Инстаграмнан



Дата31.05.2022
өлшемі47,14 Kb.
#36018

Осы сәтте бутикке бір жігіт кіріп келеді. Жігіт жасы 20-лар
шамасында.

БЕРІК
Сұрай бер досты?


ЖІГІТ
(телефонын көрсетіп) Мына магазин ғой иә?


Берік жігіт көрсеткен телефонға қарайды.


БЕРІК
Иә-иә осы. Инстаграмнан біліп келдің ба?


Жігіт басын изейді.


ЖІГІТ
Мына аяқ киім бар ма?


Жігіт телефонынан инста парақшадағы бір фотоны көрсетеді.


БЕРІК
Әрине бар міне.


Берік бір аяқ киімді көрсетеді. Жігіт қолына алып, аяқ киімді айналдыра қарап шығады.

ЖІГІТ
Точно осы ма?

БЕРІК
Иә.


ЖІГІТ
Түсінікті.


Жігіт бутиктің есіне қарай кетіп бара жатыр.

БЕРІК
Не болды?

Жігіт бұралады.


ЖІГІТ
Братан фотодағы аяқ киім мен мына жердегі аяқ киім екеуі бір-біріне вообще ұқсамайды.


БЕРІК
Инстаграмдағы ма?


ЖІГІТ
Иә.


БЕРІК
Дұрыс қой. Мен оны интернеттен скачать етіп алдым емес па?!


ЖІГІТ
Саған адамдар келсе де, сатып алмайды. Жақсы.




Жігіт кетіп қалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет