табылады.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір
тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе
қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады: өзекті – балада осыған дейін пайдаболған қиындықтарды шешуге бағытталған; перспективалы – оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған. Екі бағыт та педагогикалық үдеріске қолдау қызметінің барлық мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін.
Олардың қызметінде өзара байланысты және оларды ескеру қажет міндетті үш
компонент бар:
• бала дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік);
• түзету-дамыту бағыттылығының жеке және топтық сабақтарының бағдарламаларын іске асыру;
• білім беру ортасын баланы оқыту мен дамыту және бағалау жүйесі арқылы оның даму деңгейін бағалауға қоятын талаптары көзқарасы тұрғысынан талдау.
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары:
• арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негізі мен механизмдерін жетілдіру;
• инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негізін жетілдіру;
• білім алушыларды жекелеген түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдауды іске асыру, білім алушыларға мектептік қауымдастықтың маңызды және белсенді қатысушысы болуына мүмкіндік беретін жайлы білім беру ортасын құру, өзі-өзі бағалауға, оқуға және әлеуметтенуге уәждемені арттыру;
• қолжетімді «кедергісіз орта» құру және білім алушыларды теңгерушілік құралдармен қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
• ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың келешекте мамандықты меңгеруде техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейіндегі оқуын жалғастыру үшін жағдай жасау;
• ерте диагностикалау және балаларды ерте жастан түзету-педагогикалық қолдаудың тәсілдері мен әдістерін әзірлеу;
• инклюзивті және арнайы білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу;
• арнайы қажеттілігі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың инклюзивті білім беруге тең қол жетімділігін қамтамасыз ету механизмін әзірлеу;
• арнайы педагогика бойынша білікті кадрлар даярлау;
• оқыту сапасына мониторинг жүргізу, кіріктірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
• инклюзивті білім беруде кәсіптендіруге бағыттаумен білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастыққа қол жеткізу.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы –еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау

міндетіміз болып табылады.Осыған байланысты, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесі қолданылады.


Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатынталаптарға негізделеді. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы қажет.
Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білім жетістіктерінің сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы негізіндегі қадағалау және бағалау өзекті болып табылады
Бұл әдістемелік құралда бастауыш, негізгі орта, жалпы орта мектептегі инклюзивті білім беру жағдайында білім берудің жаңартылған мазмұнын МЖМБС талаптарын жүзеге асырудың ерекшеліктері, инклюзивті білім беру
жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функциялары, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериилері мен тәртібі қарастырылған.
«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесі» атты әдістемелік құрал жалпы білім беретін және арнайы мектептердің мұғалімдеріне оқушылардың жеке жетістіктерін оқу процесінде бағалауда практикалық нұсқау болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет