Қырымның қырық батыры



Дата30.03.2022
өлшемі32,63 Kb.
#29259

Қырымның қырық батыры” ту¬ра¬лы жыр деп аталатын жыр¬лар жиын¬тығы өзінің құрылысы жағынан қырғыз¬дың белгілі “Манасын” еске түсіретін, бірақ көлемі бойынша одан екі есе үлкен, қалыпқа түскен тұтас бір мә¬дени дүние... Аталған мұра көлемі жағынан Шығыстың ұлы туындысы – “Мың бір түннің” өзін кейінге қалдырады.
Бұл жырлардың мазмұны, сюжеті мен композициясы ерекше назар аударуға лайық. Шет жерлік басқыншылардың ша¬буылынан елін қорғаған батырлар ерлігі әр жырда да жырланады. Батыр мұнда халқының қорғаны, жат жұрт езгісінен азат етуші қаһарманы ретінде көрсетіледі. Ержүректілік, әділдік, ақылдылық, туған халқына деген махаббат секілді қасиеттер оларға тән болып келеді...
... Жырда мына батырлар негізгі қаһармандар ретінде көрінеді:
І 1. Ала тайлы Аңшыбай батыр
2. Оның ұлы Баба түкті Шашты Әзиз бен Ер Көкше және Ер Қосай.
3. Парпария батыр
4. Оның ұлы Құттықия батыр
ІІ 5. Оның ұлы Едіге батыр
6. Оның ұлы Нұрадын батыр
7. Оның ұлы Мұса батыр
8. Оның ұлы Матай батыр
9. Оның ұлы Орақ батыр
10. Орақ батырдың ұлы Қарасай
11. Оның ұлы Қази батыр
12. Оның ұлы Қарадөң батыр
13. Оның ұлы Жұбаныш батыр
14. Оның ұлы Сүйініш батыр
15. Оның ұлы Ертегіс батыр
ІІІ 6. Оның ұлы Ер Көгіс батыр
17. Оның ұлы Тама батыр
18. Оның ұлы Тана батыр
19. Оның ұлы Нәрік батыр
20. Оның ұлы Шора батыр
21. Ақжонас батыр
ІV 22. Оның ұлы Кеңес батыр
23. Оның ұлы Жанбай батыр
24. Жаңбыршы батыр
V 25. Оның ұлы Телағыс батыр
VІ 26. Шынтас батыр
27. Оның ұлы Төрехан батыр
28. Қарғабойлы батыр
29. Бозтуған батыр
30. Оның ұлы Манаш батыр
31. Оның ұлы Тұяқбай батыр
32. Айса батыр
33. Оның ұлы Ахмет батыр
34. Алау батыр
35. Тоған батыр
36. Темір хан батыр
37. Әділ батыр
38. Сұлтан керім батыр
39. Оның ұлы Шырман батыр
40. Қобыланды батыр.
Бұл тізімнен біздің байқағанымыз, бұған дейін бізге белгілі қазақ батырлары жайлы жырлар осынау қырық батыр туралы шұрайлы топтаманың жеке бір үзінділері секілді әсер қалдырады.
Мұндай құндылығы ерекше мұрадан көз жазып қалу тіптен де кешірімсіз жай екендігі белгілі. Сондықтан жасы жеткен жырау әзірше тірі тұрған кезінде, мүм¬кіндігінше тездете отырып, бұл жырларды толық көлемде жазып алып, қазақ халқының, сондай-ақ Совет одағын мекендеген өзге халықтардың мәдени игілігіне айналдыру қажет.
Мұрын жырау жырларын әдеттегі әдіспен жазып алуға мүмкін еместігіне Хангелдин жолдастың сапары көз жеткізіп отыр. Өйткені, ол бұлақша құйылып тұрған жырлардың бірде-бірін домбыра¬сыз айта алмайтын кісі.
Мұрын жырау жырларын тек стеног¬рам¬мамен ғана хатқа түсіріп алуға болады, ал Форт-Шевченко қаласында ондай жағдайға мүмкіндік жоқ.
Жыраудың жасының әбден ұлғайған¬дығын, жырларының айрықша құндылы¬ғын ескере отырып, бұл шаруаны жедел түрде іске асыру қажет. Мұрын жыраудың (жолбасшысымен) Алматыға келуіне, жырларды жазып алу шараларын ұйымдастыруға деген қаржы 8-10 мың сом мөлшерінде белгіленіп отыр (жазып алу жұмысына кем дегенде 10 ай кетеді).
Сондықтан, айрықша құнды да сирек кездесетін қазына – өзінің бағалығы жағынан қырғыздың “Манасынан да” асып түсер дүниежүзілік маңызы бар халық эпосынан мәңгілікке айырылып қалу қаупі төніп тұрғанда, тіптен, қазір¬гідей соғыс кезінің өзінде де бұл шаруаны жүзеге асыру қажет және ол мұны ақ¬тайды деп есептейміз.
Сондықтан біз Сізден:
1. СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалының Мұрын жырауды Алматыға жедел шақыру жөніндегі пікірін қолдай отырып, Қазақ ССР Халық комис¬сарлары советінің атынан Маңғыстау аудандық советінің председателінің атына Мұрын жырауды сенімді кісі қосып (күйеу баласымен) Алматыға кідіртпей жет¬кізу жөнінде телеграмма беруді өті¬неміз.
2. “Қырымның қырық батыры” туралы жыр атанатын уникальды қазақ эпосын жаңғыртуды ұйымдастыру үшін Қазақ ССР Финанс комиссариатына СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалының есебіне 1942 жылға он мың сом қосымша қаржы бөлдіртуіңізді сұраймыз”.
Хаттың соңына Қ.И.Сәтбаев пен Н.Т.Сауранбаев қолдарын қойып, мөрмен куәландырған.
Хатты баспаға 1986 жылы түбегімізден шыққан белгілі ғалым Қ.Сыдиықов дайындаған (“Қырымның қырық батыры”, Алматы, 2005 жыл, 450-452 бет).
Мұрын – Маңғыстау өлкесі, Бозашы түбегінде 1859 жылы өмірге келген. Жыраудың кіндік қаны тамған жер – Иткелді суы. “Мекенімді сұрасаң, Бозашы деген түбекте, Иткелді судың басы еді” деп басталатын жыраудың Нұрыммен кездесудегі толғау жыры бұған куә. Кейде Қоңырорпада туған деген нұсқасы да кездеседі. Байырғы тұрғындардың бекіте түсуіне қарағанда, “Иткелді” атауы бертінде “Қоңырорпаға” айналған. Бүгінгі ұрпақ Қоңырорпаға тоқтауда.
Зерттеушілер, соның ішінде түбектің айтулы шежірелерінің бірі Алшын Меңдалиев Мұрынның ататегін былайша таратқан: Адай – Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жарыс – Кеще (Мұрат) – Қожағұл – Құлқара – Айғыр (Алғыр) – Сеңгірбек – Мұрын (Тілеген). Ол 1954 жылы 29 тамызда дүние салды. Форт-Шевченко қаласы жанындағы Сислам ата зиратында жерленген.
Мұрынның әкесі Сеңгірбек, атасы Айғыр, тетелес ағасы Төлеген өз өмірле¬рін ұсталыққа, зергерлік кәсіпке арнаған. Туған әкесі Сеңгірбек Мұрынды жас кезінен қасында ұстап, ұсталық, зергерлік өнерге баулиды. Бірақ, Мұрын бала кезінен сөз, ән-күй өнеріне қатты құмар еді. Оның бұл қасиетін елден бұрын байқаған анасы Қалдыкөз (Қалдықыз) еді. Тек байқап қоймай, баласының халық қазынасы: өлең-жырларға, ән-күйге, аңыз-ертегілерге қаныға түсуіне игі ықпал етеді және анасы да бұларды көп білетін, ырғақ-сазымен айтып отыратын. Сөйтіп, болашақ ұлы жырауға оларды үйретуден жалықпайтын. Ұлын жеті-сегіз жасынан жиын-тойларға ертіп барып жүретін. Осылардың арқасында бала Мұрын сөз өнеріне біржола беріле бастайды. Шешесі Төлегеннен соң көпке дейін балалы болмай, он жылдан кейін көрген ұлының атын Тілеген деп қойған. Мұрын жырау¬дың 10 жас үлкен ағасы Төлеген дәулес¬кер домбырашы болған. Атақты Айжан қызбен домбыра тартысқан. Құрманға¬зымен кездескен, артына “Айжан қыз”, “Шашбауқақпай” атты тамаша күйлерін қалдырған Айжан ауылының қонысы – Жем бойы. 1868 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы шығып көтеріл¬ген бұл ел 1875 жылы Тәжікстанға қоныс аударады. Солардың ішінде Айжан қыз, Қалнияз ақынның ауылы да кетеді. Бір жағынан, жауынгер сарбаз, патшаның Дәукескен қамалын алуда көзге түскен ер, екінші жағынан, Махамбет сияқты жорық ақыны әрі сазгер Қалнияз Шопықұлының елін, жерін сағынған өлеңдері бізге кейінірек баласы Қортан жырау арқылы жетті. Қалнияздың “Жорық күйі” дейтін күйі мен Айжан қыздың “Шашбауқақ¬пай” күйін 1986 жылы Қабиболла Сыдиы¬қов Тәжікстан қазақтарына барған іссапарынан жазып алып келді. Айжан өте сұлу, кербез адам болыпты. Қыз күнінде киген сәукелесін келін болып түскен соң да тастамаған. Домбыраны көбіне таң құ¬лан иектеніп атқан кезден бастап тартады екен. Онысын бұл уақыттағы саз тұнық шыға¬ды, әуені алысқа кетеді деп түсінді¬реді. Төлеген солай Айжанмен бір жұма домбыра тартыстық, саусақ біткенде мұндай береннің енді болуы екіталай деумен өткен.
Мұрын 16 жасында Дәметкен деген қызға үйленеді. Араға жыл айнала бер¬ген¬де әкесі Сеңгірбек қайтыс болады. Енді отбасының күнкөрісі Мұрынға түседі. Бірақ, Мұрындай жас жігіттің сөз өнеріне аңсары ауа береді, үй іші және шаруашы¬лық қызмет-тіршілігіне “қолы тимейтін” болады. Өңі тұрмақ, түсінде де домбыра шертіп, жыр жырлап шығатын болған. Қабиболла Сыдиықов жазып кеткендей, өлең-жырсыз отыра алмайтын күйге же¬теді. Тек анасы емес, әкесі Сеңгірбектің де ескілікті жыр-әңгімелерге үйірсектігі ұлының бойында өшпес із қалдырғаны жайлы біраз деректер келтіріліп жүр.
Патша өкіметінің отарлаушылық саясатына негізделген іс-әрекетіне көнбе¬ген Маңғыстау халқы 1870-1873 жылдары көтеріліс жасағаны белгілі. Көтерілісті патша өкіметі күштеп басады. Көтеріліс¬шілерге қару жасаумен шұғылданған, керек десеңіз найза, қылыш, мылтық жасауға дейін барған шеберге отарлаушы¬лардың қандай көзқараста болары айтпаса да түсінікті. Түбектің бірқатар ауылдары Хиуа хандығы аумағына, өзбек, түркімен, қарақалпақ аумақтарына қоныс аударады. Күйзеліске ұшыраудың салдары осы бола¬тын. Қарақалпақ жеріне әкесі Сеңгір¬бектің отбасы да ауған. Халық дүрбелеңге шыққан 1870 жылы бала Мұрын, болашақ ұлы жырау 11 жаста екен. Араға он жыл салып, 1880 жылы Бозашы түбегіне, туған жеріне оралады. 1897-1899 жылдары, қайтадан қарақалпақ жеріне көшіп барып, Хожеліде тұрады. Хожеліде өткізген екі жыл ішінде екі ұлы қайтыс болады. Оның алдында Дәметкеннен көрген алты баласының үшеуі дүние салған-ды. Сөз жоқ, мұның бәрі өте ауыр қайғы. Рухы биік Мұрын жыраудың өзі қайғы-күйіктен шөккендей күйге түседі. Ел алдында жыр айтуға зауқы соқпай қояды да, туған жері Маңғыстауға қайта көшеді. Бұл жолғы қонысы Форт-Шевченко қаласы болып еді. Қала іргесінен тау-тастан үш бөлмелі үй және ұста дүкенін тұрғызып алады. 1907 жылы зайыбы Дәметкен дүние салып, жалғыз қызы Тұрлан екеуі ғана қалады. Одан кейін алған әйелі Жанша (Жансалқам) 1940 жылы дүние салады. Сосын, жалғыз қызы Тұрлан мен күйеу баласы Дүйсенбайдың қолында болады. Бұлар Форт-Шевченкодан 16 шақырым¬дай Асан дейтін жерді мекендеген. Теңіз беттегі аласа үй еді. Бұл үй Киров көшесі¬нің 20-шы үйі аталынды. Даңқты жырау¬дың жарты ғасыр өмірі осында өткен деседі жергілікті өлкетанушылар. Мұрын¬ның өз сөзімен айтқанда, “Осы кезден бастап, жыр, әңгімені тек әдейі шақырған жерде, әдейі жиналған құралдарда айтатын болдым”.
Бір ескере кетер жай мынау: акаде¬мияға Мұрынның өзі 1942 жылы Н.Ұйық¬баев арқылы жолдаған өмірбаянында 1859 жылы, ал 1949 жылы жіберген материал¬дарында 1860 жылы 15 қаңтарда тудым деген дерек бар. Жыраудың бейіті басындағы құлпытаста Мұрын Сеңгірбек¬ұлы 1860 жылы туып, 1954 жылы тамызда дүние салғаны көрсетілген.
Мұрын жыраудың баласы Дәуітбай Мұрынов бұл күндері Ақтау қаласы ір¬гесіндегі Дәулет елді мекенінде, Мұнайлы ауданында тұрады. Мұрынның кіндігінен тараған ұл перзенттері қарақұлақ болар шақтарында көз жұмады. Сонсоң өзінен тұяқ қалмайды да Тұрлан деген қызынан туған жиені Дәуітбайды өз атына жазды¬рып, бала қылып алған. Сексеннің сеңгіріндегі ағамыз Дәуітбай Мұрыновпен 2009 жылдың сәуірінде оның құттыха¬насында болып, дидарластық. Аса талант¬ты ата Мүрекең жөніндегі материалдар және деректермен таныстық.
Осы мақаланы жазуда сол деректерді пайдаландық. Соның ішінде “Маңғыстау” газетінде 90-шы жылдары өлке тарихын зерттеушілердің, байырғы журналистердің бірі, бірнеше кітаптың авторы Т.Ша¬дықұловтың қаламынан шыққан Мұрын жырау және баласы Дәуітбай жайлы туындылар бар.
Рухани қуат күші әр адам баласына тән. Ал оны өз деңгейінде ісімен де, сөзімен де қолданып отыру жағы, ол енді баршамызда бірдей тең болмаған. Мұрын жырау осы жағына шынашақтай бала кезінен ден қойған. Ұсталықты, зергерлік¬ті кәсіп ретінде меңгерсе де, ес білер шақтардан өмір жайлы терең ойлануға, ізденуге бет бұра бастаған. Мұрын жігіттің өлең-жырға дегенде ықыласы мүлдем өзгеше болған, ән-жыр тыңдап отырып, әлден уақытта ұйқыдан оянғандай боп, өзіне келеді және жан-жағына қарап, дел-сал халге түседі екен. Сол рухани күш бବла Мұрынға, жігіт Мұрынға, ата Мұрынға оның соңғы деміне дейін қонып өтті. Ол өмір мектебінде тәрбиеленді, дін-шариғат ілімінен білім алды, жеке рухани өмірін халықтың ертегі, әңгімелері, ән-күйі, жыр-қиссаларынан араның гүлдерден нәр жиғанындай, төзімділікпен теріп жүріп байытты.
Дәуітбай Мұрынов әкесінің ұлттық рухының ғажап жоғары екенін айтады. Қазір ақсақалдық жастағы ол әкесі Мұрын Сеңгірбековпен 1942 жылдың 22 маусымында Форт-Шевченкодан Алма¬тыға аттанған. Алматыға жету үшін алды¬мен облыс орталығы Гурьев қаласына аяқ іліктіреді. Мұнда Мұрын жырау мен оның баласын Нәдір Шапағатов бастаған бір топ жігіт қарсы алады. Нәкең Гурьев облыстық мәдениет басқармасының бас¬тығы болып істейтін. Ол кісі жыраудың қасына оның баласынан естиярлау, әрі өнерлі жерлесі Икембай Өтепбергеновті қосып, астанамызға жолаушы пойызымен шығарып салады. Мұрын жырау тобы жеті тәулік жол жүріп, көрген де арманда, көрмеген де арманда боп келген күллі Қазақстанның бас қаласына табан тірейді. 1942 жылдың маусым айының аяғы емес пе, үп еткен желі жоқ Алматы аспанын күн ыстығы қуырып тұрды. Қазақтың астанасына арнайы шақырумен келу бақытына ие болған Маңғыстаудың қара шалы қайтіп қуанбасын, қайтіп шалқып тасымасын?! Бұрынғының жолымен жыр-шумақтарын түйдек-түйдегімен ағытып алып, құшақ жая қарсы алған Е.Ыс¬майылов, Н.Сауранбаев, басқа да толып жатқан әйгілі ғалым, қаламгерлерді бұл да еміріне бірінен соң бірін бауырға басқан. Рас, Мұрын ата оларды сол бойда атап-түстеп тани алмаған. Кейіндеу, қонақ үйлерде, басқа орындарда кең отырып, шешіліп сөйлесіп дегендей танысып, алуан-алуан сыр шертісті. Реті келгенде әзі¬лін жыр жолдарымен жарасымды ұш¬қын¬датып жіберген. Сексеннің сеңгірін¬¬дегі жыраудың шау тарта қоймағанын алматылық үлкен әдебиетшілер, ғалымдар сонда бір байқап білген. Жырауды сол кездің белді қаламгері Бозтай Жақыпбаев¬тың қонақжай шаңырағына орналас¬тырады. Жырауды күтуші қызметкер ұсталବды, олар тұрмыстық қызмет көрсету жағы¬на сөз келтірмей атқарған. Осылай¬ша, Алматыда жырау “Қырымның қырық батыры” туралы эпопеялық жырды 1942 жылдың аяғына дейін жырлаумен өткізеді. Әдебиетшілер мен ғалымдар оларды то¬лық жазып алуға үлгере алмайды. Сөйтіп, “Қырық батырдың” отыз алтысы жазы¬лып алынады. Ал қалған төрт батыр тура¬лы кесек-кесек жырлар тарауларын Маң¬ғыстауға, туған жерінде білім-сауаты жет¬кілікті кісілерге жаздырып, пошта арқылы жіберуге уағдаласады. Дәуітбайдың көрсе¬туінше, осы келісіммен бұлар Алматыдан Форт-Шевченкоға, ауылдарына қыс ортасында аман оралған. Жырауға “Еңбегің алладан қайтсын” деген игі тілегін айтып, он бес мың сом ақшаны сыйақыға ұсынған. Өрен жүйрік жырауға жеке-дара құрмет белгісін Қазақстан Республикасының басшысы Нұртас Оңдасынов, классик жазушыларымыздың бірі Сәбит Мұқановтар танытқан. Екеуі де Мұрын жырауға өздерінің құттыханасы төрінен орын беріп, қазақи салтпен сый-сияпат көрсеткен. “Маңғыстаудың ғана емес, Қазақстанның Гомерісіз” деген бағаны ұлы жырау сонда естіген.
Мұрын Сеңгірбеков түркі халық¬та¬рының бірнеше тілін меңгерген. Мысалы, түркімен халқының “Көроғлы” атты кө¬лемді дастанын сол халықтың өздері таң¬дай қағып тыңдайтын деңгейде орындап отырған. Араб елінің Рамуз патшасы және Ысырау (Қысырау) патша¬сы туралы әйгілі “Оғыз” жырларын жақ¬сы білген және тамаша орындаған. Өкініш¬ке орай, бұл соңғы үшеуі жырау¬дың мұражай қор¬ларында кездеспей келеді. Жалғыз бұлар емес. Айталық, Мұрын жырау 1949 жылғы 8 тамызда академияға өз өмірбаянының толығырақ нұсқасын жіберген. Осы хатқа жырау өзі білетін мұралардың тізімін қосқан. Олар мыналар:
1. “Қырымның қырық батыры” туралы әңгімелер мен жырлар;
2. Түркіменнің “Көроғлы батыр” туралы жыр, әңгіме;
3. Араб елінің Рамуз патшасы, Ысырау (Қысырау) патшасы туралы жыр-әңгімелер;
4. Бұрын Маңғыстауды жайлаған “Жеті жұрт” туралы әңгіме;
5. Адайдың Маңғыстауды мекен етуі туралы;
6. Баймәмбеттің ауасы (ауа көшуі, елдің көшуі, қоныс аударуы) туралы, яғни Маң¬ғыстау халқының патша өкіметінің отар¬лау саясатына көнбеуі, салық төлеу¬ден бас тартуы, шаруалар көтерілісі ту¬ралы;
7. Адайдың Абылдан кейінгі атақты ақындары: Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Қашаған Күржіманұлы туралы әңгімелер. (“Қырымның қырық батыры” 2005, 18-бет).
Жырау жасының ұлғаюы, жергілікті жердегі жанашырлардың не тіл, әдебиет институтының арнайы өкілдері арқылы құнттап жазып ала алмауы салдарынан тізімде аталған мұралар түгелдей хатқа түсіп үлгермеген сияқты. Қазір көзі тірі Дәуітбай Мұрынов мынадай дерек келтіреді:
1947 жылы Қазақ ССР Халық шығармашылық үйінің шақыртуымен әкемізбен екінші рет Алматыға келдік. Сөйтіп, астанада бір ай жиырма үш күн болдық. КазГУ-де Мұрекеңді жырлатты.
Ал енді Халық шығармашылық үйі Мұрын жырау айтуынан не жазып алды? Олар қайда? Бұларға әзірше ешқандай жауап жоқ.
Иә, Мұрын жырау туралы, оның арқасында сақталып қалған өлмес шыға𬬬¬ма¬лардың тағдыры туралы басын аша түсер әңгімелер жетіп артылады және оларды алдағы күндер үлесінде дейік.
1944 жылы КСРО үкіметі Орта Азия фольклоры туралы Ташкентте бүкіл¬одақтық конференция өткізді. Конферен¬цияға он бес одақтас республикадан, Мәскеуден қатысқан атақты ғалымдар, жазушылар “Қырымның қырық батыры” эпосының дүниежүзілік маңызы бар деген қорытынды шығарды.
Әдетте, мұндай ұлы тұлғаларды қалып¬тастыруда көбінесе тарихи жағдай¬лар белгілі рөл атқаратынын ғалымдар назарға алып отырады.
Ұлы жырау қазақ қоғамының басынан өткен тарихи оқиғалардан әбден құлағдар боп өскен. Ал XІX ғасыр белесінде Маңғыстау өлкесі, Орта Азия, Қазақстан аумақтарын қамтыған қоғамдық өмірдің күнгейі мен беткейі жыраудың жан-жүрегінен, ақыл-ойынан өтіп, қорытынды жасалған. Міне, осындай дүниежүзілік тарихи орта Мұрын жыраудың да азамат, ақын, күрескер ретінде қалыптасу ортасы болған. Бірақ, жырау естіп білгендерін бір құлағына кіргізіп, екінші құлағынан шығарып салушы жай ғана көптің бірі емес. Ол бұларды ақыл елегінен өткізіп, ақылына ақыл қосуға ұмтылған. Сол арқылы ұлы Абайдың “Болмасаң да ұқсап бағына” жүгініп, абыз аталарға ұқсап бағуға ұмтылған.
Қырымның қырық батыры” туралы эпопеялық туындысы Мұрынның бүкіл өмірі бойы төккен терінің, үздіксіз твор¬честволық ізденісінің жемісі. Ғасырлар бойы қырық бір батыр туралы жыр ел аузында шашыраңқы күйде айтылып келсе, аса дарынды тұлға болмаса, қырық бір жыр поэмалардың бәрін біртұтас эпопеялық шығарма деңгейіне жеткізу мүмкін емес еді. Міне, осындай аса күрделі де жауапты міндетті орындау Мұрын Сеңгірбекұлының үлесіне тиді.
Қырымның қырық батыры” атадан-балаға ұласып келе жатқаны белгілі және өте көлемді жырлар топтамасының негізін салған Сыпыра жырау болғаны айтылады. Бұл пікірлер негізсіз емес. Қыпшақ елінде XІV ғасырда болған араб саяхатшысы Ибн Батута қалдырған жазбалардың бірінде Жайық бойындағы Сарайшық қаласында қарт жырау тұрғанын көрсет¬кен. Академик Әлкей Марғұланның пікірінше, Сарай¬шықта тұрған жырау осы Сыпыра жырау болуы керек. Ол өмірінің бірқатарын Маңғыстауда өткізіп, кейін Сарайшыққа қоныс тепкен. Оның өмір сүру дәуірі мен мекеніне қарағанда, но¬ғай¬лардың сол Жем мен Жайық, Үстірт пен Маңғыстау маңында болғандығын ескерсек, осы ұлы жырау ноғайлы жыр¬ларының негізін салушылардың бірі – Сы¬пыра жырау болуы әбден ықтимал (“Қы¬рымның қырық батыры”, А.,2005, 11-бет)
Қырымның қырық батыры” туралы жырларда Сыпыра жырау абыз ата бейнесінде суреттеліп отырады. Бұл – баба жырауға деген терең алғыс сезімі болса керек. Көне ноғайлы жырларын, “Қырымның қырық батырын” Сыпыра жыраудан кейін оның талантты шәкірт¬терінің үлесі бар ғаламат туынды десе бо¬лар. Ондай дарынды шәкірттер қатарына көне Маңғыстаудың, Атырау өлкесінің ақиық ақын-жыраулары Абыл, Қалнияз, Мұрат, Нұрым, Қашаған, т.б. жататыны талас туғызбайды. Ал жыр сүлейлерінің шығар¬маларындағы көркемдік өрнектер Мұрын жыраудың туындыларында айқын байқалады. Мұрын Сеңгірбекұлының әдебиеттегі осы тұстағы орны мынада: атам заманнан бері келе жатқан, Абыл, Маралбай, Есенбек, Қуан, Көшелек, Жаскілең, т.б. ақындар жырлап, бұлардан қалған сала-сала батырлық жырларды өмір бойы топтап біріктіріп, желі-желі жүйемен өрбітіп, “Қырымның қырық батыры” күйіне, біртұтас дүние деңгейіне жеткізе білуінде. Сонысымен Мұрын Сеңгір¬бекұлы – қайталанбас тұлға, со¬нысымен қырық батыр — жыраудың қырық батыры.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет