Интеллигенциясы: тарихи



жүктеу 1.7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/20
Дата22.01.2017
өлшемі1.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Л.Н.ГУМИЛЕВ ат. ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
Б.Ж. АБЖАППАРОВА 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН ӚНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ 
ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ: ТАРИХИ-
ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 
2012 

 

УДК 94(574) 
ББК 63,3(5каз) 
 
 
Жауапты редакторы: т.ғ.д., профессор Әбжанов Х. М. 
 
 
Рецензенттер: 
Т.ғ.д. профессор Ахметов Қ.Ә. 
Т.ғ.д. профессор Какенова Г.М. 
Т.ғ.д. профессор Ауанасова Ә.М. 
 
 
 
 
А14  Абжаппарова Б.Ж.  
Қазақстан ӛндірістік-техникалық интеллигенциясы: тарихи-тарихнамалық 
талдау: Ғылыми басылым. – Астана: 2012. – 287 б. 
 
 
 
ISBN 978-601-7400-69-9       
 
Монография  Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының 
кеңестік  кезеңдегі  тарихы  мен  тарихнамасының  ӛзекті  мәселелеріне  арналған. 
Ең 
алдымен 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияның 
теориялық- 
методологиялық  мәселелері,  оған  қатысты  ұстанған  мемлекеттік  саясат,  ӛсу 
кӛздері, әлеуметтік даму, кәсіби және қоғамдық саяси қызметінің  тарихнамасы 
қарастырылған. Ӛндірістік-техникалық интеллигенцияға қатысты тоталитаризм 
қылмысын зерттеу тарихнамасына да  ерекше мән берілген. Кітап ғалымдарға, 
тарихшылар, әлеуметтанушылар, философтар, тарих мамандығы студенттеріне 
арналған. 
                                                                                          
 
 
 
УДК 94(574) 
 ISBN 978-601-7400-69-9                                                             ББК 63,3(5каз)  
         
                                                    
 
  © Абжаппарова Б.Ж., 2012                                                                            
© Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2012 

 

КІРІСПЕ 
 
Егемендігіміз  бен  мемлекеттігіміз  бекіген  кезеңде  халқымыз  рухани 
жағынан  жаңарып,  әкімшілдік-әміршілдік  жүйе  жағдайында  қалыптасқан 
идеологиялық  ұстанымдардан  бас  тартып,  отандық  тарихымызды  жаңаша 
зерделеуге жол ашылды.  
Кеңестік кезеңде тарих ғылымының әлемдік ғылымнан томаға-тұйықтығы, 
мемлекеттік  идеологияның  қасаңдығы,  басқаша  ойлаумен  күрес  ғылымға 
қайшы  концепциялардың  бекуіне  алып  келді,  ғылымда  таптық  кӛзқарасқа 
негізделген  маркстік-лениндік  методология  үстемдік  етті.  Мұның  ӛзі 
ғалымдардың  шынайы  тарихты  айқындауына,  ақиқатты  ашып  кӛрсетуіне  кері 
ықпалын  тигізді.  Қасаң  идеологиялық  ұстанымдар  тоталитарлық  жүйенің 
жетекші күші болған КОКП басшыларының айтқандарын, партия съездері мен 
конференцияларының  шешімдерін  басшылыққа  алып,  сол  негізде  тарихты 
жазуға  тарихшыларды  мәжбүрледі.  Сондықтан  бүгінде  қазақстандық 
зерттеушілердің  алдында  қазақ  тарихының  ӛткен  жолын  түсінбейінше, 
болашақты  ұғынуда  қиындықтар  туындайды.  Осы  тұрғыда  отандық  тарихқа 
ғана  емес,  әлемдік  тарихқа,  үдеріске  де  тереңірек  мән  беретін  уақыт  келді. 
Тарих  ғылымының  іргелі  саласы  тарихнаманың  міндеті  –  біз  қарастырып 
отырған мәселе тӛңірегінде жазылған еңбектерді ғылыми негізде талдап, әлі де 
болса  шешімін  күтіп  отырған  жағдайларды  анықтау,  жолын  айқындау, 
ұсыныстар жасау. Тарихнама тарихи құндылықтарымызды сақтаушы ғана емес, 
тарихтың күрделі бетбұрыс сәттерінде оны жүзеге асырушы құралға айналып, 
қазіргі  кезеңде  жаңа  сапалық  деңгейге  кӛтеріліп  отыр.  Тарихнама  маңызды 
идеологиялық  қызмет  атқара  отырып,  жаңа  тарихи  жағдайда  жаңа  ӛзіндік 
сананы тәрбиелеуге де ықпал етеді.  
Қоғамымыздың  демократиялық  жаңаруы  кеңестік  отан  тарихының  ғана 
емес,  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  тарихнамасының  ӛзекті 
мәселелерін 
зерттеуге 
оң 
әсерін 
тигізуде. 
Ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияның  қазіргі  Қазақстан  интеллигенциясының  құрамында  ерекше 
әлеуметтік-мәдени  құрылым  ретінде  айқындалуы  Қазақстанда  ақпараттық-
технологиялық  қоғамның  қалыптаса  бастауымен  және  оның  ғылыми-
техникалық жағынан дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның 2030 жылға 
дейінгі  даму  стратегиясында  болашақта  «Біздің  балаларымыз  білігі  жоғары 
жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және ӛнер қайраткерлері, 
магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың 
иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады. ...Біздің жас ұрпақтың кей 
ӛкілдері  мемлекеттік  қызметке  тұрады.  Олар  жоғары  ақы  тӛленетін  жақсы 
оқытып  үйретілген,  Қазақстан  мен  қазақстан  халқына  мүдделерін  ӛздерінің 
жеке  мүдделерінен  жоғары  қоятын  мамандар  бола  отырып,  жаңа  дәуір 
жағдайында  жұмыс  істейтін  болады»,-  деп  оның  ішінде  инженерлерге  үлкен 
үміт артады [1, 11 б.]. 
Монографиямызға  негіз  болған  Қазақстанның  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясының  тарихын  ӛз  алдына  бӛлек  қарастырып,  объективті 

 

бағасын  беру  –  бүгінгі  заман  талабына  сай  қажеттіліктен  туындап  отыр. 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жеделдетілген  индустриялық 
инновациялық 
бағдарламасының 
қабылдануы 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияға  үлкен  жауапкершілік  артып  отыр.  Ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияның  тарихнамасы  жалпы  және  арнайы  зерттеулерде  кең 
қарастырыла қойған жоқ.    
Монографияның ауқымы аса кең, себебі, бұл кеңестік кезеңдегі ӛндірістік-
техникалық  интеллигенцияға  ұстанған  мемлекеттік  саясат  пен  феноменін 
айқындап,  тарихнамалық  талдау  жасауға  мүмкіндіктер  береді.  Тарих 
ғылымының  соңғы  жылдары  дамуы  зерттеушілердің  «интеллигенция 
тарихнамасы» мәселесін әр қырынан ашуға жол ашуда. Сондықтан «ӛндірістік-
техникалық  интеллигенция  тарихнамасы»  дегеніміз  кезектегі  емес,  объективті 
процестерге  жауап  беріп,  оның  Қазақстандағы  тарих  ғылымында  кӛрініс 
табуын  айқындау  болып  саналады.  Тарихнама  қарастырып  отырған  мәселеге 
байланысты  жазылған  еңбектерді  тізіп,  талдау  жасаумен  шектелмей, 
тақырыпты  ғылыми  негізде  нақты-тарихи  және  теориялық-методологиялық 
жағын айқындауымен де ӛзекті.   
Тарихнамалық  талдау  жасаудың  маңызды  міндеті  –  мәселенің  толық 
зерттелмеген  және  зерттеушілердің  назарынан  тыс  қалған,  дұрыс  баға 
берілмеген  аспектілерін  айқындауда.  Тарихнама  мәселенің  ӛзектілігін  ашып, 
оған  зерттеушілердің  назарын  кӛздейді.  Тарихнаманың  дамуы  ұрпақтан-
ұрпаққа  жалғасатын  үдеріс.  Таңдалған  тақырыптың  ӛзектілігі  мынада: 
мемлекетіміздің  ұзақ  мерзімдік  ғылым,  білім  саласындағы  саясатының  негізгі 
бағыттарын айқындауға да жол ашады.  
1917-1991  жылдар  аралығында  жүргізілген  идеологиялық  науқандар 
орталықтардағы 
ғана 
емес, 
Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясына  да  әсерін  тигізді.  Сондықтан  монография  тақырыбы 
зерттеу нысаны ретінде шынайы түрдегі тарихи зерттеуді қажет ететін мәселеге 
жатады.  Жаңа  танымдық  материалдардың  қазақстандық  тарихнамаға  енгізілуі 
де  мәселенің  ӛзектілігін  ашады.  Тәуелсіз  Қазақстан  тарихнамасы  жаңа  дамып 
келе  жатқандығына  қарамастан,  біраз  табыстарға  жетті.  Еліміз  басынан  кешіп 
отырған қазіргі күрделі кезеңінде интеллигенцияның рӛлін арттыру ӛте қажет. 
Себебі  бұл  әлеуметтік-мәдени  жағдайға  ықпал  етеді.  Сондықтан  мәселені 
тарихнамалық жағынан пайымдаудың қолданбалы мәні зор. Осы уақытқа дейін 
кейбір  отандық  авторлардың  еңбектерінде  ӛткен  тарихымызды  айқындауда 
кеңестік  дәстүр  белең  алып  отыр.  Алайда  кеңестік  тарихнама  сыни  талдау 
объектісіне айналды. Ғылыми плюрализм жағдайында әрбір кӛзқарастың болу 
құқығы бар.  
Таңдалған  тақырыпты  монографияда  кешенді  түрде  зерттеу  бұрын 
әдебиетте  қысқа,  аз  кӛлемде  немесе  зерттелмеген  мәселені  зерделеуге  негіз 
болады.  Оның  жекелеген  аспектілерінің  ғылыми  жағынан  сәйкессіздіктерін 
анықтап, мәселеге жаңаша кӛзқараспен қарауға болады.  

 

Тарихи  монографиялар  мен  айқын  деректердің,  ғұмырнамалардың, 
баспасӛз  материалдарының  зерттелуі  Қазақстан  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясы тарихының зерттелу деңгейін сараптауға септігін тигізеді. 
Отандық  және  әлемдік  тарихнамада  Қазақстанның  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясының  тарихнамасы  арнайы  түрде  зерттеуді  қажет  ететін 
тақырып  болғандықтан,  біз  таңдаған  тақырыптың  ӛз  деңгейінде  зерттелмеуі 
бұрын  жарияланбаған  деректердің  молдығы  –  айтылатын  мәселелерді  нақты 
айқындай  отырып,  ғалымдардың  арнайы  ғылыми  концепцияларын  талдауға 
жол ашады.  
Қазіргі  тарихнамалық  жағдай  интеллектуалдар  тарихымен  байланысты 
жаңа 
зерттеулерге 
жол 
ашуда. 
Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясының  феноменін  кешенді  түрде  зерттеуде  интеллектуалдық 
тарихқа жүгінеді.  
Ірі  әлеуметтік  қозғалыстар,  саяси  астан-кестен  ӛзгерістер  жаңаша 
бағалауға  серпіліс  береді.  Кәсіби  тарихнама  да  ӛзінің  әлеуметтік  қызметін 
атқара отырып, болып жатқан үдерістен тыс  қала алмайды. Сондықтан қазіргі 
тарихнамада  ӛткен  тарихқа  баға  беру,  ұлттық  ерекшеліктерді  айқындау 
міндетінің  болуы  -  заңдылық.  Тарих  ғылымының  дамуы  оның  теориялық 
методологиялық  негізіне  немесе  методологияның  жаңа  ғылыми  жолдарын 
іздестіруіне  байланысты  болса,  тарихнамада  ғалымдардың  шығармашылық 
мұралалары  отандық  тарих  ғылымының  деңгейін  анықтайды.  Қазақстанның 
тарих  ғылымы  да  қазіргі  таңда  даму  үстінде.  Тарихнамада  жаңа  талпыныстар 
жасалып, ӛз еліміздің тарихи тәжірибесін ғана емес, әлемдік тарихнаманың да 
мұраларын сараптап тану қажеттігін түсінуде.  
Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының  кеңестік  кезеңдегі 
тарихының  кешенді  түрде  зерттелуі  тарихнамадағы  үлкен  жетістіктердің  бірі 
болып саналады.  
Ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  кеңестік  кезеңдегі  тарихын 
зерттеу ХХ ғасыр басынан бастау алатындығы белгілі. Осы уақыт аралығында 
зерттеушілер 
ғылыми 
айналымға 
Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясының  қалыптасуы,  тарихы,  әлеуметтік,  демографиялық  дамуы 
мәселелерін  айқындайтын  кӛлемді  еңбектер  жазып,  нақты  тарихи  деректерді 
енгізді.  Алайда  Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының 
тарихнамасы  арнайы  зерттелген  жоқ.  Сондықтан  да  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  мәселесі  бойынша  бұрын  жарияланбаған  деректерді  арнайы 
талдай отырып, кең кӛлемдегі мәліметтерді жариялау монографияның ғылыми 
зерттеу  нысанына  шек  болғандықтан,  қазіргі  таңдағы  талаптар  мүддесінен 
шығуға жол ашады.  
Қандай  да  болмасын  тарихи  зерттеудің  маңызды  кезеңі  мәселенің 
талдануы  мен  зерттелу  деңгейінен  тұрады.  Ғылыми  әдебиетте  Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының  тарихнамасы  арнайы  зерттелген 
жоқ.  Ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  қалыптасуы,  сан  және  сапа 
жағынан  ӛсуі,  тоталитарлық  режим  жағдайындағы  тағдыры,  жоғары  оқу 
орындарында  даярлау,  мемлекеттің  оларға  ұстанған  саясаты  кейбір  зерттеу 

 

еңбектерде,  диссертацияларда,  ғылыми  мақалаларда,  тарихнамалық  шолуға 
арналған жинақтарда жанама түрде қамтылған. Кеңестік кезеңде жарық кӛрген 
еңбектерде  біз  зерттеп  отырған  мәселе  үзік-үзік  күйінде  бір-бірімен 
байланыссыз, үстірт қарастырылды.  
Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының  тарихнамасының 
қалыптасып  дамуы  кеңестік  және  посткеңестік  кезеңдегі  тарих  ғылымының 
жетістіктері мен қиындықтары, қателіктері деңгейімен айқындалады. 1990-шы 
жылдардың  басына  дейін  кеңестік  ғылым  қоғам  дамуының  заңдылықтарын 
айқындауда  маркстік  концепцияға  сүйенді.  Тарихнаманың  дамуына 
коммунистік  идеология  кері  ықпал  етті.  Сондықтан  біз  қарастырып  отырған 
мәселенің  теориялық  қырларын  жаңа  ғылыми  негізде  қалыптастыру  қажеттігі 
айқын сезіле бастады.  
Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясының 
1917-1991 
жылдардағы  тарихы  жайлы  ғылыми  пайымдаулардың  қалыптасуы  барысын 
тӛмендегідей  кезеңдерге  бӛліп  қарастырамыз:  Бірінші  1917-шы  жылдардан 
бастап,  1950-ші  жылдардың  ортасына  дейінгі  тариханамның  алғашқы  кезеңі, 
Бұл  кезеңде  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  мәселесі  баспасӛз 
беттерінде,  мемлекеттік,  саяси  орган  қызметкерлерінің,  интеллигенция 
ӛкілдерінің  айтқан  сӛздері  түрінде  берілді.  ХХ-шы  ғасырдың  20-30-шы 
жылдары  кӛптеген  партия  кеңес  қызметкерлері  баспасӛз  беттерінде  жарық 
кӛрген мақалаларында ескі инженер-техникалық қызметкерлерді кеңес ӛкіметі 
жағына тарту, буржуазиялық интеллигенцияға сын кӛзбен қарау кӛрініс тапты. 
Бұл еңбектердің кӛпшілігін «тарихи зерттеу» еңбектері деп атағаннан кӛрі ескі 
интеллигенцияны айыптау деңгейіндегі еңбектер болды. Екінші кезеңі 1950- ші 
жылдардың  екінші  жартысынан  бастап,  1980-ші  жылдардың  ортасына  дейінгі 
аралықты  қамтиды.  Бұл  жылдары  тарихи-мәдени  зерттеулермен  қатар, 
интеллигенция 
тарихын 
зерттеуші 
кәсіби 
тарихшы 
мамандардың 
қалыптасуымен  байланысты  кеңестік  кезеңдегі  интеллигенция,  ӛндірістік-
техникалық  интеллигенция,  тарихына  арналған  монографиялық  зерттеулер, 
тақырып  тӛңірегіне  қатысты  құжаттар  жинағы  жарық  кӛре  бастады.  Үшінші 
кезеңдегі біз қарастырып отырған мәселенің тарихнамасының дамуын 1980-ші 
жылдардың  екінші  жартысынан  бастап  қазіргі  кезеңге  дейін  жалғасуда  деп 
тұжырымдауға  болады.  1917-шы  жылдардан  бастап  1980-ші  жылдардың 
соңына  дейінгі  аралықта  Қазақстан  тарихнамасы  маркстік  теорияға  сүйеніп, 
теориялық-концептуалдық  негізі  де  соған  байланысты  болды.  Мәселені 
зерттеуге  белгілі  бір  шек  қойылуы,  зерттеудің  теориялық-методологиялық 
базасының  аясын  тарылтты.  Мұрағат  құжаттарын  ӛз  деңгейінде  пайдалануға 
мүмкіндік  берілмей,  қатаң  цензураның  орнығуы  зерттеушілерге  құнды 
мәліметтерді ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік бермеді. 
Тарихнаманың  бірінші  кезеңінде  монографиялық  еңбектер  жазылмады. 
Газет,  журнал  беттерінде  білім,  мәдениет  саласының  кӛрнекті  ӛкілдері  мен 
партия  мен  мемлекет  басшыларының  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияға 
байланысты  мақалалары  мен  сӛздері  жарияланды.  Олар  шынайылығымен, 
қиындықтар,  жетістіктерді  кӛрсете  білуімен,  алға  деген  ұмтылысымен 

 

ерекшеленді.  Бұл  мақалалардың  құндылығы  сонда,  сол  кезеңдегі  тарихи 
оқиғаларды  ӛз  кӛзімен  кӛргендер,  оған  қатысқандардың  берген  ақпарлары 
негізінде жазылуында. 
Интеллигенцияның арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылуы 1950-ші 
жылдардың  басынан  бастап  дами  бастады.  Философ  ғалым  Х.З  Ақназаров, 
тарихшы ғалым Ш.Ю. Тастановтар диссертацияларында маркстік концепцияны 
негізге ала отырып, социалистік жаңа интеллигенцияның қалыптасу кезеңдерін 
саралады. Х.З. Ақназаров: «Интеллигенция барлық қоғамдағы таптық мүдделер 
саяси топтардың дамуын бәрінен саналырақ айқындайды деп тұжырымдап, ол 
қоғамда  ӛз  алдына  бӛлек,  негізгі  тап  болған  жоқ»,-деп  кӛрсетеді.  Автор 
методологиялық  жағынан  диссертацияның  негізіне  Маркс,  Энгельс,  Ленин, 
Сталин  шығармаларын  алып,  коммунистік  идеологияның  қыспағынан  шыға 
алмады.  Біз  автордың  кӛп  ой-тұжырымдарының  ескіргендігіне,  таптық 
кӛзқараста  жазылғандығына  қарамастан,  деректік  негіз  ретінде  мұрағат 
құжаттарын  ұсынуы,  негізгі  зерттеу  нысаны  ретінде  интеллигенцияны 
қарастырған алғашқы зерттеу еңбек деп бағалаймыз [2, 3-4 б.].  
КОКП  ХХ  съезінен  кейін  1980-ші  жылдардың  соңына  дейін 
интеллигенция,  ӛндірістік-техникалық,  инженерлік-техникалық  интеллигенция 
мәселесі  кең  кӛлемде  зерттеле  бастады.  Мәселені  әр  қырынан  зерттеу  тарихи 
зерттеу  пәніне  айналды.  Қазақстан  интеллигенциясы  тарихын  зерттеуге 
қазақстандық  тарихшылар  сүбелі  үлес  қоса  бастады.  Біздің  кӛзқарасымыз 
бойынша  біз  қарастырып  отырған  жылдары  жазылған  еңбектер  ӛндірістік-
техникалық  интеллигенция  тарихнамасының  даму  кезеңдері  маркстік 
теориялық-метологиялық  негізде  құрылды.  Сондықтан,  бұл  мәселені  зерттеу 
кезеңін маркстік кезең, 1917-шы жылдардан бастап 1980-ші жылдардың соңына 
дейін сақталды деп айқындауға негіз бола алады. 
1960-шы  жылдардың  басында  біз  қарастырып  отырған  мәселені 
тарихнамалық  тұрғыда  қарастырған  еңбек  болмаса  да,  интеллигенция 
тарихында  Ж.  Қарағұсовтың  «Казахская  советская  интеллигенция,  рожденная 
Октябрем»  атты  брошюралық  еңбегі  жарық  кӛрді.  Таптық  кӛзқараспен 
жазылып,  маркстік-лениндік  концепцияны  басшылыққа  алып,  ғалым  зерттеу 
барысында 
тақырыптық 
принципті 
негізге 
ала 
отырып, 
қазақ 
интеллигенциясының  қалыптасу  мәселелерін  қарастырады.  Республикада 
мәдени 
революцияның 
жетістігінің 
нәтижесінде 
қазақ 
социалистік 
интеллигенциясы  қалыптасты  деп  тұжырымдайды  [3,  4  б.].  Ұлы  Қазан 
тӛңкерісінің  жеңісі  Ресейдің  бұрын  қысым  кӛрген  халықтарының  саяси 
теңсіздігін  жойды.  Орыс  халқының  туысқандық  кӛмегінің  арқасында  ұлттық 
жұмысшы  табы  мен интеллигенция қалыптасып  тәрбиеленді деп ой  қорытады 
[3, 41 б.]. 
Жаңа 
ӛнеркәсіптің 
пайда 
болуымен 
маманданған 
ӛнеркәсіп 
жұмысшылары,  инженер-техникалық  интеллигенцияның  қатарын  кӛбейту 
жұмыстары жүргізілгенін дәйектеген [3, 59 б.]. Әрі автор тарихи қысқа уақытта 
Қазақстан  ӛнеркәсібінің  қарқынды  дамуы,  жоғары  білікті  иженерлер, 

 

техниктер,  жоғары  маманданған  жұмысшылардың  пайда  болуы  социалистік 
құрылыстың артықшылығы деп дәріптейді [3, 118 б.].  
Тарихнамашы  ғалым  Г.Ф.  Дахшлейгердің  тарихнамалық  зерттеу  еңбегі 
1969 жылы «Историография Советского Казахстана» деп аталады. Бұл еңбектің 
жарық 
кӛруі, 
зерттеу 
нәтижесінде 
ғылыми 
пайымдаулардың, 
қорытындылардың белгілі-бір қорының жинақталуымен де байланысты. Автор 
еңбегінде  қазақ  халқының  социализмге  ӛту  барысында  орыс  және  туысқан 
халықтармен бірге теңсіздікті жойып, әлеуметтік – экономикалық және мәдени 
жағынан  теңеліп  кеңестік  жұмысшы  табы  мен  интелллигенция  қалыптасуына 
кӛңіл  бӛлінді  деген  тұжырымдама  жасайды  [4,  93-94  б.].  Еңбекте  біз 
қарастырып  отырған  мәселе  тӛңірегінде  арнайы  ғылыми  пайымдаулар 
жоқтығына  қарамастан,  автор  еңбегінен  интеллигенцияның  қалыптасуына 
қатысты нақты мәліметтер берілген.  
Қарастырылып отырған мәселе тӛңірегінде ғалымдар Р.Б. Сүлейменов пен 
Х.И.  Бисеновтің  еңбектері  жарық  кӛрді.  Еңбекте  методологиялық  жағынан 
фактілік  материалдарды  сыни  талдай  отырып,  мәдениет,  ғылым,  ағарту  т.б. 
мәселелер  бойынша  мемлекет,  басшылары  мен  қайраткерлерінің  еңбектерін 
негізге  алады.  «Жұмысшы  мен  шауалар  қатарынан  жаңа  халықтық 
интеллигенцияның 
құрылуы, 
еліміздің 
индустриализациялануы, 
ауыл 
шаруашылығының  ұжымдастырылуы,  мәдени  революцияның  жүзеге  асуы  ой 
еңбегі  мен  дене  еңбегі,  интеллигенттермен  жұмысшы-шаруа  бұқарасының 
арасындағы  айырмашылықты  жоюға  ықпал  етті»,  -  деп  зерделейді  [5,  196  б.]. 
Еңбекте  кеңестік  интеллигенция  тарихы,  Қазақстан  интеллигенциясының 
кеңестік кезеңдегі тарихын зерттеудің әр қырлары қамтылған. 
Интеллигенция  тарихнамасына  қатысты  арнайы  зерттелген  ең  алғашқы 
еңбектердің 
қатарына 
1980-ші 
жылдардың 
ортасында 
жазылған                        
В.К.  Януловтың  еңбегін  ерекше  атаған  жӛн.  Автор  «Историография  истории 
рабочего класса, крестьянства и интеллигенции Казахстана в 1960-1970 гг. (Л., 
1986)  кандидаттық  диссертациясы  мен  мақалаларында  инженер-техникалық 
интеллигенцияны  соғысқа  дейін  қалыптаса  бастады  деген  Ш.Ю.  Тастановтың 
ойын  түйіндей  отырып,  оның  толығымен  қалыптасуы  соғыстан  кейін 
республикада  техникалық  жоғары  оқу  орындары  жүйесінің  құрылуымен 
байланыстырғанын  дұрыс  деп  санайды.  Әрі  автор  оның  қалыптасуын  1970-ші 
жылдардың  басына  қарай  деп  кӛрсетуі  қажет  еді  деген  ӛз  пікірін  білдіреді  [6, 
127 б.].  
Қазақстан  интеллигенциясының  әлеуметтік  жағынан  жіктеліп,  ӛндірістік-
техникалық мамандарды ӛз алдына бӛлек әлеуметтік топ ретінде зерттеу 1960-
шы жылдардан бастау алады.  
Инженер-техник кадрларының қалыптасуы мен оларды оқытып шығаруға 
партиялық 
басшылық 
зерттеушілер 
Е.Х. 
Мұхамеджановтың,                                           
Н.Р.  Жағыпаровтардың  диссертациялары  мен  журнал  беттерінде  жарияланған 
зерттеулерінде  кездеседі.  Е.Х  Мұхамеджановтың  диссертациялық  еңбегі 
Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясын  1927-1937  жылдарда 
ӛнеркәсіп саласында ӛсірудегі партия ұйымының тарихи тәжірибесін зерттеуге 

 

арналғандығына,  кеңестік  идеология  ықпалында  жазылғандына  қарамастан, 
Кеңестік мемлекет және партия тарапынан ұлттық республикаларда ӛндірістік-
техникалық  интеллигенцияны  дайындауға  үлкен  қамқорлық  кӛрсетті  деп 
тұжырымдайды  [7,  13  б.].  Әрине  еңбектер  ресми  методология  негізінде 
жазылып,  идеологиялық  ӛктемдіктен  аса  алмағандығына,  тарихнамалық 
тұрғыдағы  еңбектер  емес  екендігіне  қарамастан,  біз  қарастырып  отырған 
мәселе  тӛңірегінде  мұрағат  құжаттарын  орынды  пайдалануымен,  кейбір  ой-
тұжырымдарымен,  тарихилық  принципті  сақтауымен  құнды  [7].  Авторлардың 
еңбектері  сталиндік  ӛктемдіктен  босап,  жылымық  келген  кезде  партия  мен 
Кеңес  мемлекетінің  басшылық  қызметін  дәріптегендігіне  қарамастан, 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияны  орта  арнаулы,  жоғары  оқу 
орындарында  даярлау,  оларды  ғылыми  жұмыстарға  тарту  мәселелерінің 
тарихнамасында  алар  орны  ӛзгеше.  Н.Р.  Жағыпаров  Кеңестер  Одағының 
туысқан 
республикаларында 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияның 
қалыптасуы  еліміздің  барлық  халықтарына  теңдік,  туысқандық  және 
ынтымақтастық орнатуға ықпал жасап отырған лениндік ұлт саясатының нақты 
кӛрінісі  деп  тұжырымдайды.  Жұмыста  партияның  басшылық  рӛліне  мән 
берілсе  де,  зерттеуде  Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияны 
даярлау  мен  тәрбиелеудің  (1951-1959  жж.)  аралығындағы  зерттелу  деңгейі 
айқындалған [7, 5-9 б.]. 
1970-ші  жылдары  жарық  кӛрген  бір  топ  диссертациялар  мен  мақалаларда 
республикалар  арасында  мамандар  алмасу,  Қазақстан  инженер-техникалық 
мамандардың  басқа  туысқан  республикаларда  даярлануы  зерделенген  [8].  Бұл 
еңбектер  де  маркстік-лениндік  методология  тұрғысында  жазылғанымен, 
Қазақстан  инженер-техникалық  интеллигенциясын  қалыптастыруда  туысқан 
республикалардың жоғары және орта арнаулы оқу орындары ықпал етті деген 
тұжырымдама жасайды. 
Ғалым  Ш.Ю.  Тастанов  1970-ші  жылдардың  басында  жарық  кӛрген 
еңбегінде 
Қазақстандағы 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияның 
қалыптауына,  саны  мен  құрылымы,  кәсіби  білімі  мен  ұлттық  құрамына 
байланысты  құжаттары  мол  мәліметтер  береді  [9].  Автор  интеллигенцияның 
зерттеу  эволюциясын  кӛрсете  отырып,  интеллигенция  кеңестік  қоғамның 
ерекше  әлеуметтік  тобы  ретінде  ой  еңбегімен  кәсіби  түрде  айналыса  отырып, 
оның  болашақта  дамуы,  қоғамдық  ӛмірдегі  орны,  рӛлі  зерттелмей 
отырғандығын  айтады  [9,  3-4  бб.].  Қазақстанда  ұлттық  интеллигенция  да, 
тіптем инженер-техникалық кадрлар да болған жоқ деп түйіндейді. Автор бұл 
зерттеу  еңбектің  басты  мәселесі  –  Қазақстанды  мысалға  ала  отырып,  бұрын 
артта  қалған  халықтардың  капиталистік  даму  сатысына  соқпай  социалистік 
интеллигенцияның  қалыптасып  дамуы  заңдылығын  ашып  кӛрсетуде  деп 
тұжырымдайды [9, 6 б.]. 
1970-шы  жылдардан  бастап  қазақстандық  әлеуметтанушылар  және 
философтар  да  интеллигенцияны  әр  қырынан  зерттеп,  жіктеп  арнайы  зерттеу 
нысаны  ретінде  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияға  анықтама  бере 
бастады.  Олардың  қатарында  М.  Әженов,  А.  Ишмұхамедов,  И.И.  Евдокимов, 

 
10 
Ц.Р. Розенбергтер бар [10]. Олар ғылыми-техникалық үдеріс жағдайында дене 
еңбегі 
мен 
ой 
еңбегімен 
айналысатын 
қызметкерлер 
арасындағы 
айырмашылықтар  азайып,  жақындай  түскендігін  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  соның  бел  ортасында  тұр  деп  пайымдайды.  Әрі  бұл 
зерттеушілер  біз  қарастырып  отырған  мәселені  әлеуметтік  аспектіде  зерттеп 
қана  қоймай,  интеллигенцияға  телінген  «аралық  жік»  деген  анықтаманы 
алғашқылардың бірі ретінде алып тастады.  
1980-ші  жылдардың  басынан  бастап  партияның  таптық  идеялық-саяси 
мүддесін білдіріп, белгіленген ұстанымдардан ауытқи алмаушылық тарихнама 
ғылымының  дамуын  тежегендігіне  қарамастан,  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  мамандарын  даярлау  мен  тәрбиелеу  мәселесін  зерттеуге  кӛңіл 
бӛлінді [11].  
Ғалым С.В. Харченконың диссертациялық зерттеу еңбегі (1971-1980 жж.) 
Қазақстан 
Компартиясының 
инженер-техникалық 
қызметкерлердің 
еңбекшілерді  идеялық-саяси  жағынан  тәрбиелеудегі  рӛлін  арттырудағы 
қызметіне  арналған.  Еңбекте  инженер-техникалық  интеллигенцияның 
қызметінің  түрлі  аспектілері  қарастырылған.  Мәселенің  тарихнамада  зерттелу 
деңгейіне тоқтала отырып, автор адамгершілік қатынастары, еңбек пен тұрмыс 
жағдайы  жұмысшының  кӛңіл  күйіне  әсер  етсе,  ол  еңбек  ӛнімділігі  мен 
сапасына  да  ықпал  етеді  деп  пайымдай  келе,  сол  кезеңдегі  партия 
құжаттарында 
инженер-техникалық 
қызметкерлердің 
әлеуметтік-
психологиялық және идеологиялық қызметі жаңа аспектіде қарастырылды деп 
саралайды [12, 4-5 б.]. 
1970-ші 
жылдардың 
басында 
Қазақстан 
ауылшаруашылық 
қызметкерлерінің идеялық-саяси қызметі Б. Қалқамановтың диссертациясында 
кӛрсетілді  [13,  6  б.].  Автор  республиканың  солтүстік  облыстарының 
материалдары  негізінде, партия  ұйымдары  село интеллигенциясынның  білімін 
және  тәжірибесін  насихат  жұмыстарында  пайдаланғандығын  саралайды. 
Еңбектің  инженер-техникалық  интеллигенцияыны  қоғамдық-саяси,  кәсіби 
қызметінің тарихнамасындағы рӛлі зор.  
В.Т.  Полякованың  кандидаттық  диссертациясында  республика  ӛнеркәсіп 
орындары партия ұйымдарының орта және кіші буындағы инженер-техникалық 
қызметкерлерге басшылық жасаудағы тәжірибесі қорытындыланған [14]. 
Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясының 
қоғамдағы 
әлеуметтік  рӛлі  О.В  Рыбакованың  «Инженерно-техническая  интеллигенция  на 
современном  этапе  развития  социализма  (на  материалах  Казахстана)» 
тақырыпта  қорғаған  диссертациясында  қарастырылып,  «инженер-техникалық 
интеллигенция 
– 
еліміздің 
халық 
шаруашылығында 
еңбек 
ететін 
интеллигенцияның ең үлкен тобы» деген баға береді [15, 2 б.].  
«Демократиялық  жаңару»,  «қайта  құру»  саясаты  Қазақстан  ӛндірістік-
техникалық  интеллигенция  жайлы  кеңестік  кезеңдегі  зерттеулер  бірденінен 
айтарлықтай  ӛзгерістер  бере  алмады.  Алайда  осы  кезеңде  ӛзіндік  ғылыми 
бағытымен 
ерекшеленген 
Т.К. 
Назхановтың 
«Развитие 
творческой 
деятельности  инженерно-технической  интеллигенции  –  важный  фактор 

 
11 
ускорения  социально-экономического  развития  социалистического  общества 
(на  материалах  промышленных  предприятий  Казахстана)»  диссертациясында 
инженер-техникалық  кадрлардың  ғылым  мен  техниканың  жетістіктерін 
ӛндіріске  енгізуде,  ғылым мен ӛндіріс арасындағы  маңызды  байланыстырушы 
топқа айналып отыр деген тұжырымдаманы алға тартады [16, 2-4 б.].  
Қазақстан 
инженер-техникалық 
интеллигенциясының 
әлеуметтік 
дамуындағы  негізгі  тенденциялар  талданып  сараланған  бірден–бір  зерттеу 
монография  –  С.С.  Әбубәкіровтің  «Қазақстан  инженерлік-техникалық 
интеллигенциясы»  атты  еңбек.  Бұл  монографияда  1946-1960  жылдары 
Қазақстан 
инженерлік-техникалық 
интеллигенциясының 
әлеуметтік 
дамуындағы  негізгі  тенденциялар  талданып,  сараланған.  Атап  айтқанда 
мамандардың 
республиканың 
экономикалық 
потенциалын 
арттыруға, 
ӛнертабыстық істер мен рационализаторлық қозғалысты алға бастыруға, ғылым 
мен техниканың жетіктерін, озат тәжірибені ӛндіріске енгізуге қосқан үлестері, 
жаңа адамды қалыптастырудағы рӛлі қарастырылады [17]. 
Еліміз  егемендік  алып,  ұлттық  тӛл  тарихымыз  бен  тарихнамамызға  жаңа 
серпіліс  келе  бастаған  1990-шы  жылдардың  бас  кезінде  әдіснамалық  жағынан 
маркстік-лениндік  концепциядан  бас  тартып,  қандай  да  болмасын  мәселеге 
ӛркениетті  кӛзқарас  тұрғысында  зерделеуге  кең  жол  ашылды.  Ұлттық 
интеллигенцияның  әртүрлі  әлеуметтік  топтарын  әр  қырынан  зерттеуге  мән 
берілді.  Олардың  қатарында  ғалымдар  И  Шайхимова,  Ә.М.  Ауанасова 
еңбектерінен  тоталитарлық  жүйенің  қыспағынан  босап,  ӛздерінің  еркін 
ойларын  ортаға  салуымен  ерекшеленеді  [18].  Ә.М.  Ауанасова  1993  жылы 
«Национальная  интеллигенция  Казахстана  в  первые  годы  советской  власти 
(1917-1923  гг.)»  деген  тақырыпта тарих  ғылымдарының  кандидаты  атағын  алу 
үшін  қорғаған  диссертациясының  авторефератында  «ұзақ  уақыт  бойы  қазақ 
интелллигенциясы  ӛкілдерінің  озық  идеялары,  бағдарламалары,  кӛзқарастары 
біржақты  қамтылып,  тереңнен  зерттелмегендігін  негіздей  отырып,  ақиқатын 
айтатын оның уақыты жетті», - деген пікір айтады. Интеллигенцияны 20-30-шы 
жылдары  үш  топқа:  жоғарғы,  орта,  тӛменгі  бӛлініп  қарастырылды  деп 
зерделейді.  Әрбір  топтың  саяси  бағыты,  кәсіби  жағынан  мамандануы, 
революцияға дейінгі қоғамның иерархиялық жүйесіндегі материалдық жағдайы 
арқылы  анықталғандығын  пайымдайды.  Тарихи  дерек  кӛзі  ретінде  ХХ-шы 
ғасырдың  20-30-шы  жылдардағы  қазақ  зиялыларының  мерзімді  басылым 
бетінде жарияланған шығармаларын орынды қолдана отырып, интеллигенцияға 
қатысты тың мәліметтерді береді [18, 1-2, 13-14 б.].  
Интеллигенция  тарихнамасында  Х.М.  Әбжанов  пен  Л.Я.  Гуревичтердің 
еңбектерінің  сүбелі  орын  алатындағын  атап  ӛткен  жӛн.  Ғалымдар  біз 
қарастырып  отырған  мәселе  тӛңірегінде  тың  ойларын  білдірумен  қатар, 
әдіснамалық жағынан негізделген пікірлер мен кӛзқарастарын ашық айтуымен 
маңызды орын алады [19]. 
Л.Я.  Гуревичтің  кандидаттық  диссертациясы  Қазақстан  инженер-
техникалық  интеллигенциясына  коммунистік  тәрбие  берудегі  Қазақстан 
Компартиясының  қызметіне  арналған.  Ресми  методология  негізінде 

 
12 
жазылғандығымен,  автор  логикалық,  жүйелеп  талдау  тәсілдерін  пайдалана 
отырып,  әртүрлі  тарихи  кезеңдердегі  инженер-техникалық  интеллигенцияның 
дамуы  тарихнамасына  талдау  жасайды.  Мемлекеттің  инженер-техникалық 
интеллигенцияға ұстанған саясаты жӛніндегі тарихнамада бұл еңбектің алатын 
орны ӛзгеше.  
Алаш зиялыларының тарихын зерттеп, оны ғылым әлемінде жұршылыққа 
танытуда ғалым М.Қ. Қозыбаевтың еңбегінен таным-парасат биігіне ұмтылғаны 
байқалды [20]. М.Қ. Қозыбаев 1970-1980-ші жылдары Коммунистік партия ішкі 
жағынан  қайралып,  теория  мен  практика  арасында  алшақтық  пайда  болып, 
партиялық  билік  басына  ӛзінің  монополиясын  ұзақ  жылдар  бойы  бекіткен 
технократтар  келді  деп  есептейді.  Билік  олигархияға  айналып,  ойшыл 
интеллигенция  қуғынға  ұшырады,  кӛптеген  ғылыми  еңбектер  коммунистік 
инквизицияға  ұшырады.  Партияға  мансап  қуғандар  кіріп,  трайбализм  мен 
кланшылдық, кӛсемдік жайлады деп ашынады [20, 218 б.].  
Зерттеу  парадигмасы  кезеңдерінің  ауысуына  байланысты,  біз  қарастырып 
отырған  мәселенің  теориялық-концептуалдық  базасын  тереңнен  зерттеуге 
ерекше  мән  беріле  бастады.  Кеңестік  кезеңде  жарық  кӛрген  зерттеу  еңбектері 
ондаған жылдар бойы отандық интеллигенция тарихын саралауға негіз болды.  
1990-шы  жылдардың  ортасында  ғалым  К.  Нұрпейісовтың  «Алаш  һәм 
Алашорда»  деп  аталатын  еңбегінде,  негізінен,  Алаш  партиясы  мен  Алашорда 
үкіметінің  тарихына  байланысты  нақтылы  оқиғалар  зерттелген.  Еңбекте 
«Революцияға  дейінгі  қазақ  интеллигенциясын  олардың  кәсіби  мамандығы 
бойынша бірнеше топқа бӛлуге болады. Олар: отарлы қазақ ӛлкесінің басқару 
аппаратында  әртүрлі  жұмыстарды  атқарған  чиновниктер,  денсаулық  сақтау 
мекемелерінің  қызметкерлері,  журналистика,  оқу-ағарту  және  мәдениет 
саласында  еңбек  еткендер  және  сан  жағынан  басқа  топтардағыдан  аз  болған 
инженер-техник қызметкерлер» бар екендігін атап кӛрсетеді [21, 123 б.]. 
Егеменді 
ел 
жағдайында 
интеллигенцияға 
жүктеліп 
отырған 
жауапкершіліктің  зор  екендігін  ескерте  отырып,  интеллигенция  феноменін 
қалыптастыруға  үлес  қосқан  ғалымдар  қатарында  ғалым  Б.  Ермұхановтың  да 
ӛзіндік рӛлі бар екендігін атап ӛткен жӛн [22]. 
Қазақстан интеллигенциясының әлеуметтік-кәсіби жағынан жіктеліп, оның 
топтарын  әр  қырынан  зерттеуге  1990-шы  жылдары  жете  мән  беріле  бастады. 
Әдіснамалық  жағынан  тарихи  еңбектер  ретінде  олардың  да  интеллигенция 
тарихындағы маңыздылығы зор [23]. Осы зерттеушілер ішінде С. Рысбекова ой 
еңбегімен интеллигенцияның айналысуы әлеуметтік топ ретіндегі біртектілігін 
анықтайды. 
Интеллигенция 
еңбегінің 
мәні 
мен 
мазмұнындағы 
айырмашылықтар  оның  ішкі  әлеуметтік-кәсіби  топтарға  жіктелуіне  әкелді. 
Интеллигенция  әртүрлі  деңгейде  еңбек  ететін  қызметкерлерден  тұрады. 
Методологиялық  жағынан  алып  қарағанда  интеллигенцияның  әлеуметтік-
кәсіби топтары анықтала бастады деп пайымдайды [24, 6 б.].  
Мәселені  жаңа  қырынан  қарап,  оны  шешудің  жолдарын  ашып,  нанымды 
бағасын беруде А. Мұсағалиева еңбегін атап ӛтуге болады [25]. Автор «Халық 
Ағарту Комиссариаты қорының құжаттары республика зиялыларының қызметі 

 
13 
мен  кӛзқарасы  жӛніндегі  дерек  кӛзі  (1920-1933  жж.)»  кандидаттық 
диссертациясында ғылыми айналымға жаңа деректерді енгізген. 
1990-шы жылдардың соңы 2000-ші жылдардың басында да интеллигенция 
тарихын зерттеуге деген зерттеушілердің қызығушылығы толастаған жоқ. Жаңа 
әдіснама  және  зерттеу  тәсілдерін  қолдана  отырып,  ӛркениетті  кӛзқараспен 
талдау  жүргізіп,  нақты  мәселелер  бойынша  ӛзіндік  пікірлерін  білдіруде  біраз 
зерттеулер жүргізілді [26].  
Ұлттық интеллигецияның тарихын зерттеуде әдіснамалық жағынан құнды 
мәліметті  бізге  Б.М.  Сужиковтың  «Казахская  политическая  элита  и 
трансформация  этнической  тождественности  на  рубеже  ХІХ-ХХ  вв.  в 
зарубежной историографии» мақаласы береді [27].  
Мақалада  автор  батыстық  зерттеушілердің  Қазақстандағы  этникалық 
жағдайға  берген  бағасы  мен  ұлттық  құндылықтардың  негізін  сақтап  отырған 
казақ  интеллигенциясының  батыс  тарихнамасында  қандай  орын  алып 
отырғандығына талдау жасайды. 
Әдіснама  және  тарихи  зерттеу  тәсілдері  тұрғысынан  алып  қарағанда 
Қазақстан 
тарихының 
шетелдік 
тарихнамасына 
арналған 
ғалым                                            
К.Л.  Есмағамбетовтың  еңбегі  ерекше  орын  алады.  «Қазақтар  шетел 
әдебиетінде»  деп  аталатын  еңбегінде  интеллигенцияның  әлеуметтік  дамуы 
жӛнінде  мәліметтер  келтіріп,  ер  адамдардың  кӛбінесе  инженер-техниктер 
болуға  тырысқандығын  саралайды  [28,  168  б.].  Ғалым  К.Л.  Есмағамбетов 
«Қазақстан  тарих  ғылымының  кӛптеген  жылдар  бойы  ӛзімен-ӛзі  болуы, 
дүниежүзілік  тарих  ғылымынан  бӛлек,  томаға-тұйық  жағдайда  дамуы  онда 
мешеу  методология  мен  зерттеу  әдістерінің,  тарихи  шындықтан  алшақ 
концепциялар  мен  тұжырымдардың  орнығуына  соқтырғандығын»  айтады. 
Американ  тарихшысы  Р.  Хингли  кеңес  тарих  ғылымына  тән  екі  нәрсені:  бірі- 
мемлекеттік және партиялық қатаң бақылау; екіншісі  – бүкіл кемшіліктер мен 
қателіктерін  жасырып,  ал  жеңістерін  шексіз  дабырайтып  кӛрсетуге  тырысқан 
дӛрекі  ұлтшылдық  екендігін  пайымдаған  кӛзқарасын  алға  тартады.  Автор 
«Қазақстан  тарих  ғылымының  сүлбесін  құраған  кӛптеген  болжамдар  мен 
тұжырымдардың  уақыт  сынынан  ӛтпегендігі  ақиқат.  Қазіргі  уақытта  оның 
алдында  тұрған  маңызды  міндеттердің  бірі  ӛзін  біртұтас  дүниежүзілік  тарих 
ғылымының  ажырамас  бӛлігі  екендігін  сезіну  және  осы  негізде  шетелдік 
тарихнамамен тұрақты шығармашылық қатынас орнату болып табылады»,- деп 
ой толғаған [28, 4-5 б.]. 
Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу тәсілдері мамандығы бойынша 
қорғалған  диссертациялардың  қатарына  ғалым  К.Р.  Несіпбаева  еңбегін 
жатқызуға  болады.  Еңбектің  артықшылығы  -  мәселені  зерттеуге  пікірталас 
тұрғысында қарап, жаңа теориялық және методологиялық концепцияны ұсына 
білуінде [29]. 
Қазақстан  ғылыми  интеллигенциясының  тарихнамасын  жаңа  кӛзқарас 
тұрғысында  талдаған  еңбектердің  қатарында  Г.Ж.  Рахымжанованың 
«Проблемы  истории  и  историографии  науки  и  начной  интеллигенции 
Казахстана  (1946-1991  гг.)»  кандидаттық  диссертациясы  бар.  Автор  отандық 

 
14 
тарих  ғылымында  1990-шы  жылдардың  басына  дейін  маркстік-лениндік 
методология  негізге  алынғандығын,  таптық  кӛзқарастың  болғандығын 
саралайды [29].  
Тарихнама, деректану ғылымы саласына үлес қосып жүрген ғалымдардың 
қатарына О.Х. Мұхатованы жатқызуға болады. Автор «Қазақстандағы аграрлық 
ӛзгерістер  тарихнамасы  (ХІХ  ғ.  соңы-ХХғ.)»  тақырыбындағы  докторлық 
диссертациясында  методологиялық  жағынан,  жаңа  концептуалды  тың  ойлар 
айту  арқылы  тарихнаманың  дамуы  тарих  ғылымының  дамуы  дәрежесіне 
тікелей байланысты деген тың ой айтады [30]. 
Біз қарастырып отырған мәселеге қатысты тарихнамалық тұрғыда зерттеу 
жүргізген  ғалымдар  қатарында  ғалым  Р.М.  Жұмашевты  ерекше  атаған  жӛн. 
Әдіснамалық  жағынан  жаңа  кӛзқарас  тұрғысында  жазылған  еңбекте, 
интеллигенция  феноменін  қалыптастыруға  үлес  қосып,  олар  біліммен  қатар 
рухани құндылықтарды да тұтынушы деп ойын толықтырады [31]. 
Тарихнама  ғылымы  саласына  қосқан  еңбектердің  қатарында  ғалым                       
Р.М.  Таштемханованың  монографиялық,  диссертациялық  еңбегі  ерекше  орын 
алады. Р.М. Таштемханова «История изучения Казахстана в Германии (вторая 
половина  ХІХв.  -1991  г.)»  деген  тақырыпта  тарих  ғылымдарының    докторы 
атағын  алу  үшін  дайындаған  диссертациясының  авторефератында  ХХ-шы 
ғасырдың 
20-30-шы 
жж. 
Қазақстан 
экономикасының 
күшпен 
модернизациялануы  мәселесі  неміс  ғалымдарының  назарында  болғандығына 
талдау  жасай  отырып,  индустриализациялау  мен  ұлттық  мамандар 
қалыптасуының дамуы жолдарына байланысты кеңестік тарихшылар мен неміс 
советологтарының  арасында  пікірталастар  туғандығын  атап  кӛрсетеді  [32,  34 
б.].  
Қазақстандағы  модернизациялаудың  социалистік  моделінің  кеңестік  және 
кеңес  дәуірінен  кейінгі  тарихнамасы  Р.Ж.  Қадысованың  зерттеу  жұмысының 
нысаны  болып  табылады.  «Социалистическая  модель  модернизации  в 
Казахстане  (1917-1940  гг.):  Советская  и  постсоветская  историография.» 
тақырыбында  қорғалған  докторлық  диссертациясының  авторефератында  
«1920-1930-шы жылдары тарихи публицистикада индустриализациялау кезінде 
кадр  мәселесіне  байланысты  пікірталастар  белең  алып,  индустриализациялау 
жылдары  урбанизацияның  аймақтардағы  мамандардың  шоғырлануына  әсері 
болды»,-  деп  кӛрсетеді  [33,  31  б.].  Әрі  ғалым  «жаңа  интеллигенцияның» 
модернизациялау  кезеңінде  маргиналдануы  (жаңаны  жартылай  қабылдай 
отырып, бұрынғы әлеуметтік белгілерін жоғалтуы) жаппай кӛрініс тапқандығы 
кеңестік  кезеңнен  кейінгі  отандық  тарихнамада  белең  алғандығын  дәлелдейді 
[33, 37 б.]. 
Қазақстан  тарихы  мен  тарихнамасының  методологиялық  мәселелері 
ғалымдар  Т.  Омарбеков  пен  Ш.  Омарбековтың  монографиясында  үлкен  орын 
алған [34]. Еңбекте кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында саяси қуғындалған ұлт 
зиялыларының  тӛл  тарихымызға  тарихи  кӛзқарастары  жан-жақты  зерттелген. 
Еңбекте  Баймырза  һайттың  екі  үкіметті  біріктіруші  күш  ретінде 
М.Тынышбаевты  ерекшелеуі  дәлелсіз  екендігін  айтады.  Мұстафа  Шоқайдың 

 
15 
қазақтың тұңғыш инженері М. Тынышбаев туралы айтқан: «Бұл кісінің де саяси 
кӛзқарасы  кадеттерге  едәуір  жақын  болатын  Оны  жақсы  білетіндердің  сӛзіне 
қарағанда, қабілетті, білгір инженер зор саяси тұлға бола алған жоқ. Петербург 
инженерлер  институтын  бітіруден  саяси  қозғалысқа  қадам  басқан  бұл  кісіден 
Түркістан  тұрғындары  зор  үміт  күткен  еді!...»  деген  ойын  ортаға  салады  [34, 
331 б.].  
Қазақстан  ғылыми,  шығармашылық  интеллигенцияның  тарихнамасын 
теориялық-концептуалды  және  әдіснамалық  негізде  зерттеген  ғалым                      
Г.М.  Какенова  Қазақстанның  ғылыми  және  шығармашылық  интеллигенция 
тарихының  тарихнамасын  қалыптастыруға  ӛзінің  зор  үлесін  қосты  [35]. 
Бұрынғы  ескі  қалыптасқан  кӛзқарастардан  бас  тарта  отырып,  деректік 
материалдарды  кеңінен  пайдалану  арқылы  ӛзіндік  ғылыми  пайымдауларын 
кӛрсетеді.  Ғалым  тұңғыш  рет  отандық  шығармашылық  интеллигенцияның 
кеңестік  кезеңдегі  тарихының  тарихнамасының  кезеңделуін  қайта  қарап,  бір 
жүйеге  келтірген.  Тарихнамалық  тұрғыда  тоталитарлық  тәртіптің  нығаюы 
тұсындағы  интеллигенция  мен  биліктің  қарым-қатынас  мәселелеріне 
байланысты  негізгі  концептуалдық  бағыттарын  айқындаған.  Соңғы  жылдары 
ғалым Г.А. Сексенбаева тарих методологиясы, деректану ғылымы саласына зор 
үлес қосып, ӛзіндік тың пайымдауларын білдіруде [36]. 
Мәселенің  ғылыми және методологиялық негіздерін  талдамайынша, жаңа 
отандық  тарих  және  тарихнаманың  жаңа  объективті  даму  үдерісін  кӛрсету 
мүмкін  емес.  Біз  қарастырып  отырған  мәселенің  зерттелу  деңгейін  талдай 
отырып,  Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының  тарихнамасы 
мәселесі  әдіснамалық  жағынан  қайтадан  жаңаша  зерделеуді  талап  етеді  деп 
қорытындылауға болады. Нақты нәтижеге жету үшін, нанымды тарихнамалық 
талдау  жасау  керек.  Оның  негізіне  қазіргі  ғылыми  білімнің  жетістіктері  мен 
талаптары  алынуы  қажет.  Бұл  міндет  монографияда  мәселенің  қарастырылуы 
мен ӛзектілігін айқындайды.  
Зерттеудің 
методологиялық-теориялық 
негізін 
қазіргі 
кезеңде 
тарихнамашылар  мен  ғылым  методологтарының  ұсынып  отырған  теориялық 
принциптері мен критерийлері құрайды.  
Тарихнамалық  еңбектерге  қойылып  отырған  жаңа  талаптарға  сәйкес, 
қарапайым  библиографиялық  зерттеуден  бастап,  шолудан  кӛрі  тарихнамалық 
фактілерге  методологиялық  талдау  жасауға  мән  берілуде.  Тәуелсіздік 
жағдайында  методология  қазақстандық  тарихнамада  болып  жатқан  маңызды 
ӛзгерістерге байланысты айқындалады. ХХ-ХХІ ғасыр тоғысында методология 
қатты жапа шекті. Маркстік концепциядан бас тарту тарихтағы тарихи үдерісті 
түсіндіруге  жаңа  жол  іздеу  -  аймақтық,  салалық,  ұлттық,  мәдени  тағы  басқа 
дұрыс белгілерді қолдануға алып келді. Кейде әдістемеден бас тарту - тарихты 
ойынға  айналдыруға  әкеліп  соқты.  Кейбіреулер  үшінші  мыңжылдық 
тарихшысының  басты  ұраны  «Қызықсыз  болмасын»  деп  жариялады.  Жарты 
ғасырдан  астам  ғылым  мемлекетке  бағынышты  болды.  Анықтама  беруде 
саясатқа жүгінді.  

 
16 
Кеңестік  және  кеңестік  кезеңнен  кейінгі  Қазақстан  тарихын  кӛпғасырлық 
тарихы  бар  адамзат  қоғамының  даму  тенденциясы  мен  әлемдік  шындықты, 
әлемдік ғылым жетістіктерін ескермей түсіну мүмкін емес.  
ХХ  ғасырдың  60-шы  жылдарынан  бастап  тарихшылар  адам  және  оның 
қоғам  мен  табиғаттағы  орнына  мән  бере  бастады.  Әлеуметтік  тарих 
қалыптасты. Осы ретте интеллигенция тарихына да ерекше кӛңіл бӛлінді.  
Қазір  тарихқа  формациялық  және  ӛркениетті  кӛзқараспен  қараудың  ара-
жігін  анықтайтын  уақыт  жетті.  Тарихнамада  адамзат  дамуының  ӛркениетті 
моделі  қазір  негізгі  модельге  айналып  отыр.  Бірақ  адамзаттың  дамуында 
формациялық сатылардың болғандығын жоққа шығара алмаймыз. 
Біз  қазақстандық  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  тарихының 
концептуалды  дамуын  қарастырғанда  оған  кӛпфакторлы  деңгейде  қарауымыз 
керек.  Интеллигенцияның  әлеуметтік  дамуының  таптық  факторы,  немесе 
географиялық, табиғат, этникалық факторлардың оған әсерін анықтаймыз.  
Біз  тарихты  жазғанда  халық  бұқарасының  тарихта  алатын  орнын,  рӛлін 
артқа  шегіндіріп,  аз  мән  беріп отырамыз.  Сондықтан  қазақстандық  ӛндірістік-
техникалық  интеллигенцияның  тарихнамасы  мен  әдістемесі,  зерттелу  деңгейі 
жӛнінде  концептуалды  мазмұнын  анықтау,  тарихи  таным  механизмінің 
мазмұны  мен  теориялық  мағынасына  талдау  жасау  негізгі  міндеттеріміздің 
біріне  саналады.  Теориялық  ойлау  саласы  ретінде  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  тарихының  әдістемесі  тарих  ғылымы  негізінде  пайда  болып, 
нақтылы тарихи зерттеуге негізделген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
17 

Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Әдеби сапарнама жанрының тууы мен қалыптасуы А. Е. Ментебаева


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет