Ис bestProfi



бет1/18
Дата13.02.2023
өлшемі51,62 Kb.
#67579
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



ИС BestProfi © 09.03.2017
Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы

Редакция 01.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес


1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)


1-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)


1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеңіл рельстi көлiк – жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельстік көлік түрі;

1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1-1) жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау – тарифтердiң қолжетiмдi деңгейiн және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн жүрiп-тұру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;

1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1-2) аралас тасымал – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау;

1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1-3) аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты – аралас тасымалдар операторы мен әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаушылар арасында жасалған шарт;

1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1-4) аралас тасымалдар операторы – аралас тасымалды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1-5) аралас тасымалдар шарты – аралас тасымалды жүзеге асыру үшін аралас тасымалдар операторы мен клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) арасында жасалған шарт;

1-бап 1-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1-6) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) – аралас тасымалдар операторының жүкті межелі пунктке дейін жеткізу үшін өз иелігіне қабылдағанын куәландыратын құжат;

1-бап 1-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) – тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес, ал аралас тасымалдар кезінде жасалған аралас тасымалдар шартына сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

3) көлік инфрақұрылымы объектілері теміржол, трамвай, жеңілрельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбыржолдарды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;

3-тармақша өзгертілді ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4) көлiк кәсiпорны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайтын, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;
5) көліктік логистика – тасымалдың (тасымалдаудың) әрбір кезеңінде жүктер қозғалысының мониторингін қамтитын, әртүрлі көлік түрлерін (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) пайдалана отырып, оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейінгі тасымалды (тасымалдауды) жоспарлау және басқару жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы;
5-1) көлік-логистика орталығы бұл құрылыстар орналастырылған арнайы бөлінген учаскені қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, тасымалдаумен қатар жүргізілетін, жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын дайындау, бөлу және қорытындылау технологиялық операцияларын орындауға, оның ішінде қарап-тексеруге арналған көлік инфрақұрылымы объектісі;

1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

6) Қазақстан Республикасының көлігі – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі;
7) қалалық рельстік көлік – қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік);
8) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
9) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;

9-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

10-тармақша алынып тасталды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңымен (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

11) уәкiлеттi мемлекеттiк орган – көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Көлiк туралы заңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет