I.ҚОлдан ұРЫҚтандыратын пунктттер мен станцияларды ұйымдастыру



Дата16.05.2022
өлшемі18,34 Kb.
#34666

Қазіргі кезде қолдан ұрықтандыру колхоздар мен совхоздар да қойды өз төлінен өсірудегі ең негізгі әдіс болып отыр. Мүның өзі өте бағалы тұқымдық қошқарды тиімді пайдалану арқылы қойдың тукымдык және өнімділік сапасын арттыру үшін де зоотехникалық шара ретінде қолданылады.

Қолдан ұрықтандыру жұмысының тағы бір ерекшелігі- саулықтарды табиғи шағылыстырған кезде тарайтын әр түрлі аурулардан сақтандыратын мал дәрігерлік шаралар ретінде де айрықша маңызы бар.



I.ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРАТЫН ПУНКТТТЕР МЕН СТАНЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Колхоздар мен совхоздар да қолдан ұрықтандыру пункті ұйымдастырылып,онда өздеріндегі ең таңдаулы тукымдык қошқардың немесе малды қолдан ұрықтандыратын мемлекеттік станциялар мен асыл тұқымды қой заводтарындағы қошқардың ұрығын пайдаланады. Қой өсіретін шаруашылықтарда саулықтың үлес салмағы басым болған жағдайда, әр екі саулық отарына есептеп бір пункттен салады. Қойды қолдан ұрықтандыруды, осы жөнінде арнайы дайындық курсынан өткен техник жүргізеді.

Мал тұқымын асылдандыру және қолдан ұрықтандыру жөніндегі мемлекеттік станция, сол өзі қамтитын аймақта мал тұқымын асылдандырудың методикалық орталығы болып саналады.

Қолдан ұрықтандыру жөніндегі мемлекеттік станциялардың және оның филиалдарының қамтитын аймағын республикалардың ауыл шаруашылығы министрліктері немесе облыстық ауыл шаруашылық басқармалары белгілейді.

Малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі мемлекеттік станцияда ұрпағының сапасы тексерілген элита қошкары ұсталады; станцияда қанша қошкары ұстау керектігі, сол өзі қамтитын аймақтағы колхоздар мен совхоздардың саулық санына қарай белгіленеді.

Мемлекеттік станция қой шаруашылығы шалғай орналасқан аудандарда саулық отарының жанынан қажет болған жағдайда қойды қолдан ұрықтандыратын филиал ашады.

Тұқымдық қошқарларды іріктеу, оны күтіп-багу және пайдалану жұмыстары «Малды қолдан ұрықтандыру станциялары мен пункттеріндегі жұмыстардың мал дәрігерлік-санитарлык ережелері» деген нускауда көрсетілген тәртіппен орындалады.

Мал арасында жұқпалы ауру (бруцеллез,вибриоз, т.б.) бар шаруашылықтарда станцияның қолдан ұрықтандыруын, тек аудандық бас мал дәрігердің рұқсатымен ғана жүргізеді.



II. ҚОЙДЫ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗЕТІН КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ІСКЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ

Қойды қолдан ұрықтандыру техниктері СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен программаға сәйкес ауыл шаруашылығы оқу орындарының оқытушылары, ғылыми және тәжірибе мекемелерінің қызметкерлері, мал тұқымын асылдандыру және қолдан ұрықтандыру жөніндегі мемлекеттік станцияның қызметкерлері, сондай-ақ шаруашылықтың бас мамандары дайындайды. Мыңдай курстар арнаулы мектептерде, малды қолдан ұрықтандыратын облыстық станцияларда, оқу және ғылыми-зерттеу мекемелерінде немесе озат шаруашылықтарда да ұйымдастырылады.

Қойды қолдан ұрықтандыратын техниктерді дайындайтын және қайта дайындайтын курстарға, орта білімді зоотехниктер мен мал дәрігерлігі қызметкерлерін, саулық отарын бағатын шопандарды және қой фермасында істейтін баска да қызметкерлерді жібереді.

Өткен жылдары дайындық курсынан өткен және бул жұмыста көп жыл бойы істеген адамдар қысқартылған программа бойынша қайта дайындықтан өтеді де , оның жұмыс нәтижесіне қарай жаңадан куәлік беріледі. Экзамендерді толық тапсырып болғаннан кейін тыңдаушыларға малды қолдан ұрықтандырушы техниктің куәлігі беріледі.



III. ҚОЙДЫ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРАТЫН ПУНКТТЕ ІСТЕЙТІН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТІ

Қойды қолдан ұрықтандыратын пункттегі жүмыстарды аткару үшін (өз шаруашылығының тұқымдық қошқарын пайдаланған жағдайда) колхоздар мен совхоздарда үш адамнан штат тағайындайды. Қолдан ұрықтандырушы техник (ол пункт меңгерушісі) , үй сыпырушы және қошкары бағатын шопан.



Қойды қолдан ұрықтандырушы техникке мынадай жұмыстар жүктеледі:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет