Инструкция по эксплуатации Інструкція Ыдыс жуғыш машина Посудомоечная машина



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#9552
түріИнструкция
  1   2   3   4

Қолдану туралы

нұсқаулары

Инструкция по

эксплуатации

Інструкція

Ыдыс жуғыш машина

Посудомоечная машина

Посудомийна машина

ESL 44500 


Electrolux. Thinking of you.

Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-

сайтынан танысыңыз.

МАЗМҰНЫ


Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 

 2

Бұйым сипаттамасы 



 5

Басқару панелі 

 6

Құрылғыны қолдану 



 7

Су жұмсақтайтын бұйымын салу 

 8

Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған



 9

Жуғыш жəне шайғыш затты қолдану

 10

Мульти таб функциясы  



10

Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs

 11

Жуу бағдарламасын таңдау жəне



бастау  

11

Жуу программалар  



12

Күту менен тазалау  

13

Не істерсіңіз, егер...  



14

Техникалық сиппатама  

17

Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы



мағлұматтар  

17

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.



  ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Құрылғыны орнатып, пайдаланудан

бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып

шығыңыз:


• Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.

• Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу

үшін.


• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.

Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз

немесе басқа адамға берсеңіз, осы

нұсқаулықты əрқашан онымен бірге

қалдырыңыз.

Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс

пайдаланбау нəтижесінде орын алған

ақаулықтар үшін өндіруші жауапты

емес.

Балалар мен əлсіз адамдардың

қауіпсіздігі

• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе

ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану

тəжірибесі жоқ немесе қолдана

білмейтін адамдарға, балаларға оны

іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы

құрылғыны өз қауіпсіздігін

қамтамасыз ететін адамның нұсқауы

немесе қадағалауы бойынша

пайдалануға тиіс.

• Балалар құрылғымен ойнамауы үшін

оларды үнемі қадағалап отыру керек.

• Орам материалдарының барлығын

балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып

қалу немесе жарақат алу қаупі бар.

• Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз

жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш

затты ұстауға рұқсат бермеңіз.

• Құрылғының есігі ашық тұрғанда,

балалар мен үй жануарларын оған

жақындатпаңыз.

Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат

• Бұл құрылғының техникалық

сипаттамаларын өзгертпеңіз.

Жарақат алу немесе құрылғыны

бүлдіріп алу қаупі бар.

• Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін,

жуғыш зат өндірушісінің қауіпсіздік

нұсқауларын орындаңыз.

• Құрылғыдағы суды ішуге болмайды.

Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы

қалуы мүмкін.

• Құрылғының есігін қараусыз ашық

қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып

қалуға жəне ашық есікке соғылып

қалуға жол бермеу үшін қажет.

• Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз

немесе үстіне шығып тұрмаңыз.

Қолданылуы

• Бұл тек үйде қолдануға арналған

құрылғы. Адам жарақаттануға жол

бермеу жəне мүлікке нұқсан

келтірмеу үшін құрылғыны басқа

мақсатта қолданбаңыз.

• Құрылғыны тек ыдыс жуғыш

машинада жууға болатын заттарды

жуу үшін ғана қолданыңыз.

electrolux


• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне

тұтанғыш зат салынған дымқыл

заттарды құрылғының ішіне, қасына

немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс

немесе өрт шығу қаупі бар.

• Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың

барлығын ас құралдары себетіне

ұшын төмен қаратып салыңыз.

Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен

не пышақ салатын себетке салыңыз.

(Пышақ салынатын себет тек кей

үлгілерде ғана бар).

• Ыдыс жуғыш машинаға арналған

арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,

шайғыш зат) ғана қолданыңыз.

• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған

тұздар су жұмсартқышқа нұқсан

келтіруі мүмкін.

• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу

бағдарламасын бастамай тұрып

салыңыз. Құрылғыда қалған қалдық

тұз құрылғыны тоттандыруы немесе

табанын ойып жіберуі мүмкін.

• Шайғыш зат сауытына шайғыш

заттан басқа бөгде зат (мысалы,

ыдыс жуғыш машинаны тазартқыш,

сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл

құрылғыны бүлдіруі мүмкін.

• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып,

бүріккіш түтіктердің еркін айнала

алатынына көз жеткізіңіз.

• Жуу бағдарламасы орындалып

тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз,

ыстық бу шығып кетуі мүмкін. Күйіп

қалу қаупі бар.

• Ыдыстарды жуу бағдарламасы

аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.

Күту менен тазалау

• Құрылғыны тазалар алдында, оны

сөндіріңіз де, ашаны розеткадан

алыңыз.


• Тұтанғыш заттар немесе тот

бастыратын заттарды қолданбаңыз.

• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске

қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс

орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс

орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу

нəтижесі қанағаттанғысыз болып,

құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.

• Құрылғыны тазалау үшін сулы

спрейді немесе буды қолданбаңыз.

Электр қатері орын алуы жəне

құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.



Орнату

• Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне

көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны

орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз,

сатушыға хабарласыңыз.

• Құрылғыны орнатып іске қосар

алдында орам материалдарының

барлығын алыңыз.

• Электр қосылымына, құбыр жүйесіне,

құрылғыны орнатуға қатысты

жұмыстарды тек білікті маман іске

асыруға тиіс. Бұл құрылғының

құрылымына немесе адамға зақым

келмес үшін қажет.

• Құрылғыны орнату барысында оның

ашасының розеткадан ағытылғанына

көз жеткізіңіз.

• Құрылғының қабырғаларын, оның

гидравликалық немесе электрлік

бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін

бұрғылап теспеңіз.

• Маңызды!Құрылғымен бірге келген

парақтағы нұсқауларды орындаңыз:

– Құрылғыны орнату.

– Есік панелін құрастыру.

– Сумен жабдықтау жəне су төгу

жүйелеріне қосу.

• Құрылғының үсті мен жан-жағын

қоршаған конструкциялардың қауіпсіз

болуын қамтамасыз етіңіз.



Мұздап қалуға қарсы сақтық

шаралары

• Құрылғыны температурасы 0 °C

градустан төмен жерге орнатпаңыз.

• Мұз қату салдарынан болған ақаулық

үшін өндіруші жауапкершілік

көтермейді.



Суға қосу

• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін

жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын

қолданылған түтіктерді

пайдаланбаңыз.

• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне

немесе ұзақ уақыт қолданыста

болмаған құбырларға қоспаңыз. Суды

бірнеше минут ағызғаннан кейін су

құятын түтікті жалғаңыз.

electrolux 3


• Құрылғыны орнатып жатқанда, су

түтіктерінің жаншылып қалмағанын

немесе бүлінбегенін тексеріңіз.

• Су құбыры жалғастырғыштарының су

ақпайтындай берік орнатылғанына

көз жеткізіңіз.

• Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда,

түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген

екі қабат қаптамадан тұрады жəне

қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.

Су құятын түтікте тек су құйылған

кезде ғана қысым пайда болады. Су

құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік

клапаны ағып жатқан суды тоқтатады.

– Су құятын түтікті жалғаған кезде

абай болыңыз:

– Су құятын түтікті немесе

қауіпсіздік клапанын суға

батырмаңыз.

– Су құятын түтік немесе қауіпсіздік

клапаны бүлінсе, ашаны дереу

розеткадан суырыңыз.

– Қауіпсіздік клапаны бар түтікті

ауыстыру үшін қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

Назарыңызда болсын! Қатерлі

кернеу.


Электртоғына қосу

• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу

қажет.

• Техникалық ақпарат



тақтайшасындағы электр

параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз

жеткізіңіз.

• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр

қатерінен сақтандырылған розетканы

қолданыңыз.

• Көп тармақты аша мен ұзартқыш

сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі

бар.


• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе

өзгертпеңіз. Қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

• Құрылғының арт жағындағы аша мен

қорек сымының жаншылып немесе

бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол

жететін жерде тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Құрылғыны ажырату үшін қуат

сымынан тартпаңыз. Əрқашан

ашасынан тартып ажыратыңыз.



Қызмет көрсету орталығы

• Құрылғыны тек уəкілетті техник ғана

жөндеуге немесе оған қатысты

жұмыстарды орындауға тиіс. Қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді

ғана қолданыңыз.

Құрылғыны тастау

• Адам жарақаттанып немесе мүлікке

зиян келмес үшін:

– Ашаны розеткадан ағытыңыз.

– Қуат сымын кесіп алыңыз да,

қоқысқа тастаңыз.

– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.

Бұл балалар мен үй жануарлары

құрылғыға кіріп қамалып қалмас

үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі

бар.

– Құрылғыны жергілікті қоқыс



тастайтын жерге тастаңыз.

electrolux

Назарыңызда болсын! Ыдыс

жуғыш машинаға арналған жуғыш

заттар қауіпті жəне тоттандыруы

мүмкін !

• Егер осы жуғыш заттардан болып

оқыс жағдай орын алса, дереу

дəрігерге хабарласыңыз.

• Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе

дереу дəрігерге хабарласыңыз.

• Жуғыш зат көзге түсіп кетсе,

дереу дəрігерге хабарласыңыз

жəне көзіңізді сумен шайыңыз.

• Ыдыс жуғыш машинада

қолданылатын жуғыш заттарды

қауіпсіз, балалардың қолы

жетпейтін жерде сақтаңыз.

• Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш

зат болған кезде, құрылғының

есігін ашық қалдырмаңыз.

• Жуғыш зат үлестіргішін жуу

бағдарламасын бастардың

алдында ғана толтырыңыз.

БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

1

2

3



4

5

6



7

8

9



1

Үстіңгі себет

2

Су кермектігі тетігі



3

Тұз сауыты

4

Жуғыш зат үлестіргіші



5

Шайғыш зат үлестіргіші

6

Техникалық ақпарат тақтайшасы



7

Сүзгілер


8

Астыңғы бүріккіш түтік

9

Үстіңгі бүріккіш түтік



Көрінетін сигнал

• Жуу бағдарламасы басталған кезде,

құрылғы есігінің астыңғы жағынан

қызыл сигнал көрінеді. Қызыл сигнал

жуу бағдарламасы аяқталғанша

жанып тұрады.

• Жуу бағдарламасы аяқталған кезде,

құрылғы есігінің астыңғы жағынан

жасыл сигнал көрінеді.

• Құрылғыда ақау пайда болған кезде,

құрылғы есігінің астыңғы жағында

қызыл сигнал жыпылықтайды.

Құрылғыны ас үй жиһазымен

деңгейлестіріп, биіктете орнатқан

жағдайда, оптикалық сигнал

көрінбейді.

electrolux 5


БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

Басқару құралдары басқару

панелінің үстінде орналасқан.

Басқару құралдарымен басқару

үшін құрылғының есігін ашыңқырап

ұстаңыз.


1

3

2



5

4

A



B

C

D



E

1

Қосу/өшіру түймешігі



2

Бағдарлама түймешіктері

3

Кешіктіріп бастау түймешігі



4

Индикатор шамдары

5

Функция түймешіктері



Индикатор шамдары

3h

Сағат индикаторы. Бұл индикатор кешіктіріп бастау үшін үш сағат



орнатылған кезде жанады.

6h

Сағат индикаторы. Бұл индикатор кешіктіріп бастау үшін алты сағат



орнатылған кезде жанады.

9h

Сағат индикаторы. Бұл индикатор кешіктіріп бастау үшін тоғыз сағат



орнатылған кезде жанады.

Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде

жанады. 

1)

Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған қалпы



тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс əсер етпейді.

Multitab индикаторы. Бұл индикатор функцияны қосқан кезде жанады.

"Соңы" индикаторы. Ол төмендегі жағдайда жанады:

• Жуу бағдарламасы аяқталғанда.

• Су жұмсартқыштың деңгейін реттеген кезде.

• Шайғыш зат үлестіргішті қосасыз не өшіресіз (тек multitab функциясы

қосулы тұрғанда ғана).

• Құрылғыда ақау пайда болғанда.



1) Тұз сауыты босап қалғанда, тиісті индикатор шамы жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде

жанбайды.

Қосу/өшіру түймешігі

Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін

осы түймешікті басыңыз.

Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін

он минут өткеннен кейін, Auto Off

функциясы құрылғыны автоматты түрде

сөндіреді. Бұл электр қуатын аз

тұтынуға көмектеседі.



Бағдарлама түймешіктері

Жуу бағдарламасын орнату үшін осы

түймешіктердің бірін басыңыз. Тиісті

индикатор жанады. 'Жуу

бағдарламалары' тарауын қараңыз.

Кешіктіріп бастау түймешігі

Жуу бағдарламасын 3, 6 немесе 9 сағат

кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті

қайта-қайта басыңыз. Тиісті индикатор

жанады.

Функция түймешіктері

Осы түймешіктердің көмегімен мына

əрекеттерді орындауға болады:

electrolux


• Су жұмсартқыштың деңгейін

электрондық жолмен реттеу. 'Су

жұмсартқышты орнату' тарауын

қараңыз.


• Multitab функциясын қосу жəне өшіру.

"Multitab функциясы" бөлімін қараңыз.

• Шайғыш зат үлестіргішті қосу жəне

өшіру (multitab функциясы қосулы

тұрғанда ғана). 'Келесі жағдайларда

не істеу керек...' тарауын қараңыз

• Жұмыс істеп тұрған жуу

бағдарламасын біржола тоқтату. 'Жуу

бағдарламасын орнату жəне бастау'

тарауын қараңыз.

• Дыбыстық сигналдарды іске қосу

жəне сөндіру. 'Дыбыстық сигналдар'

тарауын қараңыз.

Параметрлерді орнату режимі

Мына əрекеттерді орындау үшін

құрылғы параметрлерді орнату

режимінде тұруға тиіс:

• Жуу бағдарламасын орнату жəне

бастау үшін.

• Кешіктіріп бастау бағдарламасын

орнату жəне бастау үшін.

• Су жұмсартқыштың деңгейін

электрондық тəсілмен баптау үшін.

• Multitab функциясын қосу немесе

өшіру үшін.

• Шайғыш зат үлестіргішті қосу не

өшіру (тек multitab функциясы қосулы

тұрғанда ғана) үшін.

• Дыбыстық сигналдарды сөндіру

немесе қосу үшін.



Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы

келесі жағдайда параметрлерді

орнату режимінде тұрады:

• Барлық бағдарлама индикаторлары

жанып тұрғанда.

Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы

келесі жағдайда параметрлерді

орнату режимінде тұрмайды.

• Тек бір ғана бағдарлама индикаторы

жанып тұрғанда.

• Кешіктіріп бастау индикаторы жанып

тұрғанда.

– Параметрлерді орнату режиміне

қайту үшін жуу бағдарламасын

немесе кешіктіріп бастау

функциясын біржола тоқтату керек.

'Жуу бағдарламасын орнату жəне

бастау' тарауын қараңыз.

Дыбыстық сигналдар

Дыбыстық сигналдар келесі жағдайда

естіледі:

• Жуу бағдарламасы аяқталғанда.

• Су жұмсартқыштың деңгейі

электрондық тəсілмен бапталғанда.

• Құрылғыда ақау бар кезде.

Зауытта орнатылған параметр:

қосулы.

Дыбыстық сигналдарды сөндіру

1. Құрылғыны іске қосыңыз.

Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

2. (B) функция түймешігі мен (C)

функция түймешігін (A), (B) жəне (C)

функция түймешіктерінің

индикаторлары жыпылықтай

бастағанша қатар басып тұрыңыз.

3. (B) функция түймешігі мен (C)

функция түймешігін босатыңыз.

4. (C) функция түймешігін басыңыз,

• (A) жəне (B) функция

түймешіктерінің индикаторлары

сөнеді.

• (C) функция түймешігінің



индикаторы жыпылықтай береді.

• Аяқтау индикаторы жанады.

5. (C) функция түймешігін қайтадан

басыңыз.


• Аяқтау индикаторы сөнеді.

Дыбыстық сигналдар өшірулі.

6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.

Дыбыстық сигналдарды қайта қосу үшін

(1) бастап (4) дейінгі қадамдарды

орындаңыз. (C) функция түймешігін

басыңыз, "Соңы" индикаторы жанады

да, дыбыстық сигналдар іске қосылады.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ

1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын

жеріңіздегі судың кермектігіне сай

electrolux 7



деңгейге қойылғанына көз жеткізіңіз.

Сай келмесе, су жұмсартқыштың

деңгейін реттеңіз.

2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина

тұзынан салыңыз.

3. Шайғыш зат сауытына шайғыш

заттан салыңыз.

4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды

құрылғыға салыңыз.

5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен

ластығына қарай жуу

бағдарламасын дұрыс орнатыңыз.

6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш

затты тиісті мөлшерде салыңыз.

7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.

Егер құрама жуғыш таблеткаларды

('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз,

multitab функциясын қолданыңыз

('Multitab функциясы' тарауын

қараңыз).

СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ

Су жұмсартқыш судың құрамындағы

минералдар мен тұздарды кетіреді.

Бұндай минералдар мен тұздар

құрылғыға нұқсан келтіреді.

Су жұмсартқыштың деңгейі тұратын

жеріңіздегі судың кермектігіне сай

келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін

реттеңіз.

Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін,

жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне

хабарласып біліңіз.



Судың кермектігі

Судың кермектігін

реттеу

Неміс градусы

(dH°).

Француз

градусы (°TH).

ммоль/л

Кларк

градусы

қолмен

электр

ондық

тəсілм

ен

51 - 70


91 - 125

9,1 - 12,5

64 - 88



1)



10

43 - 50


76 - 90

7,6 - 9,0

53 - 63



1)



9

37 - 42


65 - 75

6,5 - 7,5

46 - 52



1)



8

29 - 36


51 - 64

5,1 - 6,4

36 - 45



1)



7

23 - 28


40 - 50

4,0 - 5,0

28 - 35



1)



6

19 - 22


33 - 39

3,3 - 3,9

23 - 27



1)



1)

15 - 18



26 - 32

2,6 - 3,2

18 - 22

1

4



11 - 14

19 - 25


1,9 - 2,5

13 - 17


1

3

4 - 10



7 - 18

0,7 - 1,8

5 - 12

1

2



< 4

< 7

< 0,7

< 5

2)



2)

1) Зауытта орнатылған параметр.



2) Осы деңгейде тұрса тұзды қолданбаңыз.

Су жұмсартқышты қолмен жəне

электронды тəсілмен реттеуіңіз

қажет.


Қолмен реттеу

Су кермектігі тетігін 1-ші немесе 2-ші

орынға (кестеге қараңыз) қойыңыз.

electrolux


Электрондық жолмен реттеу

1. Құрылғыны іске қосыңыз.

Құрылғының параметрлерді орнату

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

2. (B) жəне (C) функция түймешіктерін

(A), (B) жəне (C) функция

түймешіктерінің индикаторлары

жыпылықтай бастағанша қатар

басып тұрыңыз.

3. (B) жəне (C) функция түймешіктерін

босатыңыз.

4. (A) функция түймешігін басыңыз,

• (B) жəне (C) функция

түймешіктерінің индикаторлары

сөнеді.

• (A) функция түймешігінің



индикаторы жыпылықтай береді.

• Дыбыстық сигнал естіледі де, су

жұмсартқыштың параметрін

көрсетіп, "Соңы" индикаторы

жыпылықтайды (мысалы, 5 рет

жыпылықтау жəне 5 үзік-үзік

дыбыстық сигнал / үзіліс / 5 рет

жыпылықтау жəне 5 үзік-үзік

дыбыстық сигнал = 5-ші деңгей).

5. Параметрді өзгерту үшін (A)

функция түймешігін қайта-қайта

басыңыз. (A( функция түймешігін əр

басқан сайын баптаудің келесі

деңгейіне ауысады.

6. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.

Су жұмсартқыш электрондық

тəсілмен 1-ші мəнге қойылса, тұз

индикаторы сөнген қалпы тұрады.

ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН

Тұз сауытын қалай толтыру керек:

1. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің

бағытына қарсы бұрап ашыңыз.

2. Тұз сауытына 1 литр су (тек ең

алғаш рет тұз салғанда) құйыңыз.

3. Тұз сауытына тұз салу үшін

құйғышты пайдаланыңыз.

4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды

тазалаңыз.

5. Тұз сауытының қақпағын сағат тілінің

бағытымен бұрап жабыңыз.

Тұз сауытына тұз салған кезде,

одан су төгіледі, бұл дұрыс.

electrolux 9



ЖУҒЫШ ЖƏНЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОЛДАНУ

20

30



MAX

1

2



3

4

+



-

8

1



2

3

4



5

6

7



Жуғыш затты пайдалану

Қоршаған ортаға зиян келтірмес

үшін жуғыш затты қажетті

мөлшерден артық пайдаланбаңыз.

Жуғыш заттың орауышында

көрсетілетін нұсқауларды

орындаңыз.

Шайғыш зат үлестіргішті толтыру үшін:

1.

2

 босату түймешігін басып,



қақпақты 

8

 ашыңыз.



2. Жуғыш зат үлестіргішке 

1

 жуғыш



заттан салыңыз.

3. Жуу бағдарламасында алдын ала

жуу циклы болса, құрылғы есігінің

ішкі бөліміне жуғыш заттан аздап

салыңыз.

4. Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,

оларды жуғыш зат үлестіргішіне 

1

салыңыз.



5. Қақпағын орнына бекітіп жабыңыз.

Жуғыш таблеткаларды қолданған

кезде ұзақ жуу бағдарламаларын

қолданыңыз. Жуғыш таблеткалар

қысқа жуу бағдарламаларында

толық ерімейді де, жуу нəтижесі

төмендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет