Қыркүйек, 2016 Қымбатты жас дос!



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#9307

5

Қыркүйек, 2016

Қымбатты жас дос! 

       Сіздерді отандық ауыл шаруашылық білімі мен ғылымының 

қарашаңырағы, 85 жылдық терең тарихы бар іргелі оқу орны – 

Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінде  қарсы  алып 

отырғанымызға шын жүректен қуаныштымын!

Университетіміз өз тарихында экономиканың аграрлық саласына 

білікті  мамандар  дайындап  қана  қоймай,    еліміздің  мәдени, 

рухани кемелденуіне зор үлес қосып келеді.

         Қазіргі кезде Мемлекеттің берген жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақ 

ұлттық  аграрлық  университеті  әлемдік  деңгейдегі  Ұлттық  зерттеу  университетіне 

трансформациялануда.  Заманға  сай  даму  үшін  жаңа  технологиялырды  игерген,  жаңаша 

ойлайтын білімді мамандар қажет. Сондықтан Елбасы ел жастарына әлемдік деңгейдегі білім 

алуына барынша жағдай жасап келеді. Өйткені озық білім мен ғылымды игерген жастар – 

еліміздің ертеңгі тірегі. Біздің мақсатымыз – стуенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай, 

олардың бойына Ұлы дала құндылықтарын сіңіріп, рухани тәрбие беру.

           Университет ұжымы сапалы білім беру процесі мазмұнды тәрбие жұмысымен тығыз 

байланыста болуы міндетті деп біледі. Аграрлық кешеннің мамандары еліміздің әр түкпірінде 

мәдениетті, тәрбие мен идеология жұмысын ұйымдастыруға қабілетті болуы шарт.

«Білімді  мыңды  жығатын»  заманда  бәсекеге  қабілеттілікті  нығайту  әрбір  жоғары  оқу 

орнынынң міндеті. Қазақтың аграрлық білім ордасынан осы күнге дейін ауыл шаруашылығы 

ғылымы мен өндірісінде көш бастап жүрген бірқатар белгілі азаматтар,қоғам қайраткерлері, 

ірі ғалымдар шықты.

           Қымбатты Жас Дос, Сіздің де ұрпақ сабақтастығын жалғап, айнымас дәстүрлді 

жалғастыратыныңызға мол сенім артамын!

        Студенттерге  арналған  қолыңыздағы  «жолсілтегіш  кітапша»  сізге  Университет 

стратегиясын,  тәртіп  талаптары  мен  ережелерін  ұғына  отырып,  негізгі  сұрақтарыңызға 

жауап  табатындарыңызға  кәміл  сенемін.  Университет  құндылықтары  мен  қағидаларын 

құрметтеп, ұстанып, оны әрі қарай дәріптейді деп үміттенемін.

          Біздің Университетке қош келдіңіздер!

Ректордың арнау сөзі

Құрметпен, 

ҚазҰАУ ректоры, 

ҚР ҰҒА Вице-президенті,

академик Тілектес ЕСПОЛОВ



Document Outline

  • Page 5


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет