Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс



Дата06.12.2022
өлшемі16,55 Kb.
#55211

Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс
Жоспары

  1. Бірлескен оқудың мәні.

  2. Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары.Топта жұмыс істеу ережелері.



1.Қазіргі кезеңдегі психология ғылымы бойынша психологиялық процестер әрекет арқылы дамиды деп саналады. Бұл көзқарасты алғашқы ұсынған психолог Л.С.Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өзінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе жақсаратындығын атап көрсеткен. Кейбір оқушыларға тапсырмаларды орындау қиындық тудырады, қабілеттері жетпейді, бұл тапсырмаларды орындауға, тақырыпты меңгеруге көмек беретін, қолдау көрсететін мұғалім немесе ата-аналары болып табылады, яғни ересек адамдар. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және Выготский бұл жағдайды оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді.
Дені сау, рухы таза, ойлары биік жеке тұлғаны оқытып шығару, бүгінгі таңда еліміздің мұғалімдерінің алдына қойылған ең жауапты міндеттерінің бірі. Түлектеріміз мектеп бітірісімен, мысалы ауылдың балалары қалаға кетіп, өзінің қоршаған ортасынан, яғни достарынан, ата-анасынан, басқа өзіне беймәлім ортаға енеді, бұл жерде көп қиындықтарға тап болады, мәселелерді шешуге қиналады, тіпті қандай мектепті жақсы бітірген оқушы болсын өзінің білімін іске асыруына қиындықтар туады, өйткені өміріне қажетті іскерлік пен дағдыларға бейімделмеген. Мектепте білім беруші ұстаздар, оқушыларына тек дайын мәліметті беріп, оның әрі қарай тереңінен, жан- жақты ойлауына, шешім қабылдай алуына, білімін тиімді қолдануына аз мүмкіндік беретіні анық. Осындай мәселелерді көріп, заманауи мектепке оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер қажет екенін түсіне бастайсың. Білім беру саласындағы қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктерінің бірі – оқушылардың білімді өздігінен игеруіне жағдай жасау, оқушы пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Шәкірттеріміздің шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін, педагогикалық тәжірибемізге интерактивтік тәсілдер мен әдістерді қолданған тиімді болмақ. Бұл жаңа тәсіл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастық және өзара сыйластық қасиеттерімен негізделеді. Сабақты түрлендіріп өткізу арқылы жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білу баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды еркін, ойын ашық сөйлеуге үйретеді.
Сыныптағы жағымды орта орната алу – білім алушылардың білімге деген тиімді көзқарасын дұрыс бағыттауға апаратын бірден-бір жол. Себебі, кез- келген ортада қарым-қатынас үлкен рөл атқарады, оқытушы өзінің алдындағы шәкірттеріне білімге деген ұмтылысын бір бағытқа, яғни жаңалықты тиімді қабылдауға итермелеу. Оларға: топқа бөлу әдістері, әртүрлі қызықты тренингтер, жас ерекшеліктеріне байланысты сергіту сәттері т.б. жатады.
Оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамыту үшін сабақтарда топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру керек. Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.
Топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:
І. Әлеуметтік


  1. Тәжірибемен және идеялармен алмасады;

  2. Мәселені бірлесіп шешудің амалын табады;

  3. Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу.

ІІ. Танымдық

  1. Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну, пікір алмасу;

  2. Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту.

ІІІ. Эмоционалдық

  1. Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену;

  2. Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету.

Топтағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы мұғалім мынадай мақсаттарға жете алады:

  1. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы кезеңде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады;

  2. Үйрену процесіне оқушылардың әрқайсысы бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатады;

  3. Оқушылар туындаған сенімсіздік пен қобалжудан арылады;

  4. Әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға, өзін көрсете білуге үйренеді, жағдай жасалынады;

  5. Оқушылар топ жұмысында позитивтік, конструктивтік шығармашылық қабілеттерді ұстанады.

Бірлескен жұмыстың тиімділігі мен нәтижелігі келесі әрекеттерден артады:

  1. Берілген тапсырма топтың барлық мүшелеріне қызықты болуы керек. Тапсырма барлық оқушылардың мүдделеріне сәйкес келіп, оларда бірлескен жұмысқа деген ынта тудыруы керек;

  2. Топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты және танымды тәсілі олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады;

  3. Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін айқындап, нақты уақыт белгілеу керек;

  4. Тапсырма берілгеннен соң, оның түсініктілігін топ ішінде талқылап алу керек;

  5. Топтар арасында бәсекені негізгі мақсатқа айналдырып жібермеу керек. Топаралық бәсеке оқушыларды проблема шешу «қайткенде де бірінші болу керек» деген ұстанымға ауытқытып жіберуі мүмкін. Әрбір оқушы бәсекеге өзгелермен емес, өзімен-өзі түсуі керек;

  6. Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелерін жариялап, ол туралы есеп беруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет