Интеллектуалдық ойын «Ұшқыр ой мен шешен тіл» Мақсаты



бет1/4
Дата02.02.2022
өлшемі164,04 Kb.
#24724
  1   2   3   4

Интеллектуалдық ойын

«Ұшқыр ой мен шешен тіл»

Мақсаты:

1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.

2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

3.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.



Көрнекі құралдар: суреттер, интерактивті тақта, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Іс-шараның барысы.

 ҚР-ның әнұранын орындау.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті мұғалімдер, оқушылар. Осыдан тура 24 жыл бұрын – 1997 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз. Сіздерді бүгін тілдер мерекесімен құттықтаймыз! Бұл ойын қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығына арналған іс-шара болып табылады. Соған орай қазақ тілі мен әдебиеті, география, тарих, Қазақстанның мәдениеті және спорты саласында сұрақтар қойылады.

2-жүргізуші:

Ойын толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауысты.

Біреу озып, келеді қатарынан,

Біреу қалып жатқанда асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді, ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Сондықтан да бүгінгі «Ұшқыр ой мен шешен тіл» деген интеллектуалдық сайысына қош келіпсіздер.



1-жүргізуші: Сайысқа келіп отырған оқушыларымыздың жолы ақ болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады. 
(шапалақ соғылады)


Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. Әділқазылар алқасымен таныстыру.


2-жүргізуші: Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

Шарты:

1) топ аты: «Білімділер»

2) топ ұраны « Ойшылдар»

1-жүргізуші:



Кіріспе сөз.

Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республика азаматының парызы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет