Интерпретатор, компилятор



бет1/5
Дата24.06.2022
өлшемі20,47 Kb.
#37255
түріПрограмма
  1   2   3   4   5

  1. ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІ. ИНТЕРПРЕТАТОР, КОМПИЛЯТОР.

Алгоритмдерді компьютерге түсінікті мəтін ретінде жазуға арналғ ан қара пайы м жасанды тіл программалау тілдері деп аталады. Əрбір компьютердің өзінің машиналық программалау тілі болады, оны командалар тілі немесе кодтар (арнайы таңбалау) тілі дейді. Компьютер тек өз тілінде, яғни машин алық тілде жазылған программаларды ғана орындай алады. Алайда, машина тілінде прог рамма жазу күрделі жұмыс, өйт кені ол тек екілік (он алтыл ық) жүй едегі кодтардан тұрады жəне əр маши нада əр түрлі машиналық тіл қол дан ылады.
Программа жазуды жеңілдету үшін математик алық формулаларды кеңінен қолданатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритмдік тілдер Бейсик, Паскаль, Фортран, С, C++, т.б. кеңінен қолданылады. Алгоритмдік немесе программалау тілі – жазу ережелері қарапайым жасанды тіл. Оның машина тілдерінен айырмашылығы – табиғи ағылшын тілі негізге алынып, кең тараған математикалық таңбалармен толықтырылып жасалған. Сондықтан алгоритмдік тілдерде программа жасау адамдарға əрі жеңіл, əрі ыңғайлы болып келеді. Алгоритмдік тілдер автоматты түрде компьютердің көмегімен аудармашы программалар арқылы машиналық тілге көшір іледі.
Алгоритмдік тілді машина тіліне тікелей аударатын үлкен программаларды транслятор болып табылады. Алгоритмдік тілдерді пайдалану программалауды жеңілдете отырып, компьютерде есеп шығару процесін оңайлатады, алайда онда есеп шығару уақыты аздап көбейеді.
Алгоритмдік тілдер машинаға жəне проблемаға бағытталған болып екіге бөлінеді. Машинаға бағытталған тілдердің машина тілінен айырмашылығы, олар компьютердің ерекшеліктерін есепке ала отырып əріптерді де пайдаланады. Қазіргі кезде машинаға бағытталған тілдер де маман программалау шылар жұмыс істейді. Оларға автокод, макроассемблер, ассемблер тəрізді тілдер жатады.
Проблемаға бағытталған тілдер шығарылатын есептердің ерекшеліктерін еске ала отырып, есептің математикада жазылу тіліне жақындастырылады. Бұларға – Бейсик, Фортран, Паскаль, С/С++, т.с.с. тілдер жатады.
Қазіргі кезде бес жүзге жуық алгоритмдік тілдер тараған. Олардың əрқайсысы белгілі бір мақсаттарда қолданылады. Мысалы, Фортран – ғылыми-техникалық (инженерлік) есептерді шығару үшін, Паскаль – оқып үйренуде, ал С/С++ тілі үйрену үшін де, өндірістік есептерде де, операциялық жүйелер жазу үшін де қолданыла беретін кең қолданыстағы тіл болып табылады.
Əр түрлі процессорлар типтерінің машиналық командалары да əр түрлі болады. Егер программалау тілі нақты бір процессор типінің ерекшеліктерін есепке ала отырып жұмыс істейтін болса, онда ол төменгі деңгейдегі программалау тілі деп аталады. Ең төменгі деңгейдегі программалау тілі ассемблер болып саналады, ол машиналық кодтың əрбір командасын мнемоника деп аталатын арнайы символдық белгілермен жазып шығады. Төменгі деңгейдегі программалау тілдері көмегімен өте тиімді жəне ықшам программалар жасалады, мұнда программалаушы процессордың барлық мүмкіндіктерін толық пайдалана алады. Процессорлардың əр түрлі модельдерінің өз ассемблерлері болатындықтан, мұнда жазылған программа тек осы ортада ғана орындалуы тиіс. Сондықтан мұндай тілдер шағын жүйелік программалар мен драйверлер жазуға ыңғайлы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет