Ықпалдың түрлері. Ассимиляция құбылысы және диссимиляция туралы түсінік



Дата31.12.2021
өлшемі76,43 Kb.
#23144
Байланысты:
Ассимиляция

Ықпалдың түрлері.Ассимиляция құбылысы және диссимиляция туралы түсінік.

Қарастырылатын мәселелер:

  • Дыбыстар өзгеруінің түрлері.
  • Ықпалдың түрлері.
  • Ассимиляция құбылысы және диссимиляция туралы түсінік.

Дыбыстар өзгеруінің:

  • Комбинаторлық өзгерістер;
  • Спонтандық өзгерістер.

Комбинаторлық өзгерістер:

  • Көршілес дыбыстардың біріне-бірі тигізген ықпалымен байланысты болады: белгілі бір дыбыстың екінші дыбысқа алмасуы, кейде дыбыстың түсіп қалуы немесе тыңнан бір дыбыстың пайда болуы (игерулі өзгерістер).

Спонтандық өзгерістер:

  • Көршілес дыбыстардың бір-біріне тигізген ешқандай ықпалы болмайды, дыбыс өзгерісі өзге дыбыстың ықпалына емес, өздігінен құбылып отырады:шелек-челек, Айша-Ғайша, Ғалы-Қали-Әли. Бұл құбылысты игерусіз өзгерістер деп те атауға болады.

Ассимиляция:

  • бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз көлемінде түбір мен қосымша, сөздер аралығында тетелес келген көрші дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз.

Ассимиляцияның түрлері:

  • прогрессивтік ассимиляция
  • регрессивтік ассимиляция

Прогрессивтік ассимиляция

  • Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа артикуляцпя жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін прогрессивтік ассимиляция дейміз. 

Прогрессивтік ассимиляцияның төмендегідей ерекшеліктері бар:

  • І. а) Үнді дауыссыздар өзінен кейін үнді, ұяң дауыссыздардың келуін қалайды: Мысалы:шал-дың, шал-ға, шал-мен, тау-дың, тау-ға, тау-лы.
  • б) с, ш дыбыстарының тіркесуі:
  • Мысалы: мал-шы, мал-сақ, аң-шы, жан-са, ем-ші.
  • в) т дыбысының тіркесуі:
  • Мысалы: жөнел-т, ойлан-т, ағар-т
  • г) [қ-ғ], [к-г] алмасулары:
  • Мысалы: ай қабақ (айғабақ), мал қора (малғора), бір күні (біргүні).

Прогрессивтік ассимиляцияның төмендегідей ерекшеліктері бар:

  • ІІ. а) Ұяң дауыссыздар өзінен кейін тек ұяң дауыссыздар келуін талап етеді: Мысалы: жаз-ға, қыз-дың, қыз-бен
  • б) [қ-ғ], [к-г] алмасулары:
  • зк: жаз келді (жазгелді)
  • зқ: қағаз-қалам (қағазғалам)
  • жк: стаж керек (стажгерек)
  • жқ: стаж қайда (стажғайда)

Регрессивтік ассимиляция

  • Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивтік ассимиляция дейміз.

Регрессивтік ассимиляцияға дауыссыз дыбыстардың төмендегідей позициялық алмасулары кіреді:

  • [н - ң] дыбыс алмасуы: жонғыш (жоңғыш), жөнге (жөңге);
  • [н - м] жанбады (жамбады), сөнбеді (сөмбеді), жанмен (жаммен);
  • [з - с] қазса (қасса), сезсе (сессе)
  • [з - ж] көз жүгірту (көжжүгірту), боз жорға (божжорға);
  • [з - ш] тазша (ташша), сөзшең (сөшшең);
  • [қ - ғ], [к - г] алмасулары:
  • қж: ақ жауын (ағжауын); қд: ақ дала (ағдала); қз: жоқ зат (жоғзат);
  • кж: Бекжан (бегжан); кз: Бекзада (бегзада); кд: көк дәрі (көгдәрі)
  • [п - б] көп жер (көбжер), көп зиян (көбзиян); [с - ш] жұмысшы (жұмұшшұ), кесші(кешші).

Диссимиляция

  • (лат. dissimilatio – ұқсамау, өзгешелену) ұғымы - ассимиляцияға қарама-қарсы комбинаторлық өзгерістің бір түрі.
  • Сөз ішінде қатар келген ұксас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде өзге дыбысқа айналуы.
  • Алла - алда, молла - молда, балалар - балдар, коридор-колидор

Прогрессивтік ассимиляцияның төмендегідей ерекшеліктері бар:

  • ІІІ. а) Қатаң дауыссыздар өзінен кейін тек қатаң келуін талап етеді.Мысалы: тас-қа, тас-та, тас-пен
  • б) [с-ш] алмасуы: ашса (ашша), шешсе (шешше).


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет