Интерфаза. Интерфаза кезеңдері: G1,S және G2 Жасушалық цикл



бет1/4
Дата31.01.2023
өлшемі9,65 Mb.
#64015
  1   2   3   4

Интерфаза. Интерфаза кезеңдері: G1,S және G2

Жасушалық цикл

  • Жасуша тіршілігін бірнеше фазалық цикл түрінде сызба-нұсқада көрсетуге болады.
  • Жасушалық цикл – аналық жасушаның бөліну арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік бөлінуге дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атаймыз. Жасуша тіршілігінің негізгі кезеңдері:
  • Өсу фазасы,
  • Бөлінуге дайындық фазасы
  • Бөліну фазасы

Жасушалық цикл 3 негізгі кезеңдерден тұрады: интерфаза, митоз және цитокинез.

  • Жасушалық цикл 3 негізгі кезеңдерден тұрады: интерфаза, митоз және цитокинез.
  • Жасушалық циклдің ұзақтығы жасуша типіне және ағзаның даму кезеңіне байланысты. Мысалы: ұрықтанған жұмыртқаның жасушалық циклі ұзақ емес.
  • Жұмыртқа жылдам бөлінеді (бақаларда – 30 мин.) S және митоздың уақыты ұзақ, ал G1 және G2 – қысқа, өйткені жұмыртқада бөліну үшін ақуыздар, әртүрлі заттар көп. Адамда жасушалық цикл шамамен 24 сағат (жылдам бөлінетін жасушалар үшін).

Жасушалық циклдің фазалары

  • G1, S, G2 - фазалар бірге интерфаза деп аталады (яғни, жасуша бөлінуінің аралық фазалары).
  • Бұл фазадағы бірқатар жасушалар G0 фазасына өтеді, бұл жасушалар қызмет атқарып, содан кейін бөлінусіз жойылады (мысалы, эритроциттер).

Жасушаның бөлінуі

  • Бөлінуге дайындалу кезінде ДНҚ репликациясы жүреді, әрбір хромосомада оның копиясы синтезделінеді. Бұл хромосомалар екіеселенгеннен кейін әрбір жұптағы хромосома хроматид деп аталады.
  • Репликациядан кейін ДНҚ конденсирленеді, хромосомалар компакталып жинақталады, оларды мироскоппен көруге бөлады.
  • G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады: митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық, рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар жасушада құрылымдық және функциональдық ақуыздар түзіліп жасушаның өсуі жүреді.
  • S фазада -ДНК репликациясы немесе екіеселену процестері өтеді. Гистондық ақуыздардың синтезі жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидке бөлініп өзара центромера немесе кинетохормен байланысады.
  • G2 фазада биосинтез процесі жүреді және АТФ немесе макроэргтар түрінде энергия сақталады, митохондрия бөлінеді. Бөліну ұршығы түзіліп, центриольдер репликациясы жүреді. Клетканың М фазаға өтуі М қолдаушы факторлармен бақыланады.
  • Интерфаза біткеннен кейін кариокинез немесе митоз басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет