Қысқа мерзімді жоспары Бөлім Ақпаратты ұсыну Педагогтың аты-жөні



Дата01.09.2022
өлшемі277,5 Kb.
#38361

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Ақпаратты ұсыну

Педагогтың аты-жөні

Абилкакимова Э.Г

Күні




Сынып 5

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты шифрлау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.1.3- мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Ақпаратты щифрлау» ұғымы туралы анықтама береді

Көптеген оқушылар:

Ақпаратты кодтау әдістерін біледі.

Кейбір оқушылар:

Ақпаратты кодтау әдістерін пайдаланып кодтау-декодтау жасай алады.

Сабақтың барысы:





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3. Жаңа тақырыпқа шолу.
Мәтіндерді шифрлау шамамен мың жыл бұрын пайда болған. Ежелден мемлекеттің саяси, әскери, сауда және т.б. мәселелеріне қатысты құпия ақпараттар қорғау үшін мәтіндерді шифрлау қолданылған.




Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Шифрлау дегеніміз- құпия ақпаратты бөтен адамдардың оқуына жол бермейтіндей етіп өзгерту.


Мәтіндерді шифрлаған адам оны кері қарай өз қалпына қайтару жолын да ойластырып отырған. Шифрланған /кодталған/ мәтінді бастапқы қалпына келтіруды дешифрлау /декодтау/ деп аталған.
Алфавит –белгілі бір тілде жазылған кез келген ақпаратты құрастырып, кодтау үшін пайдаланылатын символдар.
Ақпаратты кодтау әдістері:



Морзе әліппесі. Бұл әліппеде әрбір әріп немесе символ ұзын және қысқа сызбалар немесе сигналдармен алмастырылады.
Цезарь шифры. Әріп көрсетілген позиция санына сәйкес оның оң немесе сол жағында тұрған басқа әріпке ауыстырылады.
Брайль қарпі (коды). Мұнда әрбір символ немесе әріп дөңестік арқылы кодталады. Бұл кодты көзі көрмейтін адамдар пайдаланады. Дөңестіктерді саусақтармен сипау арқылы әріп немесе таңба анықталады.
Пошта индексін кодтау. Ол сандардың арнайы жазылуымен жасалады.



Штрихкодтар. Бұл әдіс ақпаратты кодтау үшін кезектесетін жолақтар жиынтығын пайдаланады (жолақтардың қалыңдығы және олардың арасындағы қашықтық әртүрлі).

Ақпарат арнайы сканерлермен оқылады.
QR-кодтар. Кодтау негізінде арнайы түрде ұйымдастырылған графикалық кескін пайдаланылады.

Ақпарат ұялы телефонның бейнекамерасы немесе басқа құрылғы арқылы оқылуы мүмкін. Алынған ақпарат сілтеме бойынша пайдаланушыны қажетті интернет ресурсына жібереді.
Жалауша әліппесі. Ақпарат жалаушалары бар адам қолдарының арнайы орналасуы арқылы кодталады.

Әдетте оны теңізшілер пайдаланады.
Қажет болса, сен өзіңнің жеке кодыңды және ақпаратты кодтау мен шифрлау әдісін ойлап таба аласың.

Жеке жүмыс. 1–тапсырма.


1.Морзе кодымен берілген сөздерді декодта.
(морзе коды әліппесі 16-бет, оқулық § 1.3)

·· −· ··−· −−− ·−· −− ·− − ·· −·− ·− /INFORMATIKA/


Дескриптор:
- Морзе кодымен берілген сөздерді декодтау орындайды.

ҚБ: стикер /2балл/


2-тапсырма.Ағылшын тілі әліпбиі мен «Цезарь коды» шифрлау әдісін қолданып, SCHOOL сөзін сағат тілімімен бағыттас екі әріпке жылжыту арқылы кодтау керек.



Дескриптор:


-«Цезарь коды» әдісін қолданып, кодтау орындайды.

ҚБ: стикер /2балл/ /UEJQQN/


3-тапсырма.


Жалауша кодтық кестесін қолданып, шифрді декодтау керек.




Дескриптор:
-Жалауша кодтық кестесін қолданып, шифрді декодтау орындайды.

ҚБ: стикер /2балл/ /APPLE/


4-тапсырма. Оқулық § 1.3, 18-бет, 2-тапсырма.
Морзе әліппесін пайдаланып, «OTAN» «MEKTEP» «SYNYP» сөздерін және өз атынды декодта.Әр әріпке сәйкес келетін кодтан кейін бос орын қалдыр.

Дескриптор:


-Морзе әліппесін пайдаланып берілген сөздерді және өз атынды декодтау орындайды.


ҚБ: стикер /4 балл/



Информатика 5 сынып Р.А Қадырқұлов, Г.К Нұрмұханбетова 1.3 тақырып, 15 бет

Карточка

Карточка


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Бір ауыз сөз»
Ұнады, қажет, пайдалы, білдім,
үйрендім, қызықтым, есте сақтадым




Үй тапсырмасы

§ 1.3,18-бет «Үй тапсырмасы»/1/





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет