Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар



Дата07.12.2022
өлшемі13,5 Kb.
#55591

Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
Ірі қара фермасы өндірістік, экономикалық және климаттық жағдайларына қарай төмендегідей болады:
• асыл тұқымды мал фермасы — негізгі мақсаты жаңа тұқым шығару және қолда бар ірі қара тұқымын жетілдіру, аса бағалы асыл тұқымды төл өсіру;
• тауарлы ферма-сүт, сиыр етін және аралас, яғни сүт-ет өндіреді;
одан әрі өсірілетін, яғни табын толықтыратын төл өсіреді;
• ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.
Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда малды күтіп-бағу әдісі мен ферманың бағытына қарай 50, 100 және 200 сиырлық қоралар, жаңа туған бұзаулар үшін профилакторийлер мен бұзаулау бөлімдері болуы керек. Бұлардан басқа төлді одан әрі өсіретін және бордақылайтын қора-жайлар және қолдан ұрықтандыратын орын қарастырылады.
Сүт фермаларында, сондай-ақ сүт блоктары мен сауын залдары сиырды күтіп-бағу әдістеріне қарай орналастырылады.
Ірі қара шаруашылықтарын жобалау, салу және пайдалану ірі қара қора-жайларын технологиялық жобалау нормасына сай /НТП-1-89/ жүргізіледі.
Сиырларды байлап баққанда көп қатарлы мал орындары қолданылады. Ол үшін мал орындарының екі қатарлы жалпы азық жолымен немесе қи жолымен біріктіріледі. Бір үздіксіз қатарға 50 орыннан /секциядан/ артық жасауға болмайды. Сиырлардың әрбір секциядан серуендету алаңына, серуендету-азықтандыру ауласына немесе өріске шығу ыңғайлылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сиыр қорасының ортаңғы немесе бүйір бөліктеріне сүт бөлімі орналастырылады. Сиыр қоралар бір қабатты етіп салынып, төбесі жылыландырылып, желдетілетін жабынмен немесе шатыр жабынымен жабылады.
Малды байлап бағылатын сиыр қоралардың еденіне өте жоғары талап қойылады. Ол мал тұратын орындарда не тұтас, не жартылай жабық торлы етіп салынады. Еден жылы болуға, жылу сіңімділігі 12 ккал/м2-ч- °С -тан аспауы тиіс. Егер бұл көрсеткіштен асып кетсе, онда сиырлар өз денесінен еденді жылытуға көп шығын шығарады да организмнің тым сууына әкеп соқтырады. Соның салдарынан малдың өнімділігі төмендеп, азық шығыны артады. Мысалы, 12 сағатта 1 м2 ағаш не бетон еденді жылытуға сағатына 100 ккал жылу жұмсалса жылудың жұтылуындағы айырмашылық ол калориясы бойынша 2 л сүтке сәйкес келеді.
Мал сабан төсенішсіз ұсталса оның орнына резина төсеніштер пайдаланылады, сондай-ақ торлы едендер де кеңінен қолданылады.
Германия, Швейцарияда көптеген мал қораларының едені ірі қара төлін ұстау үшін жарым-жартылай саңылаулы етіп салынады. Сонда малға әрі жылы, әрі ыңғайлы болады.
Еден құрылысы сиыр қорадан қи шығару әдісімен анықталады (скреперлі, штангалы, шнекті, гидравликалық және т.б.).
Сиырлар тынығу үшін арналған орынның өте үлкен мәні бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет