Интервью алу әдісі. Бұл педагогикаға әңгімелесу әдісінің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әдетте жүргізілген әңгімелеоден айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар



Дата03.11.2022
өлшемі37,97 Kb.
#47296
түріИнтервью

Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістерін топтап бөлу



  1. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.

  2. Педагогика ғылымының салалары.

  3. Басқа ғылымдармен байланысы.

Педагогика – үнемі дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесі тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі проблемаларды ғылыми – теориялық, практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады:



  1. Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерді қолданып жүрген ең көп тараған әдісі. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектіліерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.

  2. Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгімелесу әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытынды жасалады.

  3. Интервью алу әдісі. Бұл педагогикаға әңгімелесу әдісінің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әдетте жүргізілген әңгімелеоден айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, бір ізді дәйектілікпен әңгімелесушінің жауаптары жазылып алынады.

  4. Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және осы коллективтегі әр түрлі әрекеттердің, көңіл-күйлердің т.б. мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады.

  5. Мектеп құжаттарын зерттеу. Бұл әдіс оқушының жеке іс-қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.

  6. Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.

  7. Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу. Бұл әдістер түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Педагогикалық зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет.

  8. Педагогикалық үрдістерді модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға жіне оны алғаш рет қңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зеттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.

  9. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары – педагогикалық зерттеудің ең басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу – бұл тұтас комплексті шаралар жиынтығы. Үздіксіз, бір ізді, мақсатты түрде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде айқындалған заңдылықты, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми баяндамалар арқылы медодикалық құралдар, оқулықтар жасау арқылы мектептің озат тәрбиесімен дәлелденіп, тиімділігі жан жақты айқындалған зерттеулердің кепілі болуы керек. Педагогикалық жаңалықтарды, озат тәжірибені, ғылыми-теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар арқылы байқаудан өткізіп, тексеріп, оның нәтижелерін шығару тиімділігін көрсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру – қазіргі мектептің, педагогикалық ғылымның, әрбір мұғалімнің борышы.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде ғылыми зерттеулердің көлемі жалпы білім салаларының қарқынмен өсуінен ғылымдардың өз алдына жеке даралану және мамандықтарға байланысты жіктеоу тенденциясы айқын көрініп отыр. Жалпы ғылымдағы бұл жағдайссоңғы кезде педагогика ңылымынжа да ерекше білініп келеді. Ғылыми педагогикалық зерттеулер- педагогикалық ғылымның жаңа даму процесі, дамудың бір түрі, оқытудың заңнамалық обьективті ашылуларына бағытталған, тәрбие мен даму.
Педагогикалық зерттеудің негізгі компонеттері болып табылады: зерттеудің тақырыбын анықтау; зерттеудің есебінің құрылысы; қолда бар мағлұматтың алдын ала анализ, шарттары мен берілген түрдің әдісінің мәні және тапсырманы табу сатысы; гипотездің шығу типтері; теориялық және экспериментті тексеру; анализ және алынған нәтижелерді (ғылыми факті), олардың ғылыми интерпритациясы; нәтиженің теориялық құрылуы және ғылыми зерттеу әдістемесі ұсынған оқытудың - тәрбиелік жоспары бойынша жұмысы. Педагогикада зерттеудің 3 сатысын ерекше атап өтеді: эмпирикалық, теориялық және әдістемелік. Бірінші сатыда ғылымның жаңа фактісі және эмпирикалық заңнамасы олардың негізгісін қамтиды. Екінші орында- жылжу және негізгі орнығу, ортақ педагогикалық заңнама, ерте ашылған фактіні түсіндіруге рұқсат ету, сонымен қатар алдын ала болжау және құбылыс пен фактіні алдын ала көру. Үшінші сатысы, әдістемелік, эмпирикалық база сатысында және теорияның зерттеу ортақ принципте орнығады және педагогикалық құбылыстың зерттеу әдісі, теорияның құрылуы. Мұндай көп тараған педагогикалық түрлерге нақты тоқталсақ, эмпирикалық және теориялық зерттеулер сияқты.
Эмпирикалық зерттеу зерттеліп жатқан педагогикалық обьектіге бағытталған және берілген бақылауларға сүиену және экспериментті. 
Теориялық болып жатқанға  байланысты  және педагогиканын түсінікті  аппаратта даму және шындықты  жан-жақты обьективті тануға бағытталған оның нақты байланысы және  заңнамасы. 
Зерттеудің эмпирикалық әдісінің сатысына жатады: бақылау, анкеталар, әңгімелесу, оқушылардың оқу негізінанықтау, оқыту және педагогикалық тәжірибені қамту, тәжірбиелі тексеру, педагогикалық экспермент. Осындай фиксациялық құбылыстың пайда болуына қызмет етеді, оларды суреттеу, байланыс көзіне түсуші құбылыстар, шыққан анықтауды қабылдаған фактілерге келтіру.
Теориялық зерттеудің әдістеріне жатады: анализ және синтез, индукция мен дидукция, сонымен қатар логикалық әдістер – ұқсастық әдіс, әртүрлілігі, ұқсастығы біріктіру әдісі және әртүрлілігі, өзгерудің әдісі. Осы әдістер бағытталған теорияны қамтудың құрылуына, орнықтырылу және зерттеліп жатқан құбылыстың заңнамалығына. Атап өту керек, тәжірибеде – эмпирикалықжәне теорилық сатыларды түсіну диалектикалық жағынан өзара байланыста. Мысалы, педагогикалық тәжірибенің құрылымына логикалық – теорияның әдісі әсер етеді, қолданып жатқан жылжымалы гипотезге, оның қамтылуы мен түсінігіне.
Зертеудің теориялықәдісі ұсынады терең анализ фактісін, барлығынан сырттай шектету, «таза күйде» процестің шығуы, заңнамалық міннің ашылуы, сыртқы және ішкі түсінігі және т.б. Эмпирикалық әдіс ұсынады зерттеліп жатқан пәннің құбылыс сатысы, теорияның – оның, мәнінің сатысы.
Қол жеткізгендердің мағынасы бай болмағаны ме эмпирикалық сатыда көз жеткізілген факті, олардың теориялық мағыналарының жасанды ғылыми білім жоқ. Ф.Энгельс жазған: «қаншама теориялық ойлаудың барлық сыпайы айтылғанымен, сонда да олардың араларынан ақырғысын алу мумкін емес, тым болмаса табиғи факті немесе олардың арасындағы бар байланыс.» Тек негізгі теориялық әдістің дұрысы мүмкін, обьективті интерпретация жинақталған педагогикалық факті. 
Кез келген педагогикалық құбылыс оның педагогикалық жұмыстың ортақ нәтижесіне қарастыру керек, басқа құбылыстардың және фактілердің байланысымен. Анализдардың көмегімен әрбір педагогикалық құбылыста бөлінуі мен оның жеке жақтарын қарастырылуы мүмкін, белгілерін, ерекшеліктерінің құрамы. Анализ ең күрделі құбылыстарды құрастыруға көмектеседі: бір фактіні басқа лардан бөлуге, олардың қарсы және қарама қарсы, шығару, кандай фактілер жиі кездеседі және қандай тым сирек берілген, жіне кездейсоқ құбылысы не болып табылады.
Ғылыми анализ педагогикалық құбылыстың әрқашан синтезбен бірігіп жүру, синтезге және оның соңына көшу. Бөлек фактіні анализдеу, топтастыру және оларды жүйелендіру, біз олардың ортақ және негізгі болып табыламыз. Анализ бен синтез зерттеушіге жинақталған фактіні құрастыруға көмектеседі, бақыланып жатқан құбылыстың мәніне кіруге, барды жоқтан бөлуге, екінші сатыдағы, бөлшектердің арасынан табу және жеке маңызды бөлігі, әртүрлігін көру, жекелеу ішінен- ортақ.
Диалектикалық әдіске мінездік тану «анализ бен синтездің бірігуі – жеке бөліктердің бөлінуі». Синтез және анлизбен абстракциялау және нақтылық органикалық процестермен байланысты. В.И.Ленин атап өткен, «барлық ғылыми абстракция табиғатты терең, нақты, толық көрсетеді».
Абстракциялау – ойдың қандай да бір құрылымы немесе заттың белгісі, заттың өзіненғ оның басқа құрамынан процессі.
Педагогикалықзерттеулерде жеткілікті абстракцияның екі түрі қолданылады – қамту және изоляциялау. Абстракцияның бірінші түрі көп заттардан бөлініп алынудан тұрады, ортақ бірдей белгілердің құбылысы. Екіншісініде, ереже ретінде, іс бір затпен немесе құбылыспен, зерттеушінің қажетті анализ құрамына бөледі.
Теориялық әдістің зерттеу жүйесіне үлкен орынды индукция мен дидукция ой түйін алады, логикалық қамту көмегімен эмпирикалық берілгендер және логикалық іс жүргізіледі. 
Анализ үшін мұндай қиын социологикалық құбылыс, педагогикалық болып табылатын, логикалық формальді әдісімен шектелуге болмаиды.
Зерттеуші диалектикалық логиканы және оны тиімді қолдануды білу керек.
Теориялық әдістерді зерттеу сол және басқа кез келген педагогикалық зерттеулерді оның негізгі алға қойған ойы, гипотезасын қолдану арқылы табады. Олар шешуші мағынаны жинақталған педагогикалық фактілердің бағасы үшін қолданады, педагогикалық құбылыстың және процестердің жаңа үлгісін құрастыру үшін. Теориялық үлгілердің бір түрі ойлау эксперименті болып табылады, ішінде шынайы обьектілер құрастырылып, мысалы: тәрбие құбылыстарының соңын немесе басқасының қтуі, оның ішінде құрылым мен анализ және синтез нәтижелерінің бөлінуі, бұл процестердің және нәтижелердің әр түрлі обьектілермен қарама қайшылығы.
Конкретизация, бізге белгілі, өзінің логикалық түрін көрсетеді, қарсы абстракциялау, ол ойды шынайы құбылыстың ерте бөлініп шыққан абстракциясынан бекітеді. Осы әдістердің күші олардың практикамен бөлінбейтін білдіреді.
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, т.б.Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дегіінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды.Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейдіМектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы).
Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.
Педагогика тарихы – педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді.
Дефектология - педагогика ғылымынының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зәрттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді.
Сурдопе¬дагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Тифлопеда¬гогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Олигофренопедагогика -ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы.
Логопедия- тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогикасы.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудық негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғүрпын, мәдениетін зерттейді.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады.
Кибернетика - (грек сөзі) - басқару өнері. Кибернетика – жас ғылым, ол XX ғасырдық 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика – күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылыңтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
Әлеуметтану(социология) - ғылымы мен тығыз байланысыты. Педагогика ғылымы нақты мәселелерді зерттеп жинақтауға әлуметтану ғылымы әлуметтік ортаның адамға қатысын қарастырады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады.
Психология- педагогика ғылымы психология ғылымымен тығыз байланысты. Психология психикалық үрдісті (адамның зейінін, ойлауын, есін, қиялын және адамның дербес ерекшеліктерін, темперамент, мінез, қабылдауын зерттейді), ал педагогика осы мәселелерді қолданып, жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру үшін пайдаланады.
Пайданылған әдебиеттер:
Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А, 1998ж.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., 1995.
Дүйсембекова Ш. Педагогика –Қысқаша дәрістер курсы. Семей 2005ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет